Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлеріне есептер шығару. Мұғалімнің аты-жөні



бет1/2
Дата31.07.2020
өлшемі171,26 Kb.
#75737
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
кмж бланкы



Пәні: Алгебра Тексерілді:


Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлеріне есептер шығару.

Мұғалімнің аты-жөні: Кансеитова А.Н.

Күні: 29.11.2017ж

СЫНЫП: 8 «Ә»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:


Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын пайдалану, дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтау және түбірлердің формуласын қолданып, квадрат теңдеуді шешу

Сабақтан күтілетін нәтиже:

1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын біледі. «Дискриминант» ұғымымен танысады 

2-деңгей

(қолдану, талдау):




Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтайды, түбірлердің формулаларын қолданып, квадрат теңдеуді шешеді. Білімін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. 

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):




Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

Есептің нәтижесін тауып, ретімен орналастырады; сұрақ қоя біледі, талдаулар жасайды.

Тілдік мақсат:

Дискриминанат - ажырату, анықтау деген мағынаны береді.

Ресурстар:

АКТ, слайд, бейне таспа, таратпалар.

Пәнаралық байланыс:

әдебиет, информатика

Алдыңғы оқу:

Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3 минут (1-3 минут)

«Өз жұлдызыңды тап»

Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарыңыз... (музыка ойнап тұрады).

Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар ал басқаларға-сан жетпейтін біресе жақындап біресе алыстайтын жарық нүктелер.

Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін тандап ал. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсірді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап қарап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.

Ал енді алақандарыңызбен тізелеріңізді ұстап, төмен қарай аяқтарыңызды сипап, керіліп көздеріңізді ашуға болады. Өз жұлдызыңызды таңдап алыңыз және күнделігіңіздің ыңғайлы жеріне жабыстырып қойыңыз.

Ол жұлдыз сізге сенімділік беріп, білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздермен біздер сияқты, бір-біріне ұқсамайды.


Жұлдыздардың түсіне қарай топқа бөлінеді.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет