Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: а Білімділігі



бет4/6
Дата26.06.2018
өлшемі0,66 Mb.
#44862
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Есеней Ұлпан Торсан

Аузы дуалы би, өте бай, қисық, қыңырлығымен бірге сөзге тоқтайтын, өр өктемдікті ұстайтын, айбатты жан.

Ерке өскен, жалғыз қыз, өз қалауымен тұрмыс құрды, орта жүз руын басқарған әулие ана, халық құрметтеген, ақылгөй, адал жар, ел қамын ойлайтын қайраткер

Тойымы жоқ, адамгершіліктен жұрдай, озбыр, дүние қоңыз, қара басының қамын ойлаған күшік күйеу, залым адам.


YII. Сабақты қорытындылау.

ҮІІI. Үйге тапсырма: «Ұлпан» романын толық нұсқасын оқу және кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыра отырып талдау.

ІX.Бағалау.


IV-тоқсан №13 Айы, күні___18.04.13_______________________________

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов. «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғ.Мүсіреповтің өмірінен мәлімет бере отырып, шығармалары жайында әңгімелеу, жазушының шығармаларындағы халықтың тарихи оқиғаларының суреттелуіне тоқталу;

Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету, шығармадағы кейіпкерлерге адамгершілік тұрғысынан талдай білуге және көзқарастарын тереңдете түсуге, ой қозғауға, өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: жазушы шығармаларынан өзіне өнеге алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Өткен материалды меңгерту, талдау

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Зымыран сұрақтарына» жауап алу.



1) «Ұлпан» романы қандай роман түріне жатады?

2) Романда сен білетін қандай тарихи адамдар кездесті? Олар жайлы не айта аласың?

3) Романның басты кейіпкерлері кімдер?

4) Шығармадағы кімнің образдары ұнады?

5) Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы ана тақырыбы қалай суреттелген?

6) Өзің қандай әсер, тәрбие алдың?

7) Кімге, қандай мінездеме бере аласың? (реферат немесе слайд)

Оқушылардың зертеулерін қорыту, жинақтау;

1. «Ғабит кім?» деген сұрақ төңірегінде ойымызды жинақтайық.


публицист

драмматург




аудармашы




Ғабит кім?

Жазушы

Әдебиет зерттеуші, филолог




Қоғам қайраткері




Ағартушы - демократ




этнограф

2. «Бізге мәлім деректер» айдарында Ғ.Мүсіреповтің өмірі туралы мәліметтермен таныстырады.



III. Жаңа сабақ. Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» – ел шежіресінің мазмұнына құрылған роман. Романда қазақ аулының жүзжылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы басты кейіпкер Есеней қалың керей-уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы би, атақты бай. Ерекше кейіпкер бірі – Ұлпан. (Романды қысқаша түрін мәнерлеп оқу және талдау)

Талдауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Романның басты кейіпкері кім?

2. Ұлпанның бойындағы адамгершілік ұлы қасиеттерін мысал келтіре талдау.

3. Романдағы Есеней бейнесін, өзіндік ерекшеліктерін талда.

4. Шығармадағы ана тақырыбы, өмір шындығы қалай суреттелген?

5. Кейіпкерлердің психологиялық ерекшеліктерін суреттеу шеберлігіне мысал келтіре отырып талдау

6. Шығарманың тілдік ерекшелігін ажырату.



7. Романды оқып шығып, ирония, сарказмға құрылған сөз тіркестерін теріп жазу, мазмұндау

YI.Сабақты бекіту. 1. Романның тілдік ерекшелігін қалай байқадыңдар? Мысалдармен дәлелдеу


YII. Сабақты қорытындылау.

ҮІІI. Үйге тапсырма: «Ұлпан» романын толық нұсқасын оқу және кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыра отырып талдау.

ІX.Бағалау.



IV-тоқсан №14 Айы, күні__________________________________

Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: І Есенберлиннің өмірінен мәлімет бере отырып, шығармалары жайында әңгімелеу, жазушының шығармаларындағы халықтың тарихи оқиғаларының суреттелуіне тоқталу;

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету, шығармадағы кейіпкерлерге адамгершілік тұрғысынан талдай білуге және көзқарастарын тереңдете түсуге;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өз халқының мәдени және тарихи мұрасын құрметтеуге, сақтауға және сол арқылы патриоттық сезімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқыту әдісі, баяндау, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары. Бейне фильмдер, деректер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Зымыран сұрақтарына» жауап алу.

1) «Ұлпан» романы қандай роман түріне жатады?

2) Романда сен білетін қандай тарихи адамдар кездесті? Олар жайлы не айта аласың?

3) Романның басты кейіпкерлері кімдер?

4) Шығарманы оқыған кезде қандай сезімде болдыңдар?

5) Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы ана тақырыбы қалай суреттелген?

6) Шығарманың ортақ идеясы неде?

7) Жазушы шығармалары саған ұнады ма?

III. Жаңа сабақ. Қазақ әдебиетінің 1956-1990 жылдардағы даму жолына (слайд арқылы) шолу жасау.

1. 1956-1967 жылдары – Жаңғыру кезеңі; Қазақ әдебиеті дамуының бұл кезеңі алдыңғы дәуірге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Т.Ахтанов «Боран» (1963) романы, Т.Әлісқұловтың «Ақ боз ат» (1962) романы, С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы, З.Шашкиннің «Теміртау» (1960), Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» (1957), Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» (1957-1965), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (1961-1970) сияқты романдарында халықтың азаттық жолында күресін, өмір үшін таласын суреттейді. С.Бақбергеновтің «Қайран шешем» (1963) романы. Ол – күйші Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнері туралы шығарма.

2.Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі (1968-1990). І.Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» сияқты күрделі трилогия-романдары, М.Мағауиннің «Аласапыран», Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары Қазақ – Ресей қарым-қатынасының басталуы мен күрделі жағдайы туралы айтылады. Қазақ-қалмақ жаугершілігі туралы Ә.Әлімжановтың «Жазушы», С.Сматаевтың «елім-ай» романдары. Тарихи тұлғалар туралы Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», С.Жүнісовтің «Ақан сері»З.Ақышевтың «Жаяу Мұса», Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романдары
ІҮ. Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармалары туралы. 1915 жылы Ақмола облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары филормонияны, «Жазушы» баспасын басқарып, әртүрлі салада қызметкер атқарды. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде романдарының саны ең көп көрнекті жазушылардың бірі. Ол «Айқас» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978) т.б. романдарын оқырман назарына ұсынған. Тарихи романдары. Жазушы атын әлемге танытқан «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдарынан тұратын «Көшпенділер» трилогиясын жазды.

Ү. «Көшпенділер» фильмін көрсету. 7мин 47сек.

ҮІ.Сабақты бекіту. 1. Романның тілдік ерекшелігін қалай байқадыңдар? Мысалдармен дәлелдеу 2. І.есенберлиннің қазақ әдебиетінде орны қандай романдарымен айқындалады?

3. «Көшпенділер» трилогиясын біріктіріп тұрған ортақ тақырыптар 4. «Алмас қылыш» романының басты идеясы неде деп ойлайсың?


YII. Сабақты қорытындылау.

ҮІІI. Үйге тапсырма: «Қаһар», «Жанталас», «Алмас қылыш» романын толық нұсқасын оқу және кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыра отырып талдау.

ІX.Бағалау.




IV-тоқсан №15 Айы, күні_______________________________

Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин. Шығармадағы халық өмірінің тарихи шындығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: І Есенберлиннің өмірінен мәлімет бере отырып, шығармалары жайында әңгімелеу, жазушының шығармаларындағы халықтың тарихи оқиғаларының суреттелуіне тоқталу;

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету, шығармадағы кейіпкерлерге адамгершілік тұрғысынан талдай білуге және көзқарастарын тереңдете түсуге;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өз халқының мәдени және тарихи мұрасын құрметтеуге, сақтауға және сол арқылы патриоттық сезімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқыту әдісі, баяндау, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары. Бейне фильмдер, деректер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Зымыран сұрақтарына» жауап алу.

1) «Алмас қылыш» романы қандай роман түріне жатады?

2) Романда сен білетін қандай тарихи адамдар кездесті? Олар жайлы не айта аласың?

3) Кенесары мен Қоңырқұлжа бейнесін салыстырып, қалай тұжырым жасай аласың?

4) «Жанталас романындағы Әбілқайыр ханның мақсатын патша әкімдері ойыншыққа айналдырғысы келгенін қалай түсіндіре аласың?

5) І.Есенберлиннің шығармаларындағы тарихи шындық туралы қалай суреттелген?

6) Шығарманың ортақ идеясы неде? Романдағы Абылай бейнесіне сипаттама беріңдер.

7) Жазушы шығармалары саған ұнады ма?

III. Жаңа сабақ. Шығармадағы халық өмірінің тарихи шындықтарын, қосымша тарихи деректермен толықтыра түсу. Тарихи тұлғаларды слайд арқылы көрсете отырып, талдату.

Оқушыларға тарихи деректер арқылы ойын дамыта отырып, шындықтарды және тарихи тұлғалармен дәлелдету.



ІҮ. «Көшпенділер» фильмін көрсету. 10мин .

ҮІ.Сабақты бекіту. 1. Романның тілдік ерекшелігін қалай байқадыңдар? Мысалдармен дәлелдеу 2. І.есенберлиннің қазақ әдебиетінде орны қандай романдарымен айқындалады?

3. «Көшпенділер» трилогиясын біріктіріп тұрған ортақ тақырыптар 4. «Алмас қылыш» романының басты идеясы неде деп ойлайсың?


YII. Сабақты қорытындылау.

ҮІІI. Үйге тапсырма: «Қаһар», «Жанталас», «Алмас қылыш» романын толық нұсқасын оқу және кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыра отырып талдау. (Реферат, слайдтар жасау)

ІX.Бағалау.



IV-тоқсан №16 Айы, күні____________________

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының басынан өткен небір сұрапыл, жойқын ұрыстардың болғаны және романдағы қазақ халқының бастан кешкен қиын кезеңдерінде азаттық үшін арпалысқан алып тұлға-Абылай хан, Кенесары бабаларымыздың өмірі, жасаған ерліктері,  жорықтары жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету, шығармадағы кейіпкерлерге адамгершілік тұрғысынан талдай білуге және көзқарастарын тереңдете түсуге;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өз халқының мәдени және тарихи мұрасын құрметтеуге, сақтауға және сол арқылы патриоттық сезімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқыту әдісі, баяндау, сұрақ – жауап, модульдік әдіс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары, деректер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау. «Зымыран сұрақтарына» жауап алу

  1. Әбілхайыр хан мен Жәнібек хан туралы мәлімет.

  2. Романның маңызды оқиғалары

  3. Жазушы қазақ халқы тарихының қандай маңызды оқиғаларын аша білген?

  4. Ұлы тұлғалар туралы қандай мәліметтер бар? Өзің бұрыннан білетінің кім?

  5. Шығармада қандай тұлғалар бар екен?

  6. Трилогияның Қазіргі тарихымыздан алатын орны және маңыздылығы туралы не айта аласың?

III. Жаңа сабақ. Шығармадағы халық өмірінің тарихи шындықтарын, қосымша тарихи деректермен толықтыра түсу. Тарихи тұлғаларды слайд арқылы көрсете отырып, талдату.

Оқушыларға тарихи деректер арқылы ойын дамыта отырып, шындықтарды және тарихи тұлғалармен

дәлелдету. Тақырыпты талдауға арналған сұрақтар:

1) Трилогиядағы Ұлы тұлғалар туралы мәлімет

2) «Қаһар» кітабындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресі

3) Шығармадағы адамдардың күйініш-сүйініші, арман-өкінішімен, мұраты және кейіпкерлер тағдыры

4) Кенесары кімнің қолында қаза болды? Оған себеп не?

5) «Батыр аңғал болады» дегенге қалай қарайсыңдар? Батырлар жырындағы мысалдармен салыстыра отырып, сиапттау.

6) Романдағы Кенесары бейнесі қалай сомдалған?

7) Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары кім? (Ағыбай, Иманның, Төлебайдың, Басықараның бейнелері)



ІҮ. Логикалық модель



ҮІ.Сабақты бекіту. 1. Романның тілдік ерекшелігін қалай байқадыңдар? Мысалдармен дәлелдеу 2. І.есенберлиннің қазақ әдебиетінде орны қандай романдарымен айқындалады?

3. «Көшпенділер» трилогиясын біріктіріп тұрған ортақ тақырыптар 4. «Алмас қылыш» романының басты идеясы неде деп ойлайсың?



Каталог: uploads -> doc -> 0c6a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c6a -> Сабақ Тақырыбы: Шыншылдық адамдықтың белгісі Мұғалiм: Карагулова Айнур Итемгеновна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет