Сабақтың тақырыбы: Жаз келер Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі104,94 Kb.
#30858
Сабақтың тақырыбы: Жаз келер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ш. Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.

Дамытушылық:

Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, көру , қабылдау қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік:

Тірі табиғатқа қамқоршы болуға, байқампаздыққа, табиғатты сүйе білуге, әсемдікті сезінуге, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, СТО стратегиялары

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, өзін-өзі тану, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім, Абай портреті, сызбалар, гүлдер, қималар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық



  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Сәрсенбі

  • Олай болса, бір- бірімізге сәттілік тілейік.

  • Сәттілік тілей отырып, әріптерден сөз құрайық.

І С Ә

Е К С Т


Сабақты бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.

  1. Топ 2-топ

Талап Еріншек

Еңбек Надан

Қанағат Салақ

Рақым Жалқау

Терең ой Талапсыз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.



  1. « Еріншек» өлеңін жатқа сұрау.



  1. Мәнерлеп оқыту.

  2. «Еріншектік - жаман әдет» әңгімесін оқыту.

  3. Еріншек туралы мақал-мәтелдер.



  1. Ой қорыту.



  • Өлеңде қандай жағымсыз қасиеттер туралы айтылған?

  • Адам бойындағы мұндай жағымсыз қылықтар неге әкеліп соқтырады?

ІІІ. Жаңа сабақ

«Пікірлер ағашын» толтыру

-Абай туралы не білесің?

-Шәкәрім туралы не білесің?

6. Ой қозғау


  • Жылдың неше мезгілі бар?

  • Ең жақсы көретін жы!л мезгілдерің қандай?

ІІІ. Мағынаны тану.

  1. Ассоциация құру




Жаз

Жаз




  1. Ш. Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңі

Ш. Құдайбердіұлының өмірі

Шәкәрім Құдайбердіұлы ХІХ

ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың

басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл. Ол 1858 жылы қазіргі Семей облысы , Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім деген Абай мектебінен тағылым алып, жолын жалғастырған ақын.

1931 жылы « Халық жауы» деген жанның құрбаны болды.

ІV. Оқулықпен жұмыс



  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. Сөздікпен жұмыс

V. Сұрақ - жауап әдісі

1. Ақын жаз мезгілін қалай суреттеген?

2. Өлең шумақтарын оқыған кезде нелер көз алдыңа елестейді?

VІ. Шығармашылық жұмыс

1-топ «Жаз көрінісі» әңгіме

2-топ «Жаз» тақырыбына өлең құрастыру.

VІ. Білім бекіту. Сөзжұмбақ « Шәкәрім»



Кештің тақырыбы: Наурыз- Ұлыстың ұлы күні

Мақсаты: Бүкіл түркі халқының ұлық тойы - Наурыз мерекесін ұлттық салт- дәстүрмен, әдет - ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ынта мен ықыласты ояту, ой –өрісті кеңейту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың қазақтың салт – дәстүрін құрметтей білуге, оны өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Әдісі: топтастыру, Венн диаграммасы, ой қозғау, ой толғаныс, шығармашылық жұмыс, көрініс

Түрі: Эстетикалық тәрбие



І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық



ІІ. Оқушыларды топқа бөлу

  1. Топ « Жауқазын»

  2. Топ «Бәйшешек»

  3. Топ «Қызғалдақ

ІІІ. «Наурыз» әні

Орындалған ән бойынша өз ойларын ортаға салу



ІV. Венн диаграммасы



V. Топтастыру


Наурыз көже қалай дайындалады?


VІ. Ой толғаныс

Ұлттық тағамдар қалай дайындалады?

Жылқы Түйе

Сиыр Қой


VІІ. Шығармашылық жұмыс

  1. Өлең құрастыру

  2. Әңгіме жазу

  3. Суретті қорғау

VІІІ. Көрініс «Наурыз дастарханы»

  1. Ау, жарандар, жарандар!

Қызыққа мына қараңдар!

Ұлыс күні жаңаша,

Болыпты бір тамаша.


  1. Түк татырмас Шығайбай,

Тек Алдардан ығар бай.

Мырза болып көл- көсір,

Өнерді бір шығарды-ай.


  1. Оңға да, солға да шашылды, төгілді.

Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілді

Бұрынғы өмірмен шорт кесіп құйрықты,

Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді.


  1. Бұрынғы әдетпен,

Алдауға, арбауға

Бермесе байғұстың

Өңешін бұрауға

Алдарда кеп жетті



  1. Ал, енді қараса

Бұл неткен тамаша!

Шық бермес Шығайбай,

Бәйбіше, қызымен,

Қарсы алды таласа.



Алдар: Уай, Кім бар екен! Құдайы қонақпын!

Шығайбай: Қош келдің, қош келдің қонағым!

Алдар: Ассалаумалейкум, байеке!

Шығайбай: Уалейкумассалим!

Алдар: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, байеке!

Шығайбай: Болсын, болсын, бірге болсын!

Әй, бәйбіше, Алдекең келді, құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңдар!



Бәйбіше: Е, Өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары шық, қарағым төрлет. Бізбикежан, Қонқ келді. Көрпе төсе, сусын әкел!

Шығайбай: Ал, Алдеке, көптен көрінбей кеттің. Аман- саусың ба? Не жаңалығың бар, айта отыр?

Алдар: Жаңалығым сол, жер- жерде жұрт Наурызды тойлап жатыр екен. Елдің еңсесі биік, соған қуанам.

Шығайбай: Иә, Наурыз- құт-береке дарыған той ғой, ылайым солай болғай. Міне сусын ала отыр, Алдеке.

Шығайбай: Өзіңнің әзіліңді сағындым, бір нәрсе айтып, көңілімізді бір серпілтіп тастасаңшы.

Алдар: Не жайлы айтсам екен? Өкпелеп қалмайсың ба?

Шығайбай: О, не дегенің? Ұлыс күні өкпеназ деген бола ма?

Алдар: Ендеше, мына айран туралы болсын.

Мынау тұрған айран,

Кез болдың қайдан?

Бәйбішеге жолығып,

Айрылыпсың –ау майдан.

Қанша сенің айран,

Коммерческий бағаң?

Шөліркеп отыр ағаң,

Е, қайран айран?

Шығайбай: Өй, Алдеке тілің әлі өткір ғой, шіркін! Түк өзгермепсің, ә! Бәйбіше, тезірек асты қамдаңыздар, қонақтардың

қарны ашқан шығар.



Шығайбай: Дәм алыңыздар, қонақтар! Қош келдіңіздер!

Бәйбіше: Наурыз - молшылықтың, берекенің тойы. Наурыз күні әр адам төріне дастарқан жайып, бар жылы- жұмсағын дастарқанға қояды. Шаңыраққа келген барлық қонақ дастарқаннан дәм татып, ақ батасын береді. Сондықтан да бұл күнді құт пен береке дарыған күн деп атайды. Міне, мынау таба нан.

Қасиетті күшті қара нан

Өмірдің нәрін сіңіріп,

Мирас болған бабадан.

Ауыз тисін алдымен,

Бастайық үлкен қонақтардан.



Бізбике: Құрт – бауырсақ тағы бар,

Қызылы бар, ағы бар,

Баласы қайда ьұл тойдың,

Алыңдар қане, алыңдар!



Алдар: Қазақта « қонақ кәде» деген болады. Мойнымызда қарыз болып қалмасын, содан құтылайық. Мына жолдасым жақсы ән айтып берсін.

Шығайбай: Бәрекелді, жарайсыңдар жігіттер! Қызым, өнерден біз де құралақан емеспіз ғой. Сен де ауылдың алтыауызын шырқатып жібер.

Бізбике: Мен ағалардың өнеріне тәнті болдым. Құрметті қонақтарға арнап, би билеп берейін. Қабыл алыңыздар.

Шығайбай: Бәйбіше, бүгінгі дастарқанның ең үлкен асы – Наурыз көжең қайда? Әкелсеңдерші!

Бәйбіше: Бұл - Наурыз көже - қасиетті ас. Бұған жеті түрлі тағам қосады. Ауыз тиіңіздер. Бұл көжеде елімнің ақ ниеті бар екен, бабаларымыздың киесі бар екен.

Алдар: Уа, халайық, жылқы жылы жақсылықтар әкелсін.



Барлығы: Еш жамандық болмасын!

Қол жайып бата сұрайық.

Қызыр бабам қолдасын!

Қызыр баба:

Уа, қолыңды жай ағайын,

Кеудеңе от жағайын

Мәртебесі мектептің

Аса берсін лайым

Әдепті болып ұл-қыздар

Жоламасын лайым

Жылқы жылы әз Наурыз

Төрттік пенен бестікті

Сыйласын деп сұрайын

Оқушылар озат болсын

Күнделіктерге бестік толсын

Елбасымыз аман болсын

Тыныштық заман болсын

Аумин!

Қорытындылау,



М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі

Тақырыбы: Жаз келер

Мұғалімі: Г. Тулегенова

Күні: 12.03. 2014

М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі

Тақырыбы: Атау септік

Мұғалімі: Г. Тулегенова

Күні: 25.12. 2013

М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!



Дайындаған: Г. Тулегенова

Күні: 19.03. 2014
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет