Сабақтың тақырыбы: мамандығым – мақсатым «Электр жабдықтарына қызмет көрсетуші»



Дата12.12.2019
өлшемі26.86 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: МАМАНДЫҒЫМ МАҚСАТЫМ

(«Электр жабдықтарына қызмет көрсетуші» мамандығы бойынша оқып жатқан топтар үшін)


Сабақ мақсаты:
а) білімділік: Қазақстан энергетикасы, электр станциялары туралы білім бере отырып, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
ә) дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
электр энергетикасы туралы толық деректер бере отырып, оқушылардың білімін арттыру; жаңаша оқыту әдістері арқылы логикасын, ойлауын дамыту.
б) тәрбиелік: отансүйгіштікке тәрбиелеу, минералды ресурстарды және энергияны үнемдеуге тәрбиелеу арқылы оқушының пәнге, мамандықтарына қызығушылығын арттыру. Белсенді жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: пікірталас, ойын сабағы


Әдісі: интерактивті оқыту; «Қызығушылықты ояту», сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: мамандыққа байланысты нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайдтар, мамандықтар суреттері, кәртешкелер, буклеттер.

Пәнаралық байланыс: өндірістік оқумен байланыс

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушыларды тексеру.
2. Сынып бөлмесінің, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге «Мамандығым – мақсатым» тақырыбында шағын шығарма жазып келу тапсырылған. Дәптерлерін қарап шығу.

Оқытушы: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мамандығым – мақсатым». Ал сендердің оқитын мамандықтарың «Электр жабдықтарына қызмет көрсетуші» болғандықтан бүгін осы аталған мамандыққа көбірек көңіл бөлгенді жөн көріп отырмын.

     Жалпы алдымен мамандықтар жайлы, дұрыс таңдалуының маңызы жайлы сөйлесіп көрелік. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді.
Мамандық таңдау - жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенімен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.

Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?

Слайд №1

ІІІ Жаңа сабақты меңгерту.



  • 1.      Қызығушылық қалай пайда болады?

  • Қызығушылық - сол мамандықты ұнату

  • - мамандықтарға еліктеу

  • - өмірге көзқарасының болуы

  • 2.      Бейімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Бейімділік – ата –ана жолын қууы

  • - орындау икемділігі

  • - мамандықты игеруге құштарлық

  • 3.      Қабілет деген не?

  • Қабілет – туа біткен талант

  • - өзіндік ізденіс

  • - үйренуге талпыну

Дәптермен жұмыс. 12-жаттығу

Сөйлем құрастырыңдар

Дәрігер ауруларды сурет салады.


Мұғалім балаларға киім тігеді.
Құрылысшы адамдарға емдейді.
Суретші қағазға сабақ береді.
Тігінші матадан үй салады.
Ал енді сабағымызды жалғастыру үшін 2-топқа бөлініп алуымыз керек.

І топ. «Құлагер» тобы

ІІ топ. «Домбыра» тобы

Қазір екі топқа белгілі бір тұжырымдамалар беріледі. Сол тұжырымдамаларды екі топ жереби таңдау арқылы растайды немесе даттайды. (Жереби тасталады)

Слайд №2
Мамандық бір-ақ рет бір жола таңдалады

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты


Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады


Қартайғанда да мамандық таңдауға болады


Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек


Ақша болса, мамандық қажет емес


Электр энергиясынң пайдасы зор

Алдын ала тапсырма беру арқылы оқыту технологиясы бойынша мен сендерге ғаламтордан келесі сұрақтар бойынша мәлімет дайындап келуді тапсырған едім.


1. Электрлік энергетиканың міндеттері.


2. Қазақстанның отын - энергетикалық кешені (ОЭК)
3. Қазақстан энергетикасының даму кезеңдері.

1 -оқушы 1997 жылы Қазақстан Үкіметі «Энергияны үнемдеу» туралы Заң қабылдады. Электр энергиясын үнемдеу арқылы Жер - Анамыздың бізге және біздің ұрпақтарымызға беретін табиғи - минералды ресурстарды үнемдейміз.

2-оқушы. Қазақстанның отын – энергетикалық кешені (ОЭК)
ОЭК – отынды және электр энергиясын өндіруді, оны тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз ететін кешенді өндіріс.
ОЭК отын өндірісінде көмір, мұнай, газ сияқты минералды ресурстарды пайдаланады. ОЭК - тің энергетикалық бөлігін электр станциялар құрайды. Өздеріңе белгілі Қазақстанда негізінен үш электр станциясы жұмыс жасайды.».
3-оқушы. ЖЭС - лары Орал, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Қызылорда, Семей, Арқалық қалаларында орналасқан.
4-оқушы . СЭС - лары Шығыс Қазақстанда Өскемен (Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Хариуз өзендерінде), Алматы облысында (Қапшағай, Үлкен Алматы, Кіші Алматы), Шымкент облысында(Шардара су қоймасы), Талдықорған облысында(Текелі) электр энергиясын өндіріп, осы өңірлерді энергиямен қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы әзірше жалғыз АЭС біздің өлкемізде - Ақтау қаласында орналасқан. Болашақта Балқашта да АЭС бой көтермекші.

3. Қазақстан энергетикасының даму кезеңдері.


ОЭК Қазақстанды электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Ол үшін отын да, энергоресурстар да жеткілікті. Бірақ, ОЭК біркелкі дамымаған.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстан үкіметі энергетикалық тоқыруға ұшырамас үшін ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып энергетика өндірісін жекешелендіріп, тығырықтан шыға білді. Алғашқы отандық өнімдерді, жаңа типті қондырғыларды шығара бастады.
Оңтүстік жақтағы энергетикаға тапшылық көршілес Қырғызстаннан және Түрікменстаннан энергия алуға мәжбүр етуде.»Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында және Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында энергетика міндеттерін орындау, энергетикалық тапшылық мәселелерін шешу жолдары қарастырылған.
«Сергіту сәті»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы: ойын

Екі топқа мамандықтардың суреттері бейнеленген кәртешкелер көрсетіледі. Көрсетілген мамандықтарды сөзбен емес тек іс қимыл арқылы, мимикамен келесі топқа жеткізу керек. Сәйкесінше келесі топ қандай мамандық жасырылып отырғанын табулары қажет. Әр топтан екі баладан шығып отырады. Табылған сөздерден оқушылар сөйлем құрастырып жазулары керек.

Слайд №3
1. Электрлік энергетиканың міндеттері:
Экранда:
- халық шаруашылығын, өндіріс орындарын электр энергиясымен толық қамтамасыз ету,
- электр энергиясын өндіріп, пайдалануды оңайлату;
- электр энергиясын үнемдеу мақсатында энергетикалық тиімді құрылғылар мен қондырғылар, аспаптар жасап шығару;
- электр құрылғыларды пайдалануды оңайлату (батырма, қосқыш, пульт т. б.)
- электр энергиясын үнемдеу;
- Біріккен энергожүйе құру және т. б.

Ал енді сіздердің осы күнге дейінгі алған білімдеріңе шолу жасайық. Мен сендердің мамандықтарыңмен байланысты бірнеше сұрақ қоямын.


1. Сұрақ - жауап әдісі.
(жалпы топқа қойылады)

Сұрақ: 1. Электротехника нені зерттейді?


Жауап: Электротехника - электр және магниттік құбылыстардың практикалық мақсатқа қолданылуын зерттейтін ғылым.
Сұрақ: 2. Электроника туралы не білесіңдер?
Жауап: Электронды, жартылай өткізгішті, вакуумды, газды ортада электр құбылыстарын қолдануға негізделген құрылғылар.
Сұрақ: 3. Электр энергетикалық жүйе туралы не білеміз?
Жауап: Өзара байланысқан өндіруші, тұтынушы, түрлендіруші, таратушы, жеткізуші желілердің жиынтығы.
Сұрақ: 4. Үшфазалы электр жүйесін, электр қозғалтқышын, үшфазалы трансформаторды ойлап тапқан ғалым кім?
Жауап: Электроэнергетиканың негізін салушы: М.О.Доливо - Добровольский.
Мұғалім: Алғашқы электр шамын орыс өнертапқышы А.Н.Лодыгин құрастырған еді.
Сабақты қорытындылау. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Біз өтілген тақырыптан нені меңгердік?

Қорытынды сөз бір оқушыға беріледі


Рефлекция. Оқушыларға парақтар үлестіріледі. Параққа бірі күліп тұрған, екіншісі мұңайып тұрған екі күннің суретін салулары керек. Күліп тұрған күннің астына сабақтан алған жақсы әсерлерін, керісінше мұңайып тұрған күннің астына жағымсыз әсерлерін жазады.

Бағалау. Бағалу парағы үлестіріледі

Үйге тапсырма. 181 –беттегі сұрақтарға жауап беру. Термин сөздігін жаттау




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет