Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары Сабақ мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі74,46 Kb.
#30251
түріСабақ
Ө. Жаңабаев атындагы орта мектеп






(Ашық сабақ)



Мектепалды даярлық сыныбы








Сынып жемекшісі: Дүйсенбиева А.


Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік:Балаларға үй жануарларын таныстыру және үй жануарлары туралы түсінік беру. Олардын түрлерін бір-бірінен ажыратуға,әңгімені зейін қойып, мұқият тыңдауга үйрету.

2.Дамытшылық: Үй жануарларына байланысты іздену элементтерін орындау, тақпақ мақал-мәтел қайталап отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімдерді менгеру сабақ.
Көрнекіліктер: «Ойыншықтар әлемі» ойыншықтар,ғажайып қалта,

төлдердің үлгілері (суретері). Компьютер.

Жаңа сөздер: төлдер, үй жануарлары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу

З. Оқушылардың сабаққа зейін аударуы. Психологиялык дайындық.



ІІ.Жаңа сабақ.

  1. Ойын: «Ойыншықтар әлемі»

Ойын мақсаты: Көп ойыншықтарды ұқсастығына қарай топтау, жалпы атауларын табу.

Мысалы: алма, алмұрт, қызанақ-жемістер.

кеме, ұшақ, арба-көліктер.

Мүғалім балаларға қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы, ит, мысық ойыншыктарын керсетіп жалпы ат қою қажет екенін айтады.

Сұрақтар:

- олар кайда мекендейді?

- аулада.үйде. корада.

- олар неге ұқсас?

- жануарларга.

Бұл ойыншықтардың мекені үй болғандықтан жалпы атауы «үй жануарлары» деп аталады.

2. Суретпен жұмыс. «Суреттердің кемшілігін тап және түзе»

А) Бота, қозы, құлын, бұзауды өз аналарына апару.

Мұғалім балаларга бота, қозы, лақ, бұзауқұлынның жалпы атауын - төлдер деп атайтынын түсіндіру.

З.Оқулықпен жұмыс.

Мына жайлаудағы суретке караңдар. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін калай атаймыз?


  • Түйе төлі – ботақан,

Қойдын төлі - қошақан,

Ешкінін төлі - лақ,

Жылқының төлі – құлын,

Сиыр төлі — бүзау.


4. Айдостың бұйра қошақаны жаңа жылға сыйлыктар даярлапты.
шұлық тон



Қошақан

құлақшын кеудеше


Үй жануарларыныңпайдасын білу.

ІІІ. Сергіту сәті

Әукім-әукім сиырым,

Сүтіңді сауып алайын.

Кілегей тартып, май шайқап,

Дастарқанға салайын.
5. Н. Айтов «Балбармақ»

Сары майың, қаймағың.

Ірімшік, кұрт айраның –

Тілді үйірер дәмі де.

Сауынға ерте асыққан,

Сүттен бұлақ тасьггқан.

Жұрт сауыншы апайды.

«Балбармақ» деп атайды.

Өлең мазмұнын түсіну, сауыншы, шопан мамандармен танысу.

IV. Сабақты тексеру.

Ойын: «Гажайып қалта»

Ойын мақсаты: Ғажайып қалтадан үй жануарларының біреуін алып оның төлін атау және олар туралы мейірімді сөздер айту.

Мысал: Қойдын төлі қозы, бұйра қошақан, қошақаным т.б.

6.Жұмбақ шешу..

Басында екі таягы бар, Кішкентай ғана бойы бар.

Төрт аяғы бар. Айландырып киген тоны бар. (кой)

Адам деуге болмайды,

Сақалы да тағы бар.(ешкі)
IIV. Сабақты қорыту.

7. Ж. Өмірбековтың «Төлдер» әнін қойып, төлдердің кимылын қозғалыспен келтіру.



Сабаққа жақсы қатыскан балаларды мадақтау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет