Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы, «Мен– қазақпын» поэмасы Сабақтың мақсаты: а Ж. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, «Мен — қазақпын»



Дата16.06.2018
өлшемі18,82 Kb.
#42262
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы, «Мен– қазақпын» поэмасы

Сабақтың мақсаты: а) Ж. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, «Мен — қазақпын» поэмасына талдау жасау,ақынның азаматтық тұлғасын таныту; ә) оқушылардың өз бетінше іздене білу, ой қорыту және шығармашылық қабілеттерін дамыту; б) ақын өмірін үлгі ету, поэмадағы ұлттық болмыс пен биік рухты таныта отырып, ұлтжандылық пен елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: модельдік технология, СТО бағдарламалары, зерттеу, іздендіру, талдау, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: слайд-суреттер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, музыка

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.

ІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту

1.Е. Құдайбергеновтің «Мен — қазақпын» әніне түсірілген бейнебаянды көрсету

2.Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

Модельдік технология бағыттары бойынша жұмыс түрлерін орындау арқылы тақырыпты меңгерту:



Мағынаны тану

Б.1. Жұбан- лирик ақын.

Б.2. Жұбан- эпик ақын.

Сергіту сәті .Жұбан өлеңіне жазылған әндер

Б. 3. Жұбан — азамат ақын.

Ой толғаныс кезеңі

Б.4. «Мен – қазақпын қаныммен, сүйегіммен»

ІІІ. Үйге тапсырма: 1. «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді жаттау

2. «Жұбан – ұлт ақыны» реферат дайындау

ІҮ.Бағалау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту.

1. «Мен-қазақпын» әнші Ерболат Құдайбердиев орындауындағы әнді тыңдау ( оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында).

М 2. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау:

— Бұл әннің орындаушысын білесіздер, үлкендер ұната бермесе де, жастардың арасында танымал ән.Әннің сөзін кім жазғанын білесіздер ме?

— Олай болса, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы және «Мен — қазақпын» поэмасы.

3. Сабақтың мақсатын айту: *Бағыттарды (оқушылар қолдарындағы қағазды) және онымен жұмыс жасау барысын қысқа түсіндіру.



ІІ. Мағынаны тану.

Мари: 1. Жаңа сабаққа кіріспе :

-Жазбаймын уақыт өтсін, ойнасын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп.

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек,- деп жырлаған осы жолдардың авторы Жұбан Молдағалиев тың өмірі, шығармашылығы «Мен — қазақпын» поэмасы бойынша алдын ала берілген модельдің бағыттары бойынша жұмысымызды бастаймыз.



Б.1. Жұбан- лирик ақын.

Марихан:1- Бағытты түсіндіру және жұмыс жасау:

1.Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы (хронологиялық кесте арқылы);

2. Жұбан лирикасының ерекшеліктері («Махаббат ерлігі», «Қазақ» өлеңдеріне шолу жасау арқылы);

3. «Махаббат ерлігі» өлеңін жатқа айтқызу (Жұбан өлеңдеріндегі ұлтжандылық идеясын тапқызу);

Марихан: Бағытты қорыту:

— Жұбан Молдағалиев алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы күнге дейін, жарты ғасырға жуық үзбей қалам тартқан, ұзақ өсу, жетілу, қалыптасу, кемелдену сапарын бастан кешірген ақын. Қоғамда атқарылып жатқан сан алуан істер, бастамалар, жаңа өрлеу, жаңа идеялар — Жұбан өлеңдерінің желісі. Еңбек адамы, оның парасаты, жалпы адамгершілік сипат, жақсы мен жаман арасы, залалдық пен қайырымдылықтың арақатынасы, күн мен түн, жау мен дос – бұлардың бәрі Жұбан Молдағалиев ақын өлеңдерінен мол орын алған. «Махаббат ерлігі» атты өлеңде бір соқыр, бір ақсақ – екі мүгедек музыканттардың бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуінен өмірдің өлмес күші танылады, меніңше, мұнда тұтас ұлттың ұлт ретінде өмір сүруге деген ұмтылысы, оптимистік рухы жатыр.

Б.2. Жұбан- эпик ақын. «Мен- қазақпын» поэмасы.

Мари: 1. Бағытты түсіндіру және онымен жұмыс жасау:Жұбанның қаламынан туған алуан тақырыптағы поэмалары бар. Олар: «Қыран дала», «Сел», «Жыр туралы жыр», «Байқоңыр баспалдақтары», «Жесір тағдыры»(өз әжесі Зеріптің тағдыры өзек болған)

Ақын ретінде Жұбан поэзиясының шыңы — «Мен қазақпын» поэмасы. Бұл поэма — өткен ғасырдың 60-шы жылдары тың көтерілген облыстардағы қазақша жер аттары орысшаға ауысып, 700-ден астам қазақ мектептері жабылып, оңтүстіктегі екі аудан Өзбекстанға беріліп, Қазақстанның біртұтастығы мен ана тіліне, яғни ұлт болашағына қауіп төнген кезде ұлттық рухты көтеру мақсатында тоталитарлық жүйенің саясатына қарсы жазылған туынды. Бұл поэманың атының өзінде осы ұлттың перзенті болғанына мақтаныш, ұлтына деген шексіз сүйіспеншілік жатыр. Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. — деген бейнелі өлең жолдары бүгін әркімнің – ақ аузында. Әсіресе, еліміз егемендік алып, қазақтығымызды, оның азаттық жолындағы «мың өліп, мың тірілген» күндерін еске алғанда, Жұбан аға жыры тым бүгінгіше естіледі. Поэма, әрине, бірден тумаған. Ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық намысын оятқан Ұлы Отан соғысы жылдары «Қазақ» деген өлең жазып, халқының батырлық дәстүрін, намысқойлығын жырлаған туындыдан бастау алады:

а) «Қазақ» өлеңі мен «Мен-қазақпын» поэмасын салыстыру ( не үшін?)

3. Поэма тараулары бойынша жұмыс (поэманың құрылым ерекшелігін, мазмұнын игерту мақсатында):

ә) Тарих таразысы

б) Ұлы Отан соғысының ерлері

в) Жері байдың- елі бай

г) Байқоңыр – жер кіндігі немесе Жұбан шығармашылығындағы Байқоңыр тақырыбы.

е)Салыстыру: Махамбет пен Жұбан ұқсастығы: Махамбеттің « Мен, мен едім, мен едім» өлеңі мен Жұбанның «Мен-қазақпын» поэмасы бойынша

(* поэманың идеясын тапқызу мақсатында);

ж) Сатылы кешенді талдау (СКТ) жасау: «Мен-қазақпын» поэмасына (*жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін табу мақсатында)

Мари: Бағытты қорыту: Поэмада мынадай жолдар бар :

Мен де солай талпынам, қанаттанам,

Барсам барам Айға да өз атыңнан.

Ақынның бұл ойы жүзеге асты ма, қалай ойлайсыңдар?

Тоқтар мен Талғат

Сергіту сәті Жұбан өлеңіне жазылған әндер

«Абзал ана» әнін орындату (Ж. Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән, «Тақиялы періште» кинофильмінен)



Б. 3. Жұбан — азамат ақын.

Мен – қазақпын, азатпын: желдей еркін, даламдай кең!

Марихан: Бағытты түсіндіру және онымен жұмыс жасау:

“Нағыз патриоттар өзінен бұрын Отаны­ның қамын көбірек ойлайды. Шынайы патриот қазақ ата жұр­тының мәңгі тәуелсіз өмір сүріп, гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар”

Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы Бақытжан Момышұлының сөзі.

-Жұбан Молдағалиев Отан соғысының майданында болсын, жалпы өмірде болсын, өз әріптестерінен ұлттың өзекті мәселесіне келгенде еркектік, ерлік мінез көрсетіп, қажет болса, жан беруге дайын тұратын. Ол осы бір батыр мінезін кез келген жерде емес, ең бір жауапты, тарихи маңызды кезде көрсететін. Жұбағаңның ұлт патриоты ретіндегі тұлғасының ерекшелігі де осында. Оның намысы мен рухы жоғары. Олай болса,

1. Әңгімелесу жұмысы (сұрақтар бойынша): Алматыдағы «Желтоқсан оқиғасы» туралы ойлары мен көзқарастарын айтқызу (*Жұбанның азаматтық бейнесін ашу мақсатында)

Марихан:

-Тарихтың әрбір сын сағаттарында елге қорған болып, ұлттық рухты көтерген Кенесары, Исатай мен Махамбет, Бауыржан мен Жұбандар сияқты ұлы тұлғаларды іздейміз. Желтоқсан көтерілісі туралы мәселе көтерілгенде, Жұбан Молдағалиев есімің не себепті ауызға алынатынын ақын жерлесі А. Бақтыгерева сөзі арқылы берсек:

3. Ақұштап Бақтыгереева Естеліктер Марихан: Бағытты қорыту:

Б.4. «Мен – қазақпын қаныммен, сүйегіммен.»

Марихан: Бағытты түсіндіру және онымен жұмыс жасау:

-«МЕН ҚАЗАҚПЫН» деп, мақтанышпен әлемге жар салған қасиетті сөзді Жұбанның айтуы заңды құбылыс. XV ғасырдағы ұлы ақын, әрі батыр қарға бойлы Қазтуғаннан басталып, бүгінге жеткен қазақ поэзиясының ұлы көшін жалғастырған қазақтың талай сөз зергерлері — арынды ақындар өмірден өткені белгілі. Солардың ішінде Махамбет «Мен, мен едім, мен едім, Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім …» деп жырласа, «Мен қазақпын», мен осы ұлттың перзентімін деп мақтанышпен айту -Жұбанға бұйырған екен. Ол осылай деп жырлайтын ақыны бар ұлттың және солай жырлай алатын ақынның бағы. Себебі қазақтың ұлттық намысын аяқ асты етіп, жерін тұтастығынан, ұл-қыздарын ана тілдерінен айырып жатқан тарихтың жолайырық кезінде найзағайдай жарқылдап, мың өлген ұлттық намысты оятып, мәңгі өлмейтін жолға салып, елдің еңсесін көтерген Жұбағаңның «Мен қазақпын» поэмасы болды.

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен … -деген жолдар әрбір қазақтың қасиетті Құранмен бірдей күнделікті қайталап айтатын жолдарына айналды. Себебі нүктеге дейін қысқарып, сөз арасынан қыл өтпейтін осы қысқа жолдарға ақын қазақтың мақтанышы мен мұңын, тарихы және тағдырын сыйғыза білді. Бұл жолдардың екінші қасиеті — оларды қанша қайталасаң да, оның мәні қасиетті Құран сүрелері сияқты, өзгермейді. Керісінше, «Мен қазақпын» деп қайталаған сайын әрбір алаш баласының ойы мен санасына қайсарлық, Ана тіл мен Атамекенге деген сүйіспеншілік мәңгіге ұялайды. Олай болса, сіздер де Жұбан ақынша «Мен – қазақпын, азатпын: желдей еркін, даламдай кең!» деп өз ұлтыңа деген мақтанышыңды көрсетіп, мына тапсырмаларды орындаңыз, өйткені бұдан 58 жыл бұрын Жұбан аталарың :

Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.

Аңсаймын мен, сенемін туады ертең,

«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті… – деп аңсаған күні туды деп есептеймін.

Шығармашылық жұмыстар орындату:

1. «Қазақ болу-зор бақыт» өлең жаздырту;

2. «Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған» Ойтолғау жаздырту;

Марихан: Бағытты қорыту: Оқушылар жұмыстарына тоқталу;

Марихан: Сабақты қорытындылау:Н. Назарбаевтың сөзі.

— Сөз зергері, қазақ көркем сөзінің жыр дариясы Жұбан аға өзі туралы былай деген: «Менің бар өмір жолым — өлең-дастандарымда. Алда қанша жыл, қанша жыр маңдайыма жазулы екенін айту қиын. Бірақ айқын білетінім, кесіп айта алатыным:

Қарызбын гүлге де мен, күнге де мен.

Қарызбын күндіз бенен түнге де мен.

Қарызбын қара нанға, тұзға, сүтке…

Өтеймін қашан, қалай, кімге немен?

Талпынам барымды алсын, күтіп алсын.

Тірліктің жер бетінде құты қалсын.

Туған ел, туған ана қарызынан

Қалайша, не төлеумен құтыларсың?

Жатады жылдар өтіп, жыл ескіріп,

Жүрсін тек парызымның үні естіліп.

Парыз да клеткадай, жүрегімдей –

Тұрады тамырға қан үлестіріп…»



Жұбан Молдағалиев біздің барша оқырмандарымыздың жадында, зердесінде мәңгілік қалатын арқалы ақын, айбынды азамат. Қазақта ақын көп, бірақ Жұбан жалғыз! Қазақта батыр көп, бірақ Жұбан жалғыз!

ІІІ. Үйге тапсырма: 1. «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді жаттау

2. «Жұбан – ұлт ақыны» реферат дайындау

ІҮ.Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 03d1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03d1 -> №22 Еңбек орта мектебі Физика пәнінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет