Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанова «Бала Мәншүк»



Дата26.06.2018
өлшемі42 Kb.
#45099
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанова «Бала Мәншүк»
Сабақтың мақсаты: Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.
Міндеттері: 
1. Өз пікіріңді қорғай біліп, ойынды ашық жеткізуге машықтану.
2. Тіл байлығымызды арттырып, шығармашылық жұмыстар жасауға талаптану.
3. Мәншүк апамыздай елімізді, жерімізді қорғай білуге үйрену, Отан алдындағы азаматтық пен адамгершілік парызымызды сезіну.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың технологиясы: сыни тұрғысынан ойлау мен жазу.
Әдіс – тәсілдері: ассоциация құру, топтық жұмыс, ББҮ кестесі, Жиксо№1,
Жиксо №2, INSERT «түртіп алу», 5 жолды өлең, Автор орындығы,
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәриям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбер.
Топқа бөлу (ай, күн, жұлдыз)
Бағалау парағын тарату ( топ басшылары басшылық жасайды).
І. Қызығушылықты ояту.
- Өткен сабақта қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
- Әлия Молдағұлова
- Әлия туралы білімімізді жинақтайық. Әлия қалай естеріңде қалды.
Ассоциация құру (ватман тарату)
(байсалды, қайратты, ақылды, өжет, қайсар, жауынгер, батыр, ержүрек, батыл)
I топ Әлияға мінездеме.
II топ Әлиянің ерлігі (жауапкершілігі, қайсарлығы)
III топ Әлия - Шығыс шынары. (Кенес Одағының батыры, қазақтың қаһарманы қызы,)
Әр топ тапсырмаларын қорғайды. Әр топтың пікірі құнды.
II. Мағынаны ажырату.
- Ә. Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? (Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров)
- Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?
(Мәншүк Мәметова)
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
1. ББҮ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?
Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке - жеке орындайды
«Білемін» бөлігін топтастырады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.
1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
- Мәншүк туралы не білгілерің келеді?
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек, батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры. Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.
Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па?
2. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 2 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.
Балалар, сендер білгім келеді бөлімін топтастырғанда тереңірек білгім келеді дедіңдер ғой, Қазір мен бейнефильм ұсынамын.
- Қандай сезімде отырсыңдар бейнефильнен кейін? (аянышты екен)
- Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды? (18 жаста)
- Қай жерде және қай жылы дүниеге келген екен?(
Бейнефильнен «білгім келеді» бөліміндегі сұрақтарына жауап ала алдыңдар ма?
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта «Бала Мәншүк» туралы М. Хакімжанованың естелік шығармасы бар.
- Естелік дегенді қалай ұғасыңдар?
- Мәриям Хакімжанова туралы не білеміз? (1 - 2 бала)
- М. Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобыланды ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны. «Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.
Енді, балалар, ЖИГСО №1 әдісін қолданамыз, мәтін бойынша жұмыс жасаймыз.
ЖИГСО №1 оқу, ЖИГСО №2 талдау.
Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір - біріне айтады.
Сөздік жұмыс. INSERT әдісі. Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп қойындар.
Дәптерлеріңе жазып алыңдар.«Түртіп алу» әдісі.
Дерлік – түгел, бәрі, айтарлық
Әсте қыңыр – басқаша, қызық, бір түрлі, өзгеше сөйлейді
Домбығып – ісіну, томпаю
ЖИГСО №2 Схема арқылы негізгі ойымызды анықтайық.
I топ – Тақырып. Негізгі ой. І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы» (жауапкершілігі, қайсарлығы, )
II топ – Рөлге бөлу.
III топ - Тақырып. Негізгі ой. ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»
Топта талдау.
«Ой ширату»
I топ –- Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсиянің қандай мінездері ұнады? Өздеріңе ше?
ІI топ – Әңгімедегі Мәнсиянің қандай қызықты жайы естеріңде қалды?
III топ – Сендердің ойларынша Мәнсия «Моншағым» деген атқа лайықты ма?
Топта талдау, сұрақтарға жауап беру.
ІІI. Ой – толғаныс.
Балалар, Мәншүк апаларын бәрлеріне ұнады ма?
Ендеше қалай ұнағанын көрейік.
Бес жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім? – Мәншүк
2. Етістік Не істеді? Қайтті? – атысты, шайқасты, ерлік көрсетті.
3. Сын есім. Қандай? – ержүрек, батыр, өжет.
4. Синоним. Мәншүк - Мәнсия
5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.
«Автор орындығына» келіңдер.
Қорытынды:
1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек, батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры. Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.
Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па?
1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.
2. Олар бір - бірімен кездеспеген.
3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген.
4. 19 жасында майданға аттанған.
5. Пулеметші болған.
Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Үйге тапсырма:
1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.
2. «Батырларға ризамын» эссе жазу.
3. Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтел жаттау.
Бағалау парағы (топ басшылары сөйлейді).
Шығу парағы (пікірлерін тыңдайық 1 - 2 оқушы). Мадақтау.
Тілек: «Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!» демекпін

Ақтөбе қаласы

№ 42 ОМ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимова Айнагүл Тоқтықбайқызы

.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет