Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Әнші» (2 сағаты)



Дата05.11.2016
өлшемі26,26 Kb.
#444
түріСабақ
Бекітемін: Келісемін:

Күні:19.11.2014 Сыныбы: 7а,7 б Сабақ саны: №21 Пәні: әдебиет Мұғалімі: Э.Болатова

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Әнші» (2 сағаты)

Сабақтың мақсаты:


а) білімділігі: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаянын, шығармаларын оқыта отырып, қайталанбас суреткер екенін таныту.
ә) дамытушылығы: логикалық ойларын, тіл мәдениетін дамыту.
б) тәрбиелігі: өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты
қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу,мәтінді арқау ете отырып,рухани-адамгершілік бағытында тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.
Көрнекілігі: портрет, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1) Сәлемдесу,
2) оқушыларды түгелдеу 
ІІ. Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ эпиграфы: Сегіз қырлы, бір сырлы 
мен Жүсіпбектей шебер жазушыны 
бұрын- соңды көрген емеспін. 
Б.Майлин.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қаламгердің өмірі мен шығармашылығын сатылай кешенді талдау арқылы түсіндіру 
Жүсіпбек Аймауытов кім?
1.Қаламгердің аты – жөні:Ж.Аймауытов 
2.Туған жылы:1889ж 
3.Туған жері: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылту атырабы 
4.Ең алғаш алған білімі: ауыл молдасынан 
5.Баянауылда, Павлодарда оқыған оқу орны:орыс-қазақ мектептері 
6.Семейдегі оқу орны: мұғалімдер семинариясы 
7.Атқарған қызметі: «Қазақ тілі» газетінің редакторы 
8.Шоқтығы биік шығармасы: «Ақбілек» романы 
9.Өмірден өткен уақыты: 1931 ж 
10.Қаламгердің шығармаларын еске түсіру «Елес» «Әнші» «Боранды болжаған әулие» 
11.Қаламгердің қандай шығармаларымен таныссыңдар? «Бетім–ау, құдағи ғой», «Қартқожа» «Ақбілек» «Күнекейдің жазығы» «Нұр күйі» поэмасы 
Мұғалім сөзі: Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыз Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі
«Әнші» әңгімесін түсіндіру жоспары:
Әншімен алғаш танысу,
Ән құдіреті.
Наурыздағы сауық той.
Аруақты әнші.
Әмірханның үйінде.
Әншінің жүдеу тұрмысы.
Ән салу - үлкен өнер.
Әнші де жылайды екен.( Қысқаша мазмұнын түсіндіру)
Әңгімедегі Әмірханның прототипі – әйгілі қазақ әншісі Әміре Қашаубаев. Ол - Парижде өткен дүниежүзілік этнографиялық концертте бүкіл әлем жұртшылығына танылған тарланбоз әнші. Сол Парижде ол Исаның әні «Желдірмені» орындаған. Шетелдіктер ол әнді күйтабаққа жазып алған. Кейіннен Қазақстандықтар Париж мұражайынан сол жазбаны алдыртқан. «Желдірме» әні тыңдатылады.
ІV. Білімді бекіту: мәтінге композициялық талдау 
Оқиғаның басталуы – Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігі 
Оқиғаның дамуы – Қымыз ішкен жастардың Әмірқанмен кездесуі 
Шиеленісуі – Наурыз мерекесі.Әмірқан-театр сахнасында 
Шарықтау шегі – Әмірқан басынан кешірген бір оқиға 
Шешімі – Ән тәңірісінің құдіретті әні
Әдеби – теориялық ұғымдар:
1.Теңеу: атқан таңдай, шайдай,сыбызғының үніндей,асқар тауындай,күзді күнгі дауылдай,тас бұлақтың суындай. 
2.Портрет: Әмірқан-кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.
СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС: түсіндірме сөздікпен жұмыс. 
1 Бержабай-өзеннің бір жағынан екінші жағына жүк, адам тасушылар. 
2 Қашаба -тарантас жеңіл арба. 
3 Шүлеңгір -мырзасыну деген мағына. 
4 «Бордақы байлар» -семіздік, күйлі деген мағынада. 
5 Құжыра -үй, баспана. 
6. Шәулі- қыранның аналығы.
V.Қорыту бөлімі:
«Нақ сұрақ – дәл жауап» 
1.Әмірақынның өмірдегі бейнесі кім,прототипін ата ?
2.Автор әншімен қайда кездесті?
3.Әнші ән айтуды кімнен үйренді?
4.Әмірақынның тұрмыс- тіршілігі қандай?
5.Әмірқанның өмірдегі прототипі кім?
6.Жазушының «Әнші» әңгімесін жазудағы түпкі ойы не? 
7.Әңгімеден қандай әсер алдыңдар? 
8.Болжам жаса және дәлелде.
Сабағымызды қорытындылай келе, біздер Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан екенін білдік. Ол әнді сүйіп өсті, өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес. Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы – жазушы ұлылығының айғағы десек те болады. 
- Әміре Қашаубаев - ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті. Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты. Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.
VІ.Үйге тапсырма беру кезеңі,орындалу жолын түсіндіру. «Ақтамақ хикаясын» аяқтау. «Әнші» әңгімесінің мазмұнын айту.
Каталог: uploads -> doc -> 0be1
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0be1 -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Толқын» өлеңі
0be1 -> Аты-жөні: Қайырлиева Ардақ Тулеуовна Білімі: жоғары Пәні
0be1 -> Сабақ: №83-84 Мектеп: Семей қаласындағы нзм күні: Мукажанова А. К
0be1 -> Сабақтың тақырыбы: Ақ шаш.( В. Сухомлинский) Ана. (Ғ. Орманов) Мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет