Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: а Білімділігі



бет6/6
Дата26.06.2018
өлшемі0,66 Mb.
#44862
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

IV-тоқсан №18 Айы, күні__________________________________
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Райымбек!, Райымбек!» поэмасы
Сабақтың презентациясы:  М. Мақатаев «Райымбек!, Райымбек!» поэмасы (PDF)
Сабақтың мақсаты: А) Білімділігі:  Поэмадағы қазақ халқының бастан кешкен қиын кезеңдерінде азаттық үшін арпалысқан алып тұлға-Райымбек баба өмірі, жасаған ерліктері,  жорықтары жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге   үйрету.

 Б) Тәрбиелігі:   Елін, жерін қорғауға даяр болуға шақыру, батыр бабаларды қадірлеуге, құрметтеуге баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.


Сабақтың түрі:   Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі:  
Білім дағдылары мен іскерлікті, шығармашылықты қалыптастыру.
Сабақ әдісі:  сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
  Суреттер, кітап, буклет

Пәнаралық байланыс:   Қазақстан тарихы, музыка

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Оқушыларды түгелдеу



3) Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ:

Поэзия, Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан,бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан,жалаулардан

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Сені іздедім досымнан,қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім,жасыннан да,

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,

Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.

 

М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Әкесінің аты-Сүлеймен,шешесі-Нағиман.Атасының аты-Мақатай,әжесі-Тиын,әйелі-Лашын.



Алты баласы бар.Біреуі кішкентай кезінде шетінеген,ал қызы Майгүл жол апатынан қаза тапқан. Екі ұл, екі қызы қазір түрлі салаларда қызмет етуде.

 

 Мұқағали әндері туралы не білесің?



«Сарыжайлау», «Фариза», «Дариға домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың».Жалпы Мұқағалидің отыз шақты өлеңдеріне ән жазылған.

 

 Қандай өлеңін жатқа айта аласың?



(оқушылар өздері  жаттаған өлеңдерін айтады)

Жаңа сабақ:

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

… Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-деп

 

ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың нағыз арқалы ақын екендігін танытып отыр.



М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Шын аты Мұқамедқали, Әкесінің аты-Сүлеймен,шешесі-Нағиман.Атасының аты-Мақатай,әжесі-Тиын,әйелі-Лашын,шын аты-Ләсима. Ақынның қазір көзі тірі төрт баласы бар. Жұлдыз-заң кызметкері  , Айбар-құрылысшы, Шолпан-шет тілі мұғалімі,Алмагүл-кітапханашы.

Ақында екі түрлі мінез бар. Бірі аққөңіл, жайдарлы,кешірімшіл Мұқағали. Екіншісі-айбарлы арыстандай,қайсар, өр мінезді Мұқағали.Осыған дәлел ретінде естелігінен үзінді айта кетейін.

Әбдіқайым Исабаев  ақынмен 35 жылдай араласып, бір рет те ренжіспегенін айтады. Мұқағалидың кішіпейілдігін,өзін сыйлаған адамды құдайдай сыйлайтын еді дейді. Алматыға келгеннен кейін ақынның отбасы ауыр қайғаға ұшырайды. Қызы Майгүл жол апатына ұшырайды.Жедел жәрдем ауруханаға апарғанымен ешқандай көмек болмайды. Біз артынша барғанымызда Майгүлдің өмірден өткенін көрдік. Майгүлді Мұқағали өте жақсы көруші еді. Солай болса да мотоциклмен қағып өлтірген орыс жігіті: «Менің төрт балам бар. Оларды жетім еткізбе,мен өлтірейін дегенім жоқ,жағдай солай болды,аяушылықпен қарап,абақтыдан арашалап қал,» деп жылағанда Мұқағали:

«Жарайды, сен жауызсың, бірақ балаларың кінәлі емес, солар үшін кештім» деп кешірген. Мұнан ақынның кешірімшіл,ақниет,адал екенін көреміз.

Енді Мұқағалидың әжесі туралы бір естелігін айтайын.

Ақынның атасы көкпар шауып жүріп, аттан құлап,

аяғын сындырып алады. Ел-жұрт оны атқа өңгеріп   үйіне алып кетеді. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде әжесі атасынан: «мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек» дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, ақынның батыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегендігін айтып, батасын береді. Әжесіне арнап ақын «Сөнбейді әже шырағың» деген өлеңін шығарады.

Әні: Нұрғиса Тілендиевтікі.

2. Мұқағали бағы мен соры бірге жүрген ақын.

Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай өлмес жыр жазғандығы.

 

Бүгін менің туған күнім.



Ой, бәле-ай:

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай –ақ қойғаны-ай.

Ақынның соры  өз ортасына сыймай,қасірет шеккені,тапқаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықты өткені.

 

Қазақтың қас батыры Райымбек Түкеұлының 300 мерейтойы Райымбек  ауданындағы Қарасаз ауылында атап өтілді.Дүбірлі тойға еліміздің түкпір-түкпірінен 50 мыңнан аса халық жиналып, үш жүзге тарта үй тігілді. Аты аңызға айналған Райымбек батыр ұлы жүздің Албан тайпасы Алжан руынан шыққан.Кей деректерде «Хангелді Райымбек» деп аталғанмен,Хангелді Райымбектің әкесі емес,атасы.Әкесі Хангелдінің кенже ұлы-Түке.Қазақ – жоңғар соғысында ерекше ерлігімен танылған Райымбек Түкеұлы 1705 жылы дүниеге келген. Аумалы төкпелі жаугершілік заманда елін, жерін жоңғарлардан қызғыштай қорғаған қолбасшы,шайқасқа жастайынан қатысқан. Тасып жатқан Іледен әскерін аман өткізу, сусыз жерден су шығарып,болашақты болжаған көріпкелдік қасиеті ел жадында шежіре-дастан болып сақталады.



«Ойрантөбеде» Райымбек батыр үлкен бір ерлік көрсеткен.17 баһадүрмен соғысып,бәрінің басып алып тастаған.Осыдан кейін жоңғарлардың беті қайтқан. Бұдан кейін жоңғарлар бізге шабуыл жасамаған.

Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Баба тойы ұйымдастырылған Шалкөде жайлауына ат басын бұрды.Елбасының әкесінің өзі Әбіш перзентке зар боп жүргенде Райымбек батырдың басына келіп, жаратканға мінәжат етіп,ұлды болған. Сондықтан, Елбасының бұл құрметі ата мен баба әруағы алдында ұлы парыз деп есептесе де болады. Бұқара алдында сөз алған Елбасы Елордада үлкен көшенің біріне және Алматыда әскери полкке баба есімін берілгенін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:

«Жерді бізге алып беру үшін қан төккен бабаларымыздың әруағы қолдасын деп өткізіп жатырмыз. Болашақ жастар осыдан тағылым алып, тәуелсіз елін қорғап, патриот болсын деп жатыр.Бабаларымыз сияқты керек болса елі үшін, жер үшін жанын да, қанын да аямай күрессе екен дейміз.»

Оқушылар өз шығармашылығын оқиды.

Оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма

  1. «Хал сұрама, жыр сұра» атты ойтолғау жазу.

  2. «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты өлеңін жаттау.

  3. «Райымбек!,Райымбек!» поэмасынан үзінді жаттау.

(Қосымша мәліметтер)



Аянышты өлiм! Аққу жырдың қанатына жазылған ақынның қаншама арманы орындалмай, iшiнде кеттi. Мiне, сол үшiн өмiрден түк қызық көре алмай өткен Мұқағалидың опасыз тағдырына қалай өкпелеуге де хақысы бар.

Ақын да – адам баласы. Көнгiсi келмегенiмен, бәрiбiр, ол да барлық адамдар сияқты тағдырдың жазуымен басына бақыт құсының қонғанын армандады. Бiрақ ылғи да тағдыр Мұқағалидың айналасын қалың тұманмен қоршап, оның басына бақыт құсын қонғызбай қойды. Алайда мына бiздер, оның жырлары жүрегiмiзде iзгiлiктiң шырағын жаққан қарапайым оқырмандары, ақын поэзиясының миллиондаған табынушылары Мұқағалиды зар жылатқан тағдырды, сол үшiн жазғыра аламыз ба? Жоқ.

Есiңiзде ме, Гетенiң Фаустында ақын өзiнiң әзәзiл тағдырынан оның кiм екенiн сұрағанда ол: “мен өмiр-бақи зұлымдық жасағысы келгенiмен, өмiр-бақи тек игiлiк туғыза беретiн құдiретпiн” деп жауап бермеушi ме едi. Мұқағалидың тағдыры оның жеке өмiрi үшiн ғана – трагедия, ал қарапайым халық, яғни мына бiздер үшiн – игiлiк. Егер тағдыр ақынды қинамаса, ауыр азаптарға салмаса, зар еңiретпесе, бiздiң бәрiмiздi де ерекше елжiретiп, оқығанда есiмiзден тандырып жiбере жаздайтын ғажайып жырлар Мұқағалидың жүрегiн жарып шығар ма едi. Жарық дүниеге Мұқағалиды әкелген құдай ол туғанда ақындық тағдырын да онымен бiрге жаратты. Ұмытпасаңыз, Мұқағалидың “Бесiк балағындағы жылан” поэмасында бұл көрiнiс жыланның символдық белгiсiмен әдемi суреттеледi.

Қызылшақа сәби Мұқағалиды шешесi ұйықтатып, бесiкке бөлеп, керегеге сүйеп, жылғадан су алуға кетiп қалады. Әжесi де тезек теруге кеткен. Күлуге де, қуануға да мұршасы жоқ әкесi шөп шауып жүр. Әлдебiр уақытта шешесiнiң құлағына нәрестесiнiң шырылдаған үнi естiлгендей болып, жүрегi су етiп, бәрiн тастап үйiне қарай жүгiредi. Жүрегiн ұстап үйiне жетсе, шошырлықтай дәнеңе жоқ. Сәбиi томпиып, қаннен-қаперсiз бесiкте тәттi ұйқыда жатыр. Бiр уақытта ине-мұрты танауына шаншылған ала мысық үдiрейiп, бесiкке қарап бырылдап қоя бередi. Сол кезде ғана анасы тал бесiктiң балағында оралып жатқан қарашұбар жыланды көредi. Қапелiмде не iстерiн бiлмей, зәре-құты қалмаған анасының сәбиiн бесiктен шешiп алуға да дәрменi болмай қалады. Дәл осы сәтте үйге әжесi кiрiп келiп, ақынның анасы оған ымдап бесiктегi әбжыланды нұсқап көрсетедi. Әжесi болса немересiнiң тiрi қалғанына көзi жеткен соң, жыланды қысқашпен ұстап алып, дұшпанының аузына сүт тамызып, өлтiрмей жөнiне қоя бередi.

Дастандағы бесiк балағындағы жылан – ақынға тұңғыш рет жолыққан тағдырдың символдық көрiнiсi. Ең алғаш ол тағдыр ақынға жылан кейпiнде жорғалап келдi.

Мен жатыппын есен-сау бесiгiмде,

Алда болып ажалым, несiбем де.

Титтей-титтей қырық күн сығалапты.

Қырық жамау құрым үй тесiгiнде.

Әлде сақтап, перiштем қақты ма екен?!

Әлде қорғап мысығым жатты ма екен?

Әлде менiң дұшпаным өзi қорқып,

Менен келiп қорғаныш тапты ма екен?!

Неге менiң үйiме төте кiрдi?!

Бесiгiме нелiктен көтерiлдi?!

Неге менi шақпады?!

Сездi ме әлде?!

Мен өзiне жау емес екенiмдi.



Қарашұбар жылан қалпындағы тағдыр кейiн Мұқағалиға адам кейпiнде жолығып, кездескен кезде талай рет ақынды аямай шақты. Шындығында, тағдыр дегенiмiз көзге көрiнбейтiн құбыжық емес – дәл өзiмiз сияқты адамдар ғана. Ақынның қиналған сәтiнде көмектеспеген, өмiрiне қарайласпаған – замандастары, жүрегiн жаралаған – сыншылары, маңдайынан сипамаған – достары, талантын бағаламаған, құрметтемеген, қадiрiн кеш бiлген – жұрты, алақанына салып, аялай алмаған – қазақтар.
Әр ақынның өз тағдыры бар. Махамбеттiң басын кескен – жауыздар, Абайды сабаған – қасиетсiздер, Ахмет, Мағжан, Жүсiпбек, Мiржақып, Әлихандардың басын жұтқан – жалмауыздар, күнi кеше ғана Алтынбектi өлтiрген – опасыздар... Бұл да – тағдырлар.

Бетпе-бет келгенде сол тағдыр Мұқағалиды зар жылатты. Дегенмен ақынның көзiнiң жасын жауын қылып, қайта-қайта ботадай боздатқанымен, еш уақытта да Мұқағали ұлы өлеңдi тағдырынан өш алудың құралына айналдырған жоқ. Өмiрiнiң соңына дейiн ол замандасы Фаризаға арнаған өлеңiндегi “өлтiрсең де көмбеймiн жырды құмға” деген уәдесiн бұзбаған Мұқағали болып қалды. Сөзiмiзге сенбесеңiз, Мұқағалидың жырларын оқып көрiңiз. Ақынның шалқар поэзиясынан замандастарын қарғап-сiлеп жазған бiр шумақ таба алмайсың.

Қайта керiсiнше, әр кездескенде ақын тағдырын аяп, таңдайына ақ құйып, жолға салып жiберiп отырды. Басқаша сөзбен айтқанда, тағдыр ақынды қыспаққа салған сайын Мұқағалидың жүрегiнен бұрынғыдан да сұлу, бұрынғыдан да керемет, адамгершiлiктiң әдемi сәулесiндей жарқыраған ғажайып жырлар туа бердi. Ақыр соңында ақын өлгенде тағдырдың өзi оны жоқтап жылады.

Мына дүние – зұлымдық пен мейiрiмдiлiктiң бiтiспейтiн майданы. Екi аяқты пендесiн Алланың түзу жолына салғысы келетiн Құдайға қашан да қиын. Өйткенi ол зұлымдыққа қарсы алаяқтық, екiжүздiлiк, опасыздық, сатқындық сияқты оның қаруымен күресе алмайды. Ондай қаруды қолына алса, Құдайдың өзi зұлымдыққа айналады. Ұлы Жаратушының зұлымдықпен күресетiн жалғыз-ақ қаруы бар – жүректiң сәулесi. Ол – жүрегiнде сәулесi бар кемеңгер. Ол – жүрегiнен имандылықтың нұры шашыраған ғалым. Ол – жүрегi от болып жанған ақын.

Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев жүрегi от болып жанып, миллиондаған оқырмандарының жанына адамгершiлiктiң шуағын шашқан, Құдайдың халыққа сыйлаған сұлу сәулесi едi. Ендеше дәл осындай Жердiң ғажайып сәулесiнiң мәңгiлiкке сөнуi қалайша мүмкiн болмақ? Сене алмаймын оған.

Мұқағали өлген жоқ. Ақиқатында Алла тағала – көзi тiрiсiнде халық қадiрiн бiлмеген, адамдар бағалай алмаған, тағдыр аямаған Жердiң әдемi сәулесiн, баршамыздың көзiмiздi қызықтырып, жарық күндей жарқыратып, аспанға апарып жағып қойды.



IV-тоқсан №19 Айы, күні__________________________________
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық өмірбаяны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XХ ғасырдың I жартысындағы қазақ-қазақ әдебиетіне көптеген еңбегі сіңген, ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты, қоғам және мемлекет қайраткері және деректермен байланыстыра отырып толықтырып түсіндіру, алған білімдерін жинақтау;

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,

зерттеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;



Тәрбиелік: Қырғыз топырағында тәрбиеленіп, зеректік, ойшылдық, даналық сияқты қасиеттерді оқушылардың санасына ұялату, халықтың адал перзенті бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іздену-зерттеу сабағы, топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ішінара іздендіру, мәнерлеп оқу

Көрнекілігі: слайд-фильмдер, Ш. Айтматовтың шығармалар жинағы, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік.

ІІ. Негізгі кезең. Кіріспе сөз.
Шыңғыс Айтматов

Шыңғыс Айтматов (қырғызша: Чынгыз Айтматов) (1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қырғыз АКСР - 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) - ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.


Ш. Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған.
Мұхтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа шығармасын Жуалы топырағынан бастамақ болған еді. Қазақстандағы БТА банктің құрметті президенті болып тағайындалған. Жазушының кандидатурасын жақында түркітілді елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі (ТҮРКСОY) түрік әлемінің атынан Нобель сыйлығына ұсынғанды. Және Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ТҮРКСОY тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.
2008 жыл Қырғызстанда Айтматов жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы жылдың желтоқсан айының 12-де 80 жасқа толатын жазушының мерейтойы халықтық мереке ретінде тойланбақ еді. Жоғарыда айтқан ТҮРКСОY сыйлығы осы 80 жылдық мерейтойына орай тапсырылмақ еді. Тағдыр оны кемеңгер жазушыға тірі көруді жазбапты.
2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзаттың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасында Алманияның Нүрнберг қаласындағы ауруханада бүйрек ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» мемориалды-мұражай кешеніне қойылды. Сол күн Қырғызстанда ұлттық қайғылқ деп жарияланды.
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов [1](12.12.1928 жылы туылған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Европа Ғылым Академиясының академигі, Социалдық Еңбек Ері. «Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында (Біздің Мұхтар. - А., 1976) «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері - Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды. Айтматов ССРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықар. сыйлықтардың лауреа

Хронология

Қырғыз ауылшаруашылығы институтын бітірген соң (1953) Қазақстанның Жамбыл облысында зоотехник болып қызмет атқарған. 19561958 жылдары Мәскеудегі Жоғарғы әдебиет курсында тыңдаушы, 19591960 жылдары “Литературный Киргизстан” журналының редакторы, 19601965 жылдары “Правда” газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 19651986 жылдары Қырғызстан Кинематографистер одағының төрағасы, 1986 жылы Қырғызстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1988 жылы “Иностранная литература” журналының Бас редакторы, 1990 жылы КСРО-ның Люксембургтегі елшісі болды. 1991 жылдан Қырғызстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі.



Еңбектері

“Әшім” атты тұңғыш әңгімесі 1952 жылы жарияланды. Онан кейін “Аспалы көпір” (1956), “Бетпе бет” (1957) тағы басқа әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі “Жәмила” повесі (1958). Мұхтар Әуезов пен француз жазушысы, Луи Арагон осы шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Жәмила бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды.



Шетелге таралуы

Шығармалары шет елдерге де кеңінен танылды. Айтматов қаламынан туған әрбір шығарма адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Айтматов туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы тағы басқа дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылды. Айтматов “Тау мен дала хикаясы” атты шығрамалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлық алды. “Қош бол, Гүлсары” (1967), “Ерте кеткен тырналар” (1975) повестері, “Боранды Бекет” романы (1980) үшін үш мәрте (1968, 1977, 1983) КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. “Шынарым менің, шырайлым менің” (1960), “Алғашқы ұстаз” (1962), “Ақ кеме” (1970) повестерінде Айтматов замандастарымыздың түрлі мінез болмысын, жастардың шынайы махаббатын, адам бойындағы мейірім мен қатыгездіктің табиғатын толғана суреттейді. “Ана– Жер ана”(1963) повесінде қырғыз халқының Отан соғысы жылдарындағы басынан кешкен қасіретін, қайғысын, сол ауыртпалықты көтере білген рухы биік Толғанай бейнесін шыншыл да, асқан шеберлікпен сомдаған. “Ана–Жер ана” спектаклі ең алғашқы рет Алматыда, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында табыспен қойылды. Адамзаттың Айтматовы аталып кеткен, заманымыздың заңғар жазушысының кейінгі “Жанпида” (1986), “Кассандра таңбасы” (1995) романдары философиялық тереңдігімен ерекшеленеді. Өмірдің сан қатпар сыры мен қырына үңілген, соның болмысын ашып көрсетуге бой ұрған зерделі зерттеу, пайымдауы мен тың, тосын көркемдік кестесімен қызықтырады. Оқырман назарын адамгершілік мінез құлықтың толғақты мәселелеріне аударады. Айтматов шығармалары бойынша көптеген көркем фильмдер түсірілді. Бірсыпыра шығармаларының желісімен жасалған драмалық туындылары /“Шынарым менің, шырайлым менің”, “Боранды бекет”/, қазақ драматургі Қалтай Мұхамеджановпен бірігіп жазған “Көктөбедегі кездесу” пьесасы Қазақстанның республикалық, облыстық театрлары сахнасынан берік орын алды. Қазақ ақыны Мұхтар Шахановпен бірігіп жазған “Құз басындағы аңшының зары” атты эссе кітабы (1997) жарық көрді. Осы екеуі бірігіп жазған “ Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот” атты пьесасы Қазақстанның Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды (1998). Айтматов бірсыпыра Еуропа елдері академияларының құрметті академигі, бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесіне, Қырғызстан Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Айтматов ҚР Президентінің 1993 жылғы Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының лауреаты. [3]1997 жылы шілде айында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен Әуезовтің 100 жыддық мерейтойына арналған конференцияны Айтматов басқарып, сөйлеген сөзінде улы жазушыға деген өз сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласын, талант қүдіретіне бағытталған ақ ниетін білдірді.[4]



Ү. Түртіп алу INSERT жүйесі

Білетінім

Білгеніме сәйкес келмейтіні

Мен үшін жаңалық

Таңқалдырды

Өмірі мен еңбектері жайлы деректерді білемін

Тұрар Рысқұловтың тәрбиесінде болған. Қазақ жазушыларымен бірге жұмыс жасаған. Мұхтар Әуезовке ең жоғары баға беріп көтере білген

Оның шығармаларын қазақ-қырғыз болып дәріптеуі.

Европаға танымал Ұлы тұлға және оның шығармалары шетелге таралуы, шығармаларының адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен

ҮІ. Қорытындылау. «Даталар тізбегі» ( интерактивті тақтамен жұмыс).

ҮІІ. Бекіту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. қосымша материалмен жұмыс, Шыңғыс еңбектерін оқу.

ІХ. Бағалау.

(І.есенберлин шығармаларына қосымша мәліметтер)



1.Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
2. Қасымұлы Кенесары қазақты орыстан құтқарам деде де, патша үкіметіне, хандарға қарсы болды. Ел соңына ерді. Хан көтеріп, қара қазаққа хан көзімен қарап, ханның саясатын жүргізе бастап еді, көп қазақ соңынан ермеді, қысылған жерде тастап кетті.
Кенесарының Кіші жүзге ешбір әсері болмады. Кенесары заманында Кіші жүз хандардан әбден күдер үзіп болған еді. Кенесарыға Кіші жүз ермеді. Қорқытып бағындаырамын деп, Кенесары 1843 – інші жылы алтын – жаппасты шапты, Көбекұлы Алтыбай биді өртеді, сол жылы Ойыл бойындағы шектіні шапты. Кіші жүзбен жау болып, ақырында тұра алмай, ауып кетті.
1843 – інші жылы шектінің назар деген бөліміне Кенесары мынандай әмір жазған: «Біздің адамдарымыздың сендерде қаны бар. Кінәлеріңді мойындарыңа алыңдар, мені хан деп таныңдар, мендік болыңдар, менің сендерге жақын болғым келеді.
Құдайдан қорықпай сендер маған қарсы болдыңдар, әруақты сыйламадыңдар. Кінәлеріңді мойныңа алсаңдар, ішіңдегі жақсыларың маған келсін. Мен сендерге қайырымды боламын, келмесеңдер, сендерді отыз жыл күтемін де, сендерді отыз жыл аямай шабамын» деп22.
Кенесары мен Кіші жүздің арасының қандай болғаны осыхаттан – ақ көрініп тұр.
Кенесарының Ойылдағы елді шапқанда орыс, қазақ аралас көп әскермен Кенесарыға қарсы Баймағамбет төре шығады. Кенесары қашады. Баймағамбет қуады. Бір жерге келгенде, «Кенесарының жіберген елшісімін, Баймағамбетпен сөйлесемін» деп, әскерге жақын Наурызбай төре келеді. Баймағамбет қорқып өзі шыға алмай, біреуді жібереді. Барған адамға Баймағамбетті боқтап – боқтап кейін қайтсін, қумасын деп, Наурызбай сәлем айтады. Байеке ашуланып, атыңдар дейді. Мергендер атуға ыңғайланады. Дегенмен Наурызбайды қимай кідірістейді. Көптің ішінде Исатайдың жолдасы Махамбет батыр бар екен, о да оқталады. Махамбеттің атса оғы бос кетпейтінін білетін қасындағы жолдастары қолынан ұстай алып, «а … батыр саған не болды, бұлар орысқа қарсы ғой» дейді. Сонда Махамбет «Тас бауыр төрені қазаққа болысып, орысқа қарсы болды дегенге кісі нанар ма? Ел бұзар екені бетінен – ақ көрініп тұр ғой, мылтығымның тауын қайтардыңдар енді атпаймын» дейді.
3. ХХ ғасырдың басында Қазақстан, Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.
Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-казак жерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында ресейлік отарлаушылар Қазақстанның 45 миллион десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне иелік етті. 1917 жылы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен ресейлік қоныстанушылар (негізгі орыс ұлттарының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 пайызын құрды

4. Абылай хан (1711-1781)

Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.

Әбілқайыр хан (1693 - 1748)

Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.

XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.


Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады». Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді
.
Бөгенбай батыр (1690 - I778)


Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсон қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. 1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды.
XVIII ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай батыр, көрші елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне етене араласқан. Оның Кіші жүз елімен жиірек қатысуында да бір мән бар. Біріншіден, орыс әкімшілігі арқылы қалмақ-башқұрт елдерінде тұтқында жүрген сарбаздарын қайтарып алу мәселесі болса, екіншіден, Ресей патшасымен одақ құрудың келешегі қалай болар екенін бағдарлау. Бұл тұста қазақ елінде іргелі хан ретінде Әбілқайыр ғана белгілі еді. Оның орыс әкімшілігімен жүргізіп жүрген келіссөздері бірде нәтижелі, бірде аяқсыз қалып келе жатқанын Бөгенбай батыр секілді қолбасшылар бақылап отырды. Бұл кездің тағы бір ерекшелігі – ел ішінен жиналған саңлақ сарбаздарды халық арасында абырой-беделі бар батырлар басқарды. Қолбасы батырлар халықтың ұлы жиын, үлкен кеңесінде жалпы бұқараның ұсынысымен тағайындалды, осындай кеңесте 1710 жылғы Қарақұмда Бөгенбай батырды бүкіл халықтың қалауымен қазақ жасақтарының қолбасы етіп сайлайды. Осы жасақтар әзірлігінің арқасында, қару-жарағы мол жоңғар әскерлеріне тез арада ойсырата соққы беріп жүрді.
Бөгенбайдың нағыз толысқан шағы – батырлығына қоса от ауыз, орақ тілді шешен кезі еді. Осы уақыттарда сыртқы жаумен жекелеген ұрыс-шайқастарда бірқатар жеңістерге жетіп, бүкіл алашқа аты шығып, даңқы артқан болатын. Бөгенбай батыр ұрыстарда ұдайы жүрмеген адам, елінің алды-артын болжаған, халқының келешегін көп ойлаған абзал жан. Жас кезінде шайқастарда батырлығымен көзге түссе, өз елінде қолбасшылығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен сыйлы болған.


4-тоқсан №20 Айы, күні__________________

Сабақтың тақырыбы: «Шынарым менің шырайлым»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шыңғыс Айтматовтың өмірі жайлы әңгімелеу, шығармаларына тән шығармаларының адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен мәселесіне тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелілік: Туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу, бірлікке, татулыққа шақыру. Адамгершілік қасиеттерді әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа әзірлеу. Сәлемдесу, түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару; ол үшін:



II. Үй тапсырмасын сұрау. «Зымыран сұрақтарына» жауап алу

1) Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармалары туралы не білесің?

2) Ш.Айтматовтың қазақ-қырғыз халқының алдында алатын орны

3) Өмірінің төрт кезеңі қайсы жылдарды қамтиды?

4) М.Әуезов туралы қандай ой-пікір айтады?

5) Шығармаларындағы әйел, ана бейнелерін қалай таныта білген?

6) Шығармаларындағы қандас-туыстық ұқсастықтарын байқауға бола ма?

7) Ш.Айтматовтың шығармалары бойынша көптеген қырғыз фильмдері түсірілген. Қай фильмін көрдің? («Ақ кеме», «Жанпида», «Әсел»)


III. Жаңа сабақ. 1. Шығармадағы адамның ішкі жан дүниесін тану кейіпкерлер арқылы қалай бейнеленген? 2. Оқушыларға берілген эпизодтарды оқыта отырып талдату, адамгершілік пен сенімділіктің маңыздылығы туралы, өмірде кездесетін ойы таза, адал жар Әсел бейнесі арқылы әйел тағдырын бейнелеуін дәлелдету.

Тақырыпты талдауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

Кейіпкер бейнесі

  1. Автор Әселдің түр-түсін қалай суреттейді?

  2. Әселдің мінез-құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады?

  3. Әсел өмірді қалай түсінеді?

  4. Шығармадағы Ілиястың өкініші мен күйінішін қалай сипатталады?

  5. Повест кімнің атынан әңгімеленеді?

Сұхбат сәті

  1. Жазушының «Шынарым менің, шырайлым менің» әңгімесін жазудағы түпкі ойы не?

  2. Әңгімеден қандай әсер алдыңдар?

  3. Болжам жаса және дәлелде.


ҮІ.Сабақты бекіту. 1. Шығарманың тілдік ерекшелігін қалай байқадыңдар? Мысалдармен дәлелдеу 2. Ш.Айтматовтың қазақ әдебиетінде орны қандай айқындалады?

3. «Шынарым менің, шырайлым менің» повесінің басты идеясы неде деп ойлайсың?


YII. Сабақты қорытындылау.

ҮІІI. Үйге тапсырма: Шығарманың толық нұсқасын оқу және кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыра отырып талдау. (Реферат, слайдтар жасау)

ІX.Бағалау.



4-тоқсан №21 Айы, күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Шығармадағы шынайы адамгершілік қасиеттер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шыңғыс Айтматовтың өмірі жайлы әңгімелеу, шығармаларына тән адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен мәселесіне тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелілік: Туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу, бірлікке, татулыққа шақыру. Адамгершілік қасиеттерді әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Шығарманы логикалық модуль арқылы талдау

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа әзірлеу. Сәлемдесу, түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару; ол үшін:



II. Жаңа сабақ.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: Нақ сұрақ- дәл жауап

  3. Кейіпкер бейнесі

  4. Кластер әдісі

  5. Ой түйіндеу

  6. Сұхбат сәті

  7. Өткенді қастерлеу арқылы болашақты жасаймыз.

  8. Үйге тапсырма

  9. Бағалау

Нақ сұрақ – дәл жауап

  1. Шыңғыс Айтматов кім?

  2. Әңгімедегі шофер жігіттің есімі.

  3. Әселдің өмірдегі бейнесі кім?

  4. Жігіт Әселмен қайда кездесті?

  5. Ілиястың тұрмыс- тіршілігі қандай?

  6. Әсел бейнесі арқылы жазушы әйелдерге тән қандай қасиеттерді суреттейді?

Кейіпкер бейнесі

  1. Автор Әселдің түр-түсін қалай суреттейді?

  2. Әселдің мінез-құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады?

  3. Әсел өмірді қалай түсінеді?

  4. Шығармадағы Ілиястың өкініші мен күйінішін қалай сипатталады?

  5. Повест кімнің атынан әңгімеленеді?

Сұхбат сәті

  1. Жазушының «Шынарым менің, шырайлым менің» әңгімесін жазудағы түпкі ойы не?

  2. Әңгімеден қандай әсер алдыңдар?

  3. Болжам жаса және дәлелде.

  4. Кластер әдісі


Мінезі


Ой түйіндеу

Әсел – жаны таза, адал, кіршіксіз мөлдір махаббат иесі. Өзі адал адам өзгенің де адалдығын қалайды. Адам дар арасындағы опасыздық, бірін-бірі сатып кету, т.б. келеңсіз жағдайлар Әсел өміріне қырсығын ти гізеді. Бұл өмірде кездесетін шынайы өмір, адам тағдыры. Расында солай ма екен?



ҮІ.Сабақты бекіту. 1. Шығарманың тілдік ерекшелігін қалай байқадыңдар? Мысалдармен дәлелдеу 2. Ш.Айтматовтың қазақ әдебиетінде орны қандай айқындалады?

3. «Шынарым менің, шырайлым менің» повесінің басты идеясы неде деп ойлайсың?


YII. Сабақты қорытындылау.

ҮІІI. Үйге тапсырма: «Ш.Айтматов және Әуезов» шығарма-эссе жазу.

ІX.Бағалау.



IV-тоқсан №22 Айы, күні__________________________________
Сабақтың тақырыбы: Мақтымқұлы Фрагидің шығармалары мен өмірбаны.

«Түрікмен тағдыры», «Ақырзаман», «Боларсың»



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ;

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,

зерттеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;



Тәрбиелік: Қырғыз топырағында тәрбиеленіп, зеректік, ойшылдық, даналық сияқты қасиеттерді оқушылардың санасына ұялату, халықтың адал перзенті бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іздену-зерттеу сабағы, топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ішінара іздендіру, мәнерлеп оқу

Көрнекілігі: слайд-фильмдер, Ш. Айтматовтың шығармалар жинағы, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік.

ІІ. Негізгі кезең. Кіріспе сөз.
Каталог: uploads -> doc -> 0c6a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c6a -> Сабақ Тақырыбы: Шыншылдық адамдықтың белгісі Мұғалiм: Карагулова Айнур Итемгеновна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет