Сабақтың тақырыбы: Көшеде, көлікте.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Сағат саны: 3 (100%)


Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)



бет6/8
Дата27.11.2016
өлшемі1,68 Mb.
#2623
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1 жаттығу Көп нүкте орнына тиісті септік жалғауларын қосып, мәтінді көшіріңіздер

Ол он бес күн... біз күшейе түсеміз, жау әлсірей түседі. Менің есебім осы еді. Жолдастарым бұл ойым...түгел қосылды.

2 жаттығу Төмендегі сөздерді жіктеңіздер.

Қағаз, мен, осы, ол, бұл, көрген,келу, кітабын,үйім, баласы.

3 жаттығу Сөз тіркестерін пайдаланып,кім не істей алатынын айтыңыз.

Балық аулау (мен); шаңғы тебу (сен ); дастарқан жасау ( біз); кофе әкелу(сіз); дойбы ойнау (сіздер); газет оку (оқушы); үйді тазалау( сен); теледидар көру(сендер); ән айту (Ермек); коньки тебу)балалар);шаң сүрту (қызы) ;ертек айту (мен)

11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Алма, ата, дәрігер, студент, кәсіпкер сөздерін септеп келу.



Сабақ 26

Сабақтың тақырыбы: Менің жұмыс күнім. Жіктік жалғау.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Зат есімнің жіктелуі жөнінде түсіндіру.Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1.Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2.Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3.Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4.Оралбаева Н.ӘбдіғалиеваГ.ШалабаевБ,«Практикалық қазақ тілі»Алматы, 1993

5.А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Лексикалық тақырып : Менің жұмыс күнім.
Мен әдетте таңғы сағат алты жарымда тұрамын. Аулада барып денешынықтыру жаттығуларын жасаймын.Үйге келіп жуаным, тісімді тазалаймын. Төсек орнымды , бөлмемді жинаймын. Таңертеңгі асымды сағат жетіде ішемін. Одан кейін сағат жеті жарымда университетке барамын., өйткені бірінші сабақ сағат сегізде басталады.

Біз аптасына бес күн, күніне төрт сабақтан оқимыз. Сабақтар сағат екіде аяқталады. Мен үйге сағат үште келемін. Түскі асымды ішіп, сабақ оқимын. Одан кейін биге барамын, кейін музыка тыңдаймын.

Мен сағат жетіде досыммен кездесу үшін аулаға шығамын. Біз кешке қарай таза ауада серуендейміз. Кешкі астан кейін шешеме көмектесемін. Содан кейін теледидар көремін. Газет-журналдардың жаңа санын қарап шығамын. Сағат он бірлерде жататын бөлмеме барып, ұйықтардың алдында аздап оқимын.

Грамматикалық тақырып: Жіктік жалғауы.
Жіктік жалғауы тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Өйткені жіктік жалғауы сөйлемде әрдайым баяндауыш қана бола алады. Олай болса жіктік жалғауы- баяндауышқа ғана тән жалғау.

Жіктеу категориясы- қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқаратын өзге де сөз таптарына соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Олай дейтін себебіміз- бастауышы жіктеу есімдігінен болған сөйлемде бастауыш болатын сөз ( қай сөз табынан болу шарт емес ) әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауын қабылдайды. Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, басқа бір жалпы я жалқы есімнен болатындай жағдайда, оның баяндауышы, әдетте, үшінші жағында тұрады.Мысалы: ол отыр-бала отыр; ол бала келді; ол көрсін-бала көрсін; ол оқыпты-бала жазыпты т.б.





Сөздің соңғы дыбысы



Жекеше

Көпше


жалғау

мысалдар


жалғау

мысалдар


1-жақ

Дауысты, үнді

р,л,й


-мын,мін

Мен тарихшы-мын

-мыз, міз

Біз тарихшы-мыз

Ұяң з,ж

-бын, бін

Мен егіз-бін

-быз, біз

Біз егіз-біз

Қатаң дауыссыз, ұяң б,в,г,д

-пын, пін

Мен студент-пін

-пыз, піз








2-жақ

Сөздің соңы қай дыбысқа бітсе де



-сың,-сыз,-сің,-сің



Сен студент-сің

Сіз тарихшы-сыз




-сыңдар, -сыздар, -сіңдер, -сіздер



Сендер студент-сіңдер

Сіздер студент-сіздер







3-жақ жіктік жалғауы болмайды

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1 Етістіктерді жедел өткен шаққа қойып жіктеңіз

Сақтау, өңдеу, енгізу, іздеу, алмастыру.

2 Жақшадағы етістіктерді жедел өткен шаққа қойып, сөйлемдерді жазыңыз

1 1981 жылы дербес компьютерлер (шығу). 2 70-інші жылдардағы тұрмыстық компьютерлердің мүмкіндіктері шектеулі (болу). 3 Балалар компьютерде (ойнау). 4 Алғашқы ЭЕМ-дерде мамандар ғана жұмыс істей (алу). 5 Мен компьютерде мәтін (теру). 

6 Біз жаңа программада жұмыс істеуді (үйрену). 7 Сендер осы программаны (енгізу). 8 Сен мәтіндегі қателерді (түзету). 9 Сіз ақпаратты кесте түрінде (беру). 10 Компьютерлер есептеуді (жеңілдету) 11 Мен Интернеттен қажетті ақпаратты (іздеу) 12 Біз ЭЕМ-дерді көптеген салаларда қолана (бастау).

3 Мәтіннен етістіктерді теріп, құрамына қарай талдаңыз

4 Аударыңыз

1 Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. 2 ХVІІ ғасырдың 40-ыншы жылдарында Б. Паскаль сандарды қоса алатын механикалық құрылғы ойлап тапты. 3 ХVІІІ ғасырда В. Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. 4 ХІХ ғасырда Ч Бэббидж механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. 5 ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. 6 40-ыншы жылдардың соңында қазіргі ЭЕМ-дердің құрылу принципінің негізіндегі машиналар дайындалды.7 Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты.
5 Аударыңыз

Появление, микрокомпьютер, лампа, знак, прибор, инструмент, персональный, домашний, набирать, ограниченные возможности, производительность, основа, уменьшаться, первый.

6 Аударыңыз
Шам, жабдық, тұрақталынып қалу, төмендеу, алмастыру, өнімділік, шектеулі, оқиға, елеулі, белгі, кезең, мәтін теру, шағын, топ.
7  Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз

Өнімділігі, тындыру, жылдамдықпен, анықтамалық, дәлдігі,


алмастыра алады, орташа мүмкіндікті, себеп, жол, нәтиже, іздеу, компьютер, алғашқы, үлкен, жұмыс.

11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Мысалдар жазу



Сабақ 27

Сабақтың тақырыбы: Зат есім мен жіктеу есімдігінің жіктелуі.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Зат есім мен жіктеу есімдігінің жіктелуі. жөнінде түсіндіру.Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1.Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2.Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3.Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4.Оралбаева Н.ӘбдіғалиеваГ.ШалабаевБ,«Практикалық қазақ тілі»Алматы, 1993

5.А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

1. Жіктік жалғау туралы

2. Сөздерді жіктеу

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Грамматикалық тақырып: : Зат есім мен жіктеу есімдігінің жіктелуі
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғаудың 3-жағы және жекеше, көпше түрлері бар. Әдетте 1—2-жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, 3-жақта кез келген зат есім бола береді: Жіктік жалғаулары буын (1—2-жақ) және дыбыс (1-жақ) үндестіктері бойынша жалғанады. 1-жақ жекеше -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, 2-жақ жекеше анайы -сың, -сің, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сыңдар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, 60 - 70 - тей.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1. Жіктеу: мен, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар, біз, біздер.
2. Сілтеу: ол, сол, бұл, осы, анау, сонау, әне, міне, әнеки.
3. Сұрау: кім? не? қалай? қашан? қандай? т. б.
4. Өздік: өз, өзім, өздері, өзіміз, өзінен, өзімнің, өздеріңіз.
5. Жалпылау: бар, барша, барлық, бәрі, күллі, бүтін, тегіс, түгел.
6. Белгісіздік: әр, қай, бір, біреу, әлде, кей (әркім, әлдебір).
7. Болымсыздық: ештеңе, ештеме, дәнеңе, ешкім, ешқашан, түк, дым.
Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.

Жекеше түрі Көпше түрі


І. Мен (айтушымын, сөйлеушімін) І. Біз (айтушылармыз, сөйлеушілерміз)
ІІ. (анайы) Сен (айтушысың, сөйлеушісің)
ІІ. (сыпайы) Сіз (айтушысыз, сөйлеушісіз) ІІ. (анайы) Сендер (айтушыларсыңдар, сөйлеушісіңдер)
ІІ (сыпайы) Сіздер (айтушыларсыздар, сөйлеушілерсіздер)
ІІІ. Ол (айтушы, сөйлеуші). ІІІ. Олар (айтушылар, сөйлеушілер)

Жақ: Жекеше түрі. Жақ: Көпше түрі.


Жекеше түрі Көпше түрі
І оқушымын, сұрадым І оқушымыз, сұрадық
ІІ (анайы) оқушысың, сұрадың ІІ (анайы) оқушысыңдар, сұрадыңдар
ІІ (сыпайы) оқушысыз, сұрадыңыз ІІ (сыпайы) оқушысыздар, сұрадыңыздар
10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап, сөйлемнің қай мүшесі болатынын айт.

2- жаттығу. Берілген сөздерді жекеше түрде жіктеп жаз.

Заңгер, домбырашы, сатушы, дәрігер.

Мыс: І Мен заңгермін

          ІІ сен  заңгерсің

          ІІІ ол заңгер

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

 І жақ әншімін                        Доспыз

ІІ көршісің                              Кезекшісіңдер

ІІІ шәкірт                                Ұстаз

Біз Талғатпен доспыз.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Қолды-қолға соғайық.

Кәне, қанат қағайық,

Жайнап тұрған гүлдерге.

4-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді тауып астын сыз.

  Ылғи өжет баламыз,

Жұлдыздайын ағамыз.

Шыр айналып, секіріп,

Мұзда ойнақ саламыз.

  Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең - өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

5-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз. Зат есімнен болған баяндауыштарды тауып, астын сыз. Қай жақта тұрғанын айт.



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Мысалдар жазу



Сабақ 28

Сабақтың тақырыбы: Етістік және оның болымсыз түрінің жасалуы. Сұраулық шылау.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Етістік және оның болымсыз түрінің жасалуы жөнінде түсіндіру.Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1.Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2.Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3.Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4.Оралбаева Н.ӘбдіғалиеваГ.ШалабаевБ,«Практикалық қазақ тілі»Алматы, 1993

5.А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

1. Зат есімнің жіктелуі

2. Жіктеу есімдігі
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып: Етістік және оның болымсыз түрінің жасалуы. Сұраулық шылау.

Етістік –заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды?, қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Таңертең ерте тұрып, сабаққа келдім.

Етістіктер құрамына қарай дара және күрделі етістіктер болып бөлінеді.

Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы:Асан ұйықтады.

Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктерді күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Интернатта оқып жүр.Талай қазақ баласы.

Етістік сөйлемде не болымды, не болымсыз түрде қолданылады. Түбір етістіктер болымды етістік болып саналады: ал, кет, сөйле, тыңда, сына, апар, әкет т.б. Мысалы: Қара бұлттай қаптап, шыр айналып жүр. (С. Жүнісов )

Түбір етістіктер тілде болымды түрде болғандықтан, олардан болымсыз етістіктер екі түрлі тәсілмен жасалады:


  1. –ма,-ме,-ба,-бе, -па,-пе жұрнақтардың етістікке жалғануы арқылы

( синтетикалық тәсіл бойынша) болымсыз етістіктер жасалады: ал-ма, көр-ме, көрме-ген, т.б. Мысалы: Бірақ бұл қуаныш ұзаққа бармады. Ешқайда кетпеймін (С.Жүнісов)

  1. Етістіктің болымсыз түрі ( аналитикалық тәсілмен) емес, жоқ көмекші сөздерінің етістікке тіркесу арқылы жасалады: а) есімшеге « емес» көмекші етістігі тіркесу арқылы болымсыз етістік жасалады: көрген емес, келетін емес. б) -ған, -ген, -қан, кен формалы есімшеге «жоқ» көмекшісітіркесу арқылы болымсыз етістік жасалады: келген жоқ, айтқан жоқ. Мысалы: Оспандар трактор айдап, бір күн де тоқтаған жоқ

( С.Жүнісов)

Етістіктің шақ категориясы
Қазақ тілінде етістіктер үш шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) үш жақта (1,2,3) жекеше және көпше түрде қолданылады.

Осы шақ
Қазақ тілінде осы шақ етістігінің екі түрі бар : ауыспалы осы шақ және нақ осы шақ.

Ауыспалы осы шақ
Ауыспалы осы шақ негізгі етістікке –а, -е, -й жұрнақтарының және баяндауыштық жалғауларының көмегімен жасалады, ол қимылдың үнемі болып тұратынын білдіреді. Мысалы :

Мен барамын

Сен кетесің

Сіз келесіз

Ол келеді

Нақ осы шақ
Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрғанда болып жатқанын білдіреді. Оның дара, күрделі түрлері бар. Дара түрі « жатыр, отыр ,тұр, жүр»етістіктеріне жіктік жалғауының тікелей жалғауымен жасалады.

Мысалы: Мен отырмын Сен жатырсың Сіз тұрсыз Біз жүрміз

Күрделі түрі түбір етістікке – н,-ын,-ін, жұрнағының жалғануы және олардың ( жатыр, отыр, тұр, жүр) етістіктерімен тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы :


Біз оқып отырмыз

Ол сөйлеп тұр

Болат айтып берді.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1-топ. «білген» етістігіне фонологиялық , ал «арысты» етістігіне лексика-грамматикалық талдаулар жасайды.


2-топ.  «жарқылдап» етістігіне фонологиялық және «сипаттау» етістігіне математикалық тәсілмен талдау жасалады.
4.«Емле есте қалды ма?»
Жай + у =                     сой  + у =            қақ  +  у =
Төк   + у =                     жу + у =              тап  +  у =
.
5. «Кім жылдам?» ойыны.
«Есімше» тобына «бол», «Көсемше» тобына «жет» етістігі беріледі. Ойынның шарты- жазылған етістіктің әрбір әрпінен басталатын етістікті табу және оларға етіс жұрнақтарын жалғау.
6. Тест тапсырмалары бойынша жұмыс.
Алдын ала дайындалған тест тапсырмалары таратылады, тексеріледі.
1. Етістіктің неше түрі бар?
А) 4                       Ә) 3                    Б) 5
2. Болымсыз етістік жұрнақтары қайсысы?

А) –у          Ә) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе                          Б) –ып, -іп, -п


3. «Сөйлеп тұр», «жүріп келе жатыр» құрамына қарай қандай етістікке жатады?
А) дара етістікке      Ә) тұйық етістікке                      Б) күрделі етістікке
4. Екі етістік түріне ортақ жұрнақтарды ата
А) –ыл, іл, -л                       Ә) –қыз, кіз, ғыз, -гіз                  Б) –ын, -ін, -н
5. Көсемшенің жіктелмейтін түрін көрсет
А) –қалы, -келі, -ғалы, -гелі                   Ә) –а, -е, -й,                    Б) –ып, -іп, -а
6. Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қай етістік түрі?
А) ырықсыз етіс               Ә) өздік етіс                       Б) өзгелік етіс
7. Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі
А) сабақты етістік               Ә) салт етістік               Б) есімше
8. Тұйық етістік қай сөйлемде тұр?
А) Сабаққа үнемі дайындалу керек                   Ә) Шашу- жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым.               Б) Көсеуді пештің қасына қойды
9. Көпті көргеннен сұра. Есімшенің  қызметін  көрсет.
А) тура  толықтауыш            Ә) толықтауыш              Б) жанама  толықтауыш
10. Көсемше  қатысқан  сөйлемді  көрсет.
А) Ауылға  келгелі  ағасын  көрмеді.              Ә) Оның  жаңалыққа  жаны  құмар

Б) Ол сәлем  беруді  ұмытқан  жоқ.



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Сабақ 29

Сабақтың тақырыбы: Сұраулық шылау

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Сұраулық шылау жөнінде түсіндіру.Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет