Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге есептер шығару. Сабақтың мақсаты



Дата17.02.2017
өлшемі19,13 Kb.
#9536
түріСабақ
Сынып: 5 Пән: математика Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың   кесінді оның ұзындығы,сынық сызықтар оларды салып білу,  оқып білуге үйрету, ұзындықтары бойынша  салыстыра білуге дағдыландыру.

  2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын дамыту.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

  3. Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке  өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: Есептер  шығару , сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары

Сабақтың өту жоспары:

1 .Ұйымдастыру бөлімі.

2.Сабақтың барысымен таныстыру.

3.Практикалық жұмыс .

4.Үйге тапсырма.

5.Бағалау.
     Қайталау үшін сұрақтар:

  1. Кесінді мен сәуленің айырмашылықтарымен ұқсастықтары неде?

  2. Сынық сызықтар деген не?

  3. Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар деген не?

ІІІ. Практикалық бөлімі

65

АВ кесіндісінің ұзындығы 18 см. АВ кесіндісін Д және Е нүктелері тең үш кесіндіге бөледі. Егер АВ кесіндісінің қақ ортасынан О нүктесі бнлгңленсе, ОЕ кесіндісінің ұзындығы неше см?

66

Ұзындықтары бірдей төрт бөлік сымнан параллелепипедтің макеті құрастырылғаны көрсетілген. Сымдардың әрқайсысы неше буынға бөлініп иілген.

67

АД кесіндісінен АВ кесіндісі 5 см ұзын болса, АС кесіндісі 4 см қысқа. АС кесіндінің ұзындығы СВ кесіндісінің ұзындығынан 3 есе кем. АВ кесіндісінің ұзындығы неше сантиметр?

68

Бақтағы 33 жеміс ағашы түзу бойымен бір- бірінен 6 м арақашықтықта орналасқан. Екі шеткі жеміс ағаштарның арақашықтығы неше метр?

А. 192м В. 195 м С. 198м Д.184 м

69

2 баскетбол добы 2 волейбол добынан 600г ауыр, ал 4 волейбол добынан 100г жеңіл. Баскетбол добының массасы неше грамм? Волейбол добының массасы неше грамм?



Сабақты бекіту:

Шағылысқан айна.( оқушылар мұғалімге сұрақ қояды, мұғалім сол сұрақты өзгертіп келесі оқушыға қояды.)

Үйге тапсырма .№

Бағалау.
Каталог: F3689512BDDBB434
F3689512BDDBB434 -> Ііі. Сурет салу, көрме ұйымдастыру
F3689512BDDBB434 -> Сабақ мақсаты : Оқушыларға темекінің зияны, оның таралу тарихы және темекі түтінінің
F3689512BDDBB434 -> Тақырыбы: «Ұстаз ұлы тұлға» Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ жұмысының есебі 16-желтоқсан мерекесіне орай 1сыныбында ата-аналармен бірге
F3689512BDDBB434 -> «Наурыз- жыл басы»
F3689512BDDBB434 -> Ырыбы: «М ені ң ма қ танышым-мемлекеттік р ә міздерім»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет