Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Балама хат»



Дата11.01.2017
өлшемі63,6 Kb.
#7071
түріСабақ

Мың алғыс деп ұрпағың, тағзым етер алдыңда

_________________________________________________________________________________________


Ана тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев «Балама хат»
Білімділік мақсаты: Өлең мазмұнын түсініп оқу, оның қай кезде кімге арнап жазылғанын, ондағы адамдар бейнесін танып, білуге;
Дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, өлең мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу;
Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметтепен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Флипчарт, Жамбыл Жабаев суреті, соғыс суреті, карта, видео-ролик
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, ассоциация, талдау-жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Семанткалық карта толтыру


ІІІ. Жаңа сабақ. І Дайындық кезеңі

Отанмен бірге қозғалды,

Қазақстан даласы.

Майданға шеру жол тартты,

Қазақтың да баласы.

Соғыс сөзіне ассоциация құру



қан төгіс


Видео-ролик соғыстың басталуын Левитанның хабарлауын көрсету

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Бұл Республика халқының 21,2 пайызы еді. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты, әскер дивизиялары, 7 атқыштар бригадасы және 50 атқыштар полкы мен ерекше батальондар жасақталды. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск т.б шайқастарға қатынасып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.



Жаңа сабаққа өту

  1. Ж.Жабаев кім? Ол туралы не білесіңдер? Қандай өлеңдер жазған?

  2. Балама хат өлеңін оқу.

  3. Сөздік жұмыс

  4. Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту

  5. Сұрақ жауап арқылы жыршы баласына не туралы жазғанын білу

ІV. а) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен көмегі жайында әңгіме

ә) Соғысқа қатысқан батырлар туралы әңгіме

б) Поэзиялық сәт «Ленинградтық өрендерім» өлеңін тыңдату

Ұлы Отан соғысындағы әйгілі шайқастардың бірі 900 күн мен түн қоршауда тұрса да ерліктің, қаһармандықтың үлгісін көрсеткен Ленинград шайқасы болды. Ұлы ақын бабамыз Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры шынайы достықтың, ізгі тілектің әнұранына айналды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиясы Ленинград шайқасында ерліктің үлгісін көрсетті. Ленинград түбіндегі Сұлтан Баймағамбетовтың, Шығыстың қос шынары атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың т.б қаһармандық ерліктері халық санасында мәңгі сақталады.

в) Шығармашылық тапсырма Жауынгер бейнесін жасау
V. Сабақты қорытындылау.

«Бетпе-бет» студиясы ойыны арқылы, оқушылар тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

-Сұраншы, Саурық деген кімдер?

-Жамбыл атаның баласының аты кім?

-Ұлы Отан соғысы суреттерін, сол кезеңге тән құбылыс-оқиғаларды өлеңнің қай шумақтарынан көруге болады?

-Жамбыл ата баласы мен оның жауынгер достарына қандай үндеу тастайды? Қандай сенім артады?

-Олар ата сенімін қалай ақтады деп ойлайсың?


VІ. Үйге тапсырма

Өлеңге сай ырғақпен мәнерлеп оқып, үзінді жаттау.





Сенғалиева С.Ж. №38 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет