Сабақтың тақырыбы. «Күз» Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі34,14 Kb.
#6578
Сабақтың тақырыбы. «Күз»

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: оқушылармен күзгі табиғат көріністері жөнінде әңгіме жүргізу,сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру,құрамында ерекше дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру.Қай. қандай.сұрақтарының мәнін түсіну,айналада болып жатқан құбылыстарға байланысты әңгіме құрастыру,өткен сабақтың материалдарын бекіту.

2.Дамытушылық: оқушылардың білімі мен сабақта белсенділігін арттыру,сөйлеу тілін қалыптастыру,логикалық ойлау қабілетін, ұйымшылдылық,ізденушілік,еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: өз өлкесін,Отанымызды сүюге баулу, табиғат байлықтарын,қоршаған ортаны қорғап,аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі. Күз мезгілін бейнелейтін суреттер үлестірмелі материалдар,жемістер мен көкөністердің суреті, әр топтың белгісі.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер.сұрақ-жауап,әңгіме.

Сабақтың түрі. сайыс- сабақ,әңгіме.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Фонетикалық жаттығу.

Жаңылтпаш. Қызым жүзім же,жүзімді үзіп же.

«Ү», «І» дыбыстарының айтылу артикуляциясын түсіндіру.

Хормен қайталау.

3.Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Оқушылар екі топқа бөлініп,топтарына ат қойып,белгілерін қадап шығады.Әділқазылар алқасы тағайындалады.Әділқазылардың бұл

сайыста негізгі ескеретін жақтары.

1.Оқушылардың өз ойын шебер жеткізуі,

2.Өткен материалды толық меңгеруі,

3.Әр жазба жұмыстарының сауатты орындалуы.

1-тапсырма.Топ белгісін,атын қорғау. Ұранын тыңдау.

1 топ «Жемістер» Күн көзімен піседі,

Уылжып қолға түседі.

2 топ «Өріктер» Өрікпіз,біз өрікпіз,

Бау-бақшаға көрікпіз.

Ойынды жұмбақтардың шешуін дұрыс тапқан топ бастайды.

Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді. (қарбыз)

Ағашта оның мекені,

Піскенде түсіп кетеді. (алма)

1.Мәнерлеп оқу сайысы. Сайыстың талабы, күз туралы өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу.Құрамында ерекше дыбыстары бар сөздерді дұрыс айту. Орыс тіліне аудару.

2.Суретпен жұмыс сайысы.

Күз мезгілі жөнінде суреттер бойынша әңгіме жазу.Берілген тірек сөздерді әңгіме құрастыруда пайдалану.

Тірек сөздер. Суретте – на картине

Бейнеленген- изображена

Салқын – прохладно

Бұлтты күн – пасмурно

Жерде жатыр- лежит на земле

3.Сурет көрмесі.

Үйге берілген тапсырма бойынша тақтада оқушылардың салған суреттері ілінген. Әділ қазылар алқасы ұпай есептегенде суреттердің тақырыбын,жұмыс сапасын,оқушылардың шеберлігін есепке алады. 4»Кім жылдам.» сайысы.

Сайыстың талабы. Оқушылар сұрақтарға жылдам және дұрыс жауап беруі керек.

-Жыл неше мезгілге бөлінеді?

-Жыл мезгілдерін кім атайды?

-Қазір қай мезгіл?

-Күз айларын атаңдар?

-Күзде қандай мейрамдар болады?

-Бақта қандай жемістер піседі?

-Қандай көкөністерді білесің?

5.»Аудармашылар» сайысы.

Оқушылар сөйлемді орыс тіліне аударады:

1.Күзде күн суытады.

2.Күз айы маған ұнайды.

3.Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды.

4.Шөптер мен гүлдер солады.

5.Адамдар күзде жемістер мен көкөністерді жинап алады.

6.Күндіз жылы,түнде салқын болады.

7.Құстар жылы жаққа ұшады.

8.Ағаштардың жапырақтары сары,қызыл,жасыл болады.

6.Сөзжұмбақ.

1.тыква.


2.яблоко.

3.огурец.

4.пшеница.

5.свекла.

6.лук.

Заполните пустые клеточки.



1.ячмень

2.морковь

3.дыня

4.груша


5.свекла

6.яблоко


7.виноград

7.Перфокарталармен жұмыс.

8.Сабақты қорытындылау.

Абай Құнанбаевтың «Күз» атты өлеңі оқылады.



9.Үйге тапсырма. 11 тақырыпты оқу, «Күз» тақырыбы бойынша шығарма жазу.


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет