Сабақтың тақырыбы: Үйшік. (Орыс ертегісі) Сабақтың мақсаты : а) Орыс ертегісін түсініп оқуға баулу, ертегінің мәнін ашу



Дата08.11.2016
өлшемі59,25 Kb.
#1254
түріСабақ
Ескарина Бекзат Жалғасбекқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Үйшік. (Орыс ертегісі)
Сабақтың мақсаты: а) Орыс ертегісін түсініп оқуға баулу, ертегінің мәнін ашу,

қорытынды ойды ұғындыру.


ә) Байланыстырып сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын және


шығармашылығын дамыту. Оқушылардың сөздік қорын

дағдыландыру.Достыққа, бірлікке шақыру.

б)Оқушыларды сергек болуға, алғырлыққа,

қисынды ойлауға тәрбиелеу.

Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, мейірімділікке

тәрбиелеу, ауызекі сөйлесуге үйрету.



Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттері, сызбалар, оқулық,мақал.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтастыру, мәтінмен жұмыс.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, қонақтар!

ІІ. Үй тапсырмасы.


«Наурыз-жыл басы» өлеңін жатқа айту.

-Өлеңде Көктем мезгілі және Наурыз мейрамы туралы әңгімеленген.

-Өлеңді кім жазған?Қайда туған?

Өтепберген Ақыпбекұлы – 1950 жылы 8 қазанда Қызылағаш ауылыҚадал ауданы Талдықорған облысында туған.

-Шығармаларын ата.

-«Жарыстан соң жарыс, Қызықты әліппе, Дос,Экололгиялық әліппе,т.б»


- Наурыз қандай мейрам?

-Ұлыстың ұлы күні.Ескіше жыл басы.


- Наурызда қандай тілек айтылады?

-Ақ мол болсын, молшылық болсын, еккен егін солмасын,т.б

-Қандай батаны білесің?

-Бата айтылады.

-Қандай киім түрлері және қандай ұлттық ойындарын білесің?

-Сәукеле,камзол, бөрік, шапан,бешпент, жаулық, ішік, саптама етік, т.б.

-Наурызда жұрт қалай амандасады?

-Құшақтасып, төс түйістіріп. Себебі, ел қыстай бір-бірін көре алмай көктемде жол ашылып, аман бір-бірін аман-есен көрген халық осылай өз қуаныштарын көрсетеді.

-Өлеңде қандай мезгіл суреттелген?

Көктем мезгілі.

- Өлеңде Наурыз мейрамына дайындық туралы айтылған жерді айт.

-Әбігер жұрт неге?-

Деп бекер таңданба.

Қайнатып құрт көже,

Той қамын қамдауда.

-Наурыз көжеге қосылатын 7 дәмді ата.

-Сүт, тұз, бидай, тары, ет, бұршақ, қамыр.

Өлеңдегі көктем және наурыз мейрамы суреттелген жерді кестеге толтыр:


1-бөлік Көктем

2-бөлік Наурыз мейрамы







ІІІ. Сергіту сәті
Күркіреді күн-күн-

Терезелер шың-шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек-шелек көп-көп!

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс тез өс-өс!



ІV. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.

Ертегі сөзі- ертеде,ерте заманда болған оқиға деген сөзді білдіреді. Ертегінің 3 түрі болады. Жан-жануарлар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер.





ЕРТЕГІЛЕР



Жан-жануарлар туралы ертегілер



Қиял-ғажайып ертегілер



Шыншыл ертегілер

Біз қандай ертегілерді оқып кеттік: Аңқау арыстан, Шибұт, Қарынбас, Қылмойын, Ұр, тоқпақ,Байлық пен ақыл, Сақина, Қасқыр мен түлкі.

Ертегілердің авторлары болады.Кейде ертегілердің авторлар ұмымтылып кетеді, сондықтан ол автордың тұрмыс салтына, туған өлкесіне және ұлтына байланысты халық ертегісі деп аталады. Сондықтан ол халықтың аузында айтылып жүрген оқиға болғандықтан, сол халықтың ертегісі болып табылады.
Ү.Жаңа сабақ
Мысалы, бүгінгі біздің өтетін ертегіміз орыс халқының ертегісі. «Үйшік» деген не деп ойлайсыңдар, онда нелер тұрады. Құстар ше, тышқан ше, ара ше, ит ше,аю, қасқыр, қоян қайда тұрады?т.б

-Аю апанда, тышқан інде, бақа көлде, қоян, қасқыр далада,ара кәрезде, т.б тұрады.

-Ерте, ерте, ертеде, деп басталатын халық шығармасын ертегі дейміз. Бүгінгі біздің ертегіміз жан- жануарлар туралы болмақ.

-Кейіпкерлері:

-Мен тықырлауық тышқанмын.

-Мен бақылдауық бақамын,.

-Мен қорқақ қоянмын.

-Мен қу түлкімін.

-Мен сұры қасқырмын.

-Мен қорбаңбай аюмын,- деп басталатын ертегіде кейіпкерлер бір-біріне дос, жолдас екнкін және бірліктегі іс-әрекеттерін көрсетеді.




А)Оқулықпен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс «Үйшік» ертегісімен оқып танысу .

Тізбектей оқу, тауып оқу, рольге бөліп оқу.Топтық жұмыс. 1,2,3,4,5 топ.


ҮІ.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
Кейіпкерлер арасында сөйлесу (диалог-екі адамның сөйлесуі) құрап ертегіні сахналау.(Бұл ертегінің қай түрі және мазмұны қандай?)Бірлік, достық туралы ұғындыру.
Ә)Суретпен жұмыс.


1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

5-топ

Тышқан мен бақа



Қоян және басқа аңдар

Түлкі және басқа аңдар

Қасқыр және басқа аңдар

Аю және басқа аңдар


Б)Дәптермен жұмыс.
Ертегі түрлері.

Мақал-мәтелдерді жазып алу

Бірлік болмай , тірлік болмас.

Ырыс алды –ынтымақ.

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

VІІ.Бекіту.


«Адасқан сөздер» ойыны.Берілген іс- қимылдың қай аңға қатысты екенін сызықтармен көрсет.

-Ертегі кейіпкерлері нелер№? Сипаттама бер.



- Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?
- Ертегіде қандай нақыл сөз келтірілген?
- Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.
-Әр аңға сипаттама бер.
ҮІІІ.Бағалау.
ІХ.Үйге тапсырма.

Достық турал мақал жазып келу, мәтін бойынша түсінек айту,сахналау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет