Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар ойнаймыз»



Дата18.02.2018
өлшемі82,58 Kb.
#37825
түріСабақ
МКҚК құрама үлгідегі № 16 «Бөбек» балабақшасы

Қазақ тілі және дене тәрбиесі пәні бойынша ұйымдастырылған ашық іс-әрекет

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар ойнаймыз»

Дайындаған: Қазақ тілі маманы Қонысбаева Р. Д.

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жиенбаева А. Ы.



Ақтау-2013ж

Сабақтың тақырыбы:«Ұлттық ойындар ойнаймыз»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындар туралы ұғымдарын кеңейту

Білімділік мақсаты: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын сауық түрлері туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Қазақтың ұлттық ерекшелігіне күнделікті тұрмыс тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: Балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:Қолдан жасалған аттар, арқан, қамшы, орамал, көрпеше,ұлттық тағамдар мен сусындар.


Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

(Дене тәрбиесі пәні мұғалімі)

Построение. Гимн.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев



Әнін жазған:

Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!



Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!
Сәлеметсіңдерме. Ребята, мы с вами живем в Республике ... (Казахстан). И поздоровались мы с вами на казахском языке. У каждой страны есть своя история, свои традиции. И, конечно же, в каждой стране есть свои народные игры, в которые играют не только дети, но и взрослые. Какие казахские национальные игры вы знаете?

Учащиеся заполняют ассоциативную карту «Казахские национальные игры»

Сегодня на уроке мы с вами познакомимся с казахскими подвижными играми. Но сначала мы проведем разминку. Вы знаете, что при беге и ходьбе нужно соблюдать дистанцию, не толкаться, резко не останавливаться, слушать внимательно учителя, не кричать, быть осторожными при выполнении прыжков, бросках мяча.

• Медленный бег, упражнения в беге:с высоким подниманием бедра; с захлестыванием голени; правым, левым боком вперед. (3-4 минуты)

• Разминка на месте: Казахский танец «Қара жорға». (3-4 минуты) Этот танец пришел к нам из глубины веков. Точно копировать танец мы с вами не будем, а используем движения этого красивого танца для разминки. Учащиеся под музыку выполняют комплекс ритмической гимнастики.

Молодцы, хорошо размялись. Я думаю, что вы готовы играть.


Дети под музыкой заходит в спорт зал и выполняет гимн

Дети приветствуют, слушают, отвечают на вопросы и стараются правильно делать упражнение


Іздену ұйымдастырушы кезең

(Қазақ тілі маманы)
Қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға ағады!

Бүршік атып, жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Балалар айтыңдаршы бұл қай кезде болады?
Ия балалар, Көктем келді, күн ұзарып, түн қысқарды, жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайта келді. Мал көкке жайылатын болды. Көктем мезгілінде 3-ай бар, олар Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді.
Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады.

Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді.

Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған.

"Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Балалар сендер Наурыз, Көктем туралы тақпақ, мақал-мәтел білесіңдер ме?



Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар.

Қазақша ет. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ

қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған.

Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.

Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.

Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды.

Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Ендеше ұлттық ойындарымыздың бірнешеуін ойнайық , олай болса, әрқайсысың өздеріңе ұнаған жалаушаларды таңдап алыңдарда, қолдарыңдағы жалаушалардың түсіне байланысты тез арада

бөлініп тұрамыз.

(Балалар қолдарындағы жалаушалардың түсіне қарап 2-топқа бөлініп тұрады)

Жарайсындар балалар , жасыл жалаушалы топ балары «тұлпарлар», ал қызыл жалаушалы топ балалары «сұңқарлар» тобы болады.



1.«Аударыспақ» ол –қазақ халқының арасында кеңінен тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі белгіленген шеңберден ысырып тастауға тырысады.

2.«Білектесу» Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Ортадағы көрпешеге қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын түзу қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.

3.«Аттамақ» Топтың ортасына 3-жіп тартылады. Біріншісі аласа, екіншісі жоғары, үшіншісі аласа. Екі топтан 1-баладан сайланып, белгі бойынша ойындыбастайды. Балалар жіпті аттап, астынан өтіп, аттап өтіп барып тоқтайды. Ал қайтарда балалардың көздері байланып қайтарылады. Көздерін байлаған соң жіптің бәрін алаңнан алып тастайды да, балалар ойыншылардың «жіптерді аттау» қимылдарын қызықтайды.

(бұл көңіл көтеру ойыны)



4.«Арқан тартыс» Ортаға арқан жіп қойылады. Жіптің екі жағына екі топ орналасады. Арқанның тең ортасына қызыл жіп байланып, ортадағы сызықпен теңеледі.Арқанның қызыл белгісі сызықтың қай жағына ауса, сол топ жеңгені.

5.«Көкпар»- көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс.


Дети отвечают на казахском языке


Балалар қазақ тілінде жауап береді
«Көктемде»

Дети с интересом слушают

Балалар ұйымдастырылған іс-әрекетті қызығушылықпен тыңдайды

Дети отвечают и читает стихи на казахском языке


Балалар қазақ тілінде тақпақ оқып, жауап береді
Ия!
Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.


Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналған,

Бүгінгі жыр әніміз.

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.


Өнер алды қызыл тіл

Сүт – сүйек өсіреді


Білім таппай мақтанба,

Өнер таппай баптанба.

Дети с интересом слушают

Балалар ұйымдастырылған іс-әрекетті қызығушылықпен тыңдайды

Балалар ұйымдастырылған іс-әрекетте ұлттық ойындарды қызығушылықпен ойнайды


Рефлексті коррекциялаушы күш

Сапқа тұрып залмен жүру, демді қалпына келтіру жаттығуы. Сабақтын нәтижелерін шығару, балаларды мақтау мадақтау.Построение. Упражнение на восстановление дыхания.

Балалар өзінің жетістіктеріне қуанады

Дети радуются со своими достижению



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет