Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектерді қосу және азайту /7сағат/ Осы сабақта қол



Дата12.11.2019
өлшемі68 Kb.
#51655
түріСабақ
Байланысты:
user file 5a830bc94e2a1
19matem201821, user file 5a830bc94e2a1, Отбасы


Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.2.А Жай бөлшектерге амалдар қолдану /33сағат/



Мектеп: "Куратов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Енсебаев Ж.Е.
Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы



Жай бөлшектерді қосу және азайту /7сағат/

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)

5.1.2.18

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;




Сабақтың мақсаты



  • Барлық оқушылар үшін: бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтудың ережесін білу

  • Бірқатар оқушылар үшін: ережені есептер шығаруда дұрыс қолданып, амалдардың орындалу ретін сақтау

  • Кейбір оқушылар үшін: қосудың қасиеттерін қолданып,күрделі есептерді және мәтіндік есептерді шығару

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну,қолдану


Бағалау критерийі


Бөлшектердің бөлімдерінің ЕКОЕ табады;

Толықтауыш көбейткіштерін анықтап,ортақ бөлімге келтіреді;

Ережені қолданып бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды;

Қосудың қасиеттерін қолданып, деңгейлік есептер шығарады



Тілдік мақсаттар



Білім алушы: есептеулерде бөлімдері әр түрлі бөлшектерге қосу және азайту амалдарын қолдану алгоритмін тұжырымдай алады

Лексика және терминология:ЕКОЕ; толықтауыш көбейткіш; ортақ бөлім; қосудың терімділік, ауыстырымдылық қасиеттері

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

ЕКОЕ табу үшін.....; ортақ бөлімге келтіру үшін ...керек; бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін...; бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту үшін...




Құндылықтарға баулу



Еңбекке және шығармашылыққа баулу, өзара сыйластық, ұлттық құндылықтар


Пəнаралық байланыс

Информатика, бейнелеу өнері, жаратылыстану

Алдыңғы білім

Бөлшектерді салыстырады, түрлерін анықтайды,бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады және азайтады

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы /3 мин /

Білу


2 мин

"Миға шабуыл "

5мин


Оқушылар назарын сабаққа аудару, қызығушылықтарын оятып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

Бөлшектер түрі бойынша топқа бөлу: Оқушылар қоржыннан кезектесіп асық алады, асық түстеріне қарай /дұрыс бөлшек-көк асық; бұрыс бөлшек-сары асық; аралас сан-жасыл асық; аликвоттық бөлшек-қызыл/ 4 топқа бөлінеді


Ширату "Бәйге"

1. Жай бөлшектердің түрлері /дұрыс; бұрыс /

2.Дұрыс бөлшектің анықтамасы,мысал келтір

3. Бұрыс бөлшектің анықтамасы, мысал келтір

4. Кандай бөлшектер алеквоттық бөлшектер деп аталады?

5. Берілген бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыр.

6. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр

Бағалау: "Бас бармақ"

Мәселе есеп: домбыраның алақаны оның ұзындығының 1/10 (метр) бөлігін құрайды, мойыны 1/2 бөлігін, ал шанағы 2/5 бөлігіне тең.Домбыраның ұзындығын табыңдар.

Бағалау: Өзара бағалау


Көк,сары,

жасыл,қызыл асықтар, қоржын

слайд-1


Слайд-2

Сабақтың ортасы


Түсіну /10 мин/


Қолдану /10+10/



Дереккөз.Көбелек туралы қызықты мағлұматтар ұсыну

Жаңа сабақты түсіндіру үшін «Көбелек» тәсілін көрсетіп түсіндіремін.

"Көкпар".Әр топ жеке жеке жаңа сабақты талдап «Көбелек» тәсілі бойынша, мысал келтіреді. Оқушылар бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу мен азайту ережесін қорытып шығарады.

Бағалау: «Бағдаршам»


Сергіту сәт «Суретті сал»

Нұсқаушы мұғалім, орындаушы оқушылар. Оқушылар бастарына қағаз қойып, алдымен гүлдің суретін,сонан соң гүлге қонған көбелектің суретін салады.


Тапсырма: «Құпия сөзді тап»

А деңгейі:

1) 1/5+7/8 (Ө)

2) 4/5-4/9 (К)

3) 7/8+4/9 (Л)
В деңгейі

4) (5/6+8/9)-1/3 (Е)


5) (5/7-3/14)+(4/14+6/7) (Ш)

С деңгейі (Б)

Үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 7/8 дм , екіншісі біріншісіне қарағанда 1/8
дм ұзынырақ, ал үшіншісі екіншісіне қарағанда 3/5 дм қысқа. Үшбұрыштың периметрін табыңыз

Дұрыс жауаптарға сәйкес әріптерді алмастырғанда кестеде "БӨЛШЕК" сөзі шығады.Оқушылар үштілділік бойынша

БӨЛШЕК-ДРОБЬ-BUIIETS

Бағалау критерийлері

Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды.

қажет жағдайда амалдардың орындалу ретін анықтайды;

Үшбұрыштың қабырғаларын анықтайтын санды өрнектерді құрады; - бөлшекті ортақ бөлімге келтіреді; - бөлшектерді қосуды/азайтуды орындайды; - үшбұрыштың периметрін табады.



Дескриптор: Білім алушы - қажет жағдайда амалдардың орындалу ретін анықтайды; - бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қосады; - бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді азайтады.

Үшбұрыштың қабырғаларын анықтайтын санды өрнектерді құрады; - бөлшекті ортақ бөлімге келтіреді; - бөлшектерді қосуды/азайтуды орындайды; - үшбұрыштың периметрін табады.

Критерийлері бойынша топ басшысы бағалау парақтарына бағаларын қояды


Слайд-3

Қағаз,түрлі-түсті маркерлер

кесте

Сабақтың соңы /5/



Үй тапсырмасы

Рефлексия

«Ойды аяқта»

Бүгін нені білдім...

Қиындық тудырды..

Мен үйрендім...

Қолымнан келді...

Қорытынды:Ұстаз қолындағы көбелек туралы аңыз




Слайд-4

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім деңгейі әр түрлі оқушылардың қажеттіліктеріне сай, деңгейлік тапсырмалар, дереккөздер, оқушылар бірін-бірі оқытады, білім деңгейі төмен оқушыларға дарынды оқушылар және мұғалім тарапынан көмек беру, деңгейлеріне қарай деңгейлік тапсырмалар орындайды. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай беру жоспарланған.

Топтық жұмыс топпен бірлесіп орындалады да, топ басшысы өз тобының тапсырмасын тексереді, жіберілген қате топта талқыланады.

Өздік жұмыс жекелей орындалады, жауапты мұғалім тексереді. Мұғалім кері байланыс ұсынады," Басбармақ","Бағдаршам" арқылы бағалау жүргізіледі.


Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау топқа бөліну барсында ескеріледі.
Сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет