Сабақтың тақырыбы Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы. Сілтеме



Дата29.06.2017
өлшемі113,49 Kb.
#20600
түріСабақ
Облыстық «Жаңашыл физик » панарамалық сабақтар сайысында ІІІ орын иегері ,физика пәнінің мұғалімі

Жарылғасова Феруза Кендебайқызының өткізген 8 сыныпқа арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспары





Физика

8 сынып

Сабақтың тақырыбы

Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы.

Сілтеме

Физика оқулығы, оқыту әдістемесі, есептер жинағы.

Сабақтың жалпы мақсаты

Жарықтың таралуы, Күн мен Айдың тұтылуы туралы білімдерін жетілдіру.



Оқу нәтижелері

Оқушылардың білім-біліктерінің меңгерілу және мүмкіндік деңгейлері анықталады.

Негізгі идеялар

Топтық жұмыс кезінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарастары қалыптасады және білімдерін жүйелейді, қорытындылайды.


Оқыту модульдері, әдіс

АКТ, СТО (Топтастыру, Миға шабуыл, Венн диаграммасы, Галереяны шарлау, Эссе, 5 жол өлең, Кілтті сөздер, Ойлаудың 6 қалпағы) Диалогтік оқыту, Оқыту үшін бағалау.


Ресурстар

Оқулық, интерактивті тақта, ай,күн,жұлдыз макеттері,

плакаттар,маркерлер,стикерлер,білім ағашы




Блум таксоно

миясы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту модульдеріәдістер

Нәтиже

Білу

Ұйымдастыру.Мақсаты: Оқушы көңіл-күйін,сабаққа деген ынтасын ояту.

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін көңіл күй күнделігін таратады.Сынып ережесін еске түсіреді Тақырыпқа байланысты күн,ай,жұлдыз суреттері арқылы оқушыларды топқа бөледі. Үй тапсырмасын тексеру үшін

түрткі сұрақтар арқылы ой қозғайды.



Күнделікке өздерінің сабақ басындағы көңіл күйлерін білдіру үшін таңдаған түсін белгілейді. Сынып ережесін басшылыққа алады. Топқа бөлінеді.

Сұрақтарға жауап береді. Бұрынғы білімге сүйене отырып.топтық жұмыс орындайды.Өздерінің таным белсенділігін көрсетіп, білетіндерін қағаз бетіне түсіреді.



Сұрақ жауап, топтастыру

Оқушы ойын қозғап, қызығушылығы артады.

Түсіну

2.Жаңа сабақ. Мақсаты: Оқушының жаңа білімді меңгеруін, таным ізденістерін, қабілеттерін бақылау.

Топтарға тапсырмалар береді:

1 топ:


2 топ:

3 топ:


Бірін-бірі тыңдауын, жауаптарын толықтыруын қадағалайды.

Оқушылардың бaрлығы өздеріне берілген мәтiнді oқып,

cол нeгізде cуреттер cалып,жaзу жазып,

өз үлестерін қосады.Топпен жұмыс жасап, белсенділік көрсетеді.


Постермен жұмыс

Негізгі мазмұнды түсінуге және бір бірін тыңдауға үйренеді.

Қолдану

3.Жаңа сабақты меңгерту. Мақсаты: Білімнің негізгі түйінін беру,нақты,дәлелді мысалдар келтіру. Ең негізгі мәселені меңгеру дәрежелерін байқау.

Іс-әрекет барысында оқушыларға қолдау көрсетеді.


Есептер жинағында берілген есептерді шығарады. Әр топтан 1оқушы шығып тақтаға шығарып түсіндіреді.

Миға шабуыл.

Есептер шығаруды үйренеді.

Талдау

4.Мақсаты: Оқушылардың топтық белсенділігін және бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту.

Топтарға тапсырмалар таратып, бағыт беріп, сырттай бақылайды. 1 топ: Венн

Диаграммасы

2 топ: Галереяны шарлау

3 топ: Сынақ хат



Жеке ойын жұппен, топтық жұмыста талқылайды, топ ішінде өз жауаптарын дәлелдейді,

салыстырады, талдайды, дәптерлеріне

жазады.


Венн

Диаграммасы, Галереяны шарлау, Сынақ хат



Оқушылар өз ойларын, ақпараттарын өз сөздерімен айта алады. Алған білімдерін саралай отырып, талдау жасауға үйренеді.

Жинақтау

5.Жаңа сабақты бекіту.Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша шығармашылығын дамыту, оны қолдана білуге жетелеу.

Әр топқа тапсырма береді, қадағалайды.

1 топ: Эссе

2 топ: Кілтті сөз

3 топ: 5 жол өлең



Берілген тапсырмаларды орындап, топтық жұмыс барысында оқушылар ойын жинақтап, түйін түю әрекетін жасайды,өз ойларын толықтырады,зерделейді.

Эссе

Кілтті сөз

5 жол өлең


Өз шығармашылықтарын көрсетуге мүмкіндік беріледі,жауаптары тыңдалады. Ойлау қабілеттері дамиды.


Бағалау

6.Мақсаты: Оқушылардың өзіндік көзқарасы, пікірін қалыптастыру, білім мазмұнын бағалауға үйрету.

Ойларын қорытуға бағыттайды.

Ойлаудың 6 қалпағы әдісі арқылы топтық жұмыста алған білімдерін бағамдай отырып, әр топ өз тұжырымдамасын жасайды.

Ойлаудың 6 қалпағы

Топтарға пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, бір бірімен ой алмастырып, ой түйістіріп, қорытынды жасайды.

VIІ. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді түсініп оқу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне

жазады.






VIIІ. Бағалау.

Мұғалім оқушыларға бағалау ресурстарын ұсынады.

Оқушылар жаңа сабақ бойынша өз деңгейлерін анықтап, білім ағашындағы сәйкес суретті бояп, өзін өзі бағалайды.

Оқыту үшін бағалау (формативті бағалау)

Өз іне өзі баға беруді, әділ бағалауды, өзіне сыни көзбен қарауды үйренеді.

ІХ. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын туралы ойларын білу үшін стикерлер таратады.

Сабақтан алған әсерлері мен

ұсыныстарын стикерлерге

жазып, әр топ өздерінің қорғаған постерлеріне жапсырады.




Х.Көңіл-күй күнделігі

Оқушының көңіл- күйін бақылайды

Күнделікке өздерінің сабақ соңындағы көңіл күйлерін білдіру үшін таңдаған түсін белгілейді.









Сабақтың тақырыбы: «Қызықты думан»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін анықтау, оларды шапшаң ойлауға жетелеу, әр түрлі сұрақтар арқылы білімдерін тиянақтау.Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа , тәрбиелеу.

«Қызықты думан» деп аталатын танымдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Уа, жарандар, жарандар!


Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Ғаламаттар жайында

Сайысымызды бастаймыз.


Математика ермек емес балалық,
Физикамыз – көрегендік даналық.
информатикамыз құрметтеуге лайық

Олай болса ,

Алғырларды ортаға шақырайық

Жиналған ылғи дарындар,


Жүрегі от боп жалындар

Таныстырып өздерін

Ұрандап бір алыңдар.

1.Сайысқа қатысатын оқушыларды орындарына шақырып , өздерін таныстыруға шақырамын.

Сайыскерлер 10»А», 10 «Б», 9 сыныптардан құралған.Сайыскерлер, сіздерді бағалайтын әділ қазылар бар таныс болыңыздар.

(әділ қазылар алқасымен таныстырылады.)

Ескерту :Әр топ өздерін стаканға моншақтарды салу арқылы бағалайды.



2. «Ертегілер елінде»- мұнда топтар ертегілерден берілген үзінділерде кездесетін қозғалыстар мен жайттарды, олардың себептерін физикалық
жолмен түсіндіріп береді.

  1. І топ: Жолаушылар қақап тұрған аязда далада от жақты.

Жылуды тоқтатып, төмен жіберу мақсатында жанған оттың үстіне матадан қалқан устады. Бұл әдіс табиғаттан физикасы үйрететін адамдарға өте жақсы белгілі.

(Дж.Лондон «Ақ үнсіздік»)



Сұрақ жылы ауа неге жоғары көтеріледі?

Жауабы:Қоршаған ортаға қарағанда жылы ауаның тығыздығы төмен болады, сондықтан ол Архимед күшінің әсерінен жоғары көтеріледі.
2) Менің қазан айында ертемен шөптің, басы қырау болып қалатын кезде маяға түнеген кездерін болды.Мен маяның шөбін жұлып терең үй жасап, оған кіріп түні бойы бөлмеде ұйықтағандай болдым.

Сұрақ: Шөп жылуды неге сақтайды?

(К.Г. Паустовский «Мещор өңірі»)



Жауабы:Шөп жылуды нашар өткізеді, өйткені әр шөптің арасында ауа бар.Ауаның жылуөткізгіштігі төмен.
3). Қыс кезінде болатын. «Шерлок Холмс даладан бөлмеге кірді. Қырау тұрған терезеден жолдың тек шетін ғана көріп, үйдегі әйел салақ екен, - деп ойлады ішінен»

(Ш. Холмс әңгімелері)



Сұрақ: Холмс неге мұндай қорытындыға келді?


Жауабы:
Бөлменің терезесіне қырау түскен.Терзенің арасындағы бос орынға үйдің ішінен жылы дымқыл ауа кірді.Ол салқын әйнекке тиіп ауаның ішіндегі су буы конденсацияланып суға айналады.Содан кейіңн су салқындап шыныға қатып қалады.Терезе тесіктері нашар бітелген.

3. «Суретпен жұмыс»- оқушылар өздеріне берілген суретте кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіріп берулері керек.

4. «Музыкалық сайыс» топтарға тосыннан музыка беріледі. Сол музыкаға топ толық бірдей ырғақта билеп шығулары керек. Мұнда ырғақ таңдауы , қимылдары, топтасулары есептеледі.

5. «Жаңа жылдық қорапша»-Ол ауа ағынына қарсы күшпен бағытталады, адамға қарсы ауа ағымы пайда болады. Яғни оның бойында Ғ күші пайда болады. Мұндағы қозғалыс Берниулли теңдеуімен сәйкес қолданамыз, яғни жылдамдығы артса , оның ауаға түсіретін қысымы да көбейеді. Бұл нәрсенің шыққан уақыты сонау патша үкіметінің заман.

Қорапшада не бар?

Жауабы: Желдеткіш

6.Сен білесің бе?- мұнда сайыскерлерге 3 логикалық сұрақтар беріледі.

1 топ

1. Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның түсін таба алады?



Жауабы: екі көк түсті капюшон киген гномдар таба алады. Себебі көк капюшон киген гном алдында үш қызыл және бір көк капюшон киген гномдар түрады. Ал қызыл капюшон саны үш, қалғаны көк. Сондықтан өз басындағы да көк.
2. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

Жауабы: Егер оны мұз етіп қатырса.

3.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы



ІІ топ

  1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белгілі болса?

Жауабы: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.

  1. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

  1. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш

жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Жауабы: Бір ғана мотоцикл

ІІІ топ:

  1. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз


Жауабы: (Дирихле принципі) 1 жылда 365, 366 күн бар. Демек, олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туған.

2.Дөңгелек үстел басында 100 адам отыр. Ер адамдар әйел адамдардан

артық. Дөңгелек бойымен бір-біріне қарама-қарсы отырған екі

адамның ер адам екендігін дәлелдеңіз.



Жауабы: 1. адам саны 2. 50 жұп 3. жұптары бойынша отырғызу 4. ер

адам көп болғасын 1 клеткада 2 ер адам отырады

3.Үш гном бар. Сол үш гномға үш қызыл және үш көк капюшонды

көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк капюшонды

кигізіп, қалғандарын жасырады. Гномдардың қайсысы өз басындағы

капюшоның түсін таба алады?



Жауабы: Ешқайсысы

1. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды.



Ж:Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді.
2.Электроскоп, пластмасса қалам .

Ж.Шашқа үйкелеп электроскопты зарядтайды.

3.Ағаш білеуше, шеге, тиын-



Ж:Шеге қағылады, арасынан тиын өтетіндей етіп,кейін тиынды үйкелеп қыздырамыз, осы кезде тиынның көлемі ұлғаяды да, тиын шегелер арасынан өтпей қалады, себебі Т0 артса, көлемі ұлғаяды.


Әр топ өздерін стаканға моншақтарды салу арқылы бағалайды да сайыс соңында стакандағы көрсеткен тәжірибені өз тобы бойынша қорытындылап айтып береді.

Қорытынды:


Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайтын тірі екен ғой.
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!- дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Топтарды марапаттау.





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет