Сабақтың тақырыбы: Көңілді жануарлар әлемі



Дата21.07.2017
өлшемі38,56 Kb.
#21776
түріСабақ
Тасқала ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті

Көңілді жануарлар әлемі ”

« Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды, психологиялық – педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастыруы » атты инклюзивті білім беру кабинетінің мамандары, логопедтер, дефектологтар, ЖББОМ-ң мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстанатын

педагогтардың ашық есік күні.




Өткізген: Д.Кушанов

ерте түзеу педагогы



2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Көңілді жануарлар әлемі
Сабақтың білімділік мақсаты: Балаларды жабайы жануарлармен таныстыру, олар туралы түсінік беру, олардың айырмашылықтарымен, пайдасын айтып түсіндіру

Сабақтың түзетушілік-дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жоғарылату, сұрақ-жауап арқылы есте сақтау қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Сабақтың тәрбиелеушілік мақсаты: Жеке тұлғаны психологиялық жағынан белсендендіру, сенімсіз жағдайдан және қысылу сезімінен арылту.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі материалдар , бояу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Сәлеметсізбе!

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөп-мөлдір, таза көңілмен.

Сабағымызды бастайық.

-Балалар, біздер бүгін барлығымыз бірге орманға барамыз. Орманға барғанда алдыныздан нелерді кездестіресіңдер? (Балалардың жауаптары)

Дефектолог. Ал енді, балалар ойланайықшы, бізде орманда қандай жабайы жануарлар тұрады.

-Қараңдаршы, мына шыршаның артында не бар екен? (жануарлардың суреттерін бір-бірден алып көрсету қоян,аю,қасқыр,түлкі).

Мынау қандай жануар?( Қоян). Қоян туралы не білесіңдер?Балалар жабайы жануарлар туралы түсініктерін айтады.

II. «Жабайы жануарлар» презентация.

Дефектолог. Барлық жабайы жануарлардың суреттерімен таныстырып, олар туралы түсінік беріп, олардың айырмашылықтарымен, пайдасын айтып түсіндіру.

ІІІ. Ойын әдісі.

Дефектолог. Енді осы алаңда біздер ойындар ойнаймыз.

1) «Құрастыру». 3-4 бөлшектен тұратын жабайы жануарлардың суреттерін құрастыру. (Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін жоғарылату).



2) «Үй жануары, дала жануары және құстар» атты дидактикалық ойын. Мен сендерге дала жануары деп, допты лақтырамын. Ал сендер «аю, қоян, қасқыр т.б.» жануарларды атап допты кері маған лақтырасыңдар.

3) «Фотосуретші». Мұғалім фотосуретші болып, жабайы жануарларды суретке түсіргісі келеді. Ал оның көмекшілері (оқушылар) жабайы жануарларды дұрыс отырғызу қажет. Мысалы: аюды ортаға отырғызып, оның оң жағына кірпіні, ал сол жағына қасқырды, ал кірпінің оң жағына қоянды т.б. Фотосуретшінің жануарларды түсірген суретіне көңілі толық емес, сондықтан ол көмекшілерінен орындарын ауыстыруын сұрайды.
IV. Саусақ жаттығуы.

Дефектолог. Балалар, біздер барлығымыз ойнадық, ал енді сендердің саусақтарыңызды ойнатайық. Барлығымыз менімен бірге қайталап, саусақ жаттығуын орындаймыз. Жаттығуды дұрыс және әдемі орындаймыз. Саусақ жаттығуы «Қоян», «Ит», «Ешкі» т.б.
V. Трафарет әдісі арқылы жұмыстану.

Дефектолог: Жарайсыңдар, біздің қолдарымыз, енді олар әдемілеп жабайы жануарлардың суретін салып, дұрыс жазылуын тексерсін (суретті нүкте арқылы қосу, немесе трафарет әдісі).
VI. Компьютерлік ойын.

Балалар, біздер әдемілеп жабайы жануарлардың суретін салдық, ал енді оларды компьютерде орындап көрейікші(компьютермен жұмыс).


VII. Бекіту: дидактикалық ойын «Сиқырлы қап».

Дефектолог. Балалар біздер бүгін орманда болдық, орманда әдемі, тыныш, бейбітшілік орнап тұр. Біздер жабайы жануарлардың түрлерімен таныстық, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын, пайдасын білдік. Ал, енді айтындаршы, кім қандай жануар кейпінде болғысы келеді, сол жануарды осы қаптың ішінен тауып алсың.
VIII. Сабақты қорытындылау:

Балалар біздер бүгін не туралы өттік? Қандай жануарлармен таныстық? Олар туралы не білдіңдер?Олардың қандай пайдасы бар? Жануарларды атап шығайықшы. Ал, енді келесі сабақта басқа жануарлармен танысамыз. Сізге сабақ ұнады ма? Олай болса үйге тапсырма



X. Үйге тапсырма: жабайы жануарлар туралы жұмбақ жазып, жаттап келу.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет