Сабақтың тақырыбы: «Жазғы тынығу лагерінде балалардың уақытша ұжымын құру ерешелігі»



Дата01.06.2020
өлшемі87,19 Kb.
#72005
түріСабақ
Байланысты:
708 698 9517
804 549 5211, психология жауап дайын алфабитпен, психология жауап дайын алфабитпен, психология жауап дайын алфабитпен, психология жауап дайын алфабитпен

Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105083 - «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: ББ-Б-17

Тәжірибе жинақтау атауы: Жазғы лагерьге дайындық



Күні: 01.06.2020ж

Қайырлы күн, білім алушы!
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жазғы тынығу лагерінде балалардың уақытша ұжымын құру ерешелігі»

  • Тынығу лагеріндегі жағдай. Балалар арасындағы келіспеушілігі және одан шығу стратегиясы.

  • Тынығу лагеріндегі күтпеген жағдайлар, күтпеген жағдай кезіндегі тәлімгердің іс - әрекеті.

Балалар ұжымының бірінші қызметі - тәрбиелік: оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жүйесі бола отырып, өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені меңгеріп, өмірде қолданады.        Балалар ұжымының екінші қызметі – ұйымдастырушылық: мұнда әр оқушы  ұйымдастырушы, орындаушы, яғни өз іс-әрекетінің басшысы.    Еңбек, ойын танымдық іс-әрекеттерде өзара қарым-қатынасы қалыптасып, машықтанады. Ұжымда өзара тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек беру, бір-біріне талап қою, өзара тату-тәтті, сыйластықта, достықта болу мүмкіндігі туады.       Балалар ұжымының үшінші үшінші қызметі – ынталандырушылық: түрлі қарым-қатынас арқылы ұжым мүшелерінің құндылық бағдарының, өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл ұжымның материалдық, рухани байлығын қалыптастыруға ықпал етеді. Осы қызмет түрлерінде қолданылатын әдістер: ұжымды ұйымдастыру әдістері; сендіру әдістері; ынталандыру әдістері. Ұжымды қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие құралдары оқу, тәрбие, еңбек әрекеттері мен мәдени-саяси іс-шаралар болып табылады. Бұл тәрбие құралдары оқушылардың бірлескен қатынастарын, кез-келген әлеуметтік ортамен тікелей қатынасын кеңейтуге, танымдық мақсат-мүдделерін қанағаттандыруға, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Ұжымда жеке тұлғаның ұжым мүшелерімен қарым-қатынасы ақпараттық, іс-әрекеттік және эмоционалдық деңгейде жүзеге асады. Ақпараттық деңгейде балалардың өзара ақпарат алмасуы, туындағын мәселені талқылау, шешімін бірлесе іздеу, болашақ істерді жоспарлау мен болжамдау жүзеге асады. Іс-әрекеттік деңгейде ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар  қызығушылығына қарай бірлесе жобалар жасау мен оларды шешу, жалпы мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер жүйесінен тұрады. Эмоционалдық деңгейде ұжым мүшелерінің эмоционалдық сезімдік жағдайлары басым рөл атқарады, олардың бір-бірін түсінушілік, адамгершілік сезімдері байқалады.  Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің  түрлеріне қарай ажыратады: мамандық бойынша (өндірістік, әскери, дәрігерлік, т.б.), көркемөнерпаздар, қоғамдық (партия, кәсіподақ, бірлестіктер, т.б.), ерікті ұжымдар (ғылыми, әскери-спорт қоғамдары, т.б.), мектеп (педагогикалық ұжым, жалпы ұжым, сынып, үйірме, т.б.), оқушылар ұжымдары (сынып, клубтар, секция, еңбек бірлестіктері, т.б.) болып бөлінеді. Олар жас ерекшеліктеріне қарай: әртүрлі жастағы және бірдей жастағы болуы мүмкін. Осы ұжымдарда баланың тәрбиесін, оқуын, еңбегін, танымдық іс-әрекеттерін, мәдениетін ұйымдастырудың  ең тиімді жолдары жүзеге асады.

Балалардың өмірі және денсаулығын қорғау
1. Лагерь бастығына, тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, спорт-сауықтыру жұмысы бойынша жетекшіге балалардың лагерьде болған уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік жүктеледі.
2. Лагерьде қызмет жасайтын педагогикалық қызметкерлер және балалар тәртіпті, күн тәртібін, тәрбие жұмысының жоспарын, техника қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздік ережелерін қатал түрде сақтаулары қажет.
3. Лагерь бастығы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар қызметкерлерге, ал тәрбиешілер – балаларға  өткізеді, нұсқаудан өткендер қол қояды.
4. Тамақтану нормалары негізінде тамақтануды ұйымдастырады. Лагерьдің жұмыс істеу уақытына, мекеме директорымен бекітілген тамақтану сапасының жауапкершілігі сарапшы комиссиясына жүктеледі.
5. Саяхаттар мен экскурсиялар білім беру мекеменің директорының сәйкес нұсқауы негізінде ұйымдастырылады.  


Үйге тапсырма:

  • Балалардың жас ерекшелігіне қарай сауықтыру лагерінде өткізілетін іс-шаралар жоспарының үлгісін құрастырыңыз;



Негізгі әдебиеттерге сілтеме:


  1. https://docviewer.yandex.kz/view/0/?page=16&*=HjYCM3Sm%2BF5udFoNxwO8AFmvjYl7InVybCI6Imh0dHBzOi8vYmlsaW0tcGF2bG9kYXIuZ292Lmt6L2xvYWRlci9sb2FkLzMyMTE3IiwidGl0bGUiOiIzMjExNyIsIm5vaWZyYW1lIjp0cnVlLCJ1aWQiOiIwIiwidHMiOjE1OTA5NDA0NDY5ODMsInl1IjoiMTEyOTE4MDMxMTU0MTgxNDEwOSIsInNlcnBQYXJhbXMiOiJsYW5nPWtrJnRtPTE1OTA5NDA0MTQmdGxkPWt6Jm5hbWU9MzIxMTcmdGV4dD0lRDAlOTElRDAlQjAlRDAlQkIlRDAlQjAlRDAlQkIlRDAlQjAlRDElODAlRDAlQjQlRDElOEIrJUQwJUI2JUQwJUIwJUQwJUI3JUQyJTkzJUQxJThCKyVEMSU4MiVEMSU4QiVEMCVCRCVEMSU4QiVEMiU5MyVEMSU4MyslRDAlQjYlRDMlOTklRDAlQkQlRDAlQjUrJUQxJTgxJUQwJUIwJUQxJTgzJUQxJThCJUQyJTlCJUQxJTgyJUQxJThCJUQxJTgwJUQxJTgzKyVEMCVCQiVEMCVCMCVEMCVCMyVEMCVCNSVEMSU4MCVEMSU5NiVEMCVCRCVEMSU5NiVEMiVBMyslRDElODIlRDMlOTklRDElODAlRDAlQjElRDAlQjglRDAlQjUlRDAlQkIlRDElOTYlRDAlQkErJUQwJUI2JUQyJUFGJUQwJUI5JUQwJUI1JUQxJTgxJUQxJTk2OyZ1cmw9aHR0cHMlM0EvL2JpbGltLXBhdmxvZGFyLmdvdi5rei9sb2FkZXIvbG9hZC8zMjExNyZscj0xMDI5NSZtaW1lPWRvY3gmbDEwbj1ydSZzaWduPTRiMGQzZjQ3M2UwYTY2NGQ4NDFiYzBkMDg0MmE3NWRkJmtleW5vPTAifQ%3D%3D

  2. https://yandex.kz/video/preview/?filmId=18002865048144874951&text=•%20Тынығу%20лагеріндегі%20жағдай.&path=wizard&parent-reqid=1590942239556903-1844273792606976783600300-prestable-app-host-sas-web-yp-155&redircnt=1590942280.1

  3. https://infourok.ru/balalardi-zhazi-demalis-pedagogikasi-1754381.html

  4. https://kz.otyrar.kz/2019/07/balalardyң-zhazғy-demalysyn-ұjymdastyru/


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет