Сабақтың тақырыбы: Кел, қайталайық! Мектеп: Казгородок орта мектебі Күні: 27. 11. 2017



Дата04.07.2018
өлшемі187,75 Kb.
#46471
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Кел, қайталайық!


Мектеп: Казгородок орта мектебі


Күні: 27.11.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Баянжанова А.А.

Сынып: 1

Қатысқандар: 3

Қатыспағандар:-

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.1.5.1 Қимыл- қозғалыс. Сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған / көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/ тәуелдік жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

2- бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

2- бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.



Кейбір оқушылар орындай алады.

2- бөлімде бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады:

Оқушылар тақырып желісі бойынша әңгімелеу, диалог құру, сұрақ-жауап барысында отбасына байланысты сөздерді қолдана отырып, сөздік қорларын молайтады.



Белсенді оқытуға қолданылатын әдіс- тәсілдер:

1.Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер: тренинг, қайталау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс т.б.

2. Қалыптастырушы бағалау.

3. АКТ: презентация .


Сабақтың көрнекіліктері:

Презентация, суреттер, оқу құралдары.

Пәнаралық байланыс:

әлемтану, орыс тілі, әдебиет




Оқушылар үшін оқытудың нәтижесі

  1. Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  2. Оқушыларды саналы білім алуға баулу.

  3. Сауатты, оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


1 Көңілді шеңбер

2 Өздік жұмысы

3 Топтық жұмысы

4 мәтінмен жұмыс

5 Диалог құру





Сабақтың басы:

2. Сабақтың тақырыбын айту.

-

Сабақтың ортасы:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Кел, қайталайық!



Сабақты қорытындылау.

I Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындығы

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Көңілді шеңберіне тұрамыз.

«Шаттық шеңбер » өткізу.

Қол алысып, кәне, біз

Достасайық бәріміз.

Қайырлы күн жер Ана,

Қайырлы күн достарым!

Ал, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп,

Бір отбасы болайық.

-Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Шаңырақ ненің белгісі?

Біз өткен сабақтарда не туралы өттік?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.



«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен сабақтарды қайталау.

«Ыстық орындыққа» бір оқушы отырып, қалған оқушылар сұрақ қояды.



Қалыптастырушы бағалау

Дескрипторлар:



«Кімді көріп тұрсың?» ойыны.

Балаларға интербелсенді тақта арқылы отбасы мүшелерінің фото суреттері көрсетіледі. Әр оқушы суреттегі өз отбасы мүшелерін көрсете отырып, олар туралы мәлімет береді.

Қалыптастырушы бағалау

Дескрипторлар:

-отбасы мүшелерін атайды

- сурет бойынша толық сөйлем құрастырады



«Аудио мәтінді тыңдау».

Оқушылар аудио мәтінді тыңдап, есте қалғандарын тақтаға жазады.

Бір-бірінің жазғанын тексереді.

Қалыптастырушы бағалау

Дескрипторлар:



  • Мәтінді түсінеді

  • Тақтаға жазады

Сергіту сәті.

Бас бармақ – әкем

Балаң үйрек- анам

Ортаң терек – апам

Шылдыр шүймек – ағам

Кішкентеай бөбек – мен.

«Дәптермен жұмыс»

Балалар жазу дәптерімен жұмыс жасайды.

Матвейге тапсырма.

Берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.

Қалыптастырушы бағалау

Дескрипторлар:



Мәтінмен жұмыс. Әрқайсысына мәтін беріледі. Оқушылар берілген мәтінді бір-бірлеп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.

Мәтін не туралы?

Менің досым бар. Оның аты — Берік. Ол тоғыз жаста. Үшінші сыныпта оқиды. Берік спортпен айналысады. Ол бос уақытында компьютер ойнайды, кітап оқиды, музыка тыңдайды. Ол шахмат ойнауды да жақсы көреді.



Оқушылар өткен тақырыптар бойынша диалог құрастырып, бір-бірімен сөйлейді.

Рефлексия

Берілген стикерлерді күнің көзі, бұлт суреттерін жабыстыру.

Егер сабақ ұнап, барлығы түсінікті болса, сабақтың мақсатына жетсе стикерлерді күннің көзіне жабыстырады.

Ал егер, сабақ ұнамай, түсініксіз болса, сабақтың мақсатына жетпесестикерлерді бұлтқа жабыстырады




Ресурстар

Психологиялық климат ұйымдастыру

Интербелсенді тақта. Фотосуреттерді көру

Аудио мәтінді тыңдайды.

.

Жазу дәптерімен жұмыс.



Қосымша тапсырма

Сөздік қорларын байыту, білімдерін тереңдету.


Тақтаға стикерлер жабыстырады.


Казгородок орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

1 «Б» сынып

Өткізген: Баянжанова А.А.


2017-2018 оқу жылы
Каталог: E444324FA114A466
E444324FA114A466 -> «Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны Интеллектуалдық ойынның мақсаты
E444324FA114A466 -> Сабақтың тақырыбы: Invitation. Сабақтың мақсаты: Past simple туралы білімін жаңғырту және сөйлеу дағдысын қалыптастыру
E444324FA114A466 -> 2017 жылдың 10-17 сәуір аралығында өтетін «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты» атты география, биология және химия пәндері апталығының жоспары
E444324FA114A466 -> Интеллектуалдық ойын «xxi ғасыр көшбасшысы» Мақсаты
E444324FA114A466 -> Коучинг (диалогтік алаңша) Жоспар Тақырып: Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет