Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі



Дата17.12.2016
өлшемі43,69 Kb.
#4056
 

Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі


Сабақтың мақсаты: Жүсіпбек Аймауытовтың « Әнші» әңгімесін талдау
Білімділік: әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу, әнші бейнесін талдау;
Дамытушылық: логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа. өнерді сүюге, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, өзара талқылау, ізденушілік.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, видео ролик, тірек – сызба, түсіндірме күнделігі, инсерт кестесі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.
Сергіту сәті.
Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалімнің айтқан сөзін оқушылар қимылмен бейнелейді. Слайд арқылы суреттері тақтадан көрсетіліп тұрады.
Тегіс жолда келеміз деп елестетіңдер.
Енді таулы, тасты аймақта келе жатырмыз.
Өзенде жүзіп келеміз.
Енді қолдарыңа дүрбілеріңді алып қараңдар.
Не көрдік?
- Қазақ елін.
- Павлодар облысы, Баянауыл аймағын
- Жүсіпбек Аймауытовты
- Ендеше, балалар, біз өткен сабақта Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда осы әңгіме бойынша талдау жұмыстарын жасаймыз.
Үй тапсырмасын сұрау
«Егер мен жазушы болсам...» Ақтамақ хикаясын аяқтап жазып келу.

Жаңа сабақ:


- Жүсіпбек Аймауытовты біз кім деп танимыз?

І. Топтастыру


Жүсіпбек Аймауытов кім?

Ақын, оқытушы, драматург, әнші, сазгер, ғалым, директор, журналист, редактор

1. Драматургия саласына қосқан үлесі қандай?


2. Директорлық қызметті қай жерде атқарды?
3. Сазгер әрі әнші ретінде қалай танылды?
4. Қай жерлерде журналист, редактор қызметін атқарды?

Топтық жұмыс


1 - топ Қаламгердің шығармаларын еске түсіру
«Елес»
«Әнші»
«Боранды болжаған әулие»
«Бетім – ау, құдағи ғой»,
«Қартқожа»
«Ақбілек»
«Күнекейдің жазығы»
«Нұр күйі» поэмасы

2 – топ Мәтінге сатылай кешенді талдау


Шығарманың аты: «Әнші» әңгімесі
Тақырыбы: ән, өнер, ғұмыры әнмен өткен өнер адамының өрелі биігі
- Жанр түрі: проза (әңгіме)
Идеясы: ән құдіретін таныту
Кейіпкерлері: Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ, студент жастар, ұрылар
Басты кейіпкердің прототипі: Әміре Қашаубаев
Туған жылы: 1888ж
Өнері: әншілік, актерлік

Әміре Қашаубаев туралы деректер)

1888 жылы бұрынғы Семей губерниясының Дегелең болысына қарасты Атан ауылында дүниеге келген. Әкесі Қашаубай мен анасы Тойған өмірлері кедейлікпен, жалшылықпен өткен адамдар болыпты.
Әміренің сахнада жұрт алдында шығып ән айту кезеңі 1919 – 1920 «Ес – Аймақ» қоғамының сауық кештерінен басталған.
Одан әрі Орынбор қаласына шақыртылып өнер көрсетеді. 1925 жылы Париж қаласында өнер көрсетіп, әлемге атағы әйгілі болады. Ол орындаған әндер: «Ардақ», «Ағаш аяқ», «Балқадиша», «Гауһар қыз», «Дударай», «Қорлан», «Қызыл бидай», «Үш дос». т. б
Әміре ән шырқауымен қатар спектакльге қатысып, рольдерде ойнаған. 1928 жылы қазақтың музыка театрының солисі болды. 1934 жылы дүниеден өтеді.

3 – топ Мәтінге композициялық талдау


Оқиғаның басталуы – - Жетішатыр қаласының тұрмыс - тіршілігі
Оқиғаның дамуы – - Қымыз ішкен жастардың Әмірқанмен кездесуі
Шиеленісуі – - Наурыз мерекесі. Әмірқан - театр сахнасында
Шарықтау шегі – - Әмірқан басынан кешірген бір оқиға
Шешімі – - Ән тәңірісінің құдіретті әні

1 - топ
Әмірханның мінездемелік сипаты (мәтіннен тауып жазу)


1. Қарапайымдылығы: Әмірхан студент жастармен сыпайы амандасып отыра кетеді.
2. Орындаушылық шеберлігі: Ән айтқанда ұшатын құстай қомданып алады.
3. Өнерге сүйіспеншілігі: Ән салса өзін – өзі ұмытады. Даусы көмейінен емес жүрегінен шығады.
4. Адамға үйірсектігі: Кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын адам.
5. Азаматтық тұлғасы: Өзінен бір нәрсе сұраса бере салады, кісіні алдауды білмейді.
6. Махаббатқа адалдығы: Махаббатқа адал жан. Ол алғашқы махаббаты Ақтамақты есіне алғанда көзіне жас алады.

2 - топ
Сөз төркінін ашу. Түсіндірме күнделігін толтыру


Жөпшеңді – анау – мынау жай
Орамал тастау – ұлттық ойын
Жанторсық – қымыз құятын ыдыс
Қош айтысу – өмірімен қоштасу
Қоржынбасы – екі басты қоржын
Таң асып тұрған – бабына келген

3 - топ
Мәтіннен теңеу сөздерді табу


Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу
Атқан таңдай, шайдай, сыбызғының үніндей, асқар таудай, күзді күнгі дауылдай, тас бұлақтың суындай деген теңеулерді тауып тіркескен сөздерімен бірге оқып мағынасын түсіндіріп өтті.

Мәтінмен жұмыс


Әмірханның ән өнері жайлы айтқан сөзін әңгімеден тапқызып сол туралы өз пікірлерін білу. Қазіргі таңдағы ән өнері мен әншілер туралы салыстыра отырып пікірлерін тыңдау

Мәтін
Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Бет – аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шығама? Ән салу көңілден ғой... Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқымда келмейді.

Оқушы пікірлері:
- Біз әңгімеден Әмірханның ән салу шеберлігін оқып тәнті болдық. Біздің қазіргі эстрадада жүрген әншілеріміздің көбі жанды дауыспен айтпай дауыстарын комьпютер арқылы қойып алып жатады. Ал Әміре домбырасын қолына алып ән салғанда бүкіл Париж халқы орнынан тұрып қол шапалақтап құрмет көрсеткен.
- Әншілердің көбі түр шығарамын деп жақсы әнді бұзып жібереді деген екен ол қазірде кездесіп жатады. Халық әндерін эстрадаға саламыз деп бастапқы қалпынан өзгертіп айтып жүргендер туралы да теледидардан айтып, талқылап та жүр.
- Зорланып айтқан ән дұрыс шықпайды деген екен. Ол рас, өз ана тілінде сөйлей алмай орысшаланып кеткен кей әншілеріміз қазақ әнін орындап жатқанда не айтып жатқанын түсінбейтін де шығар.

Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Ағаш аяқ» әнін тыңдату

Сұхбат сәті
Жазушының «Әнші» әңгімесін жазудағы түпкі ойы не?
Әңгімеден қандай әсер алдыңдар?
.
ИНСЕРТ кестесін толтыру
Әр оқушыға таратылып беріледі

Білемін
Ж. Аймауытов ақын, жазушы, драматург,


журналист, аудармашы екенін білемін
Білдім (мен үшін жаңа ақпарат)
«Әнші» әңгімесіндегі Әмірханның прототибі Әміре Қашаубаев екен. Ол қазақ елін әлемге танытқан әйгілі әнші екен. Парижде ән салып алтынан алқа таққан.
Білгім келеді
Әміре Қашаубаевтың ұрпақтары жайлы толығырақ білгім келеді. Өлімінің не себепті құпия сақталғаны жайлы білгім келеді.

Әміре Қашаубаев бейнесін айқындайтын эпитет сөздер


Дала бұлбұлы, ғажайып әнші, ұлт мақтанышы, дара тұлға, алтын мұра

Сабақты бекіту:


Жүсіпбек Аймауытов бостандықта 39 жыл, абақтыда 3 жыл, әдебиет өміріне арнаған 16 жыл, тар жол, тайғақ кешумен 42 жасқа аттаған кезде қыршыннан қиылған өмір, нағыз кемел шағында мерт болып, 60 жыл бойы оқушы назарынан тыс қалып, қайта құру нәтижесінде қайта жаңғырып қазақ әдебиетіне қайта оралды. Қаламгердің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жазушының шығармашылық шеберлігіне Б. Майлин: «Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» - деп баға берген. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу. Соның бір айғағы – осы «Әнші» әңгімесі болатын.

Үйге тапсырма «Әміре – ән асқары» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.


Бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысуларына қарай білімдерін бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 00cc
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00cc -> Модель және модельдеу Сабақтың тақырыбы: Білімділік
00cc -> Сабақ тақырыбы: физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты
00cc -> Барысы: Фанфара ойналады. 2-жүргізуші сахнаға шығады
00cc -> Ххі ғасыр көшбасшысы (зияткерлік сайыс)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет