Сабақтың тақырыбы: ж ж дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты



Дата01.08.2017
өлшемі7,4 Mb.
#22529
түріСабақ
«Өтес орта мектебі ММ»


Ж ж дыбысы мен әрпі


(Ашық сабақ )

Бастауыш сынып мұғалімі: Қоштаева А

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Ж дыбысының әріптік таңбасымен таныстыру.Жаңа сөздер үйрету.Өтілген дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем құрату.

  2. Буындап оқуға, біртіндеп тұтас оқуға дағдыландыру.Ойлау қабілетін дамыту.

  3. Өсімдіктерді қорғауға, Отанын қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдістемелік тәсілі: Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын ойнату,мадақтау.

Көрнекілігі: Кеспе әріп,буын,,ж дыбысына байланысты суреттер,интерактивті тақта,т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Бақытты балғын баламыз,

Өседі ой-санамыз.

Білімнің нәрін сусындап,

Биікке самғап барамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Бағандағы сөздерді оқыту.

-Ойындардың қандай түрлерін білеміз?

Спорттық ойын. Ұлттық ойын.



«Арқан тартыс» ойынын ойнау.

1.Әріп деген не? Әріптерді не істейміз?

2.Дыбыс деген не? Дыбыстарды не істейміз?

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4.Дауысты дыбыс ерекшелігін ата.

5.Дауыссыз дыбыс ерекшелігін ата.



3.Жаңа сабақ.

Жұмбақ шешу:

1.Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады (жұлдыз)

2.Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды (жапалақ)


2.- Жұлдыз,жапалақ туралы әңгімелеу.

-Жұлдыз,жапалақ сөзіндегі бірінші қандай дыбыс естіліп тұрғанын сұрау.

-Ендеше жаңа сабағымыздың тақырыбы «Жж дыбысы мен әрпі»

-Тақтаға жазу. Ж-бірнеше айтқызу.Ұяң дауыссыз дыбыс.

-Баспа және жазбаша түрімен таныстыру.

-Ж дыбысы кездесетін сөздер айтқызу.


4. Оқулықпен жұмыс.

а ) -Жолбарыс, жапырақ туралы айту.

-Буынға бөлу.

-Дыбыстық талдау жасау.
ә ) -Бағандағы сөздерді оқып беру.

-Сурет арқылы сөздердің мағынасын түсіндіру.


б) -Жусан мәтінін оқып беру.

-Мазмұнын айтып беру.Түсіндіру.


г) - Хормен оқыту.

-Тізбектей оқыту.

-Мәтінді бір сөйлемнен оқыту.

5. Сергіту сәті.

6. Дәптермен жұмыс.

-Тақтаға жазып көрсету.

-Ауаға жазып көрсету.

-Дәптерге оқушылар жазу.



ғ) - Жазба жолдағы сөзді оқыту.

-Тақтаға жаздыру.

-Кассаға жаздыру. Жаға , жусан
Сергіту сәті. « Күз »

7. Қорытындылау.

Күздің суретін көрсету. Әңгімелеу.

-Ненің суретін көріп отырсыңдар?

-Қазір қай мезгіл?

-Табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Балалар не істеп жүр?

1.Қане оқушылар бізде тапсырмаларды орындай отырып, жапырақтарды жинаймыз.

Жапырақтың артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы себетке жапырақтар салу.

1.Қандай әріппен таныстыңдар? Қандай дыбыс?

2. Буыннан сөз құрастыр. Жа-лау жо-та



3.Дыбыстық талдау жаса.

4. Сурет бойынша сөйлем құра8. Бағалау.9. Үй тапсырмасын беру.
Каталог: uploads -> doc -> 12b2
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12b2 -> 7 Қолданылған әдебиеттер
12b2 -> Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету
12b2 -> Баяндама. Тақырыбы: «Оқушылардың география сабағында қызығушылығын арттыру»
12b2 -> «Ұстазым – ұлағатым, қарттарым қазынам!» (Ертеңгілік) Ересек «Ақкөгершін»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет