Сабақтың тақырыбы: І тарау. Натурал сандар және нөл. Натурал сандар қатары. Натурал сандардың оқылуы және жазылуы



Дата13.08.2017
өлшемі59,27 Kb.
#23504
түріСабақ
Сабақ жоспары
Пәні: Математика

Күні: 02.09.2016 ж.



Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: І тарау. Натурал сандар және нөл. Натурал сандар қатары. Натурал сандардың оқылуы және жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға натурал сандарды жазу жолдарын үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру.

Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысын тексеру.



ІІ. Өткенді қайталау.

  1. Санауда қолданылатын сандардың ең кішісі қандай сан?

  2. Рет-ретімен санағанда келесі сан алдыңғы саннан нешеге артық?

  3. а)

б)

  1. а) санында неше мыңдық бар?

ә) санында неше жүздік бар?

б) санында неше ондық бар?

в) санында неше бірлік бар?

ІІІ. Жаңа материалды игерту.

Санауда қолданылатын 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, ... сандары натурал сандар деп аталады. 1 саны – ең кіші натурал сан. Натурал сандар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0 цифрларымен жазылады. Натурал сандарды 1 санынан бастап санау ретімен жазғанда натурал сандар қатары құрылады.



Натурал сандар қатары:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, ...

Натурал сандар қатарының қасиеттері:

  1. натурал сандар қатары 1 санынан басталады;

  2. әрбір натурал саннан кейін одан 1-ге артық натиурал сан бар;

  3. натурал сандар қатары шектеусіз.

Нөл натурал сандар қатарына жатпайды.

Натурал сандар оңнан солға қарай әрқайсысында үш-үштен цифрлары бар кластарға топталады. Әрбір кластың үш разряды болады.

Көп таңбалы натурал сандардың оқылу ережесі:

  1. Оңнан солға қарай сандағы әрбір үш цифрды кластарға топтастыру керек.

  2. Сол жағынан бастап әрбір кластағы санды оқып, класс атауын қоса айту керек.

Санның сол жағындағы ең бірінші цифр оның ең жоғарғы разрядын көрсетеді.

Көп таңбалы натурал санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады.

Мысалы,

Мұндағы разрядтық бірліктер деп аталады.



IV. Кітаппен жұмыс.

1. Ауызша есептеңдер:



  1. 4) 7) 10)

  2. 5) 8) 11)

  3. 6) 9) 12)

2. Санның жазылуындағы 6 цифры қандай разрядты білдіреді:

1) 3) 5)

2) 4) 6) ?

3. Сандарды кластарға бөліп жазыңдар:



1) 2) 3) 4) .

4. Мына сандарды цифрлармен жазыңдар:



  1. жеті жүз он;

  2. төрт жүз отыз мың алпыс;

  3. бес жүз сегіз мың екі жүз отыз төрт;

  4. үш миллион жиырма бес мың алты;

  5. отыз екі миллион он бес мың жеті жүз екі.

9. Есептеңдер:

1) 4)

2) 5)

3) 6) .



V. Қортындылау.

1. Қандай сандар натурал сандар деп аталады?

2. Нөл саны натурал сандар қатарына жатады ма?

3. Көп таңбалы натурал сандар қалай оқылады?



VI. Үйге тапсырма беру.

№5, №6, №7, №8.



VIІ. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0860
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0860 -> Күні: 11. 11. 2015; Сынып: 3 «М,Р» Тақырыбы
0860 -> Сабақтың тақырыбы: Сенім. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сенімді қарым қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейту
0860 -> Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Аққұдық негізгі мектебі мм
0860 -> Үй тапсырмасы. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі
0860 -> 2 М.Әуезовтің өмір жолы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет