Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты



бет7/11
Дата20.11.2016
өлшемі2,2 Mb.
#2194
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Абайдың табиғат лирикасы:

Абайдың табиғат лирикасы – ақындық шеберлікпен жазылған сұлу, сырлы жырлар. Жыл мезгілдерін сипаттайтын өлеңдерінде оқушының көз алдына түрлі –түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған бәйшешек, «көгорай шалғын»

мен күркіреген өзені бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жазда сонда, ақтүтек бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреген қытымыр қыс та сонда, аспанын бұлт торлап, гүлі солған, сарғыш даласын шаң басқан, сұрғылт күз де сонда. Табиғат туралы әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тіршілік кәсібіне, шаруа жайы

на көшеді. «Жаз» өлеңінде күркіреп жатқан өзеннің көгорай шалғын жағасына көшіп барып, қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып, үй тіккен қыз-келіншек

тер суреттелсе, «Қыс» өлеңінде шидем мен тон қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға «бет қарауға шыдамай, сырт айналып» мұз жастанған жылқышы

лар, бет – ауызын үсік шалған жас балалар, суық өтіп, титығы құрыған жылқы

лар, айналада жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді.

VІ. Түсінік тексеру:

Суретпен жұмыс: сендер қыс бейнесін көз алдарыңа қалай елестетесіңдер? Абай атамыз қысты қалай суреттеген екен?



Түсініксіз сөздермен жұмыс істеу.

Ұшпа – шашыранды бұлт. Шидем – қойдың жабағысынансыртын қаптап тіккен тон.



Қондыбай, Қанай – кедей ауылдың аттары.

VІІ Жаңа сабақты бекіту.

  1. Өлеңді қандай бөлімдерге бөлуге болады?(«Қыстың сипаты», « Қысқы ауыл»)

  2. Оқушыларға әр бөлімді жеке – жеке оқыту.

  3. Сатылай кешенді талдау арқылы өлеңнің теориялық мазмұнына көңіл бөлу.


Қыс



Өлең құрылысы



Көркемдеуіш құралдар



Тақырыбы мен идеясы



4.Сұрақтарға жауап беру: Не білдік? Не үйрендік? Не білгің келеді?

5.Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.

VІІІ Сабақты қорыту:

  1. Бағалау :

  2. Үй тапсырмасын беру:


1.Абай «Қыс» өлеңін жаттау, өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.

«БЕКІТЕМІН»


Күні: Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: «Қысқы жолда», «Балалық шақ» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: М.Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау, өлеңнің, сөздің астарына, қыр – сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, ойын еркін айтуға, өз пікірін қорғап, айқын да айшықты тілмен сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Мағжан Жұмабаев «Сағындым» өлеңін жаттау



ІІІ. Білім тексеру

М.Жұмабаев шығармашылығы бойынша іздену жұмыстары.



  • Мағжан кім?

  • Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

  • Оқыған жері

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру


  • «Қысқы жолда», «Балалық шақ» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  • Түсінік беру.

  • Мәтінмен жұмыс

VІ. Түсінік тексеру

Өлеңді сатылай кешенді талдау.

«Қысқы жолда»

Өлең.


5 шумақ.

21 тармақ

8 бунақ

7-8 буын


Аралас ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)

а) Эпитет «Құлағын қайшыландырып»

ә) Кейіптеу

«Екі иінінен дем алып», «Сақ – сақ күледі, долданып», «кебін жамылып», «екі санын шапақтап».

Б) Теңеу: «Аңдай ұлып»

9) Қаракөк – аттың аты.

10) Өлең табиғаттың қаталдығы адамға, малға қауіпті екендігін білдіреді.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1. Оқулықпен жұмыс.


  • «Қысқы жолда» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер?

2.Венн диаграммасы арқылы қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру.


Жаз

1.Жылы


2.Жаңбыр

3.Жел




Қыс

  1. Суық

  2. Қар

  3. Боран


3. «Балалық шақ» өлеңіндегі «Білімдінің сөзі - ем», «Балалық шағың патшаның тағы» деген тіркестерге түсініктеме беру,талдау.



VІІІ.Сабақты қорыту
1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру

1. Ұнаған өлеңді жаттау.

2. Қыс туралы немесе балалық шақ туралы әңгіме жазу.

«БЕКІТЕМІН»


Күні: 22.01.13 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев « Өтеген батыр» дастаны

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, дастанның тақырыбы, идеясы мен мазмұнын меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды пікірлерін ашық айта білуге, бір – бірімен пікір алыса білуге, талдауға , ой – өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру..

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, сызба - нұсқалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру


  1. Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Ой қозғау» әдісі

А) Суырып салма дегеніміз не?

Ә) «Өлең - сөздің даналығы» сөзіне талдау жасау

Б) Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

В) Жамбыл жылдан ұзақ ғасыр жасаған ақын

3. «Топтастыру» әдісі. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау.



Өлең сөздің даналығы





Дара жүйрік


Суырып салма




Жамбыл




Айтыс ақыны


өнерлі




Ауыз әдебиетін жалғастырушы



2. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Жамбыл Жабаев (28.02.1846ж. Жамбыл облысы, Хан тауының етегі-22.05.1945ж.) –халық ақыны. Балалық шағы Жетісу өңірінде – осы күнгі Алматы облысының Жамбыл ауданында өткен. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаздар екен. Жамбыл жастайынан өнерлі ортада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңына ере жүріп, қобыз, домбыра тартуды үйренеді. Жабай баласының бұл беталысын ұнатпай, оған тоқтам салуға тырысқан. Өнерге ұмтылған жас малшы, жалшылар бас қосқанда, түнгі күзет кезінде батырлар жыры, ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап, оның кейбірін өзі өлеңдетіп жүрген. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген. Содан былай ол: «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, жырды өрбіте түскен. Басқа да көптеген атақты ақын-жыршылармен кездесіп, достасқан. Жамбылдың енді бір үлкен мектебі – қазақ фольклор қазынасы болды. Ол жастайынан-ақ «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» және қырғыздың «Манас» эпосынан үзінділері, Шығыстың «Рүстем» дастанын, «Көрұғлыны», «Жүсіп – Зылиқаны» жатқа жырлады. Сүйінбай ұстазынан Сұраншы, Өтеген батырлар туралы аңыздарды үйренеді. Айтыс өнеріне Жамбыл жастайынан араласқан. Шілдехана, жиын-тойларда қыз-жігіттермен түре, сүре айтысқа түсіп, қарсыластарын көбінде жеңген. 16-17 жасынан-ақ ел аузына ілігіп, «ақын бала» атанды. Бұл жөнінде «Менің өмірбаяным» деген өмірбаяндық толғауында былай деген. «Топ десе он жетімде тартынбадым, семсердей майдандағы жарқылдадым». Жамбыл – көптеген ақындармен айтысып, жеңіске жеткен, халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын. Өзінің айтуынан, шәкірттерінің жадында сақталғандарынан жазылып алынып, хатқа түскендері мыналар: Жамбыл мен Айкүміс, Бақтыбай мен Жамбыл, Бөлектің қызы мен Жамбыл, Жамбыл мен Сара ақын, Майкөтпен дидарласу, Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны, Жамбыл мен Бөлтірік, Жамбыл мен Сарыбас, Құлмамбет пен Жамбыл, Жамбыл мен Доспанбет, Жамбыл мен Шашубай. Бұлардың бәрі жинақтарына еніп, зерттеулер мен мақалаларда талданып келеді.

Жамбылдың ақындық, айтыскерлік даңқын шығарған – Құлмамбетпен айтысы.


  1. «Талдау» әдісі. Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау




  1. Шығарманың тақырыбы- жайлы қоныс, шұрайлы жер.

  2. Оқиғаның басталуы – Алып келсем елімді Жиделібайсын еліне қалмас еді – ау арманым.

  3. Оқиғаның шиеленісуі – Егер де айтқаныма көнбесеңдер бұл жерді ақырында алар орыс.

  4. Оқиғаның шарықтау шегі – Жиделібайсын дегенн жерге көшелік тіл алсаңдар жерден ауып.

  5. Оқиғаның аяқталуы – Жұрт Өтегеннің тілін алмады, Өтеген еліне өкпелі болып Түркістанға кетті.

  6. Шығарманың идеясы – Ел ертеңі халық қамы.


VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ- жауап



  1. Батырдың арманы не?

  2. Батырдың ренжіп, қапалануы неліктен?

  3. Өтеген батыр өз басын ойласа қиналар ма еді?

  4. Мал жайылымына неліктен ерекше мән беріді?



VІІ. Жаңа сабақты бекіту

Шығарманы салыстыру


Ел қамын ойлаушы,жер қадірін бағалаушы жайлы жерден қоныс іздеуші.



Асан қайғы-

жырау, халық қамқоршысы,бейбіт өмірді аңсаушы



Өтеген батыр-

батыр, ақылды,төзімді, отарлау саясаты кезінде өмір сүрген,еліне өкпелі.



.


VІІІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.

1.Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинау.

2.«Өтеген батыр» дастанының ұнаған шумақтарын жаттау.



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқулықтан Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті оқу.

2.«Өтеген батыр» дастанының ұнаған шумақтарын жаттау.

ІІІ. Білім тексеру:

Өткен сабақта Сәкен туралы зерттеу деректер жинап келу тапсырылған. Қане, ойымызды ортаға салайық.


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


  • Электронды оқулықпен жұмыс.

(Электронды оқулықтан «Ақсақ киік» өлеңі мәнерлеп оқылады)

  • Балалар, өлеңнің бастапқы жлдарында баяндалған Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін. Арқа-Сарыарқа - Орталық Қазақстанды алып жалтқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты құмды, шөлді жер.

  • Киік дегеніміз не? Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды. Киік шөлді жерді мекендейді. Оның мүйізі медицинада дәрі – дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Еті мен мүйізі бағалы.


VІ. Түсінік тексеру:

    1. Кітаппен жұмыс:

  • Мәнерлеп оқу.

  • Түсініксіз сөздерді белгілеу.

    1. Экранға сөздік жазылады.

Қу баялыш –шөптің атауы.

Сегіз көштік – ұзындық өлшемі.

Таңа – жануардың әсем, сұлу мүсіні.

Қос – шатыр күрке.

Бетеге – шөп атауы.

Тақтадағы сөздерді дәптерге жазу.


VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  • Шығармашылық жұмыс.

  1. Өлең мазмұнына сүйене отырып, өлең ішінен табиғат көрінісі, киіктің сұлу мүсіні, мүшкіл халін суреттеген жолдарды тауып, өз сөзімізбен айтып көрелік.

(Оқушылар өлеңнен тауып айтады.)

  1. Өлеңнен ақынның қандай бейнелі сөздерін байқадық?

Елеңдеп жас балаша жаутаңдайды – теңеу.

  1. Сұрақ жауап

  • «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы не?

  • С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі арқылы жас ұрпаққа не айтқысы келді?

  • Табиғатты қорғау, жан – жануарларды қорғау туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?




  1. Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік? ББҮ әдісі.




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім






























VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылы туралы мәлімет жинау

2.«Ақсақ киік» өлеңін мазмұндау, өздеріңе ұнаған жерін жаттау.

«БЕКІТЕМІН»
Күні: 29.01.13 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Күй» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, поэманың негізгі идеясы мен мазмұнын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: І.Жансүгіров портреті, «Қазақ әдебиеті» энциклопедия

кітабы, І.Жансүгіровтің шығармалар жинағы



Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ .Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.



  • 1894 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында туған.

  • 4 жасында анасынан айырылып, әке тәрбиесінде өскен.

  • 1911 жылы ауылдағы қазақ – татар тіліндегі бастауыш мектепті бітіреді.

  • Ташкетте қазақ – қырғыз институтында, 1925 жылы Мәскеуге оқуға кетеді.

  • 1928 жылы коммунистік журналистика институтын бітіреді.

  • Балаларға арнап әдемі өлеңдер жазған.




  1. Шығарманы жоспарлау

І кіріспе:

а) Қобызшы туралы.

ІІ негізгі бөлім:

а) «Бозінген күйі» туралы.

ІІІ қорытынды:

а) Күйдің адам өміріндегі маңызы


ІV. Жаңа сабақты бекіту

Шығарманың негізгі бөлімін жоспармен салыстырғанда:



  • Молықбайдың ерекше шебер тартатын күйі.

  • Қобыз үнімен күтімдегі інгеннің маңғаз, сұлу мүсінін бейнелеу.

  • Сатылған інгеннің зарын тарту.

  • Ақын қолданған теңеу мен эпитетті табу.


Сұрақ - жауап:

  • «Күй күшті тауды тасты бұзатұғын» деген ақынның ойын сендер қалай дамытар едіңдер?

  • «Нар идірген» аңызын білетіндерің бар ма?

  • Поэма өздеріңе қалай әсер етті?

  • Қылқобыздың зарлы үнін поэмадан таба аласыңдар ма?

V. Сабақты қорыту

*Бағалау

*Үй тапсырмасын беру

  1. І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

  2. «Күй» поэмасын оқып, үзінді жаттау.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов « Ақын қонақтар» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға М Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы, тақырып

пен идея туралы, « Ақын қонақтар» сюжеті жайында әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, шығармалары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

  2. «Күй» поэмасы туралы ойтолғау жазу


ІІІ. Білім тексеру:

І. Жансүгіров «Күй» поэмасы бойынша

Сұрақ - жауап:



  • « Күй күшті тауды тасты бұзатұғын» деген ақынның ойын сендер қалай дамытар едіңдер?

  • «Нар идірген» аңызын білетіндерің бар ма?

  • Поэма өздеріңе қалай әсер етті?

  • Қылқобыздың зарлы үнін поэмадан таба аласыңдар ма?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.



Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен. Олар Абаймен жақсы сыйластықты қарым-қатынаста болыпты. Білім сапарын ауыл мектебінен бастаған бала Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі-Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе, Абай аудармаларын, Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегин жауабын жаттатқызатын», - деп қаламгер кейін өз естеліктерінде жазған.

1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады. Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналысуына үлкен себепші болған.

М. Әуезовтің тырнақалды туындысы- «Еңлік – Кебек» пьесасы 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған.

Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. 20-30 – жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген көптеген әңгімелер туған, ал 20-жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) және «Қилы заман» (1928) повестері жазылған.

Мұхтар Әуезов – қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі, ол- тарихи тақырыптарға арналған ондаған пьесалардың авторы.

Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.

2. Тақырып пен идея туралы әдеби білім беру.

Көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды.

Көркем туындының идеясы дегеніміз – жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы, танытпақ шындығы.


  1. М. Әуезов шығармаларының ең биік шыңы – «Абай жолы» романы.Бүгін осы шығарманың үзіндісімен танысамыз.

-Сендер Абай туралы не білесіңдер?

-Оған жас кезінен өлең – жыр әңгімені кім айтқан?

-Абай кімнің тәрбиесінде болған?

Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. Мұхтар Әуезов – қазақ халқының ұлы жазушысы бүкіл әлемге, бізге Абайды танытқан.

Балалық шағы Шыңғыстау бөктерінде өткен, жастай өлең – жырға құмар болған Абайдың ұстаздары – әжесі Зере, шешесі
Ұлжан. Мұхтар Әуезовтың атасы – Әуез балаға Абайдың өлеңдерін жаттататын.


Жас кезінен балалық шағы бір жерде өткен, Мұхтар Әуезов қолжазбаларды жинап, көп жылдан соң өзінің ең үлкен жұмысын «Абай жолы» романын жазып, бүкіл дүние жүзіне Абайды танытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет