Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік вирустар» Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата04.05.2017
өлшемі329,92 Kb.
#15577
түріСабақ
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Келісілді» «Бекітілді»

Әдіскер директордың ОІЖ

________ орынбасары

«__» __________ 20_ ж. _______

«___»_________ 20_ ж.

Әдістемелік әзірлеме
Тақырыбы:«Компьютерлік вирустар»
Пән: «Информатика»
Мамандық: «Мейірбике ісі»
Курс: ІІ

Оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес

құрастырылған

Құрастырған: К.С.Гупранов

Орал қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік вирустар»
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету.

б) Тәрбиелік:Оқушыларды осы тақырып бойынша информатикалық терминдерді дұрыс айта білуге үйрету.

в) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ әдісі: Проблемалық оқыту
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру
Пәнаралық байланыс: Құқықтану, медицина, анатомия
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі материалдар, электронды оқулықтар, бейнероликтер, www.egov.kz сайты.
Техникалық құрылғылар: Компьютерлер, интерактивті тақта
Бағдарламалық жасақтамалар: Power Point, Mozilla Firefox броузері, Java бағдарламалары.
Сабақ барысы:

І. Сабақты ұйымдастыру:

- студенттермен сәлемдесу;

- Сабаққа келгендерін және аудитория әзірлігін тексеру. 1 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 15 мин.

ІІІ. Тақырыпты және жоспарды хабарлау. 2 мин.

ІV. Әңгімелесу әдісімен тірек білімін өзектендіру. 5 мин.

V. Студенттердің оқу қызметін негіздеу. 2 мин.

VI. Материалды баяндау (мазмұндау) 35 мин.

VII. Жаңа материалды бекіту (студенттердің өз беттерімен


жұмысын ұйымдастыру) Рөлдік ойындар. 20 мин.

VIII. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту. 7 мин.

IX. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмаларын беру. 3 мин.
І. Сабақты ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тақырып «Мәліметтерді архивтеу». Оқушылардан ауызша түрде үй тапсырмасын сұрау, үлестірмелі материалдар арқылы жұмыс жасау.


ІІІ. Тақырыпты және жоспарды баяндау.

Бүгінгі біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Компьютерлік вирустар»


Жоспар:

  1. Компьютерлік вирустар түсінігі.

  2. Компьютерлік вирустар жіктелімі.

  3. Вирустардың келтіретін зияндары.

  4. Вирусқа қарсы бағдарламалар



ІV. Әңгімелесу әдісімен тірек білімін өзектендіру.

Сұрақ:


  1. Студенттер сіздер Құқық пәнінен әртүрлі заң бұзушылықтың өз жазасы бар екендігін білесіздер, ал компьютерлік вирустарды осы салада талқылап бере аласыздар ма? (Студенттермен ақпараттық қауіпсіздік туралы пікір алмасылады)

  2. Компьютердің жұмысында вирустар қалай әсер етеді деп ойлайсыздар??

  3. Компьютерлік вирустардың әсерін қалай тоқтатуға болады


V. Студенттердің оқу қызметін негіздеу.

Оқушы білуі керек:

  • Вирустар және олардың түрлерін;

  • Вирустар жіктелімін;

  • Вирустардың зияндық әрекеттерін;

  • Вирусқа қарсы бағдарламалар мен олардың артықшылықтарын;


Оқушы істей білуі керек:

  • Вирустарды анықтай білу;

  • Вирустан қорғанудың алғы шарттарын;

  • Антивирустық бағдарламаларды компьютерге орнату;


VI. Материалды баяндау (Электронды оқулық арқылы мазмұндау)

Компьютерлік вирустар түсінігі.

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) бағдарлама. Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған бағдарлама "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай бағдарламаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с.).

Компьютерлік вирустар "таза" компьютерге вирус жұққан тасымалдаушылар арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады. Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа бағдарламаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі бағдарламаға береді, ал ол бағдарлама алғашында әдеттегідей жүмыс істей береді. Сөйтіп ол бағдарлама бұрынғы қалпынша жүмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

— кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

— экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

— компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

— көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгіреді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.

Вирус бағдарламасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус бағдарламасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.
Вирустарды мынадай күйде жіктеуге болады.

Жұғу жолына байланысты


Вирустардың жұмыс істеу ортасына байланысты


Жұмыс логикасына байланысты

Резиденттік Файлдық вирустар "Ұстауыш-вирустар"

Резиденттік емес Жүктеуші вирустар "Логикалық бомбалар"

Желілік вирустар "Құрттар"

Макровирустар "Троян аттары"


  1. Жұғу жолына байланысты вирус екіге бөлінеді.

1. Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

2. Резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан бағдарлама іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген бағдарлама іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.






  1. Вирустардың жұмыс істеу ортасына байланысты

  1. Файлдық вирустар

  2. Жүктеуші вирустар

  3. Желілік вирустар

  4. Макровирустар

1. Файлдық вирустар: Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтілулері (заты) .сom және .ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа бағдарламаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резеденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір бағдарламаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар AUTOEXEC.ВАТ және CONFIG.SYS арқылы іске қосылатын бағдарламаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.

2. Жүктеуші файлдар: Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар "жүктегіш" (загрузочная) немесе Вооt - вирустар деп аталады.

Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі - компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметтер кластерлеріне жазылып қалады.

3. Желілік вирустар өзінің таралуы үшін жергілікті және аумақты желілердің мүмкіндіктерімен хаттамалардың қателіктерін белсенді пайдаланатын вирустар. Желілік вирустың негізгі принципіне жұмыс станцияларына өз кодын өздігінен жібере алатындығы жатады.

4. Макровирустар бағдарламалық тілдерде қолданылады мысалы, макро-тілдері бар мәтіндік редакторда, кестелік процессорда т.б. Өздерінің көбеюі үшін бұл вирустар макро-тілдердің мүмкіндіктерін пайдаланады, яғни олардың көмегімен зақымдалған бір файлдан (құжат немесе кесте) екінші файлға жұғады.

3. Жұмыс логикасына байланысты оларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:

1. "Ұстауыш-вирустар" — бағдарламалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді бағдарламаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп бағдарламаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

2. "Логикалық бомбалар" (баяу әсер ететін "бомбалар") — қарапайым бағдарламаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн-ай мерзімінде немесе уақытта, бағдарлама орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп бағдарламаларға "жұғуға" тырысады.

3. "Құрттар" - жүйелік бағдарламалаушылардың информациялық - есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау бағдарламаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т. с. с.

4. "Троян аттары" — қарапайым қодданбалы бағдарламаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадтағы информацияларды "басқа жаққа" жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.



Компьютерлік вирустардан сақтану шаралары.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

— ақпаратты қорғаудың жалпы шаралары — дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

— профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

— вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.

1. Ақпараттың көшірмесін алып отыру — файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

2. Керекті ақпаратыңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою — ол ақпаратты рұқсатсыз (санкциясыз) көшіріп алуды, яғни бағдарламамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар бағдарламалардан қашық жүруді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы бағдарламалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. Мұндай бағдарламаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады: детекторлар, докторлар (фаг-бағдарламалар), ревизорлар (файлдардағы және дискінің жүйелік аумақтарындағы өзгерістерді бақылайтын бағдарламалар), доктор-ревизорлар, сүзгі-бағдарламалар (вирустан сақтайтын резиденттік бағдарламалар) және вакциналар (иммунизаторлар).

Детектор-бағдарламалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Доктор-бағдарламалар немесе "фагтар" вирус жұққан бағдарламалар мен дискілерді "вирус" әсерін алып тастау, яғни "жұлып алу" арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор-програмалар да алдымен бағдарламалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу бағдарлама иесіне хабарлайды.

Доктор-ревизорлар — доктор-бағдарлама мен ревизорлар арасынаан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде "емдеп" бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі бағдарламалар — компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина-бағдарламалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі бағдарламалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус "жұққан" сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл бағдарламаларды пайдалану онша тиімді емес.

Қазіргі уақытта ең көп тараған антивирустық бағдарлама – 1997 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Ресейдің «Касперский лабораториясы» шығарған Касперский антивирусы бағдарламасы.. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады.

Антивирустық бағдарламаны орнату, вирустық мәліметтер қорын жаңарту.

Антивирустық бағдарламаны компакт-дискіден орнату үшін алдымен дискіні компакт-дискіні оқитын құрылғыға салып, Setup.exe файлын іске қосу керек. Экранда Касперский Антивирусы 6.0. вирусқа қарсы бағдарламасын орнату терезесі пайда болады. Терезеде келесі батырмасы басылғаннан кейін Лицензиялық келісім сұралады. Келісім опциясын таңдағаннан кейін орнату қалтасын таңдау терезесі пайда болады. Үнсіз келісім бойынша бағдарлама Program Files қалтасында орнатылады. Бағдарламаны басқа қалтаға ауыстыру қажет болса «Обзор...» батырмасын басып шыққан терезеден басқа қалтаны таңдауға болады. Келесі терезе орнату типін көрсетеді. Яғни, бұл терезеде орнатудың «Толық», «Таңдау арқылы», Антивирустық қорғаныс компаненттері» типтерінің бірін басу керек. Қалыпты жағдайда «Толық» типті орнату қарастырылған. Осыдан кейін орнату батырмасы басылады. Орнату батырмасы басылған кезде бағдарламаның орнатылу терезесі шығып, файлдардың көшірілу процестері көрсетіледі. Касперский антивирусын баптау шебері терезесінде бағдарламаны белсенді ету үшін лицензиялық кілт сұралады, оны интернет арқылы сатып алуға болады. Біздің жағдайымызда Лицензиялық кілт алдын-ала алынған, сондықтан оны компакт-дискіден орнатамыз.ол үшін «Бұрын алынған лицензиялық кілтті қолдану» опциясын таңдап келесі батырмасын басамыз. Активация терезесі ашылып «Лицензиялық кілт» өрісіндегі «Обзор...» батырмасын басып компакт дискінің ішінен лицензиялық кілт файлын тауып ОК батырмасын басамыз. Экранда лицензиялық кілт туралы мәлімет шығады. Келесі батырмасын басу арқылы келесі қадамға көшіп антивирустық қорды жаңарту түрлерін қалыпқа келтіреміз. Ол үшін жаңартуды (обнавление) қолмен баптау опциясы арқылы таңдап дискінің ішіндегі жаңарту қалтасына сілтеме береміз. Жаңартуды орнату барысында немесе орнату аяқталғаннан кейін де қолдануға болады.


Компьютерді вирусқа тексеру.

Вирусқа қарсы бағдарламалар компьютерге толық орнатылғаннан кейін компьютерді вирусқа тексеруге, вирус жұққан файлдарды емдеуге мүмкіндік жасалады. Касперский антивирусының мүмкіншіліктеріне вирустан қорғанудың белсенді күйінің күшейтілгендігі болып есептеледі, яғни вирустан қорғанудың барлық түрлері қарастырылған.

Компьютердегі файлдарды, мәліметтерді вирусқа тексеру үшін Касперский антивирусын іске қосып, Вмрустарды іздеу өрісін таңдаймыз да, өзіміз тексеруге қажетті объектілерді белгілейміз. Осыдан кейін іске қосу батырмасын басып вирустарды анықтау іс-әрекеттерін жүргіземіз. Вирусқа қарсы бағдарлама вирус жұққан файлдарды анықтап автоматты түрде емдеуге, жоюға кіріседі.

Әр түрлі тасымалдаушылармен жұмыс жасаған уақытта міндетті түрде оларды вирустан тазартып алу қажет. Бұл әрекетті антивирустық бағдарлама орнатылған компьютерлер автоматты түрде орындайды. Осындай профилактикалық іс-шараларды орындау арқылы компьютерлерді вирустың кері әсерлерінен қорғай аламыз.



Бекіту сұрақтары:

  1. Вирус дегеніміз не?

  2. Вирустың кері әсерлері қандай?

  3. Вирустан сақтану шаралары қандай?

  4. Компьютерлік және адамдар арасындағы вирустар айырмашылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет