Шымкент қаласы, №30 О.Жандосов атындағы жалпы орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Искакова Гүлмира
Сабақтың тақырыбы:
Көктемде. Мезгіл үстеу
Сабақтың мақсаты:
Үстеу түрлерін ажырата білуге, сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру.
Шағын топтарда тапсырмалар барысында өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге баулу.
Оқып үйренудің нәтижесі:
Көктем тақырыбында сауатты сөйлейді, жазады, ойларын еркін жеткізеді. Үстеу түрлерін ажырата біледі. Топтық, жұптық жұмысқа бейімделеді, іскерлік дағдылары қалыптасады, шығармашылық ізденіс қабілеттері дамиды.
Оқуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер
Сергіту сәті «Көтеріңкі көңіл күй», Блум таксономиясы, «Мозайка» әдісі (гүлдер) арқылы топтастыру, «Ұшқыр ой», «Ой қозғау», «Сөйлемдерді аяқта», «Суреттер сөйлейді», «Сөйлемдерді толықтыр», «Семантикалық карта», «Екі жұлдыз, бір тілек».
Модульдің қолданылуы
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, талантты және дарынды баламен жұмыс, оқушы-лардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Барлық оқушыларды
сабаққа тарту жұмысы
Ынтымақтастық атмосферасын құру, жеке, топтық жұмыс, дәптермен жұмыс, талантты, дарынды баламен жұмыс, СТО тапсырмалары арқылы сабаққа тарту.
Қолданған бағалау түрі
ОүБ, бағалау парағы, смайлик арқылы, мадақтау арқылы, топтық бағалау, критерийлер арқылы өзара бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, жиынтық бағалау.
Негізгі дереккөздер
Оқулық, АКТ, сурет, қима кеспе, сызбалар, Power Point презентация, постер, бағалау парақша
1. Сергіту сәті. «Көтеріңкі көңіл күй» (3мин). Мен оқушыларды көңіл–күйін сабаққа аудару, ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында айналдыра шаттық шеңберіне тұрғызамын.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! – тақпағын айтып, сол жағында тұрған сыныптасына бүгінгі күнге ізгі тілектерін білдіреді.
2. Топқа бөлу (2 мин). Мозайка әдісімен 3 топқа бөлемін. «Бәйшешек», «Раушан», «Қызғалдақ» гүлдерінің әрқайсысын 4-қиғашқа бөліп араластырып тастаймын. Оқушылар гүлдердің суретін дұрыс құрастырып, 3топқа бірігеді
3. Кері байланыс (5 мин). «Ұшқыр ой» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрақтар қоя отырып пысықтау:
1. Сөздікті, ережелерді жаттау
2. Үстеу дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мағынасына қарай қалай бөлінеді?
3. 138-бет, 3-тапсырманы сұрау
Смайликтер арқылы бағалау
Түсіну
1. «Ой қозғау» әдісі (4 мин). Оқушыларға «Жыл мезгілдері» суретін көрсетемін, тақпақты айтып, сұрақтар қоямын:
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді,
Жаз баптайды, күтеді,
Күз жинайды, тереді - деген сөзге назар аударайық. Суретте нелер бейнеленген? Қыс, күз, жаз, көктем айларын білесіңдер ме?
Яғни, біз бүгін «Көктемде» тақырыбы туралы әңгімелейміз. Көктемде ауа райы қандай болады? Көктемде қандай гүлдер шығады? т.б. Көктемде қар еріп, сең жүреді. Күн жылынады. Күндер бірте – бірте ұзарады. Құстар келеді. Бәйшешек шығады. Жәндіктер оянады. Көктем айлары - ең жақсы, ең әдемі айлар.
2. Power Point пен сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. (3 мин)
Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Үстеулер мағынасына қарай мезгілдік, мекендік, сын -қимыл, мөлшерлік, күшейткіш болып бөлінеді. Мезгіл үстеулер қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді. Қашан? Қашаннан бері? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Биыл көктем ерте келді.
Қолдану
1. Оқулықпен жұмыс (3 мин) «Сөйлемдерді аяқта» әдісі арқылы 138- бет, 1-тапсырмадағы сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазғызамын.
1 топ: бүгін барамын әрең келдік
Мен кешке ойнаймын Біз ерекше айтамыз
2 топ:
ертең оқимын тез аударамыз
Мен таңертең жазамын Біз бірталай орындаймыз
3 топ:
күндіз ұйықтаймын босқа жүрмейміз
Мен қазір беремін Біз үнемі дайындаламыз
Оқушылар тірек сызбаларды пайдалана отырып, көп нүктенің орнына етістіктерді жазады.
Әр топ бір - бірін бағалайды. Топтық бағалау
2. «Суреттер сөйлейді» әдісі (8 мин). 2-тапсырманы пайдалана отырып әр топқа сурет беремін. Әр топ оқушылары сыни тұрғыдан ойлана отырып әңгіме құрастырады. Топтық жұмыс: 1 топ-«Көктемнің ауа райы», 2 топ-«Көктемгі еңбек», 3 топ-«Көктемде». (постер)
Әр топ бір - бірін бағалайды. Топтық бағалау
Талдау
Дәптермен жұмыс (7 мин). «Сөйлемдерді толықтыр» әдісі бойынша 139- бет, 3-тапсырмадағы
деңгейлік тапсырмаларды орындайды:
а) Сөйлемдердегі көп нүктелердің орнын үстеулермен толықтырыңдар:
Күн енді (қашан?) жылынады. Қар тез (қалай?) ериді. Сең кенет (қалай?) жүреді. Сең биыл (қашан?) ерте (қашан?) жүреді. Құстар былтыр (қашан?) ерте (қашан?) ұшып келеді.
Үйге тапсырма: «Көктемде» тақырыбына әңгіме жазыңдар. Оқушылар үй тапсырмасын біледі, түртіп алады.
Бағалау. Өзін бағалау парақшасы. Өздерінің балдарын есептетіп, бағалау парақшаларына жазғыздырамын
Үй жұмысы
«Ұшқыр ой»
«Сөйлемдерді аяқта»
1-тапсырма
Топтық баға
«Суреттер сөйлейді»
2-тапсырма
Топтық баға
«Сөйлемдерді толықтыр»
3-тапсырма
Өзара бірін – бірі бағалау
«Семантикалық карта»
Өзін бағалау
Қорытынды баға
Мұғалімнің бағасы Жиынтық бағалау
Рефлексия(кері байланыс) (2 мин). Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер таратамын. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын, сұрақтарын стикерлерге жазып, «Екі жұлдыз, бір тілек» сенім ағашына іледі.