Сабақтың тақырыбы: «Мен Қазақстанның болашағы»



Дата18.05.2017
өлшемі74,63 Kb.
#16315
түріСабақ
Күні: 23.02.17

Сынып: 4 «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Мен Қазақстанның болашағы» зияткерлік ойыны

Мақсаты: Өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген трейдерлерді қалыптастыру. Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Барлық пәндерден алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Пәнаралық байланысты, ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушылар бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу

Әдісі: Түсіндіру, іздену, әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау.

Сабақ түрі: Зияткерлік ойын
Көрнекілігі: Теледидар, кеспе қағаздар, слайд

Сабақ барысы:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер және қонақтар! Бүгінгі өткізгелі отырған
«Білім биржасы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Оқушылар өз білімдеріңді сынау үшін ең алдымен ойын шартымен таныстырып өтейін.

Ойынға 5 оқушыдан тұратын 3 топ қатысады. Ойын 4 кезеңнен тұрады.


І кезең. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы өз ақша қорын жинайды.
ІІ кезең . «Эрудиттер сайысы». Әр топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша жинайды.
ІІІ кезең. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған сан бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІҮ кезең. Сыйлықтар аукционы. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өздерін таныстырып өтеді.


«Болашақ» тобы.
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Тапқырлар» тобы 
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Дарындылар» тобы 
Ұраны: 
Дарындылар алға,

Самғайды тек алда.


-Жарайсыңдар, балалар! Әр топ өздерін жақсы таныстырып шықты. Ендеше, әр топтың жинаған теңгесін есептеп отыратын экспертпен таныстырып алайын. (Экспертті таныстыру).
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
Аукционға әр пәннен сұрақтар қойылады. Әр сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға 1 .«Табиғат» тарауы қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.
Сұрағы: Пайдалы қазбалар дегеніміз не? пайдалы қазбаларды ата
Жауабы: пайдалы қазбалар дегеніміз – табиғи күйінде немесе жер қойнауында кездеесетін табиғи минералдық заттар. Кенді пайдалы қазбалар, Қара металл кендері, Түсті металл кендері.
2. Аукционға «Табиғат» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?
Жауабы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде тоғызыншы орында
3. Аукционға «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Қазақстандағы қорықтарды ата.
Жауабы: Қазақстандағы қорықтар: Алматы, Наурызым, Ақсу –Жабағлы, Барсакелмес, Марқакөл, Қорғалжын, Үстірт, Қатонқарағай.
4. Аукционға «Жер-Ғарыш денесі» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
Жауабы: Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
5. Аукционға «табиғат» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Таудың ең биік жері? Әлемдегі ең биік тау шыңы?
Жауабы: шың. Эверест шыңы.
6. Аукционға «Туған ел. Отан» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Тәуелсіздік күні қай күн?
Жауабы: Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

Қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар

1.Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің түрлерін ата

2.Сөз тіркесі дегеніміз не? (Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобы\)

3. Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы неде? Мысал келтір.

4. Сөз мағынасының түрлері? (синоним,антоним,омоним)

5. Сөз таптарын ата (Зат есім,сын есім,сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау,одағай, еліктеуіш сөздер)

6. «Ата» сөзін септеңіз.

Логикалық сұрақтар


  1. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)

  2. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

  3. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
    Осымен І – кезең аяқталды. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту) .
    Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа тест тапсырмалары беріледі. Олар бірлесе отырып тапсырманы орындайды. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 теңге. Ендеше,
    «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты бастаймыз. Дайынбыз ба? 
    ІІ – тур. Эрудиттер сайысы.
    Тест тапсырмалары:
    1.Елді кім басқарады?
    А) Парламент; Ә) Президент; Б) Премьер-министр.
    2. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан?
    А) Еуразия; Ә) Африка; Б) Австралия.
    3.Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?
    А) Көршілер; Ә) Достар; Б) Туысқандар.
    4.Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың симфолы.
    А) Хан шатыры; Ә) Қазақ елі Б) Бәйтерек.
    5. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?
    А) Астанада; Ә) Алматыда; Б) Көкшетауда.

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы:

А) Шәкен Ниязбеков Ә) Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов Б) жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов

7.Ата заң қабылданған күн?

А) 1995 жылы 16 желтоқсан Ә) 1995 жылы 30 тамыз Б) 1991 жылы 1 желтоқсан

Ендігі тапсырма әр топқа әріптер беріледі. Сол әріп бойынша сұрақтарға жауап жазасыздар.

«А»


  1. Қайдан келдің? (Атырау,Астана,Алматы)

  2. Қандай көлікпен? (Автобус,ауди)

  3. Қандай жеміс түрін білесің? (алма ....)

  4. Қандай сыйлық ұнайды? (айна....)

  5. Хайуанаттар паркінен қандай аң көрдің? (аю, арқар,арыстан)

«Қ»

  1. Пән атауы: (Қазақ тілі)

  2. Гүл түрі (Қызғалдақ)

  3. Қандай түстерді білесіңдер? (Қара,қызыл)

  4. Жыл мезгілі? (Қыс)

  5. Біздің Отанымыз –Қазақстан

«К»

1.Қыздың аты (Көркем,Клара)
2. Ұя салмайтын құс (Көкек)
3. Жанғыш пайдалы қазба (көмір)
4. ... білім бұлағы (Кітап)
5. Жер қазатын құрал (Күрек)

ІІ –кезең қорытындысын шығару. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту) .


«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.
ІІІ – кезең «Таңдау - табыс» деп аталады. Тақтада 1-ден 6-ға дейінгі ұяшықтар орналасқан. Әр топ ретімен кез-келген санды таңдайды. Ол санның артында сұрақ жасырылған. Таңдау жасаған топ өз бағасын жасырын түрде ұсынады. Сұраққа дұрыс жауап берсе, қорларына қойған бағалары түседі. Егер дұрыс жауап бере алмаса топ қорларынан сол баға шегеріледі. 

1-топ


986+362=1348 - Й

23*36=828 - Ы

9696:3=3232 - А

125*5=625 - Р

6358-691=5667 - Ы

360:5=72 – Б

2-топ

560*39=21840 - А



168:24=7 - Й

729648+812=730460 -Б

147168-2472=144696 –А

3-топ


9483+435=9918 - М

435:87=5 - А

1309*5=6545 - С

1602-98=1504 - Ы

240*12=2880 – Қ


  • Әр топ шыққан әріптерден сөз құрайды. Шыққан сөз бойынша (ақындар) мәлімет беріліп, өлеңдерінен 1 шумақ жатқа айтады.

  • Қазір барлық топқа бірдей тапсырма беріледі. Әр топқа қажетті деген сөздер мен суреттер беріледі. Ал сіздер бүгінгі тақырыпты қорытындылау мақсатында «мен Қазақстанның болашағымен» тақырыбында жоба жасап, қорғайсыздар.

Топтағы оқушылар жоба жасап болғанша, көрермендермен ең қызықты «Сыйлықтар аукционына» өткіземін.Аукционға сыйлықтар қойылады. Қазір сіздерге жұмбақтар жасырылады. Дұрыс тапқан оқушыға сыйлық беріледі.
1.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен./кітап/
2. Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап./дәптер/
3. Өшірді, сүртті
Өзгені құртты
Өзін де құртты/өшіргіш/
4. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /қалам/
5. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында./сызғыш/
6. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі./қарындаш/
7. Басы да екеу,
Аяғы да екеу.(Қайшы)
8. Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама./Кітап/.
9. Ата тегі ағаштан болды,
Ақылын тауып, әсем жанды.
Теңіз беті шимайланды,
Бірақ ойым симай қалды./дәптер/

- Жоба қорғалады.

- Эксперт ұпайларды санап, қорытындысын шығарады.

- Марапаттау.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. 
Бүгінгі зияткерлік сайсқа қатысқан топтарды марапаттасақ. (Топтарды марапаттау)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. 
Білім алудан кеш қалмаңыздар!
РАХМЕТ!
Каталог: uploads -> doc -> 0845
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0845 -> Тақырыбы: Жаратылыстану пәндері бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет