Сабақтың тақырыбы: Көміртек Сабақтың мақсаты



Дата13.08.2017
өлшемі28,67 Kb.
#23444
Сабақтың тақырыбы: Көміртек

Сабақтың мақсаты:

  1. Жер бетінде кездесетін элементтердің миллионері болып саналатын көміртек туралы терең мағлұмат беру. Интернет желісі бойынша алынған мәліметтер оқушы саласы мен ой өрісіне ықпал етеді.

  2. Оқушыға кез келген білім саласын меңгертудің тиімді, жеңіл жолдарын тауып, жұмыс істей білуге үйрету.

  3. Бәйге қызығын арттыру, пәнаралық және пәнішілік білім-біліктерін дамыту.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Қанша бейметалл элемент бар? Олардың Д.И Менделеевтің периодының кестесіндегі орнын көрсетіңіздер.

  2. Қандай бейметалл элементтер оргоногендер қатарына жатады.

  3. Бейметалдардың электрон тартқыштығы, электр терістігі, тотықтырғыш қасиеттері периодтарда және топшаларда қалай өзгереді?

  4. Бейметалдардың кристалдық құрылымындағы атомдар арасында химиялық байланыс қандай?

  5. Қандай оксидтер тұз түзбейтіндер деп аталады?

  1. Жаңа сабақ.

Жоспары:

а) көміртектің периодтық жүйедегі орны

ә) қасиеттері

б) кристалл тор құрылысы



Көрнектілік:

  1. Д.И Менделеевтің периодтық жүйесі.

  2. Кесте

  3. Көміртектің түрлі модификацияларының құрылыс сызбасы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біз бейметалдардың жалпы сипаттамасы бойынша алған білімімізді пайдаланып, көміртек элементін зерттеуіміз қажет.

«Жұмбақ тас» слайды бойынша оқушылар жұмыс жүргізеді. Көміртек – тіршілікке тірек, өмірге өзек элементтердің бірі. 1781 жылы француз ғалымы А. Лавузьенің «жай денелер кестесі» деген еңбегінде көміртекті латынша «карбонеум, карбо-көмір» деп жазған.

Орысша «углерод» «көміртек» деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов пайдаланады.

С – ІІ период, ІV топ, негізгі топшада орналасқан, реттік нөмірі-6. Аr- 12. Валенттілігі ІІ, ІV. Тотығу дәрежесі 4, 0, +2, +4. Қалыпты жағдайда көміртек химилық инертті. Температураны жоғарылатқанда оның әрекеттесу қабілеті күшейеді. Су буларын қыздырылған көмір немесе кокс арқылы өткізгенде «су газы» деп аталатын сутекпен көміртек (ІІ) оксидінің қоспасы алынады:

С + Н₂О – СО + Н₂ Н=132 кдж

1000 С-дан төмен болғанда, көміртек СО2 газына дейін тотығады: С + 2Н₂О – СО₂ + 2Н₂

Жоғары температурада көміртек (кокс) металдармен әрекеттесіп карбидтер түзеді.

Кальций карбидін ацетилен алу үшін қолданады:

СаС₂ + Н₂О – Са(ОН)₂ + С₂Н₂

Адсорбция. Көмірдің адсорбцияның қабілеті жоғары. Адсорбция дегеніміз – көмірдің немесе басқа қатты сұйық заттардың өз бетінде газ, бу немесе еріген заттардың сіңіру қабілетін айтады.

Тәжірибе. Активтелген көмірді сия ерітіндісіне қосып шайқап сүзіп көреміз, фильтратта түссіз сүйықтық су қалады. Себебі еріген сия молекулаларын көмір сіңіріп алады.

Көміртектің қасиеттеріне сүйеніп атом құрылысын біліп шығуға мүмкіндік туады. Алдымызда тұрған көмір, алмаз әшекейлері мен графит стержендерін «туысқан ағайындар» деп атауға болады ма деген сұраққа жауап іздедік.

Қойылған сұрақтың шешу жолдары:


  • Физикалық денеге жататын бұл заттардың құрамын анықтау;

  • Кристалл тор құрылысын оқып білу;

  • Зат қасиеттерімен танысу.

Алдымен көміртектің аллотропилық түр өзгерісін анықтауға арналған кесте толтырылды.

Аллотропты түр өзгерісі

Кристалл ұяшығының құрылысы

Кристалл ұяшықтарының арасындағы байлныс

Физикалық қасиеттері

Қолданылуы
















Бұл кестеден кейін оқушылар бастапқы сұраққа жауап ала алады, яғни алмаз да, графит те бір элементтен тұратын «туысқан ағайындар».

Кесте бойынша оқып білгеніміздің мазмұнына тоқтала кетсек:

Көміртектің түрлі модификацияларының құрылыс сызбасы: Көміртек атомының электрон орбитальдары әртүрлі геометриялық пішінде болады. Ол электрон орбитальдарының гибридизациялану дәрежесіне байланысты: тетраэдрлі-sp3-гибридизация, тригоналды- sp2-гибридизация, диогоналды-sp-гибридизация болып бөлінеді.




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет