Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


-сынып. Ежелгі дүние тарихы



бет5/5
Дата25.12.2016
өлшемі1,04 Mb.
#4902
түріСабақ
1   2   3   4   5

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §27. Империя дәуіріндегі Рим

Сабақтың мақсаты:


  • Рим империясы орнауының тарихи себептері, онда басқарудың жаңа жүйесінің қалыптасуы, римдендіру шаралары, экономикадағы, әлеуметтік саладағы дағдарыстардың тереңдеуі мен салдарлары, империяның екіге бөлінуінің жай-жапсарлары жөнінде оқушыларға толық мағлұмат беру.

  • Республикалық және империялық құрылыс ерекшеліктерін айқындау, әлеуметтік топтардағы, әсіресе колондардағы өзгешеліктерге назар аудару.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сәйкес карта, оқулықтағы суреттер, тақта, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Төмендегі сауалдарды ямын:


  • Республика дегеніміз не? Оның монархиядан айырмашылығы неде?

  • Римде республика орнауының себебі не?

  • Оның қандай басқару ұйымдары болды? Олар қандай жұмыстарды атқарды?

  • Пуни соғыстары неше рет болды? Ол соғыстардың шығу себебі неде?

  • Римдік және провинциялық ақсүйектерге кімдер жатты?

  • Негізгі өндірушілер дегеніміз кімдер?

ІІІ. Білімді бағалау.

IV. Үй тапсырмасымен жаңа өтілетін тақырыпты байланыстыру

Жаңа сабақ жоспары:


  1. Империяның құрылу себептері;

  2. Принципат және доминат басқару жүйелері;

  3. Шет аймақтарда Рим салтын қалаптастыру;

  4. Шаруашылық пен әлеуметтік саладағы дағдарыс;

  5. Рим империясының Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі.

Рим империясының картасы тақтаға ілінеді.

Рим империясының картасы бойынша оның алып жатқан жер аумағын, шекарасын көрсеткеннен кейін «империя, император» ұғымдарының мазмұнын ашу мақсатында оқушыларға «Империя дегеніміз не? Өткен тақырыптарда қандай империялар туралы оқыдық? Император деген кім? Оның демостан айырмашылығы қандай?» деген сауалдар қоямын. Одан әрі Рим империясының құрылуына қысқаша тоқталып өтемін. Рим империясының құрылуының негізгі себептерін айтумен қатар, империяға ортақ белгілерді де атап көрсетемін. Рим империясымен македония империясының ерекшеліктерін салыстыра әңгімелеймін. Гай Юлий Цезарь қастандықпен өлтірілгеннен кейін, ел билігіне Октавианның келуін оқулық көлемінде баяндаймын. Оның Цезарь реформаларын аяғына дейін жеткізуші болғандығы және Рим империясының екі ғасырға жуық ешбір өзгеріссіз қалғандығы баса айтылады.

Бұдан әрі Диоклетиан тұсындағы мемлекеттік басқару жүйесі әңгіме етіліп, жаңа ұғымдарға (тақтаға жазылған) түсінік беремін.

Принципат тұсында републикалық ұйымдар сақталғанмен, олардың бұрынғыдай күші болмағандығын баяндап, оның себептерін оқушыларға түсіндіремін.

Римдендіру саясатының мақсатын ашамын.

Бұл саясатты қолдаушылар:



  • Принцепстер;

  • Ақсүйектер;

  • Жауынгерлер.

Шығыны мол соғыстар мен құлиеленушілік құрылыс Рим империясындағы шаруашылық пен әлеуметтік дағдарыстың қалыптасуына негізгі алғышарттар тудырды. Құлдар еңбегінің неліктен өнімсіз болғанына да оқушылардың назарын аударамын. Бұдан кейін империяның екіге, яғни Батыс және Шығыс болып бөлінуі оқулық бойынша әңгімеленеді.

V. Жаңа сабақты пысықтау

28-параграф бойынша оқушыларға нақты, тұжырымды сауалдар қоямын.

VI. Өтілген жаңа тақырып бойынша шағын қорытынды жасаймын, оқушыларды оқулықтағы сыныптан тыс материалдармен, жаңа ұғымдармен таныстырамын.

VII. Үй тапсырмасы: §28.

28-параграфты оқу, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап, қосымша материалдарды зерделеу, осы тақырыпқа сәйкес «Жұмыс дәптерінде» берілген кестені толтыру.



6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §29. Ежелгі Римнің өнері

Сабақтың мақсаты:


  • Римдегі мектеп, оқу жүйесі туралы, әдеби шығаммалар мен шешендік өнер жөнінде, құқық дамуы туралы оқушыларға тарихи мағлұиат беру.

  • Рим өнеріне басқа елдер мәдениетінің әсері, өнер түрлері, олардың ерекшеліктері, даму жолдары.

  • Тиянақты білім алуға деген құштарлыққа, шешендік өнер мұраларына деген құрмет сезіміне, поэзияны түсіне білуге, құқықты сақтауға баулу. Бұлардың бәріне жалпыадамзаттық мұра, құндылықтар ретінде қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, «Ежелгі дүние өнері». Алматы, 1989.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасыны сұрау.

Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:



  • Империя дегеніміз не? Римде империяның орнауына қандай себептер болды?

  • Принципиат және доминат басқару жүйелері қай императорлардың тұсында енгізілді?

  • Провинциялар халықтарын римдендіру не үшін қажет болды? Олқандай жолдармен жүргізілді?

  • Римдендіру саясатын кімдер қолдады?

ІІІ. Білімді бағалау.

IV. Үй тапсырмасы мен жаңа өтілетін тақырыпты байланыстыру

Жаңа сабақ жоспары:


  1. Рим мектебі

  2. Рим поэзиясы

  3. Шешендік өнер

  4. Құқық.

Оқушыларға Римдегі оқыту жүйесі, оқу пәндері туралы әңгімелеймін. Рим балаларының римдік мектептерде, өз отбасыларында, шет ел мектептерінде оқығанын баяндаймын.

Оқушыларға: «Білім римдік балаларға не үшін қажет? Білімі жоқ адам қандай болады? Білім сендерге не үшін керек?» деген сияқты сауалдар қойып, білім қоғам дамуынынң бірден-бір қайнар көзі екеніне көздерін жеткіземін.

Бұдан әрі оқулықтағы материалдар негізінде Рим поэзиясы туралы әңгімелеймін.

Қосымша материал ретінде Римнің атақты ақындары Лукрецийй мен Овидийдің шығармаларын пайдалану. Ғалым әрі ақын Лукреций «Заттың жаратылысы туралы» поэмасында табиғат пен адам баласының тарихын жырлайды. Найзағайдың жарқылдауы мен жердің сілкінуі, адамның ұйықтау себептерін түсіндірді. Оның пікірі бойынша табиғат атамдардан тұрады. Атомдар бір-бірімен қосылып, аспан денелерін, жерді, тірі денелерді, адамдардың жанын құрайды Лукреций жанның мәңгі өмір сүретінін теріске шығарып, жанның денемен бірге өлетінін баяндайды.

Овидийдің жеті жыл жазған «Метаморфоздар» поэмасы бес кітаптан тұрды. Бұл шығарма Гомердің «Илиада» және «Одессея» дастандарына ұқсас еді. Поэмада дүниенің пайда болуынан бастап, император Августың заманына дейінгі аралықтағы барлық өзгерістер баяндалады. Овидий адамзат өмірінің даму кезеңдерін төрт ғасырға бөледі.

Оқушыларға: «Қазақ ақындарынан кімдерді білесіңдер? Олардың қандай шығармалары бар?» деген сұрақтар қоямын. Сөйтіп поэзияның ежелгі дүниеде пайда болса да, бүгінгі күнге дейін жетіп, дамыған жалпы адамзаттық өнер саласы екенін атап өтемін.

Римдегі шешендік өнерді қазақтың шешендік өнерімен де байланыстыра қарастырамын. Римдегі құқықтың қалыптасуы туралы айтқанда құқықтық тәрбие беретін жайларға көңіл аударған дұрыс. «Біздің еліміз құқықтық мемлекет орнатуда. Оны қалай түсінесіңдер?» деген сауал қоямын.

V. Жаңа тақырыпты пысықтау: 29-параграф материалдарына орай нақты сауалдар қойып, оқушылардың бұл тақырып бойынша не түсінгендерін анықтаймын.

VI. Білімді бағалау.

VII. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Осы тақырыптағы тарихи құбылыстар мен процестердің пайда болуы мен дамуының жалпыадамзаттық маңызы туралы қорытынды жасалады.

VIII. Үйге тапсырма:

29-параграфты оқу, сыныптан тыс оқылатын материалдарды зерделеу, «Жұмыс дәптеріндегі» тест сұрақтарына жауап жазу.



6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §30. Римнің мәдени өмірі

Сабақтың мақсаты:


  • Қалалардың мәдени орталыққа айналуы, сурет, мүсін өнерінің дамуы және христиан дінінің қалыптасуы туралы оқушыларға түсінік беру.

  • Рим мәдениетінің өзіндір ерекшеліктерін ұғындыру.

  • Мәдени мұраларды қорғауға, әсемдікке, эстетикалық талғамдарға баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер. Карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.



  • Рим балалары қандай мектептерде оқыды?

  • Мектептерде қандай пәндер оқытылды?

  • Вергилий «Энеида» поэмасында не туралы жазды?

  • Гораций не туралы жазды?

  • Шешендік өнер дегеніміз не?

  • Құқық қалай қалыптасты?

ІІІ. Білімді бағалау.

IV. Үй тапсырмасымен жаңа тақырыпты байланыстыру.

Жаңа сабақ жоспары:


  1. Қалалар және қалалақ өмір

  2. Сәулет өнері

  3. Мүсін өнері

  4. Христиан дінінің шығуы.

Рим қалаларының әкімшілік орталығы ғана емес, мәдениет орталығы болғандығы туралы әңгімелеймін. Мысалы Рим қаласын алса, жеткілікті. Бұдан әрі оқулықтағы материалдарды пайдаланамын. «Қазіргі Қазақстан қалаларында қандай театрлар, мәдениет ошақтары бар? Қандай мерекелер тойланады?» деген сауалдар қоямын. Римдіктер өздері жаулап алған елдердегі өнер туындыларын олжалаумен қатар, сәулет және мүсін өнерінде өздерін де көптеген жетістітерге жеткеніне баса назар аударамын.

Оқулықпен жұмыс жүргізілген кезде жеңіл әрі қысқа тақырыпшаны оқушының өзіне оқытамын. Бұдан кейін суреттермен жұмыс жүргізіледі.

Колизей, пантеон, форум т.б. суреттеріне оқушылардың көңілін аудару. Оқулықта берілмеген суреттерді плакатқа өзім салып, көрнекілік ретінде қолданамын.

Христиан дінінің қалыптасуы және Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызы туралы оқулық көлемінде әңгімеленеді.

«Грекия сәулет өнерінің ерекшелігі неде?

Мүсін өнерінде қандай өзгешелігі болды?» деген сияқты сауалдар оқушылардың Грекия, Рим мәдениеттірінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қадағалап отыруына мүмкіндік береді.

Бұдан соң жаңа тақырыппен және оның жоспарымен оқушыларды таныстырамын да, Рим қаласы бойынша ойша саяхатқа шығарамын. Әңгіменің ұтымдылығы шығармашылығына, қосымша әдебиеттер мен көрнекіліктерге байланысты.

«Бүгін ежелгі римдіктер 123 күнге созылған үлкен мерекеге дайындалуда. Қаланың барлық көшелері түсәсетін орталық алаң-форумға жиналған қалың халықты қала әкімшілігі, елге танымал саяси қайраткерлер құттықтап, Палатин жотасының оңтүстік жазығында орналасқан ипподромға шақырады. Біздер де солармен бірге ипподром орналасқан Палатин жотасын бетке алып, жүріп келеміз. Жол бойы бау-бақша қоршаған зәулім үйлер. Бұлар-Рим шонжарларының үйлері. Үйлердің маңында –жұмыс істеп жүрген құлдар. Палатин жотасының төбесінде императордың сарайы тұр.Оның үлкендігі соншалықты, бір ауданның жерін алып жатыр. Елдің бәрі император сарайына қызыға қарауда. Сарайдың бірінші залында императордың үлкен мүсіні тұр. Бөлмелердің дәрі де алтынмен, қымбат тастармен және меруерт қабыршақтарымен әшекейленген екен. Бір бөлме бұрышсыз, дөңгелек етіп салынған, оның төбесі жұлдыздары жымыңдаған ашық аспанды еске түсіреді. Сарайданшығып, ат жарысы өтетін жерге келдік.

Ипподром өте үлкен екен. Ондаған мың көрермен сыйып кетердей. Император мен шонжарлар өздеріне арналған ложаларға келіп орналасты.Керней тартылғаннан кейін алаңға шабандоздар төрт ат жегілген жеңіл арбалармен жарыса шықты. (Осы жерде оқушылардан: «Ипподромда болғандарың немесе теледидардан ипподромда өткен осындай жарысты көргендерің бар ма?» деп сұрап, ат жарысының ежелден келе жатқан спорт және демалыс түрі екеніне тоқталамын.)

1,5-2 сағат шабандоздар жарысын қызықтаған халық Колизей амфитеатрына қарай жүрді. Онда гладиаторлар шайқасы болды. Сәулет өнерінің ірі жетістігі Колизей амфитеатрына оқулық көлемінде сипаттама беремін. Міне, қос дөңгелекке мінген, салтанатты киінген император жауынгерлері аренаға шықты, олардың соңында- қару жарақ көтерген құлдар. Император ложасының қарсы алдында гладиаторлардың салтанатты шеруі келіп тоқтады. Олар оң қолдарын жоғары көтеріп: «Армысың, император, өлімгебас тіккендер сені құттықтайды!» деді. Гладиаторлардың кейбілеулері алғаш рет аренаға шыққалы тұрса, енді біреулері-осындай аренада талай рет жеңіске жеткендер.

Олар тағы да өз өмірлері үшін шайқаспақ. Құттықтаудан соң ұйымдастырушылар гладиаторлардың қаруларын тексере бастады. Жүзі қайтқан семсерлерді өткірлеуімен ауыстырды. Қару таратылған соң, жекпе-жекке шығатындар анықталды. Міне, қолына ау мен аша ұстаған құлға қарсы қысқа семсер мен қалған ұстаған гладиатор шықты. Дабыл қағылып, керней ойналған соң, шайқас басталып та кетті. Көрермендер оларға бәс тігіп жатыр. Біраз уақыттан кейін семсерлі гладиаторлар қарсыластарын тізе бүктірді. Император мен өзге көрермендер «Өлтір оны!» деп дауыстап, бас бармақтарын төмен қарай нұсқады. Жеңілгенқұлдың басы кесілді».

Христиан дінінің пайда болуы, оны уағыздаушылардың түрлі пікірлері, т.б. жөнінде оқулық көлемінде баяндаймын. Оқушылардың есте ұстайтыны-христиан дінінің әлемдегі ең ірі үш діннің бірі екендігі. Кейін үстем тап өкілдерінің оны халықты өзіне көзсіз бағындырудың құралына айналдырғаны туралы баса айтамын.

V. Жаңа тақырыпты пысықтау:

Өтілген 30-параграф бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың материалдарды жадына сақтауына ықпал етемін.

VI. Бағалау.

VII. Жаңа тақырыпты қорытындылау.

Өтілген тақырып бойынша қорытындылар жасаған соң, оқушыларды сыныптан тыс оқылатын материалдармен , суреттермен таныстырамын.

VIII. Үйге тапсырма.

30-параграфты оқу, «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындау, сыныптан тыс оқылатын материалдарды оқу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §31. Батыс Рим империясының құлауы.

Сабақтың мақсаты:


  • Батыс Рим империясының құлауының негізгі себептері туралы оқушыларға ғылыми ақпарат беру.

  • Батыс Рим империясындағы ішкі және сыртқы қайшылықтар тамырының басқа елдермен салыстырғанда өте тереңде жатқанына көз жеткізу.

  • Қарудың күшімен құрылған империяның құлауы заңды құбылыс екендігіне тоқталып, тәуелсіздікті қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, материалдар, т.б. Қосымша материалдар: Т. Жұртбаев. Дулыға. 1-т., Алматы, 1994.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.



  • Қалаларда қандай мәдени ошақтар болды?

  • Колизей амфитеатры мен Пантеон храмы туралы не білесіңдер?

  • Мүсін өнерінде қандай табыстар болды?

  • Христиан дінінің қалыптасуының әлеуметтік негізі неде?

ІIІ. Білімді бағалау.

IV. Үй тапсырмасымен жаңа тақырыпты байланыстыру.

Жаңа сабақ жоспары:


  1. Империядағы ішкі қайшылықтардың тереңдеуі

  2. Ғұндардың батысқа жорығы.

  3. Готтардың Римге басып кіруі.

  4. Батыс Рим империясының құлауы.

Әңгімелеу барысында Империядағы ішкі қайшылықтар тамырының тереңдеуін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен байланыстырамын. Соның салдарынан империя өз шекарасын қорғай алмайтын деңгейге дейін жеткенін баса айтамын. Ғұндардың батысқа жорығын айтқанда оның халықтардың ұлы қоныс аударуына әсерін естерінде ұстату .

Оқулықпен жұмыс істегенде суреттерге, қосымша материалдарға назар аударылады.

Бір оқушыны тұрғызып оқулықтағы Атилла туралы сипаттаманы дауыстап оқытамын.

Готтардың Римге шабуылы оқулық көлемінде баяндалады.

Батыс Рим империясының құлауы Батыс Еуропадағы құлиеленушілік құрылыстың күйреуіне әкеп соғуына да оқушылардың көңілін баса аударамын.

V. Жаңа тақырыпты пысықтау. 31-параграфқа орай оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырып пысықталады.

VI. Білімді бағалау.

VII. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Қысқа қорытындыда Батыс Рим империясы құрылуының негізгі себептерін қайталап айтамын.

VIII. Үйге тапсырма: §31.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:


  • Жыл бойында өткен материалдарды қайталай отырып, белсенділігі жоғары азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Қайталанатын материалдар:

  1. Ежелгі Қосөзен мемлекеттері

  2. Ежелгі Египет

  3. Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер

  4. Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия

  5. Ежелгі Грекия

  6. Ежелгі Рим

Сабақты бекіту:

    • «ККК»

    • Топтастыру

    • Бетпе-бет

    • Эрудит

    • Өрмекші ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды бекіту.

Бағалау: Жылдық қорытынды бағаларын қою

Үйге тапсырма: ІҮ тоқсан материалдарын қайталау







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет