Сабақтың тақырыбы: Көшеде, көлікте.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Сағат саны: 3 (100%)


дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру. 4. Оқыту әдісі



бет7/8
Дата27.11.2016
өлшемі1,68 Mb.
#2623
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1.Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2.Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3.Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4.Оралбаева Н.ӘбдіғалиеваГ.ШалабаевБ,«Практикалық қазақ тілі»Алматы, 1993

5.А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып: Сұраулық шылау

Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ , бірақ сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды , ертегіні термек үшін.Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр.Абай қажымай , жалықпай , ылғи ғана ынтығып тыңдайтын.Бұл мысалдардағы үшін , мен , ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ , бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп , белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп , ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса , екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып , олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік , күшейткіш мән үстеп тұр.

  1. Сұраулық демеуліктер
    (вопросительные частицы)
    -ма-ме-ба-бе-па-пе-ше-мы -мі Сұраулық сөйлемдерде қолданылады. Сұраулық реңкін күшейтеді. (Используются в вопросительных предложениях. Им сопутствует вопросительная интонация) Мысалы: Сен бе? Марат ше? Бар ма?

Лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды. Атқару қызметіне байланысты шылаулар үш топқа бөлінеді:
1. септеуліктер 2. жалғаулықтар 3. демеуліктер
(Не имеют самостоятельного лексического значения, но сочетаясь с частями речи, дополняют и уточняют их значение, обеспечивают связь слов, словосочетаний и предложений друг с другом. 
Служебные слова не могут быть самостоятельным членом предложения. 
В зависимости от функции они делятся на три группы: 1. послелоги 2. союзы 3. частицы)
1. Септеулік шылау – белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Септеуліктер мезгіл, мақсат және себеп-салдар мағыналарын айқындап, сөзден кейін қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, кейбір етістік түрлерімен тіркесе алады. Септеуліктер 4 топқа бөлінеді. 
(Послелоги применяются только со словом, находящимся в определенном паждеже. Связывают   слова подчинительной связью. Послелоги выражают временные, целевые, причинные значения слов  и находятся после слова.Могут сочетаться с именами существительным, прилагательным,  числительным, местоимением и некоторыми фрмами глагола). 

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

А үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.


Ақсары
Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе Ақсары бүркітке ұқсай ма Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары- жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.
Ә үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
Әнші. 
Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi. Балалар: “Бұл кiм ” деп таң қалды Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.
Б үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
Қараторғайлар.
Жер тез кепті Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бір күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесі ағаштарға түскенде тыңдау керек. 

Графикалық диктант. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.


................................................ба ?

.............................................нешеу ?

...............................................нешеде...............................?

.....................................................қай..................................?



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.


Сабақ 30

Сабақтың тақырыбы: Жедел өткен шақ және нақ осы шақ, олардың жіктелуі.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Жедел өткен шақ және нақ осы шақ олардың жіктелуі жөнінде түсіндіру.Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1.Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2.Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3.Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4.Оралбаева Н.ӘбдіғалиеваГ.ШалабаевБ,«Практикалық қазақ тілі»Алматы, 1993

5.А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып: : Жедел өткен шақ және нақ осы шақ, олардың жіктелуі.

Қимыл, амал-әрекеттің жасалу иезгілін етістіктің шақ категориясы білдіреді. Етістіктің шақтарының ішкі мәнін анықтауда сөйлеушінің хабарлау кезі негізгі тірек нүкте қызметін атқарады. Қимыл-әрекеттің жасалу мерзгілі сөулеушінің хабарлаған кезіндегі не одан бұрынғы, не хабарлап тұрған кезден кейінгі болып жіктелген. Осы ерекшелікке сай етістіктің шақтары үшке бөлінеді. Олар: осы шақ, клер шақ, өткен шақ . Тілде қимылдың жасалуының осы мағынасын білдіретін әр шақтың арнаулы морфемалары бар.



Осы шақ

Қимылдың сөйлеушінің хабарлап тұрған кезімен сәйкес болуын осы шақ білдіреді. Осы шақ екі түрлі: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.



Нақ осы шақ. Қимылыдың тура сөйлеушінің хабарлап тұрғаен кезінде болуын нақ осы шақ дейді.Мысалы:Ол оқып отыр., ол жатырт.б. Нақ осы шақ отыр, жатыр,тұр, жүр деген төрт етістік арқылы жасалады. Бұл етістіктер дара түрде қолданылғанда, негізгі етістік болады,күрделі түрде қолдагылғанда , көмекші етістік болады. Мысалы: Ол отыр, Ол оқып тоыр. Нақ осы шақ жасалу үшін, бұл етістіктерге жіктік жалғауы тікелей жалғануы керек. Мысалы: Сен отыр-сың. Сіз оқып тоырсыз.

Нақ осы шақтың болымсыз түрі –ма,-ме жұрнағы арқылы және жоқ сөзінің тіркесі арқылы жасалады. Дара нақ осы шақтың болымсыз түрі етістіктің түбіріне есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағы жалғанып, оған жоқ сөзінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен тұрған жоқпын.




Дара нақ осы шақ

Жекеше

Көпше

Мен отырмын

Сен отырсың

Сіз отырсыз

Ол отыр


Біз отырмыз

Сендерт отырсыңдар

Сіздер отырсыздар

Олар отыр





Жекеше

Көпше

Мен оқып отырмын

Сен оқып отырсың

Сіз оқып отырсыз

Ол оқып отыр


Біз оқып отырмыз

Сендер оқып отырсыңдар

Сіздер оқып отырсыздар

Олар оқып отыр




Өткен шақ

Өткен шақ қимыл-әрекеттің сөйлеушінің хабарлауынан бұрын болғанын білдіреді. Мысалы: Лиза жылы жүзбен қызға қолын ұсынды.

Мағына ерекшелігіне қарай өткен шақ үшке бөлінеді.: жедел өткен шақ, бұрынғы өтукен шақ, ауыспалы өткен шақ.

Жедел өткен шақ . Өткен шақтың бұл түрі жақын арада болған қимылды білдіреді.

Жедел өткен шақт етістіктің түбіріне –ды,-ді, -тиы, -ті жұрнағы жалғануы арқылы жасалады: жақтық мағынасы жіктік жалғауының қысқа түрі арқылы беріледі. Мысалы : Мен келдім. Сен келдің. Сіз ькелдіңіз. Ол келді.

Жедел өткен шақ дара, күрделі, түрде қолданылады.

Мысалы: Келді, алып келді, көрді, айтып көрді. Бұл шақтың болымсыз түрі –ма,-ме жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: бармады, алып бармады, алмай барды.
10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

Тапсырмасы:Сөйлемдерді  оқы. Ауыспалы  осы  шақты  тауып, оны  нақ  осы  шаққа  айналдырып  жаз.

1/ағады-ағып  жатыр;     2/шығады — шығып  жатыр;    3/ысқырып  ойнайды — ысқырып  ойнап  жүр;   4/қуалайды-қуалап  жүр;       5/құбылтып  сайрайды -  құбылтып  сайрап  жатыр;       6/қосылады- қосылып  жатыр;        7/жырлайды – жырлап  тұр;         8/қосады – қосып  жатыр.

 Мағынасына  қарай  мақал-мәтелді келер шақ

мәніндегі етістікпен толықтырып жазу және мағынасын ашу



Үлгі:Ер қартайса, қазаншыл  бол…….   /болады/
Бүркіт қартайса, тышқаншыл бол……… /болады/

Туған жердей жер бол…………../болмас/

Туған елдей ел бол………………../болмас/

Отан үшін отқа түс, күй……………/күймейсің/

Жақсымен  жолдас  болсаң, жет……… мұратқа.  /жетесің /

Жаманмен жолдас  болсаң,  қал………. ұятқа.  /қаласың

Ерлік пен бірлік жеңіске жет………………../жеткізеді/

Көп жасаған біл…………/мейді/


Көп көрген біл……../еді/

11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру
Бірнеше мысалдар жазу.

Сабақ 31

Сабақтың тақырыбы: Мен болашақ дәрігермін. Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Тілдегі сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің түрлері туралы білімдерін кеңейту .Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1.Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2.Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3.Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4.Оралбаева Н.ӘбдіғалиеваГ.ШалабаевБ,«Практикалық қазақ тілі»Алматы, 1993

5.А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау . 35 (26%)
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин. (33%)

Лексикалық тақырып : Мен болашақ дәрігермін.

Менің жас кезімдегі арманым дәрігер болу болатын. Оның басты себебі, анам өте аурушаң болды. Адам баласына «Ана»деген аттан ардақты ешнәрсе болмаса керек. Мен үшін де анам өмірдегі ең ардақты адам. Ер жетіп ұлғайсам дәрігер болып, тек қана анама емес, сонымен қатар барлық адамзат баласының ауруын емдейтін және оларға жылы сөзіммен көектесетін дәрігер болсам деп армандадым. Мақсатым жолында мектепті үздік бітіріп, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттікң медицина академиясына түстім. Тобымдағы барлық студенттердің арманы дәрігер болу екен. Олардың бұл мамандықты таңдаудағы себептері түрліше болғанымен, алға қойған мақсаттарымыз бір. Бәріміз егеменді еліміздің болашақ ұрпақтары азаматтарының денсаулық сақшысы болатанымызды жүректен сезінеміз. Және оның жолында жақсы оқып, білім беретін ұстаздарымызды сыйлауға тырысамыз.

Мен болашақ дәргермін! Мен және мен сияқты жастар үшін бұл сөз үлкен мақтаныш. Білім –инемен құдық қазғандай болуына қарамастан, бәріміз алдағы мақсат пен міндеттеріміз үшін бар мүмкіндігімізді салып оқуға, еңбектенуге дайынбыз.


Грамматикалық тақырып: Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі

Сөйлемді құрайтын сөздер қалай болса солай орналаса бермейді. Сөйлемнің қай мүшесінің де белгілі бір орын тәртібі болады. Мұндай заңдылық ой мазмұнын оқырманға , тыңдарманға дұрыс жеткізіп, түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Сөздердің тиісті орын тәртібі бір жағынан , сөйлем мүшелерінің бір-бірімен байланысына қатысатын болса, екінші жағынан, ой екпініне де қатысы бар.

Сөйлем мүшелерінің әдетте жиі қолданылып, дағдылы қалыптасқан орындар мынадай болып келеді :


  1. Баяндауыш сөйлемнің соңғы жағында келеді де, бастауыш баяндауыштың алдында болады.

  2. Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады.

  3. Бір ғана анықталушы сөзге қатысты бірнеше сөйлемде былай орналасады:

анықтаушы сөзге ең жақын анықтауыш зат есімнен болған, одан әрірек сын есімнен , есімшеден және сан есімнен болған анықтауыштар, ең әріде ілік септікті сөзден болған анықтауыш тұрады. Мысалы: Жұмысшылардың жалаңдаған өткір темір күректері жерді қояр емес.

  1. Жоғарыдағылар сөздердіңі сөйлемдегі әдеттегі орын тәртібі деп айтуымызға болады. Кейде әр түрлі мақсатпен сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі бұзылып та қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе өлеңде, ауыз екі айтылған сөзде, ұран түрінде айтылған сөйлемде немесе белгілі бір сөздерге ерекше назар аудару мақсатынан туады. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды ! Дала Жамбылды тыңда. Тарт қолыңды Вьетнамнан !- Қолыңды Вьетнамнан тарт.

Осындай белгілі мақсатпен сөйлемдегі сөздердің қалыпты орын тәртібінің бұзылып қолданылуы инверсия деп аталады.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

• Сөз тіркесі дегеніміз не?


•Сөздердің байланысу тәсілдері? ( жалғаулар арқылы, шылаулар арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация арқылы )
Сөздердің байланысу түрлері? ( қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу)

Әр топ бір - біріне дайындаған сөйлемдерден талдау ұсынады.


1 - топ:
1. Көкбай қалам алып, өлең жаза бастайды.
2. Қажымұқан бала кезінде жалшылықта жүрген.
3. Құрмаш бұл сөзге көнбеді.
2 - топ:
1 Алдымызда үлкен адыр көрінеді.
2. Оның күшіне ел таңғалады.
3. Мұқағали жырлары бізбен мәңгі жасайды.

Берілген тапсырма бойынша әр топ оқушылары бірнеше тіркес құрап, байланысу түрлерін атап өтеді. 


Мысалы: қалам алып — етістікті меңгеру,
жаза бастайды — жанасу, 
Құрмаш көнбеді қиысу.
Мұқағали жырлары — матасу,
ел таңғалады — қиысу, 
бізбен жасайды —етістікті меңгеру.

1. Сөз тіркесінің байланысу түрінің ерекшелігі неде?


2. Сөздердің байланысу тәсілдері қалай жасалады?
3. Сөздердің қанша байланысу түрі бар?
4. Матасу қандай байланыс? Мысал келтір.
5. Меңгере байланысу қалай жасалады? Мысал келтір.
6. Қабыса байланысу қалай жасалады? Мысал келтір.
7. Жанасу қандай байланыс? Мысал келтір.
8. Қиысудың басқа байланыс түрлерінен ерекшелігі неде?


11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру
Бірнеше мысалдар жазу.

Сабақ 32

Сабақтың тақырыбы: Болымсыз Сөйлем. Сұраулы сөйлем.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Болымсыз Сөйлем. Сұраулы сөйлемнің түрлері туралы білімдерін кеңейту .Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1.Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2.Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3.Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4.Оралбаева Н.ӘбдіғалиеваГ.ШалабаевБ,«Практикалық қазақ тілі»Алматы, 1993

5.А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау . 35 (26%)

Сөздердің орын тәртібі

Сөздердің байланысуы
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин. (33%)
Грамматикалық тақырып: Болымсыз сөйлем. Сұраулы сөйлем.
Болымсыз сөйлем болымсыз етістіктердің қатысуы арқылы жасалады. Сондықтан да сіздер алдыңғы сабақтың « Етістіктердің болымсыз түрлерінің жасалуы» тақырыбын қараңыз.
Сөйлемдердің грамматикалық сипаты жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетіні қазақ тіл білімінде ертеден аталып келеді. Бірақ сөйлемдердің тілдің түрлі стильдік тарамдарындағы құрылу ерекшелігі арнайы сараланып айтылмайды. Осылай болғандықтан болымсыз сөйлемдердің грамматикалық көріністері, оның грамма-тикалық типтерінің жұмсалу ерекшеліктері тасада қалып жүр.

Бұл тарау болымсыз сөйлемдердің құрылу ерекшелігін ашуға арналады.

Сөйлемдер мағынасына, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып сараланьш бөлінеді. Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде қалыптасқан. Сондықтан да аталған сөйлемдердің мазмұны болымды, болымсыз пікірлер болып саналады.

Болымды пікір затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екені жөнінде қалыптасады.

— Шойын — металл.

Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапа тән емес, қатысты емес екені жөнінде қалыптасады: Ағаш металл емес.

Логика ғылымы пікірді түрлі жақтан топтап бөледі. Пікірдің болымды, болымсыз болуы оның сапалық көрінісі деп есептеледі.

Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы катынас жасауы пікір, ой айтумен катар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау максатына да байланысты болады. Сөйлеудін осы максаттары тілде сөйлемнін тиянақты формалары арқылы көрінеді. Сөйлемдер сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті, сөй-лемдер деп топталады

Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз.  .

Сұраулы сөйлемдер оларға ерекше форма беретін мына амалдар арқылы жасалады: сұраулык, есімдіктер, сұраулық шылаулар (ма, ме, ше), интонация. Бұлардын бірі лексикалық амал болса, екіншілері (шылау, инто-нация) — синтаксис саласына жататын амалдар.

Сұраулы сөйлемдер лексикалық амалдарды, синтаксистік амалдарды қатыстырумен қатар, әр уақытта ерекше сұраулық интонациямен айтылады.

Сұраулы сөйлемдердің өзіне тән грамматикалық амалдарды талғауы мағынасына, диалогтық ситуация үстінде жұмсалу ерекшеліктеріне, яғни қызмет ерекшелігіне байланысты.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет