Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі38,94 Kb.
#30722
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сынып: 7

Пән: орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қыпшақ тайпаларының қоныстанған жері, этикалық құрамы, қоғамдық құрылысы жайында түсінік беру

Дамытушылық: оқушылардың карта, үлестірмелі карточкалар, кестемен жұмыс істеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушылардың бойында патриоттық, отансүйгіштік сезім қалыптастыру

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, үлестірмелі карточкалар, карта, кестемен жұмыс, талдау

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карта, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. амандасу

2. оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


  1. ауызша

  2. үлестірмелі карточкалармен жұмыс

  3. құрастырған тестерін тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этикалық құрамы

2. Қоғамдық құрылысы

3. Қапшақ хандығының саяси жағдайы

4. Шаруашылығы

Кіріспе

1. Оқушыларға карта арқылы қыпшақ тайпаларының қоныстанған жері және тірек-кесте арқылы этикалық құрамы жөнінде баяндап түсіндіру.



Қыпшақтардың этикалық құрамы



Батыс бірлестік он бір тайпадан тұрған: елбөрілі, тоқсаба, дурут, йетиоба және т.б.

Шығыс бірлестік он алты тайпадан тұрған: сегіз негізгі, сегіз

ұсақ тайпа

Қыпшақ хандығы ХІ ғ.а. мен ХІІІ ғ.б. өмір сүрді.

Қыпшақтардың ең беделді тайпасы - елбөрілі.

Қыпшақтардың этникалық құрамы VII-VIII ғасырларда қалыптаса бастаған.



2. Тірек-кестені пайдалана отырып, қыпшақтардың қоғамдық құрылысы жайында түсінік беру, негізгілерін тірек-конспект ретінде жаздыру.

Қыпшақтарда хандық биліктің орталығы «Орда» деп аталды.

Қашқари дерегінде қыпшақтардағы құл атауы - «яланкуг»

3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы туралы карта арқылы түсіндіре отырып, тірек-конспект жаздыру.

Орыстар қыпшақтарды «половшылар», венгрлер «кундар» немесе «кусандар» деп атаған.

4. Қыпшақтардың шаруашылығы жайлы ауызша баяндай отырып, негізгі деректерді жаздыру.



Карпини мен Рубрук: « ХІІІ ғ. қыпшақтарда арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартатындығын көргендігін жазған».

Рубрук: «қыпшақтар шөлдеп келе жатқанда сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп айтқандарын жазған».

Еврей Петахья: «ХІІ ғ. қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіретіндігін жазған».

IV. Бекіту

Сұрақтары:

1. Қыпшақ хандығы қай ғасырларда өмір сүрді?

2. Қыпшақтардың құрамына кірген тайпалар?

3. Қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктер?

4. Шаруашылығындағы ерекшеліктер?



V. Бағалау

Үй тапсырмасы бойынша ауызша жауап берген, үлестірмелі карточкалармен жұмыс істеген және тест құрастырған оқушыларды бағалау.



VI. Үй тапсырмасын беру

1. параграфты оқып, мазмұндау



2. кескін картамен жұмыс.
Каталог: uploads -> doc -> 01c7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01c7 -> Сабақтың тақырыбы: Жырдың қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. Мақсаты
01c7 -> Жасуша тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе
01c7 -> Тақырыбы: Бақыт деген менің бала күндерім


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет