Сабақтың тақырыбы: Менің анам Сабақтың мақсаты: Өлеңді оқу арқылы мазмұны мен ид ясын ашу



Дата19.11.2016
өлшемі43,41 Kb.
#2054
түріСабақ
Сыныбы:3 «ә»

Пәні : Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Менің анам

Сабақтың мақсаты: Өлеңді оқу арқылы мазмұны мен ид ясын ашу.

Сабақтың міндеті: Білімділік: Оқушыларға өленнің мазмұнын баяндай отырып, ана туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың өлеңді талдау,салыстыру,болжау жасау арқылы қиялын дамыту,бірлесіп жұмыс жасай отырып,оқушының өз пікірін білдіруге,өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу.

Тәрбиелік : Оқушыларды парасатты,сауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сөздік, (әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап)

Сабақтың көрнекілігі: ана мен бала суреттері, Сағи Жиенбаев өмірбаяны, суреттері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқулықтарын түгелдеу.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

Үй тапсырмасы. Көшер кезде. Мәнерлеп оқу. Мазмұнын айту.

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар анасының итті қимағаны мәтіннің қай жерінен білініп тұр? Өздерін аналарынды жақсы көресіндерме? Жазда ата-әжелеріннің үйіне қонаққа барғанда аналарынды түстерінде көрдіндерме?Бүгін біз менің анам өлеңімен танысамыз. Авторымен таныстыру. Сағи Жиенбаев.

Қазақ ақыны, нәзік сезімді, қайырымды азамат, поэзия зергері және ақындардың әлденеше буынының ұстазы – Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған.

1955 жылдан Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітіргеннен кейін Жезқазған қаласының 10 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.1956 жылдан әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналының редакцияларында істеді. Ұзақ жылдар бойы «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарды. Соңғы жылдары «Ақ Орда» журналының бас редакторы болды.С.Жиенбаев көптеген жыр кітаптарының авторы. Оның алғашқы «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағы, 1959 жылы жарық көріп, қалың оқырманды ақындық аса нәзік ерекше тынысымен баурап алды.Өз тұстастары Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев секілді Сағи өмірде де, өлеңде де ерте есейген ұрпақтың өкілі. Сол ұрпақтағы поэзия әлемінде көрінген жас ақындарға көңіл аударған ұлы жазушы М.Әуезов ризашылықпен «Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңдерін оқыдым. Оларда толып жатқан образ, көп шындық, көпшілікке ортақ шындық бар, біртүрлі еліктіретін, сүйсіндіретін, оқушыға бас игізетін соншалық шындық пен бетке ыстық демі сезіліп кеткендей көрінетін шыншылдық бар...-поэзияға керек нәрсе – осы шыншылдық»- деп бағалаған. Ата жазушының ақ батасындай осы сөз Сағидың ақындығына халықтың үміт сенімін арттыра түскендей болды.Ақын қазақ поэзиясының екінші тынысы ашылған 60-жылдары жыр додасының дулы ортасында болды. Ойып тұрып өз орнын белгіледі. Сезімтал лириканың сирек құбылыстарының біріне айналды. Қазақ поэзиясын Сағи лирикасынсыз елестету мүмкін болмай қалды.Балалық шағы Ұлы Отан соғысы кезіне сәйкес келген Сағи небәрі 7 жаста болған. Оның әкесі қуғын-сүргіннің құрбаны болып, үш жасында әкеден жетім қалып анасының тәрбиесінде өскен.Ақынның соғыс жылдарына арналған өлеңдері қазіргі Одақ көлеміндегі поэзиямыздың үздік үлгілерінің сапында. «Сыртта боран ұлып тұр», «Оң аяқ», «Боран», «Күткен күн», «Медаль», «Әйелдер», «Жеңістің тұңғыш таңы бұл» - сияқты өлеңдері – көзіңе жас, ерніңе күлкі шақыратын, өзегіңе от тастап, кеудеңді тұңғиық мерей рахатқа бөлейтін озық туындылар.«Тарту», «Дала гүлі», «Теңіз сыры», «Таң алдында», «Қайырлы таң», «Ақ толқын», «Киік», «Есімде сол бір көктем», «Әлия», «Гүлдәурен», «Оймауытым», «Бозторғай», «Іңкәр дүние» және басқа өмір туралы, табиғат туралы, өмірдің өткелең өрісі туралы ой-толғауларға толы өлең кітаптары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.Өзінің 40 жылдық шығармашылық қызметінде Сағи Жиенбаев айрықша ақындық үнімен танылды. Дүние құбылыстарын барынша шебер дәрежесіне көтерген ол 30-дан астам өлеңдер мен поэмалар кітабының авторы. «Қарлығаш» (1959), «Дала гүлі» (1959), «Сырлы теңіз» (1969), «Алтын қалам» (1969), «Оймауытым» (1975), «Құралай салқыны» (1979), «Ақсақал», (1979), «Бозторғай» (1981), «Жарық жұлдыз» (1983), «Іңкәр дүние» (1983), «Нан мен тұз» (1986) т.б.Әсіресе оның Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова мен Нұркен Әбдіров туралы дастандары, диқандар жайындағы өлеңдері көпшіліктің жүрегінен орын алды.



Оқулықпен жұмыс.

а) Өлеңді оқушыларға оқыту.

Оқушылар оқиды сұрақ-жауап.

Менің анам өлеңі

Бір күні әкеп анашым

Сыйлады бір ат маған

Ешкім іздеп таппаған,

Ешкім мініп шаппаған.

Қолыма бір түсті де

Құстай ұшар арғымақ,

Арғымақтың үстіне

Ұшты зулап қыр жаққа

Қалың орман тоғайлар

Қалып жатты бір жақта

Асқар таулар шықты алдан

Аспанменен таласып....

Сонау-сонау бұлттардан

Кетер едім әрі асып...

Кетер едім әрі асып

Арғымақпен көсіле

Осы кезде анашым

Түсіп кетті есіме

Қаламады енді төзім де

Жеіп келдім үш аттап

Жатыр екем өзім де

Анашымды құшақтап

Сағи Жиенбаев



ІV.Сабақты қорытындылау

V.Үйге тапсырма:

Өледі мәнерлеп оқу. Менің анашым тақырыбына шығарма жазып келу. Күнделіктеріне жазып алады.

Рефлексия -Біз бүгін нені білдік?

-Алдағы уақытты нені білгің келеді?



Оқушылар стикерге ойларын жазады.

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

.
Каталог: uploads -> doc -> 0d35
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d35 -> Сөздік Оқимыз. Тыңдаймыз. Сөйлейміз
0d35 -> Сабақтың тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары Сабақтың мақсаты
0d35 -> Пәні: дүниетану Тақырыбы: «Табиғатты адам қалай зерделейді?» Пән мұғалімі: Чукуева Л. Т. Сыныбы: 3


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет