Сабақтың тақырыбы Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдық



Дата29.09.2019
өлшемі63,04 Kb.
#48962
түріСабақ
Байланысты:
қисықсызықты қозғалыс
№1БЖБ 8кл, №1БЖБ 8кл, №1БЖБ 8кл, №1БЖБ 8кл, №1БЖБ 8кл, №1БЖБ 8кл, №1БЖБ 8кл, 2 № 2-зертханалық жұмыс. Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Кинематика негіздері

Мектеп: №6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Адаев Габит Амангалиевич

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.13 дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау

9.2.1.14 сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін: Қисықсызықты қозғалысты. Материялдық нүктенің шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалысын. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтарды білу

Басым бөлігі үшін: Қисықсызықты қозғалысты. Материялдық нүктенің шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалысын. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтарды сипаттау

Кейбір оқушылар үшін: Қисықсызықты қозғалыстың. Материялдық нүктенің шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалысының. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтардың маңыздылығын зерделеу

Бағалау критерийі

1.Период, жиілік және сызықтық, бұрыштық жылдамдықтар шамаларын біледі

2.Бұрыштық және сызықтық жылдамдықтарды байланыстырытын өрнекті пайдаланып, есептерді шығарады

3.Шеңбер бойымен дене қозғалысын тәжірибе түрінде дәлелдейді


Тілдік мақсаттар




қозғалыс

движение

motion

жылдамдық

скорость

speed

шеңбер

круг

a circle

период

период

period

жиелік

чистота

purity

радиан

радиан

radifn

секундт

секундт

second



Құндылықтарға баулу

Төртінші құндылық: Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу. Шеңбер бойымен қозғалысты зерттей отырып аттракциондардың адам өміріне қауіп тудыратын жақтарын ескеріп және қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Геометрия – сызбаларды дұрыс салу

Технология – айналмалы станок платформасының жұмыс істеу принципін қарастырады.

Астрономия – аспан әлеміндегі денелердің қозғалыс жиілігі және периоды және бұрыштық жылдамдықтарын анықтайды

География-курвиметр құралымен картадағы қисықсызықтың ұзындығын, жиелігін есептейді.



Алдыңғы білім

9 класс физика Үдеу, жылдамдық, орын ауыстыру

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызғушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу.

Топтастыру:

1 – топ: v-жылдамдық

2 – топ: a-үдеу

3 – топ: s-орын ауыстыру

Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы тексеремін.


  1. Дененің еркін түсуі деп нені айтады?

  2. Дененің еркін түсуі қозғалыстың қандай түріне жатады?

  3. Дененің еркін түсуін қалай дәлелдеуге болады.

  4. Еркін түсу үдеуі қандай шама және оның сандық мәні неге тең?

  5. Еркін түсу үдеуі дененің массасына байланысты бола ма?

  6. Еркін түсу үдеуі дененің жылдамдығына байланысты бола ма?

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалайды

Карточкалар топ аттары жазылған

Парақша



Сабақтың басы




1.«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылар суретке қарап, өтетін тақырыпты өздері айтады.

ҚБ: «Үш шапалақ»

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/atomdyq-fizika/lesson/tomsonnyng-zhane-rezerfordtyng-atom-modeli

Сабақтың ортасы


Ой қозғау. «Дыбыстау» әдісі арқылы Bilimland-тағы видеоны көрсетіп, сұрақтар қойып, тақырыпты меңгертемін.

1. Шеңбер бойымен қозғалыс кезіндегі сызықты және бұрыштық жылдамдық дегеніміз-?

2. Период пен жиелік ұғымы-?

3. Бұрыштық жылдамдық векторын кескіндеу-?

4. Радиан дегенім-?

ҚБ: «бас бармақ»



1-тапсырма. «Сөйлемді толықтыру» әдісімен оқушылар жаңа алған білімдерін, тиянақтайды.

1.Шеңбер бойынша бірқалыпты қозғалыс бұл...... қозғалыс

2.Сызықтық жылдамдық модуль бойынша өзгермейді, бірақ...... өзгереді.

3.Бір айналым жасау уақыты .....деп аталады . Уақыт бірлігі үшін айналым саны..... деп аталады.

4.Период мен жиілік өзара..... байланысты .

5.Дененің уақыт бірлігінде қандай жолмен өтетінін көрсететін шама..... деп аталады.

6.Уақыт бірлігі үшін айналмалы дененің қалай бұрылатынын көрсететін шама...... деп аталады.

7.Айналмалы денедегі нүктенің бұрыштық және сызықтық жылдамдығы өзара........ байланысты .



Бағалау: Тақатадағы дұрыс жауаптармен бір-бірін тексеріп, бір-бірін өзара бағалайды.

  1. 6-7- өте жақсы 2) 4-5-жақсы 3) 0-3-талпын

2-тапсырма. «Жүзден жүйрік» әдісімен деңгейлік тапсырмалар орындайды.

А деңгейі. Автокөлік доңғалағы 2с ішінде 20 айналым жасаса, оның айналу периодын тап.

В деңгейі. Айналу периоды 105 мин, ал орбитасы Жер бетінен 1200 км қашықтықта орналасқан Жердің жасанды серігінің орташа орбиталдық қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.

С деңгейі. Айналмалы станок платформасының айналу жиілігі 16,7гц-қа тең. Айналу осінен 20дм қашықтығы платформаның шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдықтарын анықтаңдар.

Дискриптор

А деңгейі.

1. периодын есептейді



В деңгейі

1.ХБЖ-ға келтіреді

2. Жиілікті есептеп, табады

3.Бұрыштық жылдамдықты есептейді



С деңгейі.

1.ХБЖ-ға келтіреді

2.Радиусын, периодын есептеп, табады

3.Сызықтық жылдамдықты есептейді.



3- тапсырма «Әткеншек» әдісімен оқушылар шеңбер бойымен дене қозғалысын зерттейді. Құралдар:штатив, жіп, шар,ақ қағаз

Бағалау: От шашу

http://bilimland.kz/index.php

/kz/


https://learningapps.org/index.php?overview&s=&category=0&tool=

.


Сабақтың соңы




Қисықсызықты қозғалыс
Бекіту тапсырмасы: тапсырманы сәйкестендіу қажет

T=t/n

1.


Айналу периоды формуласы

v=1/T

2.



Айналу жиелігі формуласы

ꞷ=φ/T

3.



Бұрыштық жылдам-дық формуласы



v=2RV
4.


Сызықтық жылдам-дық формуласы

Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы

5.


Кері байланыс. «Активатор 3-2-1» стратегия

  • Біздің сабақта өздеріңізге ұнаған 3 сәтті (жағын) атаңыздар.

  • Соның ішіндегі 2-ін қалай қолданар едіңіздер?

  • Соның ішінде қайсысын алдағы уақытта толықтырып оқығыңыз келеді.?

Үй тапсырмасы. Эксперименттік тапсырма №2 (курвиметр құралын қолдан жасай отырып картадағы қисықсызықтың ұзындығын, жиілігін есептейді)



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Нәтиже немесе жауап бойынша саралау «Сөйлемді толықтыру» әдісі арқылы оқушылар ойларын жүйелеуге, кейбір оқушылар берілген жауапты бақылап толықтыруға дағдыланады.

Тапсырма бойынша (деңгейлік) саралау. «Жүзден жүйрік» әдісі арқылы талантты оқушылардың логикалық ойлау қабілеті ұшталады

«Әткеншек» әдісі арқылы тәжірибелік тапсырманы орындау барысында зерттеу дағдылары қалыптасады, сын тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптасады.



Үй тапсырмасын «Бағдаршам», «Суреттер сөйлейді» әдісінде «Үш шапалақ», «Ой қозғау» әдісінде «Бас бармақ», «Сөйлемді толықтыру» әдісінде өзара бәр – бірін бағалау, «Жүзден жүйрік» әдісінде дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Тәжірибие жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет