Сабақтың тақырыбы: «Жеңіл түсті металдар металлургиясы. Металлургия және қоршаған орта»



Дата27.07.2017
өлшемі47,08 Kb.
#22185
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Жеңіл түсті металдар металлургиясы.

Металлургия және қоршаған орта».

Сабақтың мақсаты: білімділік. жеңіл металдар өндірісінің географиясымен,

орналастырудағы негізгі принциптерімен,олардың

қасиеттерімен таныстыру.

дамытушылық: түсті металлургия зауыттарының орналасуын,

шығаратын өнімдерімен көрсету.

тәрбиелік: түсті металлургияның қоршаған ортаға әсерін

мысалдармен көрсету,картамен жұмыс.


Сабақтың көрнектілігі: Слайдтар.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (шапалақ ұру).

Сынып топпен жұмыс жасайды. Топтарға әріптер үйлестіріледі. Соған байланысты сабаққа тілек айтылады (ы, ж, б, о, с, а, ш, т).



2. Үй тапсырмасын тексеру.

Стикерлік диалог- домино арқылы оқушыларға сұрақтар мен жауаптар беріледі.

1 сұрақ. Түсті металдар неше топқа бөлінеді? ( 4 топқа: ауыр, жеңіл, бағалы, сирек және шашыранды). Жауап ( мыс, қорғасын концентраты, қара мыс, тазартылған мыс, қорғасын тозаңы, электродты мыс қалдығы, күкірт қышқылы және халық тұтұнатын тауарлар).

2 сұрақ. Түсті металлургияның алғашқы ірі кәсіпорындары? ( Риддер полиметал комбинаты, Қарсақбай мыс қорыту зауыты).

3 сұрақ. Ауыр түсті металдарды ата? ( мыс, қорғасын, мырыш, қалайы, никель).

4 сұрақ. Мыс балқыту комбинаттары қандай қалаларда? ( Жезқазған, Балқаш және Өскеменнің кен-металлургиялық комбинатында).

5 сұрақ. Қазақмыс корпорациясының шығаратын өнімдері? ( мыс, қорғасын концентраты, қара мыс, тазартылған мыс, қорғасын тозаңы, электродты мыс қалдығы, күкірт қышқылы және халық тұтұнатын тауарлар).

6 сұрақ. Қорғасын, мырыш т. б. кендер қандай кендердің құрамында болады? ( полиметалл)

7 сұрақ. Полиметалл кендер қоры еліміздің қай аудандарында? ( шығыс, оңтүстік, орталық).

8 сұрақ. Қорғасын- мырыш комбинаттарын ата? ( Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Риддер полиметалл комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, Жайрем полиметалл кен байыту комбинаты, Зырян полиметалл концентраттары шығаратын кәсіпорын).

9 сұрақ. Қазақмыс компаниясы құрамындағы кәсіпорындарды ата? ( Қазақмырыш, Ақтөбе мыс компаниясы, Майқайыңалтын текелі кен өндіру кешені).

10 сұрақ. Жезқазған аймағының қазынасын зерттеген кім? ( Қ. И. Сәтбаев).

11.Өскемен СЭС-ның арзан қуатына байланысты орналастырылған полиметалл өндірісінің орталықтары? (Зырян,Риддер,Өскемен)

12.Мыстың қалайымен ,никельмен, алюминиймен қорытпалары қалай аталады? (қалайымен-қола, никельмен-мельхиор, алюминиймен-дюралюминий)

13. Слайдтан мыс алу процесін түсіндіру 1 оқушы, түсті металлдардын әлемдегі алатын орны 1оқушы

Тұсау кесер. Жаңа сабаққа ену. Слайдпен суреттер арқылы тақырыпты ашып жазу. ,

Табыс критерий бойынша сабақта нені білу, түсіну, қолдану, салыстыру, анализ жасау.

Жаңа сабақ мозайка әдісімен өтеді.

Топтарға тапсырмалар беріледі.

1 топ. 187 бет, Жеңіл металдар металлугиясы.

Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады.Оларды 14 сала өндіреді.

Еліміз өнеркәсібінде жеңіл түсті металдардың алатын маңызы зор, мұндай металдарға алюминий, титан, магний жатады.

Алюминий өнеркәсібі – алюминийдің шикізаттары – боксит, нефелин, алунит. Боксит Аркалық және жоғарғы Тобыл аудандарында өндіреді.

Жеңіл металдар кедерінде пайдалы компоненттер көп болады, тасымалдауға қолайлы, бірақ оны өңдеуге көп мөлшерде электр қуаты қажет, сондықтан жеңіл металдар шығаратын зауыттар энергия көздеріне жақын орналасады. Біздің елімізде жеңіл металдарды алюминий мен титан – магний өнеркәсіптері өндіреді.

Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады.



  1. Бокситтен al оксидін алу 1 т дайын өнімге 5 т кен керек, ол көп мөлшерде су мен жылуды қажет етеді, Сондықтан al оксиді зауыты Павлодарда орналасқан.

  2. al оксидінен al алу. Павлодарда Ақсу МАЭС-інің арзан электр қуатына бағытталып al зауыты орналасқан.

Титан-магний комбинаты Өскеменде, ең негізгісіне – титан өндіру жатады.

Жылына комбинат 16 мың т титан құйындысын мен қорытпасын шығарады. Титанды әуе-ғарыш саласында, кемелер, сүнгуір қайықтардың қораптары, химиялық құрал-жабдықтар шығарады.

Магний – жасанды жарық көздерінде фотография мен аспап жасауға ( фейерверктер мен бенгал шампандарына) пайдаланады.

Баяу балқитын және легирлеуші металдарға вольфрам, молибден, ванадий жатады. Балқаш көлінің солтүстігіндегі Жамбыл кенішінде «Қараоба – 2005» ЖШС вольфрам концентраттарын шығарады.



2 топ. Бағалы және сирек кездесетін металдар.

Бағалы металдарға алтын, күміс, платина жатады. Алтынды батыстан басқа елдің барлық бөлігінде өндіреді. Барланған қоры – 1700 т (әлемдік қордың 4 %), дүниежүзінде 7 орында, 224 кен орны бар, 68 % мыс және полиметалл кен орындарына тиесілі.

Алтын кесектерін келесі зауыттарда шығарады: Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Степногор кен-химия комбинаты, Ақтөбе, Шымкен кәсіпорындары.

Күмістің Қазақстанда барланған 100 кен орны бар. Күмісті негізінде «Қазақмыс» компаниясының «Жезқазған түсті метал» және «Балқаш түсті метал» бірлестіктері және кенді Алтайда шығарады. Қазақстанның барлық зауыттары сирек кездесетін металдарды өндіреді, бұлардың барлығын да ілеспе түрінде алады. Қазір танталы бар концентратты Ертіс химия-металлургия комбинаты шығарады,оны ТМд-ғы жалғыз Үлбі металлургия комбинаты тұтынады. Прокат түрлерін, пластинка, фольга, сым, т. б. медицинада қолданылады.

Республикамызда кездесетін сирек және шашыранды металдар Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарда таралған. Сирек және шашыранды металдар өзі 5 топқа бөлінеді.Кенді Алтайда магний, германий, уран, торий, сынап ,висмут,галий,берилий,ванвдий,вольфрам т.б.

Кеннің құрамында 0,001-0,1% мөлшерде ғана кездеседі. Сондықтан сирек және

шашыранды металдарды кеннің құрамынан айырып алу үшін жүздеген тонна кен,су және энергия қажет. Мысалы 1т мыс алу үшін 50-100т кен керек.Кенді Алтайда магний, германий, уран, торин, сынап т. б.Өскемен маңындағы Үлбі металлургия комбинаты-ТМД дағы тантал және оның ұнтағын,уран ұнтағы мен берилий шығаратын жалғыз кәсіпорын.

Қазақстанға әлемдік уран қорының 19% келеді, Аустралиядан кейін 2 орында. Қазақстанда уранды «Казатомпром»Ұлттық атом компаниясы өндіреді, Атом электростанциялары үшін отын,керамикалық диоксид ұнтағын шығарады.

Берилий мен ниобий «атом өнеркәсібінің» металы деп аталады, және электротехника, сағаттың, байланыс құралдарының бөлшектерін жасайды.

байланысқа қажетті металл.



Висмут«Оңтүстікполиметалл», «Шымкент» комбинаты экспортқа шығарады.

Рений өнімін негізгі шығарушы – «Жезқазғансирекметалл» кәсіпорны. Барлық өнім АҚШ, Е О және оңтүстік шығыс Азия елдеріне экспортталады. Тығыз, ақшыл-жылтыр, қатты метал. Балқыту температурасы өте жоғары, сирек өте бағалы метал болып саналады.Ұшақтар мен зымырандар жасауға пайдаланады.й» АҚ, оптикалық-талшықты мен зымырандар жасауғу пайдаланады.
Үй тапсырмасы: §20.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет