Сабақтың тақырыбы: Күзгі ауа-райы Мақсаты



бет1/5
Дата05.11.2019
өлшемі132,49 Kb.
#51185
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4 д сын поуроч

Сыныбы: 3 « Д » Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Күзгі ауа-райы
Мақсаты:
Білімділік:Тақырып аясында сөздер,сөз тіркестерін айтып,сауатты жазып, дұрыс сөйлем құрай білуге машықтандыру.
2.Дамытушылық:Сұрақ-жауап өткізу,топпенжұмысжасауарқылыоқушылардың ой-өрісіндамыту,ойлауқабілетінарттыру.Сұраққанақтыжәнедұрысжауапберугедағдыландыру.
3.Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмысжасауғатәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Күзгіауарайы» суреттер, мәтін ,үнтаспа, түрлі –түсті қарындаштар
Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезі
: амандасу,түгендеу.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Қанеки балалар, біз бір-бірімізбен амандастық,енді біз табиғат анамен амандасайықшы.
-Қазір жылдың қай мезгілі

-Күз мезгілі

-Қай ай

-Қыркүйектің нешінші күні



-Аптаның нешінші күні

-Қазір бізде қай сабақ

-ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ САБАҚ

Логопедия сабағында біз не істейміз

-Анық сөйлейміз. Иа, анық таза сөйлеу үшін балалар,біз ең алдымен тілімізді, ернімізді, дұрыс тыныс алуымызды жаттықтыруымыз керек, ол үшін тіл жаттығуларын жасаймыз, яғни дұрыс,анық сөйлеуді үйренеміз

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

ІІІ Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
-Балалар , сендер күз мезгілі жайлы білесіңдер.Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен танысайық. Сабақ тақырыбы «Күзгі ауа райы». Сабағымыздың мақсаты:күзгі ауа райына қатысты сөздермен танысып,олармен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрау.Осы сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Үнтаспадан тыңдату,қайталату,жазылуына назар аударамыз,жазады
Ашық, бұлтты,жаңбырлы,желді. Балалар осы сөздердегі дыбыстарға назар аударайық. Ашық сөзінде қандай дыбыс ерекше?Қ дауыссыз,қатаң дыбыс.Бұлтты сөзінде? Ұ дауысты ,жуан дыбыс.Жаңбырлы Ң дауыссыз,үнді дыбыс. Желді і дауысты,жіңішке дыбыс

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Зат:күз, жыл мезгілі, ай, жапырақ, жаңбыр ағаш, орман, жемістер, құстар, ауа райы

Қимыл-әрекет: түсу,сарғаю, келу, ұшу, пісу, жинап алу

Белгілер:ерте, суық, жаңбырлы, сары, қызыл

Ү. Дыбыспен жұмыс:

Сс дыбысының артикуляциясымен жұмыс жүргізу.

Ерін жымиып, күлімсіреп тұрады. Тістердің арасы 1мм ашық. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады. Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында ойықтаау болады. Ауа ағыны еркін өтеді. Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын жолын жабады, дыбыс перделері ашылады.

С-С-С-С-С-С (іштен суық ауа шығуын қадағалау қажет).

Буындарды оқу


са-са-са-са

со-со-со-со

су-су-су-су

си-си-си-си

сұ-сұ-сұ-сұ

се-се-се-се



ҮІ.Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

ҮІІ. Ойын: «Есте сақтап атап шық»

Балаға сөздер ұсынылады. Бала соларды есту арқылы есте сақтап кейін қайтадан айтып беруі тиіс.



Сөздер: мезгіл, күз, жаңбыр, жапырақ, суық, ағаш, диқан, жемістер.

ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы

ІХ. Үйге тапсырма

С дыбысының артикуляциясын қайталау



Сыныбы: 3 « »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Күзгі бақ
Мақсаты:
Білімділік:Тақырып аясында сөздер,сөз тіркестерін айтып,сауатты жазып, дұрыс сөйлем құрай білуге машықтандыру.
Дамытушылық:Сұрақ-жауап өткізу,топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.Сұраққа нақты және дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Күзгі ауа райы» суреттер, мәтін ,үн таспа, түрлі –түсті қарындаштар
Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезі
: амандасу,түгендеу.
Өткен сабақты қайталау

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Ине»-ауызды ашып, тілді алға қарай шығарыпсозу.

«Жүйрік жылан»-ауызды ашып,тілді алға қарай созу, кейін артқа тарту.

«Ат жаттығуы»-ауызды ашып,ерніміз күлімсірейді,тілдің ұшымен ақырын қағу.

«Сылақшы»-ауызды ашып,күлімсіретіп,тілді жоғары көтеріп, тілді таңдайдың бойымен алға-артқа жүргізу,тілдің ұшы ауыздан шықпасын, еріндер мен тқменгі жақ қозғалмайды

ІІІ Жаңа сабақ.
-Балалар , сендер күз мезгілі жайлы білесіңдер.Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен танысайық. Сабақ тақырыбы «Күзгі бақ». Сабағымыздың мақсаты:күзгі бақтағы жеміс-жидектерге, көкөністерге байланысты сөздерді қолдана білуге дағдыландыру.
Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылықтың бейнесі

Ойын; мен жемістердің жекеше түрін,ал сендер көпше түрде айтасыңдар

Алма-алмалар

Алмұрт-алмұрттар

Банан-банандар

Жаңғақ-жаңғақтар

Ойын:Мен жемістің атын айтамын,сендер сипаттама бересіңдар.

Алма-пішінідөңгелек, түсі қызыл, дімі тәтті.

Банан-пішіні сопақ,түсі сары, дәмді. Т.б.
Күзде күн суытып, барлық жан – жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?: Иә, мен бұл мезгілді күз деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Зат:күз, жыл мезгілі, ай, жапырақ, жаңбыр ағаш, орман, жемістер, құстар, ауа райы

Қимыл-әрекет: түсу,сарғаю, келу, ұшу, пісу, жинап алу

Белгілер:ерте, суық, жаңбырлы, сары, қызыл
Ү. Дыбыспен жұмыс:

Сс дыбысын автоматтандыру.

С дыбысын сөздереде оқу

са-са-са-са- сағат си-си-си-си-сиыр

со-со-со-со- соқа сұ-сұ-сұ-сұ- сұңқар

су-су-су-су-суық се-се-се-се- серік

С дыбысы мақал мәтелдерде.

Ас атасы нан.

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

С дыбысы өлең жолдарында.

Дала сары киәнді,

Самал соқты салөындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық алтын тау.

ҮІ.Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып ытұып жүгірді.

ҮІІ. Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ҮІІІ. ІХ. Үйге тапсырма

С дыбысын автоматтандыру



Сыныбы: 3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Күзгі жұмыстар
Мақсаты:
Білімділік:Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзгі жұмыстарға байланысты суреттер, түрлі –түсті қарындаштар
Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаттығулар:

  • Артикуляциялық жаттығулар: «Тілді жазалау», «Тісті тазалау», «Күрекше», «Допты аулаға кіргізу», «Кім допты алысқа соғады?»

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Саусақ жаттығулары

  • Буын жаттығулары

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Оқушымен сұрақ-жауап әдісімен өтілген тақырыпты қайталау



ІІІ Жаңа сабақ

Тақырыппен таныстырамын:


-Балалар , сендер күз мезгілі жайлы білесіңдер.Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен танысайық. Сабақ тақырыбы «Күзгі жұмыстар». Сабағымыздың мақсаты:күзде атқарылатын жұмыстармен және осы жұмыстарға қатысты сөздермен танысып,олармен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрау.Осы сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер: үлкен, кіші, орта, піскен,дәмді,ащы

Қимыл-әрекет:теру,ору,жинастыру,салу
Зат: егін,бақша,

Ү. Дыбыспен жұмыс:

Сс дыбысының дифференсациясы.

С дыбысын сөйлемдерде оқу.

Серік пен Самал.

Серіктің қарындасы бар. Қарындасының есімі Самал. Самал жақсы қыз. Серік ағасын сыйлайды, айтқанын тыңдайды. Жексенбі күні Серік пен Самал саябаққа серуендеді. Саябақтың ауасы тап таза. Саябақ балаларға өте ұнады.



С дыбысы жұмбақтарда.

Қос мүйізді, төрт сирақты,

Силайды балдай ақ бұлақты. Сиыр

С дыбысы жаңылтпаштарда.

Асхат қасқа ат мінді,

Мақсат басқа ат мінді.

ҮІ.Сергіту сәті

Айналдырған добыңды,

Қытықтасын қолыңды

Енді көтер партадан,

Жаса солай қайтадан

ҮІІ. Ойын: Бөлінген сурет: бөлінген кеспе суреттерден бейне құрастыру.

Не өзгерді:оқушыға бірнеше суретті көрсетіп атын айтқызамыз. Көзін жұмғызып суреттердің орнын ауыстырамыз және қай суреттің орны ауысқанын сұраймыз

.ҮІІІ.Қорытындылау



ІХ. Үйге тапсырма

С дыбысын жаңылтпаштарда жаттау


Сыныбы: 3 « Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Күзгі суреттер
Мақсаты:
Білімділік:Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзгі жұмыстарға байланысты суреттер, түрлі –түсті қарындаштар
Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

ІІІ Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
-Балалар бүгін біз сендермен «Күзгі суреттер» тақырыбында сабағымызды жалғастырамыз. Сабағымыздың мақсаты:күзгі табиғатты бейнелеу. Оқушылармен сұрақ жауап жүргізу.

Күзде жапырақтардың түсі қандай түске боялады.

Оқушыларға күздің бейнесін салдыру.
ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер: сарғаю, қурау,

Қимыл-әрекет: сарғаю, қурау, пісу, жинау

Зат: ағаш, жапырақ.

Ү. Дыбыспен жұмыс:

Ш ш дыбысының артикуляциясымен жұмыс жүргізу.

Тілдің ұшы таңдайдың алдыңға бөлігіне көтеріледі, бірақ жатпайды. Тілдің екі шеті үстіңгі азу тістермен жанасып тұрады. Тілдің бұлшық еттері еркін жағдайда. Еріндер дөңгеленіп алға созылады.Тістер қабысады не жақын тұрады.

Ш-Ш-Ш-Ш-Ш-Ш (алақанды ауызға жақындатқанда жылы лепті сезеді).

Буындарды оқу

Ша-ша-ша аш-аш-аш

шо-шо-шо ош ош ош

шу-шу-шу уш уш уш

ши-ши-ши иш иш иш

шұ-шұ-шұ ұш ұш ұш

ше-ше-ше еш еш еш
Ш дыбысы сөздерде:

Шал, шам, шабақ, шашу, шағым, шаңғы,ұшақ, қошақан,алаша, ағаш, шәйнек, Күләш, шоқ, шошыды,шошқа, шөл, шөп, шөлмек, шыдам, шымшық, Шілік, күшік, үйшік,сүзгіш, шие шеге.


ҮІ. Сергіту сәті

Саны болар оншақты,

Шашып алып моншақты.

Шымшып теріп аламын,

Қорабына саламын..
ҮІІ. Ойын:Артығын тап.

Оқушыға суреттер беріледі.Сол суреттердің ішінен артығын тауып сөйлем құрау.


ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.
ІХ. Үйге тапсырма

Ш дыбысының артикуляциясын, буындарды,сөздерді қайталау


Сыныбы: 3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Тірі табиғат

Мақсаты:
Білімділік:Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тас, өсімдік, құстардың суреті, табиғат суреті, су.
Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаттығулар:

  • Артикуляциялық жаттығулар: «Түтікше», «Саңырауқұлақ», «Күрекше», «Кім допты алысқа соғады?»

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Саусақ жаттығулары

  • Буын жаттығулары

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ш дыбысына байланысты сөздерді сұрау



ІІІ Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Тірі табиғат.

Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта. Оған аспан, су, жер, өсімдіктер жатады. Табиғат тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа: ағаш, шөп, гүл жатады.Олар өздігінен өседі, дем алады, көбейеді,денесінде жаны бар. Өлі табиғатқа: су, жер, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ, көбеимейді. Гүл қандай табиғат түріне жатады. Топырақ қандай табиғат түріне жатады.

Міне балалар тірі табиғат пне өлі табиғат бірін бірітолықтырып өмір сүреді.

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер: жасыл ,сары.

Қимыл-әрекет:өсу, көбею, ашылу, гүлдеу, пісу

Зат: гүл, тас,су шөп.

Ү. Дыбыспен жұмыс:

Ш ш дыбысын автоматтандырумен жұмыс жүргізу.

Ш дыбысы сөйлемдерде.

Шара шапан тікті.Шекер су әкелді. Шебер ағаш жонды. Шымшық дән шоқыды. Көшен көшнт отырғызды. Шұға қуыршақты шомылдырды. Шешем шәй ішті. Шолпан шұлық тоқыды. Шәріп ішігін ілгішке ілді. Айша шаң сүртті.

Ш дыбысы өлеңдерде.

Күзетшідей қырағы

Тік шаншылып тұрады.

Естігіш ақ құлағы

Сені көрсе бұғады.

ҮІ.Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

ҮІІ. Ойын: «Есте сақта және ата»

Балаға карточкалы суреттер ұсынылады. Бала соларды атап және есіне сақтап атауы керек. Тапсырма орындалғаннан кейін оны күрделірек етіп қатарымен жаттау керек екендігі айтылады



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы

ІХ. Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап келу.



Сыныбы: 3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі

Мақсаты:
Білімділік:Өсімдіктердің көбеюі тірі табиғатқа тән қасиет.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Өсімдіктер, тамыр, тұқым , пиязшық.
Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаттығулар:

  • Артикуляциялық жаттығулар: «Түтікше», «Саңырауқұлақ», «Күрекше», «Кім допты алысқа соғады?»

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Саусақ жаттығулары

  • Буын жаттығулары

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Өлең шумағын сұрау.

.ІІІ Жаңа сабақ.

Балалар бүгін біз сендермен өсімдіктердің көбеюі атты тақырыппен танысамыз.

Көбею барлық тірі табиғатқа тән қасиет.өсімдік тұқымнан,пиязшықтан,түйіннен, сабақтан, т. б. көбейеді.

Тұқым арқылы дәнді дақылдармен гүлдерді көбейтіп, өсіруге болады.

Бір пиязшықтан күзге қарай бірнеше пиязшық пайда болады. Пиязшықпен көбейетін өсімдіктер: пияз, сарымсақ, қызғалдақ.

Түйнек өсімдіктердің топырақ арасындағы сабағының жуандаған жері. Түйнек арқылы көбейетін өсімдіктер:картоп, жералмұрты,теңбілгүл.

Тамырсабақтың бір тұқымынан күзде жаңа өсімдік өсіп шығады.

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер: үлкен, кіші, орта, піскен,дәмді,ащы

Қимыл-әрекет:пісу, өсу, жинап алу.
Зат: өсімдік, ағаш, гүл.,

Ү. Дыбыспен жұмыс:

Ш ш дыбысын дифференсациясы .

Ш дыбысы жұмбақтарда.

Беті дуылдап тұр,

Танауы шуылдап тұр. Шайнек.

Қыста үйге кірмейді,

Көктем шықса жүрмейді. Шана.

Ш дыбысы мақал мәтелдерде.

Кекшіл болма, көпшіл бол.

Балам өсті дегенше, батыр өсті десеңші.

Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

ҮІ.Сергіту сәті

Саны болар оншақты,

Шашып алып моншақты.

Шымшып теріп аламын,

Қорабына саламын

ҮІІ. Ойын: «Жалғыз-көп»

Балаларға жекеше түрде сөздер беріледі:лала, өсімдік, ағаш, жеміс, жапырақ, гүл, жасыл, рашангүл. Осы сөздерді көпше түрінде айту керек. Мысалы: өсімдік-өсімдіктер...



ҮІІІ.Қорытындылау

ІХ. Үйге тапсырма :Ш дыбысына байланысты мақалдарды жаттау.

Сыныбы: 3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Бөлме гүлдері

Мақсаты:
Білімділік:Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзгі жұмыстарға байланысты суреттер, түрлі –түсті қарындаштар
Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаттығулар:

  • Артикуляциялық жаттығулар: «Түтікше», «Саңырауқұлақ», «Күрекше», «Кім допты алысқа соғады?»

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Саусақ жаттығулары

  • Буын жаттығулары

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Мақалдарды сұрау.



ІІІ Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
-Балалар бүгінгі сабақта біз сендермен Бөлме гүлдері атты тақырыыппен танысамыз.Бөлме гүлдерін біз бөлмеде бөлменің ауасын таза ұстау үшін өсіреміз. Өйткені ол гүлдер өзінен оттегін көп бөліп, көмірқышқыл газын өзіне жұтады. Осылайша біз бқлме ауасын таза ұстаймыз. Бөлме гүлдеріне: кактус, шырмауық, бегония, фикус, әйел бақыты т. б. гүлдер жатады.

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілері: тікенді, нәзік, жапырақты, қош иісті.

Қимыл-әрекет:өсу, суару, өну, үлкею, гүлдеу.

Зат: кактус, шырмауық.

Ү. Дыбыспен жұмыс:

Ш ш дыбысын буында, сөзде,сөйлемде ажырату .

Сөзді буынға бөліп оқу.

Шана қашау қысқыш

Шаңғы қойшы қылыш

Шалғы пышақ ағаш

Шапан тышқан қарындаш
Ш дыбысы мәтіндерде.

Үйшік.

Шоқан балшықтан үйшік соқты. Ол үйшікткң ішіне, шөп салып, алаша төседі. Шоқан үйшікке ойыншық күшігін отырғызып қойды.


ҮІ.Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



ҮІІ. Ойын: «Есте сақтап атап шық»

Балаға сөздер ұсынылады. Бала соларды есту арқылы есте сақтап кейін қайтадан айтып беруі тиіс.



Сөздер: мезгіл, күз, жаңбыр, жапырақ, суық, ағаш, диқан, жемістер.
ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

Ш дыбысына байланысты жаңылтпаш жаттау.



Сыныбы:3 « Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным

Мақсаты:
Білімділік:Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы мәлімет, ту, елтаң ба.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезі: амандасу,түгендеу.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Балалар бүгінгі сабаққа дайынбыз ба

-Қазір бізде қай сабақ

-ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ САБАҚ

Логопедия сабағында біз не істейміз

-Анық сөйлейміз. Иа, анық таза сөйлеу үшін балалар,біз ең алдымен тілімізді, ернімізді, дұрыс тыныс алуымызды жаттықтыруымыз керек, ол үшін тіл жаттығуларын жасаймыз, яғни дұрыс,анық сөйлеуді үйренеміз

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

ІІІЖаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
-Балалар , сендер Қазақстан турады білесіңдерме?Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласы. Астана – жас қала. Қазақстан үлкен мемлекет.

Ел-таң-ба

Ас-та-на

Жа-ңа

Мем-ле-кет

Қа-ла

Ал-ма-ты

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет