Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»



Дата08.06.2018
өлшемі293,71 Kb.
#41801
түріСабақ




Жамбыл облысы,Байзақ ауданы

Ақшолақ орта мектебі

Математика пән мұғалімі:

Мусабекова Сауле Станбековна

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі : Әр деңгейлі және де логикалық есептерді шығара

білу іскерлігін дамыту.

Оқушыларға ұлттық үрдісті насихаттау және күнде

көріп жүрген « ХХІ- ғасыр көшбасшысы»

танымдық ойынын игеруді үйрету.

Дамытушылығы : Логикалық ойын,ауызша ,жазбаша тіл байлығын

қалыптастыру ,пәнге деген қызығушылығын

дамыту.

Тәрбиелілігі: Өзіндік ізденісін,бойындағы тәлім-тәрбиелік

қасиетін нығайту.



Сабақ түрі: ойын-жарыс

Сабақтың көрнекілігі: буклеттер,газет қиындылары,плакатқа жазылған

цитат,нақыл сөздер ,С.Ковалевская,Архимед

сынды математик, физиктердің суреттері , шарлар ,

кітаптар т.б.




Құрметті мұғалімдер,оқушылар, көрермендер!

Мектебімізде өткізілген физика, математика апталығында, соңғы уақыттағы ауылдық жерлерде көбірек кездесетін ат жарыстарының, аламан бәйгелерді көріп өскен өздеріне арнап «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты танымдық ойынды бастайық. Танымдық ойынның мақсаты: біріншіден оқушыларға ұлттық үрдісті насихаттау, екіншіден күнде теледидардан көріп жүрген «ХХІ ғасыр көсбасшысы» танымдық ойынын игеруді үйрету.



Жоспары: 7- кезеңнен тұрады:

  1. Топтың өзін таныстыруы,төс белгіні қорғау

  2. Тапқырлық ( логикалық есептер)

  3. Тіл –өнер ( полиглот )

  4. Қасиетті жетілік ( қызықты тапсырмалар орындау )

  5. « Көкпар – тапқырлық бөлімі » ( топқа сұрақ беріледі )

  6. Жорға ( топқа сұрақ беріледі)

  7. Қорытынды . Танымдық ойынның нәтижесі шығарылып ,жеңімпаз топ марапатталады.

І-жүргізуші: Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар, өз ойын, пікірлерін білдірген.

Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А.құнанбаев «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ, еліне, халқыңа пайдаң тисін», -деді.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтанмахмұт торайғыров өзінің қысқа өмірінде ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады.

ІІ-жүргізуші: Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа білімнен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтып отыр.

«Білімді азамат-ел ертеңі» (нақыл сөз)

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» ( мақал)

«Білім мен даналық-адам көркі» ( Ә.Науаи)

«халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі-Білім» ( Ж. Дантон) білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтьылмас керек.

І -жүргізуші: ғылыми-техникалық прогресс, ғылымының басқа салаларының дмауы жаратылыстану ғылымының құрылымын анықтау үшін математикалық білім алу ерекшелігіне қызығуды арттыруда математиканың, физиканың орасан зор маңызы бар. Оқушылапдың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын оқушылардың білімге қызығушылығын арттыратын математикалық «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты танымдық ойынымызды бастаймыз.

ІІ-жүргізуші: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батымды. Ендеше ортаға білімді тұлпарларымызды

8- сынып оқушыларынан құралған « Үшбұрыш » - тобын,

9- сынып оқушыларынан құралған « Трапеция »- тобын шақырамыз.

Ал, енді осы топтардың біліміне баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасын сайлап аламыз.

І- кезең: Бұл кезеңде әрбір топ өздерін таныстырады және төс белгілерін

қорғайды.


  1. Кезекте амандасу рәсімі І топ « Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

Сәлемдесуі : Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен

Сәтті болсын сапарымыз әлдайым.



Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын

үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.



ІІ- топ « Трапеция » тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.



Сәлемдесуі : Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз,

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

« Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель . ал екі қабырғасы параллель емес

төртбұрышты трапеция дейді .

Параллель қабырғалары табандары ,параллель емес қабырға-

лары бүйір қабырғалары деп аталады.



ІІ- кезең: Тапқырлық сайысы: ( Логикалық есептер)

  1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр .Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Сонда бөлмеде неше мысық бар ? ( 4 мысық)

  2. Столдың басында 2 әке,2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? ( атасы,әкесі, баласы)

  3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады.Біреуі алдында ,екеуі артында,

біреуі артында, екеуі алдында,біреуі екеуінің ортасында .Барлығы неше

үйрек ұшып барады.( 3 үйрек)



  1. Сағат 22.00 – жауын жауып тұрса ,24 сағатан кейікүннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ )

  2. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай ( соңғы қызға корзинамен беру керек)

  3. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар .отбасында

барлығы неше бала бар? ( 6)

  1. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса ,неше бұрыш қалады.( 5)

  2. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг. болады?

( 2)

  1. 70 минут көп пе , әлде 1 сағ. 10 минут көп пе? ( тең)

10.Екі қолда 10 саусақ, сонда 10 қолда неше саусақ болдады? ( 50 )

11. Әсем поездың басынан есептегенде 7- вагонға отырды. Марина поездың соғынан есептегенде 7- вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? ( 13)

12. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12- ге арттыр.( 98)

13. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса , олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған ( 2)

14. 50- ді ½-ге бөліп, 3-ті қос. Қанша шығады?( 103 )

ІІІ- кезең « Тіл - өнер»

І-жүргізуші: Әр ғылым математика дамығанда ғана дами алады немесе «Математика-барлық ғылымдар атасы» -деп тегіннен тегін айтылмаса керек.

ІІ-жүргізуші: «Ақын жанды болмасам, математикте болар едім» -деп София Ковалевская айтқандай, біздің тарландарымыз да өздерінің қазақша, орысша және ағылшынша шеберліктерін көрсетеді.

Шарты: Әр аудармаға 5 ұпай.



  1. Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден інісі бар.Отбасында барлығы неше бала бар ?(8)

  2. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса ,сондай цифр бар. (10)

  3. Түйеқұс тарзыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады.?( 12)

  4. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді , оның екеуі атып түсірді.

Торғайлардың қаншасы қалды?( 2)

  1. Бойы екі қарыс , сиып тұр 25 арыс ( сызғыш)

  2. Бөлмеде 7 майшам жанып тұр.Сен жанындағы біреуін өшірдің , қаншасы қалды? ( 1)

  3. Бір үйде тұрады екен 50 батыр ,үй сыртына үйкелсе өліп жатыр

( сіріңке)

  1. Қос құлақты, жүз тісті ,жүзінен бірақ із түсті ( ара)

  1. Кезең: « Қасиетті жетілік»



І-жүргізуші: Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінген. Таң сәрі, сәске ( кіші сәске, ұлы сәске), түс, бесін ( кіші бесін, ұлы бесін), қызыл іңір.

Аптада 7 күн бар. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктер. Қазақ халқында 7 саны киелі болып саналады. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Білімдар кісіні «Жеті жұрттың тілін біледі» дейді.

Көкті жеті қабат, жерді жеті қат деп есептейді. Тіпті, «жұт жеті ағайынды» деген сөздің өзі де тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байланыс.

ІІ-жүргізуші: Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен «Жеті қазына» деген атаулардағы жетілік санның тектен-тек тумағандығы айқын.Басқа –басқа, қауіп – қатерден аман қалған адам үшін жеті шелпек пісіріліп жатуы да немесе садақаға 7 түрлі нәрсе таратылуы да наным-түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «Жетіге келгенше, жерден таяқ жейтін» нәрестеге өсе келе «қазақтың жеті атасын білмеген-жетесіз» деген даналық тұжырым жасауы ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

І-жүргізуші: Сонымен, «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деп білім тұлпарларын «Қасиетті жетілік» ойынына шақырамыз.

Шарты: Әрбір сайыскер кезектесіп ұяны ашып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, басқа оқушы жауап береді. Жауап берген оқушы келесі ұяны ашады.



Ұяшықтағы сұрақтар

  1. Бір товар 19 теңге тұрады. Сатып алушыда тек 3 теңгеліктер,ал кассирде 5 теңгеліктер бар. Ешбір басқа ақшаны ұстамай-ақ кассир мен сатып алушы қалай есептеседі.

  2. Егер 1,25 кг. Кәмпит үшін 225 тг. Төленген болса 1 кг. Кәмпит қанша тұрады?

  3. 4 қасқыр 4 қойды 4 сағата жейді ,10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді ?

  4. Бес дәптер мен 3 қарындаш сатып алу үшін 21 тг. төленді.Бір қарындаштың бағасы 2 теңге.Бір дәптер қанша тұрады?

  5. Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?

  6. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса,қорада неше тауық,неше қоян бар?

  7. Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі,әр түлкіде 7 күшік бар.Барлығы неше күшік бар?( 2401 )

Ү-кезең. « Көкпар-тапқырлық бөлімі.»

І-жүргізуші: Математика мен физикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры, себеп-салдарлары бар. Мысалы: әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.

Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады.Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол ,беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға деген қызығушылығын артып,артынан дүние жүзіне белгілі математик-ғалым болған екен.



ІІ-жүргізуші: Ал Архимед сұйық ішіндегі денені кері итеруші күш көлемі дененің көлеміндей сұйықтық салмағына тең екенін қалай тапқаны туралы мынадай аңыз бар емес пе?

Герон патша Архимедке алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәждің салмағы оны жасауға берілген алтынның салмағындай болса да, патша алтын мен басқа арзанырақ металдың қоспасы деп күдіктенген. Тәжді бұзып-жармай, оның ішінде қоспасы бар-жоғын білуді Архимедке тапсырған. Архимедке тәж затының тығыздығын табу керек еді. Егер сол тығыздық судың тығыздығынан 19,3 есе артық болмай, одан кем болса, онды тәж таза алтыннан жасалмаған болады. Себебі алтынның көлемі дәл сондай судан 19,3 есе артық еді. Бұл мәселені шешу.Архимедке оңай түспеді.

Бір күні моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен.Сонда оның ойына кенеттен әлгі мәселенің шешуі келген. Өз табысына қуанған Архимед «Эфрика», «Эврика» яғни «Таптым», «Таптым» деп айқайлап жіберген. Архимед тәждің салмағын алғаш ауада, одан соң суға батырып тұрып өлшеген. Сондағы салмақтың айырымы бойынша ол көлемі тәждің көлеміндей судың салмағына тең кері итеруші күшті тапқан. Міне, тапқырлық деп осыны айт.

І-жүргізуші: Енді біздің білімдар балаларымыздың тапқырлығын көрейік.


  1. Жылудың өмірдегі пайдасы мен зияны (2 оқушы 2 түрлі пікірді таңдайды)

  2. Өмірде математика керек пе, керек емес пе?

  3. Қағазды доғаларды пайдалана отырып қию.Ешқандай қиық түспеу керек (тұтас түсу керек). Алынған қиыққа адам тұтас сыйып кету керек.

ҮІ-кезең «Жорға»

І-жүргізуші: Біздің қолданыстағы санау жүйесі 10 цифр арқылы жазылып, қолданылатын ондық санау жүйесі. Мұның өзі адам ертеден 10 саусақты санап, әдеттенгендіктен алынған. 10 дөңгелеутенген сан,10-ға, 100-ге көбейту жеңілге түсетін болған. Ондық санау жүйесі Үндістанда, ҮІ-ғасырда пайдаланылған. Ондағы цифр қазіргіге қарағанда өзгешелеу болды. Мұхаммед әл-Хорезмидің (783-850) ХІ-ғасырдың басында жазылған «Үндіше есептеу» еңбегі арқылы арабтарға, Европаға, одан барлық елдерге таралған.

ІІ-жүргізуші: Сен білесің бе? 13 санын неліктен «Жаман сан» немесе «Шайтан сан» деп атаған. Себебі, бұрын ондық санау жүйесінен басқа он екілік санау жүйесі де болған. Себебі 12 санының бөлгіштері көп болған ғой (1,2,3,4,6,12).Іс жүзінде 12 саны ыңғайлы деп, ал 13 саны қолайсыз «жаман сан» деп есептелген.

Діни уағызда Иса пайғамбардың 13 шәкіртінің бірі сатқын болып шыққан екен. Содан 13 саны адамзат санасында жайсыз сан болып қалған.



І- топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Ең алғаш әйел математик( С. Ковалевская)

  2. «Эврика » сөзі кімнің сөзі ( Архимед)

  3. а22 = с2 кімнің теоремасы( Пифагор)

  4. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш ( квадрат)

  5. Квадрат функциясының графигі( парабола)

  6. Екі нүктенің арасындағы түзу( кесінді)

  7. Катет қандай үшбұрышта болады( тікбұрышты үшбұрышта)

  8. Әрі қиылыспайтын,әрі параллель емес түзулер( айқас)

  9. Түбір астындағы 225 ( 15)

  10. Вектор дегеніміз не? ( бағытталған кесінді)

  11. Ноль қай елден шыққан( латын)

  12. Үшбұрыштың негізгі элементтерін ата, олар нешеу(6 )

  13. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең( П)

  14. Табиғи жарық көзі не( күн)

  15. Мектепте оқылатын геометрия пәнінің негізін салушы

( Евклид)

  1. Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы

( үш қабырғасы тең)

  1. Координаталық түзуден санақ басына дейінгі қашықтық

( модуль)

  1. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі ,ұстазы болған Греция-

дан шыққан ұлы данышпан ғалым ( Аристотель)

  1. Көбейту, бөлу таңбаларын енгізген кім ( Г. Лейбниц)

  2. Сандар туралы ғылым – бұл барлық ғылымдардың ішіне кіреді.Кімнің сөзі ( Әл - Фараби)



ІІ- топқа қойылатын сұрақтар:

  1. 2- ші дәрежелі функцияның графигі ( парабола)

  2. Барлық қабырғасы тең параллелограмм ( ромб)

  3. Гипотенуза қандай үшбұрышта болады?( тікбұрышты үшбұрышта)

  4. Жарты түзудің басқаша аты ( сәуле)

  5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы( 180градус)

  6. Қиылыспайтын түзулер ( параллель)

  7. Түбір астындағы 625 неге тең (25)

  8. Аксиома дегеніміз не?( дәлелденбейтінпікір)

  9. «Геометрия» сөзінің мағынасы не? (гео-жер, метр- өлшеу )

  10. Үшбұрыштың қосалқы элементтерін ата ( 3 биіктігі ,3 медианасы ,3 биссектрисасы)

  11. Натурал сан дегеніміз не? ( санауда қолданатын сан)

  12. « Фигура сөзінің мағынасы »( түр,кескін, бейне)

  13. Жасанды жарық көзі ( от,сіріңке, шам)

  14. Пифагор теоремасы (а22 = с2)

  15. Тең бүйірлі үшбұрыштың анықтамасы ( екі қабырғасы тең үшбұрыш)

  16. Трапеция дегеніміз не ?

( Екі қабырғасы параллель . ал екі қабырғасы параллель емес

төртбұрыш ).



  1. Трапецияның орта сызығы неге тең ?( табандарының қосындысының жартысына тең)

  2. Математикаға координатар әдісін енгізген кім?( Р. Декарт)

  3. Қосу мен азайту таңбаларын енгізген кім?( Леонардо да Винчи)

  4. « Жақсы өлшеу туралы ғылым – бұл геометрия »( П.Рамус)

VII-кезең: Қорытынды:

Танымдық ойынның нәтижесі шығарылып,жеңімпаз оқушы марапаталады.
Каталог: uploads -> doc -> 02e0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02e0 -> Мақсаты: Білімділік
02e0 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Он жетінші қара сөзі»
02e0 -> Сабақтың мақсты : 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, оның елімізге тигізген әсері, маңызы жайлы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру
02e0 -> 5 орта мектептің мад тобында ұйымдастырылған оқу іс – қызметінің технологиялық картасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет