Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау



Дата13.08.2017
өлшемі89,55 Kb.
#23592
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы,

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан,

«Пески орта мектебі» КММ

Нуртазина Бақтыгүл Ержанқызы

11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау

Сабақтың мақсаты: Білімділік –оқушылардың білімін тексеру, бақылау, толықтыру арқылы білім сапасының артуына ықпал ету;

Дамытушылық –жеке басының қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар беру, өзін өзі тану аумағын кеңейту;

Тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбекқорлыққа тәрбиелеу және де ауыл жастарының өнегелік қасиеттерін қалыптастыруға, отансүйгіштікке, еліне, жеріне деген махаббаттарын оятып, адал қызмет етуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: іздену, талдау,ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,сұрақ-жауап жүргізу;

Оқыту технологиясы: Блумның мақсат қою технологиясы


Білу

Бейнебаянды тамашалау

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін мына бейнебаянға назар аударайық

Бейнебаянды тамашалау.

Балалар, бүгінгі сабағымыз не жайлы болады деп ойлайсыңдар.

Дұрыс, мамандық таңдау , сіздер болашақ мамандықтарыңды таңдап алдыңдар, сондықтан қазір біз сіздермен мына тақтада тұрған алма ағашынан өздерің жақсы көретін (қызыл және көк) алманы таңдап алып, сыртына өз мамандықтарыңның атауын жазыңдар , «Шығыс базары» енді себетке салып араласқан алмадан бір алма таңдап алайық. Енді түс бойынша топқа бөлінеміз, ал сендердің қолдарыңда біреудің мамандығы, яғни Саша сабақтың соңында Бүркіттен өз мамандығын сатып алады, ол үшін әрқайсымыз сабақ барысында жақсы жұмыс жасайық.



Түсіну

Мәтінмен жұмыс



Мәтінді түсініп оқы.

Мәтін бойынша досыңа 1 сұрақ қой



Қолдану

Сөйлесу
Ой бөлісу

«Карусель» әдісі

Мына мақалдардың қайсымен мәтін мазмұнын қорытындылауға болады?

Қай мақал-мәтелдер мәтін мазмұнына сәйкес келеді?

1.Көз қорқақ, қол батыр.

2.Оқығанды айтпа, тоқығанды айт.

3.Бес саусақ бірдей емес

4.Талаптыға нұр жауар.

5.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

6. Жаман жолдастан,

Таяғым артық.

7.Аз сөз-алтын,

Көп сөз-көмір.

8.Еңбек етсең, емерсің.





Талдау


аттестацияға дайындық



«Қытайша ет»
2-тапсырма.
А.Берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.
В. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
С. Сөйлемді сөз құрамына талда.

І.Биік шың адамға оңайлықпен келмейді.


ІІ. Бүгінгі таңда түлектер сұранысқа ие мамандықты таңдаулары керек.

Дұрыс жауап кілт арқылы бірін-бір тексереді.

Бағалау парағын толтырады

Жинақтау

«Бес жолды өлең»

1 зат есім «мамандық»

2 сын есім

3етістік


4 сөзден сөйлем

5 ассосация немесе синоним



Біліміңді тексер!

1.Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемді ... ... деп атаймыз.

2.Баяндауышы мүлде жоқ сөйлемді ... ... дейміз.

3.Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді ... сөйлем дейміз.

4.Ойға қатысты барлық сөйлем мүшелері бар сөйлемді ... сөйлем дейміз.

5.Толымсыз сөйлем көбіне ... кездеседі.

6.Батауышы бар сөйлемді ... сөйлем дейміз

7.Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай ... бөлінеді.

8.Жай сөйлем құрамына қарай ... бөлінеді.

9.Сөйлеушінің көңіл-күйін білдіретін сөйлемді ... сөйлем дейміз.

10.Хабарлы сөйлемнің соңында ... қойылады.

11. «Жаз. Қайнаған күн.» ... сөйлем.

12.Сұраулы сөйлем ... ... немесе ... ... арқылы жасалады.
Жауап кілті арқылы бірін-бірі тексеру


Бағалау

Бағалау парағы бойыншасабақ барысында жинаған ұпайлар санына қарап, өз досына тілегін білдіреді.

Саша, сен тамаша экономист боласың, себебі бүгінгі сабақта (........қандай?) болдың.

Міне, сенің қалаған мамандығың. Болашақта саған сәттілік тілеймін


Кері байланыс

11-сынып

Сабақтың тақырыбы:Әуежайда

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: оқыған, тыңдаған мәліметтерді түсіну, өз ой-пікірлерімен бөлісе білу және байланыстыра сөйлесуге бағыттау;

Дамытушылық :оқушылардың логикалық ойлау , сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту;

аттестацияға дайындықты тереңдету;



Тәрбиелік :қоғамдық ортада өз міндеттерін орындауға, жауапты болуға тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілі: іздену, талдау,сөздік қорларын толықтыру,сұрақ-жауап,

Оқыту технологиясы: Блумның мақсат қою технологиясы

Психологиялық ахуал орнату «Жүректен жүрекке»

Сабақтың мақсатымен жүру барысымен таныстыру.


1.Мәтінді оқып,түсіну

2.Өз көзқарасын,ойын айту

3.Грамматикалық тапсырмалар

4.Диалогке түсуі

5.Тест бойынша бағалау

9-10 «3»;

7-8 «2»;

5-6 «1»;


оқып,т

Білу

1-тапсырма. Тыңдап, оқыңдар және қайталаңдар.

«Құрметті жолаушылар! Сіздер AN–24 ұшағының бортындасыздар. Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға болмайды. Белдіктеріңізді ілгектеңіздер. Ұшақта темекі тартуға тыйым салынады, ұшақ 10 000 метр биіктікте, сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен ұшып келеді. Егер сіздерге бір нәрсе қажет болса, стюардессаны шақырыңыздар. Ол үшін оң жақтарыңыздағы тетікті басыңыздар. Сапарларыңыз сәтті болсын!




Түсіну

Александр мен Наталья үшін

Бүркіт пен Бекжан үшін


4-тапсырма. Бос орынды толтырыңдар.

Әр адам ұшақтың ішінде:

-Өзін-өзі ұстауға;

-Ұшақтың қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

______________________________________

______________________________________

______________________________________ міндетті.

Әр адамға ұшақтың ішінде:

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________ тыйым салынады.

2-тапсырма. Жағдаят бойынша өз ойларыңды білдіріңдер.
- Егер ұшақтағы сенің көршің жоғарыда аталған қауіпсіздік ережелерін сақтамай отырса, сен не істер едің?

- Ұшақтағы сенің көршіңнің жағдайы болмай отырса, сен не істер едің?



6-тапсырма. Осы пікірді қалай өрбітер едіңдер.
А.“Адамның адам болып, тұлғаланып, кемелденуіне сөздің атқаратын рөлі баға жеткісіз. “Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше” дегендей, адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танып, өзін де сөз арқылы танытады”
Б.Ұшақтағы ұстанар негізгі қазық, әрине, өзара сыйластық, өзіңді де, өзгені де құрмет тұту. Осындай ортада адамгершіліктің негізгі қарапайым нормасы – кісіге деген ілтипат пен ізгілік.
Ілтипат, ізгілік сөздерін қалай түсінесіз?


Қолдану

«Алма-кезек» стратегиясы



Оқы, жағдаятты өз ойыңмен жалғастыр

Әуежайда бір әйел кісі ұшаққа мінетін уақытын күтіп отырған болатын. Уақыты ұзақ болған соң қорапқа оралған печенье сатып алып,



(өз ойларын айтады)
кітап оқи бастады. Сәлден соң көрші орындыққа бір кісі келіп жайғасты да, ол да кітабын шығарып, оқуға кірісті. Әйел қасында тұрған қораптан бір түйір печеньені ала бергенде

(өз ойларын айтады)

жаңа келіп отырған көршісінің де , қорапқа қол созғанын байқап қалады.Бейтаныс кісінің әдепсіздігіне ашуланып,



(өз ойларын айтады)

ұрсып тастағысы келді де өзін әзер тежеді. Қорапқа қолын созған сайын ол кісі де бір түйірден алуын тоқтатпады. Үндемеген сайын басынған көршінің бейәдеп тірлігі ашуын шегіне жеткізді. Осылай іштей арпалыста отырғанда



(өз ойларын айтады)

қорапта бір-ақ дана печенье қалады. Енді не істер екен деп отырғанда әлгі кісі



(өз ойларын айтады)

еппен оны екіге бөледі де, жартысын қорапта қалдырып, әйелді одан әрі



(өз ойларын айтады)

таң қалдырады. Арсыз әрекетке әбден ашуға булығып, орнынан тұрады да, кітабын қолтықтап ұшаққа беттейді. Ұшақтағы орнына жайғасып, әлгінде болған жайтты санасына әлі де сиғыза алмаған күйі қол сөмкесін ашса,


(өз ойларын айтады)
бағана сатып алған қораптағы өз печеньесі сол қалпы тұр! Күтпеген көрініс маңдайына үлкен соққыдай болып тиді. Артынша тұла бойын ұят кернеп өзін қоярға жер таппады. Әлгі бейтаныс кісі кінәлағанындай емес, керісінше
(өз ойларын айтады)
нағыз ұстамды әрі жомарт кісі болып шықты.
Осылайша, кейде өзгені 100 пайызға кінәлап, өзімізді
(өз ойларын айтады)

сүттен ақ, судан тазадай сезінеміз. Шын мәнінде айыптаушымыз адамгершілігі мол, бізден өресі биік, ұстамды әрі кішіпейіл жан болуы мүмкін.


Айыптауға асықпайық! Өзімізді тексеріп алу артық етпес ешқашан.


Талдау

  • Жұптасып отырып 5-тапсырманы орындаңдар

А.Грамматикалық тапсырмалар

А) Мәтінде асты сызылған сөздердің құрамын ажыратыңдар. 

Ә) Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға және темекі тартуға тыйым салынады.

 Б)Қызылмен берілген сөзге морфологиялық талдау жаса.


Жинақтау


«Ашық сұрақтар» стратегиясы
8-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. Берілген сөйлемдегі етістіктің шағын атаңдар.

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға болмайды.

А) болжалды келер шақ;

В) мақсатты келер шақ;

С) бұрынғы өткен шақ;

Д) ауыспалы осы шақ;

Е) жедел өткен шақ;


2.Барыс септігінің жалғауы бар сөзді тап.

Ұшақта темекі тартуға тыйым салынады

А) салынады

В) Ұшақта

С) темекі

Д) тартуға

Е) тыйым
3.Көсемше тұлғасында тұрған етімтікті анықта

А)ұшып келеді

В) болсын

С) шақырыңыздар

Д)салынады

Е) ілгектеңіздер
4.Шартты рай формасындағы етістікті анықта.

А) Құрметті, жолаушылар!

В) қажет болса

С) Сіздер AN–24 ұшағының бортындасыздар

Д) Сәтті болсын!

Е) Стюардессаны шақырыңыздар.


5)Сөйлемге қойылатын шылауды тап.

Ол ... оң жақтарыңыздағы тетікті басыңыздар.

А) дейін

В) туралы

С) кейін

Д) үшін

Е) сондықтан

6) «Белдіктеріңізді» сөзіндегі жалғаулардың ретін анықта.

А) көптік, септік, тәуелдік

В) жіктік, көптік, тәуелдік

С) көптік, тәуелдік, септік

Д) септік, тәуелдік, жіктік

Е) көптік, жіктік, септік

7)Кіріккен сөзді анықта.

Егер сіздерге бір нәрсе қажет болса, стюардессаны шақырыңыздар.

А) шақырыңыздар.

В) қажет болса

С) бір нәрсе

Д) стюардессаны

Е) сіздерге

8) Сөйлемнен есімдіктің мағыналық түрлерін анықта.

Ол үшін оң жақтарыңыздағы тетікті басыңыздар.

А) жіктеу

В) сілтеу

С) жалпылау

Д) болымсыздық

Е) белгісіздік

9) Сөйлемнің түрін анықта

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға болмайды.

А) жақты


В) жақсыз

С) атаулы

Д) жалаң

Е) толымды

10) Сөйлем ішінен мекен пысықтауышты анықта

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға және темекі тартуға тыйым салынады.
А) тыйым салынады.

В) телефонды пайдалануға

С) ұялы телефонды

Д) ұшақтың ішінде

Е) темекі тартуға



Бағалау

Критерий арқылы өз білімдерін бағалап шығады

12-15 «5»; 8-11 «4»; 4-7 «3»;




Үй тапсырмасы

Үйге:

7-тапсырма. «Қоғамдық орындағы мәдениет» тақырыбында өз ойларыңды дәлелдеп жазыңдар.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет