Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен өзендер



Дата29.03.2017
өлшемі82,75 Kb.
#12633
түріСабақ


Е.Т.Баржақсин

География пәнінің мұғалімі

«М.Ахметбеков атындағы орта мектебі» КММ

Шал ақын ауданы, СҚО



Пәні: География

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:   Көлдер мен өзендер

Мақсаттары: Оқушыларға өзен мен көлдер жайлы мағлұмат беру, оларды пайдалану жолдарын көрсету, олардың қажеттілігін меңгерту және табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Күтілетін нәтиже:

  • Оқулықпен географиялық картамен жұмыс істей отырып әр түрлі су қоймаларының суларын ажырата алады.

  • Топпен жұмыс істей алады, тақырыпты нақты жеткізуге әрі дұрыс сөйлеуге үйренеді;

  • Ізденімпаздық қабілеттері жоғарылайды.

  • АКТ-ны пайдалана біледі.

  • Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі;

  • -Оқушының сыни ойлауы қалыптасады

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технологиялар), СТО (Сын тұрғысынан ойлау), ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ДО (диалогтік оқыту), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау)

Бағалау: ӨӨБ (өзін-өзі бағалау), ЖБ (жұптық бағалау), ТБ (топтық бағалау), ЖБ (Жиынтық бағалау)

Әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, Инсерт, Ыстық орындық, «Кім жылдам?»,

Көрнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас, «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суреті, өзен-көлдердің слайдтары, бағалау парақшалары

Номенклатура: Ертіс, Миссисипи, Конго, Енисей, Еділ, Амазонка, Амур, Каспий, Арал, Танганьика, Байкал, Зайсан, Бурабай, Шарбақты

Сабақтың барысы



Кезең

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар.

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, тапсырманы орындау.

Оқушы берген тапсырманы орындау 

2

«Инсерт » әдісін пайдалану арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу


Интербелсенді тақтада берілген слайда көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау, әр топ берілген тапсырмадағы тақырыпты табу керек. Бұл тапсырманы оқушы орындай отырып, тақырыпты өз бетімен игереді, түсінбеген жерін түртіп алады және ең бастысы сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Интербелсенді тақтада берілген слайда көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау, әр топ берілген тапсырмадағы тақырыпты табу керек. Бұл тапсырманы оқушы орындай отырып,тақырыпты өз бетімен игереді, түсінбеген жерін түртіп алады және ең бастысы сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Мұғалім ең алдымен «өзен» деген ұғымға анықтама береді. Содан кейін өзеннің элементтерін сипаттайды. Ол үшін оқулықтағы «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суретін немесе тақтаға сызылған қарапайым сызбаны қолдануға болады. Содан кейін өзен жүйесіне сипаттама береді. Ол үшін мынадай сызбаны қолдану қажет: бастау, орта ағысы, оң саласы, сол саласы, көл (бастау), бұлақ, жоғарғы ағыс, сол жағасы, саға, оң жағасы, теңіз. Мысал ретінде жергілікті өзенді немесе оқулықтың мәтініндегі мысалды ала отырып бастау, сала, өзен аңғары, саға, атырау, өзен алабы, су айрықтары, жоғарғы, орта, төменгі ағысы сияқты ұғымдарды қалыптастыру қажет. Бұл ұғымдарды қалыптастыру барысында олардың ерекше, өздеріне ғана тән белгілеріне оқушылардың назарын аудару қажет. Мұнда оқулық суреті, карта, сызба суреттер пайдаланылады. Ірі өзендердің атырауы өте үлкен болады. Мысалы, Амазонка өзені атырауының аумағы 100 мың км2. Оқушыларға өзен ағысының бағыты туралы түсінік беру үшін мұғалім төмендегідей сұрақтарды пайдаланады.

- Қалай ойлайсыңдар, өзендердің ағу бағыты неге байланысты? Жазық жерде және талы өңірде судың ағысы қандай болады? 

«Өзендердің суға молығуы», «су тасуы», «тасқын» ұғымдары эвристикалық әңгімелесу арқылы қалыптастырады. Бұл жерде жергілікті өзенді мысалға алып, оқушылардан мынадай сұрақтарға жауап алған жөн. Мысалы, 1) неліктен өзен көктемде тасиды? 2) қандай кезде суы азаяды? Оның себебін түсіндіріңдер.

Оқушылардың «көл» туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін оның анықтамасын береді. Көлдің өзеннен айырмашылығы – ол бір бағытта ағып жатпайды, ал теңізден айырмашылығы  - оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығында. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болады. Табиғатта ауданы  бірнеше шаршы метр ғана болатын өте шағын көлдер де кездеседі. Сонымен қатар «теңіз» деп аталатын көлдер де бар. Қазақстан аумағында қандай көлдерді теңіз деп атайтынын сұрайды. Қазақстан аумағында 48 мыңға жуық көл бар. Оның көбі Көкшетау өңірінде (оқушылар карта бойынша табады).  Қазақстан аумағында Арал, Балқаш сияқты үлкен көлдер орналасқан.  Ал енді, балалар, ойланып көрейік, көл қазаншұңқырлары қалай пайда болады екен? Неліктен олар әр түрлі болып келеді?  Жер шарындағы Байкал, Рудольф, Танганьика, Ньясса сияқты терең көлдер, сондай-ақ біөздің еліміздегі Зайсан, Бурабай, Шарбақты көлдері тау жасалу үрдісі кезінде пайда болған. Ал таудың опырылуы салдарынан өзен аңғарлары бөгеліп қалған жағдайда бөген көлдері пайда болады. Көлдердің үшінші түрі – қалдық көлдер, олар – бір кездегі үлкен теңіздің бөлігі. Сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болған көлдерді жанартаулық көл деп атайды. Жазық жерлердегі өзендердің ескі арналары кішігірім көлдерге айналады. Оларды қарасу деп атайды. 



Суретке қарай отырып және мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, оқушылар әр өзенде арна, жайылма, террасалар, жаға болатынын ұғынады.

Кейін өзен жүйесін сипаттамасына келесі анықтамаларды жазып алады: өзен алабы ол өзеннің және оның салаларының су жинайтын жері. Атырау – өзеннің көлге немесе теңізге құятын сағалық бөлігінде өзен тасқынынан пайда болатын тармақ пен тарамдар торына тілімделген ойпат.

Оқушылар мұғалімнің мысалдарын қарай отырып, өздері карта бойынша кейбір өзендерге сипаттама беруге тырысады.

Кейін мұғалімнің қойған сұрағына жауап іздей отырып, өзеннің ағатын бағыты жер бедерінің еңістігіне байланысты екендігін түсінеді. Сонымен бірге жер бедері өзендердің ағыс сипатына одан да көбірек әсер ететінін аңғару керек. Нәтижесінде жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, ал тау өзендері жылдам, көбік шашып, гүрілдеп ағатынын айту керек. 

Жергілікті жердің метериалын пайдалану оқушылардың білімді тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Бұл жағдайда, басқаша айтқанда индуктивті-дедуктивті әдіс қолданылып, себеп-салдар байланыстарын оқушылардың өздері айқындайды. Өзендер молығуының негізгі төрт көзі бар. Олар жаңбыр, қар, мұздық және жер асты сулары. Көп өзендердің қоректенуі аралас болып табылады. Олай болуына жыл мезгілдерінің ауысып тұруы және ағып өтетін ауданы әсер етеді. Жыл маусымдарына қарай өзендегі судың мөлшері өзгеріп отырады. Өзен деңгейінің, яғни оның су мөлшерінің өзгеру заңдылықтарын олардың режимі дейді – деген қорытынды айтылады. «Шоңғалдар» мен «сарқырамалар» ұғымдарын қалыптастыру үшін оқушылардың тау жыныстары туралы білімдері еске түсіріледі. Оқулықтың мәтініндегі түсініктемелерді дәптерлеріне жазып, олардың зиянды және пайдалы жақтары айтылады. Оқушылар ірі сарқырамаларды картадан көрсетіп, неліктен ол сол жерде орналасқанына байланысты өз болжамдарын айтады.

«Көлдің» анықтамасын жазып алады: көлемі жағынан ауқымды, жер бетіндегі суға толған табиғи тұйық шұңқырлар.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына Каспий мен Арал теңіздерін атайды және олардың «теңіз» деп аталуына әр түрлі болжам жасайды. Мұнан кейін оқушылар атлас немесе картаны ашып, оларға қандай өзендер құятындығын анықтайды. Көлдердің ең терең жерлерін картадан табады және қай бөліктері тереңірек екенін анықтайды. Кейін карта бойынша Қазақстан аумағында көлдің шоғырланған жерін табады. Мұғалімнің көлдер туралы әңгімесінен кейін неліктен көлдер ағынды және ағынсыз деп аталатынын айтады. Осыған байланысты картадан ағынды, ағынсыз көлдерді көрсетеді. Көлдің батпаққа айналуын оқушылар оқулықтың суретін талдау кезінде меңгереді. Көлдердің шаруашылық маңызы туралы оқушылардың өздері айтуы керек.


3

Сергіту сәті

«Балапандар биі»



Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.

4

«Ыстық орындық» арқылы тақырыпты талдау

Әр топтан ортаға оқушы шығып өз ойларын бүгінгі сабақ жайлы айтып кетулерін тапсырдым. Ол үшін слайдта көрсетілген суреттер мен арнайы тапсырмалар таратып беру керек. Тақырып алған топтар сол тақырыпшаны оқып шығады. Оқушы өздеріне берілген тапсырманы 1 минутта тақтада айтып- түсіндіріп береді. Жаңа тақырыпты бекіту үшін оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа тапсырма беріледі. Бірінші топ – Ертіс өзеніне, екінші топ – Миссисипиге, үшінші топ Конго өзеніне сипаттама береді. Сипаттама мынадай жоспар бойынша оындалады: 1) географиялық орны (қай материкте орналасқан, қандай мұхит немесе теңіздің алабына жатады, бастауы, сағасы, салалары туралы мәліметтер); 2) ағысының сипаты (таулы, жазық); 3) өзен қай кезде тасиды, қай кезде сабасына түседі; 4) өзенде сарқырамалар мен шоңғалдар бар ма? 5) шаруашылықта қалай пайдаланады; 6) экологиялық проблемалары. оқушыларға физикалық картадан Еділ, Енисей, Амур, Конго, Амазонка, Миссипи өзендерін тауып, оларды кескін картаға түсіруге тапсырма беріледі.

Оқушылар мұғалімнің берген жоспары бойынша өзендерге сипаттама береді. Кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап талдайды. Қателері түзетіледі. Өзенді сипаттағанда картаның алдында жұмыс істеулері талап етіледі.

Кейін кескін картамен жұмыс ітейді: кескін картаға  Еділ, Енисей, Амур, Конго, Амазонка, Миссипи өзендерін түсіреді.



5

Кім жылдам ойыны арқылы сабақты жинақтайды

Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты тапсырмалар мен сұрақтар беруі. Сабақты оқушылардың өздеріне қортындылатады. Ол үшін келесі сұрақтарды қояды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Топтар сұрақ- жауап арқылы өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қортындылайды: бүгінгі сабақта өзендер мен көлдер туралы, олардың түрлерін, ерекшеліктерін білдік. Картамен, кескін картамен жұмыс істеу қызықты болды.

6

Бағалау

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін-өзі топпен бағалайды.

7

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасына §44,45. жоспар бойынша көлге сипаттама беру: 1) көлдің атауы, 2) географиялық орны, 3) қалай пайда болғаны; 4) ағынды не ағынсыздығы; 5) көлдің батпаққа айналу қаупінің бар-жоқтығы; 6) көлдің шаруашылық маңызы; 7) экологиялық проблемалары.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Дәптерлеріне көлді сипаттау жоспарын жазып алады.

8

Рефлексия

Стикерлерді тарату. Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ә,Бірмағамбетов, К.Мамырова «Физикалық география» оқулығы, 125-128 б., 6-сынып. Атамұра, 2015 ж.

2. К.Мамырова, О.Мазбаев, Ү.Сүйінбаева «Физикалық география» оқулығы, 78-80 б., 6-сынып. Атамұра, 2015 ж.

3. Ұ.Есназарова «Оқытушыларға география, биология, экологиядан әдістемелік көмек», № 4., 67-70 б., 2014 ж..



4. Л.Бушман «География және табиғат» республикалық ғылыми педагогикалық-әдістемелік журнал, № 2, 38-41 б., 2015 ж.

5. Ғ.Ғарипова, Н.Жақанбаева «География жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тестік кітапша», 25-28 б., 2009 ж., «Шың», Алматы, 2007 ж.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет