Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама Сілтеме Білім стандарты, сабақ жоспары



Дата26.08.2017
өлшемі31,89 Kb.
#28052
түріСабақ




5- сынып

Қазақ әдебиеті

27.11.2015




Сабақтың тақырыбы:

Мазмұндама

Сілтеме

Білім стандарты, сабақ жоспары

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыта отырып, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға үйрету

Оқыту нәтижесі

Тақырыпты, берілген тапсырманы түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.

Негізгі идеялар

Жауапсыздық орға жығады. Салақтық ұятқа қалдырады.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Диалогтік әдіс



Ресурстар, құрал-жабдықтар

жазу дәптері, мәтін

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


 

 5минут



 

 

 



 

7 минут


 

 

 



 

 25 минут

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу.

б) Сергіту сәті «Сыйлық»

 ІІ.Жаңа сабақ

Мұғалім мәтінді екі мәрте оқиды, оқушылардың түсінігі сұралады.

Тақтаға мәтіннің жоспары жазылады



Бірлік

Ауыл маңындағы құм төбешік бейне құрылыс алаңы секілді. Бір топ бала жұмсақ, майда құмнан үйшік қалап жатыр. Самат пен Арман кішкентай машиналарымен тал шыбық тасып жүр. Аспандағы алтын күн де бұларға қызыққандай, арайлы сәулесін аямай төгіп тұр. Осы кезде жайылып жүрген төрт-бес бұзаудың ішіндегі ала қасқа біреуі төбешікке тіке тартты. Басын тұқыртып, кәдімгідей айбат шегеді. Сүзетін түрі бар. Балалар ойыншықтарын тастай салып, жан-жаққа бытырай қашты. Бұзау ойыншық үйлерді иіскелеп тұрды да, быт-шытын шығарып тастап кетті.

Келесі күн де Мұраттар құм төбешіктің басына жиналып, қираған ойыншық үйлерді қайта салуға кірісті. Сүзеген бұзаудың келгенін байқамай қалды. Бірақ бұл жолы бірде-бір бала қашпады. Қайта қолдарындағы құмды шашып, барлығы қарсы тұрды. Енді сүзеген бұзаудың есі шықты. Тоқтай қалды да, таңырқай басын шайкады. Сонан соң өз жөніне кете барды. Мұрат табалдырықтан аттай беріп:

-Ата, біз бүгін бұзақы бұзауды қуып жібердік,—деді, тершіген танауын сипалап.

—Кім біледі, бұзақы бұзау ертең тағы келер...

—Келсе, келе берсін! Енді одан мүлде қорықпаймыз.

—Міне, қарағым, ұқтың ғой. Бірліктен, достықтан асар күш жоқ!

Алпысбай қарт та немерелерімен бірге қуанды. Балалардың көңілдері көтеріңкі. Құм қалашық сән түзеп, думанға бөленген.

Міне, осылайша мәтінді окып болған соң осы мәтін негізінде жоспар түзуін тапсырамын. Жоспар төмендегіше:

1. Құм үйшік.

2. Сүзеген бұзау.

3. Қайта салынған үйлер.

4. Қарсылық көрсету.

5. Бірлік күші.





Кері байланыс




Бағалау

3 минут


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет