Сабақтың тақырыбы: Кешкі асқа тапсырыс беру Сабақтың мақсаты



Дата09.10.2019
өлшемі14,5 Kb.
#49505
түріСабақ
Байланысты:
Кешкі асқа тапсырыс беру

Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Кешкі асқа тапсырыс беру

Сабақтың мақсаты:

1. Дамытушылық: Оқушыларға асқа тапсырыс беру туралы түсінікті қалыптастыру. Сөздер арқылы сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білу, тақырып бойынша мәтіннен ең негізін таба алу, мәтінді аудармасыз түсіндіре білуге дағдыландыру;

2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, дұрыс сұрақ қоя білу дағдыларын, сөздік қорын молайту;

3. Тәрбиелік: тапсырмаларды орындау негізінде топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақты

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, оқу.

Көрнекілігі: семантикалық карта, суретті кәртішкелер,

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

а)амандасу, психологиялық дайындық

- Сәлеметсіздер ме балалар, 

- Халдарың қалай? 

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Мақсат-міндетін қою.

- Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін аудиожазбаны тыңдап көріңдер. «Асқа тапсырыс беру».
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

- Кешкі асқа тапсырыс беру

- Ал сабағымыздың мақсаты қандай?

- Жаңа тақырып туралы білу, сөйлеу, жаңа сөздерді танысу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқылым. Топқа бөлу. «Лицей асханасы» мәтінімен танысу.

Топ мүшелері оқып бір-біріне түсіндіреді.

Жаңа сөздермен танысу:

Ас мәзірі – меню

Таңертеңгі ас – завтрак

Түскі ас – обед

Кешкі ас – ужин

Күнделікті – каждый день

Өзгеріп отырады – меняется

Күріш сорпасы – рисовый суп

Сүт кеспесі – молочная лапша

V.Жазылым. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.

Дәмді күріш сорпасы, сүт кеспесін іштім, дайын ас мәзірі, түскі ас дайындадым.

Осы сөз тіркестерден сөйлем құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Анам дәмді күріш сорпасын дайындады. Мен түскі асқа сүт кеспесін іштім.

Біздің асханада дайын ас мәзірі бар.

VI. 3-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша мағынасына қарай толықтырып жазыңдар.

VIII. Тілдесім. Диалог «Асқа тапсырыс беру»


  • Алло, сәлеметсіз бе, мен түскі асқа сіздерге тапсырыс берейін деп едім.

  • Иә, айта беріңіз, тыңдап тұрмын. Бізде түсте орын бар, келе беруіңізге болады.

  • Екі адамға тапсырыс беруге болама? Досыммен баратын едім.

  • Жарайды. Бір сағаттың ішінде тапсырыс дайын болады.

  • Олай болса, екі адамға ас мәзіріндегі бірінші, екінші, үшінші тағамдардан дайындап қоярсыз.

  • Тапсырысыңызды қабылдадық, күтеміз.

  • Сау болыңыз.

  • Сау болыңыз.

Грамматикалық тапсырма:

Үстеулерді түрлеріне топтастырып жаз.



Сабақтың қорытындысы:

- Оқушылар, бүгінгі сабақта не білдіңдер?



- Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады.

Бағалау.
Үйге тапсырма: сөзік, мақал-мәтел жаттау, мәтінді оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет