Сабақтың тақырыбы Майлықожа Сұлтанқожаұлы "Ілімге толса көкірек" толғау Жалпы мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі46,1 Kb.
#27835
түріСабақ
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы

№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мурынбаева Баян Тыныштықбаевна


Қысқа мерзімді жоспар

Күні:

Пәні: қазақ әдебиеті

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы “Ілімге толса көкірек” толғау

Жалпы мақсаты

Майлықожаның өмірі мен шығармашылығы,толғаудың тақырыбы мен идеясын ашу.

Сілтеме

Электрондық оқулық, қазақ әдебиеті оқулығы,

С.Мирсейітова Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері



Оқу нәтижесі

Толғау өлеңдеріндегі ғибратты ойларды,ақын жырларындағы шығыстық сарындарды түсінеді.

Жақсылық пен жамандық қасиеттерді салыстырады. Толғаудың тілі талдайды.Толғау туралы біледі.



Негізгі идеялар

Зар заман ақынының өмірі мен шығармаларын оқыту.

Қолданылатын материалдар

АКТ ,постер, маркер,электронды оқулық,

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Топпен жұмыс , жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын ерекше бақылау)


Сабақ кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

5 мин

«Өзің тілегенді –басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушы өзіне ішінен бірнеше тілек тілеу тапсырылады.Содан кейін жұпқа бөлініп,бір-бірінің қолынан алып,жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.

1-4 сандары арқылы топқа бөлу.


Әр оқушы өзіне ішінен бірнеше тілек тілейді.Содан кейін жұпқа бөлініп,бір-бірінің қолынан алып,жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтады.

1-4 сандар жазылған қағаз қиындылары арқылы 4 топқа бөлінеді.



І. Білу

3 мин

Сабақтың мақсатын айқындау

Үй тапсырмасын бекіту.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы қай жылдары өмір сүрген?

Майлықожаның ақындық өнерге бет бұруы не себептен болды?

Ақын кімдермен айтысқан?

Толғау түрлері және олардың өзіндік ерекшелігі мен тақырыптары қандай?



Талдау,жинақтау,қорыту


ІІ.Түсіну

10 мин

«Ілімге толса көкірек» өлеңін оқиды.

Толғауда ақын нені дәріптейді,нені сынаған?

(АВС оқушыларының мүмкіндігін ескеру)


Өлеңді оқып шығады.

Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.



ІІІ. Қолдану

8 мин

Жақсы мен жаман қасиеттерді салыстыру.

Жақсы мен жаман қасиеттерді салыстырады.

Жақсы қасиеттер

Жаман қасиеттер







ІҮ. Талдау

10 мин

Толғауға талдау жасау.

  1. топ,толғаудың тақырыбы мен идеясын табады.

  2. топ,толғаудың тілін талдайды.

  3. топ,ақын білім,талап,еңбек жайлы мақал-мәтелдерді жазу.

  4. топ,Майлықожа мен Абай ақын шығармаларында үндестікті табу.

Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады.


Ү.Жинақтау

5 мин

«Ілімге толса көкірек,

Ашылар көзің сананың»... деген толғауының өзің үшін тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндір. Сикерлерге өлең жайлы ойын жазу.Стикерді парақтарға жапсырады.Парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі,оның қатысушылары оған өзінің ситкерлерін жапсыру



Толғаудың тәрбиелік мәнін түсіндіреді. Сикерлерге өлең жайлы ойын жазады.Стикерді парақтарға жапсырады.Парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі,оның қатысушылары оған өзінің ситкерлерін жапсыру.

ҮІ.Бағалау


2 мин

«Талапты туған ер жігіт

Әр жұмысқа бекінер...» жолдарын түсіндіру.



Оқушылар ойларын айтады.

V. Үйге тапсырмасын беру

1 мин

Абай Құнанбайұлы жайлы мәлімет жинау.




VII. Рефлексия


1 мин

Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған критерийлер бойынша бағалау



Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтермен көрсету.

Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет