Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы №1 сабақ



Дата08.09.2017
өлшемі73,71 Kb.
#31506
түріСабақ

Пәні:Қазақ әдебиеті

Сынып:9

Күні: 11.03.2015жыл

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы





№ 1 сабақ







Сабақтың мақсаты:


1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

2. Автор шығармашылығын әдебиет тектері бойынша топтастыру

3. Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау



Күтілетін нәтиже:

1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білетін болады.

2. Автор шығармашылығын әдебиет тектері бойынша топтастыра алады.

3. Қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтай алады.


Негізгі идеялар:


Оқушылар Ж.Аймауытовтың өмірі және шығармашылығымен таныса отырып, ізденімпаздық пен еңбексүйгіштік қасиеттерге, өнерді қастерлей білуге дағдыланады.


Уақыт

мин


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Сәлемдесу.







2

Жұптық жұмысқа ұйымдастыруға дайындау.


Оқушылар «Құпия жан» ойыны бойынша 2 жұпқа жіктеледі.







3

Үй жұмысы.


«Нақ сұрақ, дәл жауап» 1917-1956 жж қазақ әдебиетіне қатысты ашық сұрақтар қойылады.

  1. 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісі қазақ қаламгерлеріне қалай әсер етті?

  2. «Бостандық таңы атты» деп жырлаған ақындар кімдер еді?

  3. Кеңестік идеология нені талап етті?

  4. 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің өкілдері кімдер?

  5. Осы жылдары шығармашылық еркіндікке ұмтылған ақын кім?

  6. 20-30 жылдары көркем прозаны қалыптастырған жазушылар кімдер болды?

  7. 1941-1945 жылдардағы әдебиеттің негізгі мақсаты қандай болды?

  8. 1952, 1956 жылдары жарияланған Мұхтар Әуезотің атаулы туындысы?



Мадақтау, формативті бағалау




3

Жаңа сабақтың мақсатын айту, жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады. Берілген тапсырмаларды бірлесіп, ауызбіршілікпен жұмыс жасайды.

Проблемалық сұрақ.

-         Жүсіпбек Аймауытұлы туралы не білеміз?



ББҮ әдісі бойынша алғашқы екі торкөзді толтырады.

 


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 


 

 












Оқушыларға берілген тапсырмалар бойынша бірлескен жұмыс ұйымдастыру



1-жұп. Ж.Аймауытовтың өмірі

2-жұп. Ж.Аймауытовтың шығармашылығы


Берілген тапсырмалар бойынша таныстырылым жасайды.




маркер, плакат




Ой шақыру мақсатында әр жұпқа бөлек тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.

Топ болып бір шешімге келіп дәлелдейді.

Мадақтау,форма

тивті бағалау.

тапсырмасы бар парақшалар,




Жеке оқушылармен жұмыс

Оқушылардың таныстырылым барысында тың деректерді ұсынуы










Бағалау

Бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы

Аты-жөні

Сұрақ-жауап

ББҮ

таныстырылым

қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 







Үйге тапсырма

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романын оқып келу









Мағынаны тану.

-         «Артымда қыруар елім бар,



Өлсе де денем, мен өлмен» - деп Жүсіпбек ақынымыз айтып өткендей

Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ақын, прозаик, драматург, әнші, журналист-публицист, сазгер, ғалым, психолог ретінде танылады. Жүсіпбек 1889 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту» қазіргі Жүсіпбек аймауыт ауылында туып, өсті. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндібай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер болған. Содан  1931 жылы дүниеден озды.

Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып, оқып үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

 Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

 Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.

 Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

 Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.



Жүсіпбектің қолынан тастамайтын 3 домбырасы болыпты. Ақынның сазгер де болғанын білеміз. Бізге жеткен 10 шақты әндерінің көбі қазіргі уақытта халық әні болып орындалып жүр. Мысалы: «Екі жирен», «Шәмші-хамар », «Балқурай» т.б.

(Слайд арқылы таныстыру)



Аты-жөні

Сұрақ-жауап

ББҮ

таныстырылым

қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет