Сабақтың тақырыбы М. Мақатаев «Фантазия» Күнтізбелік жоспар бойынша Сілтеме



Дата08.09.2017
өлшемі89,02 Kb.
#30995
түріСабақ
«Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Копбосынова Жанар Жомартқызы



І ІІ тоқсан

Пәні - қазақ әдебиеті

Күні, айы 15.03.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы


М.Мақатаев «Фантазия»

Күнтізбелік жоспар бойынша


Сілтеме

Күнтізбелік тақырыптық жоспар 5-сынып

Жалпы мақсаты:

Мұқағали өлеңі арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің, қазіргі таңда шындықпен байланысын көрсету

Міндеттері:

Сыни ойлауға ,нақты жауап беруге дағдыландыру.

-оқушылардың топ ішінде белсенділігін арттыру арқылы сөйлеу тілін жетілдіру;

-оқушылардың білімін бақылау арқылы шығармашылыққа баулу.


Оқыту нәтижелері


1.Ақын шығармашылығы туралы білгендерін еске түсіреді.
2.Өлеңнің айтар ойын өмірмен байланыстыра алады.
3.Шығарманы басқа өлеңдермен салыстыра алады.
4. Өлеңді талдай алады.

Негізгі идеялар:


.Сабақ барысында топтасып жұмыс жасай отырып, танымдық қабілеттерін көрсетеді. Жеке жұмыс жасайды, сабаққа белсенділіктері артады

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету:«Бес жолды өлең», Оқыту мен оқудағы АКТ-ды пайдалану. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Ұйымдастыру


Амандасу. «Мен өмірді сүйемін, себебі _________________» деген аяқталмаған сөйлемдерді аяқтауға нұсқаулық бере отырып, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

Топқа бөлу. Қиял-ғажайып ертегісі арқылы бөлу. Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.



Топ басшысы сайланып, тапсырмалар жазылған бағалау парағына толтырады.



Үй тапсырмасын сұрау

Білу


«Сабалақ өлеңінің мазмұнын сұрау

«Доп лақтыру» арқылы сұрақтар қою (Оқушылар орнынан тұрады. Алғашқы сұрақты мұғалім озі қойып, бір оқушыға доп лақтырады. Қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға жалғастырады)
1. Өлеңдегі басты қаһарман кім?
2. Абылай қандай бейне?
3. Ер Төстік қандай кейіпкер?

Ой қозғау

Фантазия – қиял, ертегі арман, сиқыр

«Фантазия» сөзін қайда естіп жүрміз? Ол сөзбен нелер байланысты деп ойлайсың? - деген сияқты түрткі сұрақтарды қою арқылы оқушыларға «фантазия» сөзінің мағынасын жан – жақты түсіндіремін. М.Мақатаев туралы не білетіндерін айтады.

Түсіну


Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданынын Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келген. 1948 жылы орта мектепті бітіреді,аудандық кеңестің хатшысы, әдебиет пәнінің мұғалімі,республикалық газетінің тілшісі, қазақ радиосының дикторы, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері. Ол 1962 жылы Алматы қаласына көшіп, әдеби ортаға араласады

Бүгінде Мақатаевтың 35 мың жолға жуық өлеңі бар. Көптеген жыр жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар», «Шуағым менің», «Дариға жүрек», «Өмір дастан», «Өмір – өзен», «Аққулар ұйықтағанда» т.б.

Мұқағали өлеңдеріне жазылған әңдердің саны 45- ке жуық .

«Фантазия» өлеңін мәнерлеп сұрау



Қолдану

«Ертегіде табысқан ертеңімен
Ғаламаттар туылған ертегіден» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер. Бүгінгі өмірмен қалай байланыстырар едің?
Топтық тапсырмалар, постер қорғау:
Топтық тапсырмалар орындайды
1-топ: Ер Төстік ертегісінде Шалқұйрыққа тіл бітті. Осы құбылысты бүгінгі заманның қандай жетістігімен байланыстыруға болады? 
2-топ: Ер төстіктің досы, жер астының атақты тыңшысы, қандай жасырын әңгіме болса да, тыңдап алатын, алыстағы, жақындағына түгел еститін досы кім еді? Оның осы қасиеті бүгінгі нені елестетеді? Бүгінгі заманмен байланыстырып көрші. 
3-топ: Кендебай ертегісінде Кендебай құйрықты қойнынан суырып алғанда, үйдің іші жап – жарық болып кетеді. Сол кездегі ғажайып құбылысты неге ұқсатар едіңдер? Ертеде лезде бөлме ішін, даланы, көшені жап- жарық қылатын құрал болған ба? 

Талдау

1 топ Өлең құрылысына қарай талдау

Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.

2 топ Ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты салыстыру

3 топ Бес жолды тұжырым

Фантазия


Бай, ұшқыр

Шарлатады, шарықтатады, шалқытады

Адам фантазиясы шексіз бай.

Қиял


Жинақтау



«Қиял шамы» (эссе)
Әр топқа шам беріледі. Оқушылар шамға қарап, қиялға ерік бере отыра, нені байқағандарын жазады.


Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап келу

«Менің қиялымдағы болашақтағы әлем» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау:


1.М.Мақатаев деген кім?

2. «Фантазия» деген сөзді қалай түсінесің?



Топ басшылары бағалайды

«Екі жұлдыз,бір тілек»бойынша кері байланыс жасатамын. Кері байланыс жасайды.



Рефлексия




Не сәтті болды?

 


Үй  тапсырмасы бойынша дайындаған сұрақтары; М.Мақатаев кім екенін және де «Фантазияр» өлеңінің мазмұнын түсіне отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашу; Фантазия деген не екенін өз ойларымен жеткізуі; «Қиял шамы» атты эссені яғни оқушылар өз ойларына ерік бере отырып эссе жазуы, жалпы оқушылардың сабақтағы белсенділігі сәтті болды.

Не сәтті болмады?

Уақыттың жетіспеушілігі

Нені жақсартуға болады?

 


Уақытты тиімді пайдаланып оқушыларды жылдамдыққа және де тапсырманы тез орындатуды үйрету

Мен өз дағдыларымды нені дамыта  алдым?

 


Оқушылар айтылған сынды дұрыс қабылдай алуды үйренді, яғни топ ережесінің маңыздылығын және топпен жұмыс істеуді түсінді. Бағалауда критерийдің маңыздылығын түсінді.

Нені өзгертуге болады?

 


Алдағы сабақтарымда уақытты тиімді пайланауды жоспарлаудамын

Каталог: uploads -> doc -> 0012
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0012 -> Сабақтың тақырыбы 4A бөлім: Ақшаны пайдалану Монеталар және олардың номиналды құны
0012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы
0012 -> Күні: Сынып: 4 Тақырыбы: Қала көшелері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет