Сабақтың тақырыбы Менің бос уақытым және хобби Бос уақыттың қадірі



Дата25.08.2017
өлшемі76,9 Kb.
#26192
түріСабақ

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Атырау ХББ НЗМ

Күні: 23-26.02.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Текеева Ж.Т

Сынып: 7 Т2

Қатысқан оқушылар саны: 9

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Менің бос уақытым және хобби Бос уақыттың қадірі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т4. Көркем шығармаларды тыңдау

А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау



Сабақтың мақсаттары

7.Т4. Әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау.

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту.



Жетістік критерийлері

көркемдегіш құралдарды тиімді қолдана алады.



Тілдік мақсаттар

Бос уақыт, хобби,

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақ дәстүрі Көрісу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ұйымдастыру

5 минут



Сыныптың белсенділігін арттыру, сабаққа ынтасын арттыру

Қызығушылығын ояту

Слайдшоу арқылы әріптер сырын ашу.Сұрақтар салонына ену.

Қызықты сұрақтарға жауап беру, жауаптарын тақтаға жазып отыру.


слайд

10 минут


5 минут

10 минут


10 минут

5 минут

10 минут

15 минут


5 минут


Мағынаны тану


  • Оқушылар ойларын ауызша айтып жатқанда сөздерді дұрыс айтуға (орфоэпиялық норма) сөз мәнеріне мән беру.

  • Ауызша ойларын сөйлем етіп жеткізуге тырысу керек.




  • Ал бір минутта не істеуге болатынын білетін кейіпкердің әрекетіне әр оқушы өз көзқарасың білдіреді.




  • Олай болса, біз бос уақытымызды қалай өткізіп жүрміз?



1.Тыңдалым материалын тыңдау.

Уақыт туралы не білеміз?

Ұлы Абайдың мына сөзіне құлақ түрсек.

Жеке тапсырма

1.Уақыт туралы Ұлы ақын қандай ой айтты?

2. Бұл қандай сөз деп аталады?

3. Сен өзіңнен өзің есеп аласың ба?

4.Бұл айтылған пікірден соң уақытыңды қалай пайдаланар едің?

Уақыт болса, дәптерлеріне жаздырып жіберу керек (Абайдың қара сөзін)

2. Тыңдалым.

Сансызбай Сарғасқаев "Тәмпіш қара" хикаятынан үзінді екнін айтып кету. Кейіпкері Шаншатай

Керек мәліметтерді жазып алып отыру.

Тапсырма

1. Тыңдаған материалдан не түсіндіңдер?

2. Үзіндіде не туралы айтылған?

3. Кейіпкерлер кімдер?

4.Олар немен айналысып жүр?

Жұптық жұмыс Сұрақтарды алдарына тасталады.

1.Жұбымен пікірлесіп, шығарманың шағын мазмұнынан талдай алады.

2.Кейіпкерге мінездеме береді. Өз стилімен жазу.

3. Сөйлемді құрған кезде эпитет, теңеулерді қолдана білуі керек.

Теңеу- дай, -дей Мысалы; бойы ағаштай серейген,

Эпитет: қандай? қай? ақ құба келген, бойы аласалау ,т.б

"Ф" бағалау.

   Бексұлтан БАСЫҚАРА, 


Уақыт-қылыш!

Уақыт-өмір өлшемі байқалмайтын,

Көзбен көріп, түр-түсін айта алмайтын.

Уақыт-терең тұңғиық сезілмейтін,

Батып кетсең кері шығып қайта алмайтын.

Уақыт-тылсым құбылыс ашылмаған,

Шексіз, шетсіз толқыны басылмаған.

Дүние бір тәуелсіз уақыт деген,

Одан ешкім ақылын асырмаған.

Бос өткізбей уақытты бағалай біл,

Жастық шақты уақытында жағалай біл.

Кеш болғанда қалмасқа әттең-ай деп,

Есеп беріп уақытыңды саралай жүр. 2011жыл

1.Мәнерлеп оқыту,

2.Мағынасын сұрау, не туралы екенін жұбымен пікірлесіп,

Әр жолын не 2 жолына түсінік бере отырып,өз ойларын айту

3.Өлеңді қара сөзге айналдырып жазыңыз.
Уақыттың қандай қымбат екенін ескеріп алыңыз, жадыңызда ұстаңыз.

Бағалау.

слайд

https://www.youtube.com/

http://massaget.kz/blogs/poeziya/14419/


 Уақыт-қылыш!



Сабақтың соңы

Рефлексия

5 минут


Рефлексия.




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.





Күн жаңбырлы еді. Көше ми батпақ болатын. Мұндайда бос уақытымызда ермегіміз — асық ойнау. Оңалбек асығын ұттырып қойған екен. Оған бір уыс асық беріп көңілдендіріп қойғанмын, өз басым асыққа сараңдығым жоқ. Себебі бұл төңіректе асықты менен шебер ешкім ойнай алмайтын. Көздегенімді мүлт жібермейтін ем. Ендеше, балалардың бар асығы менікі болмай қайтсін. Бастапқыда балаларды қызықтыру үшін, қашанғы амалымды қолданып, ойынның бір-екі кезегіңде ұтылдым. Сонан соң қолым жүре бастап еді, қайдан can ете түскенін кім білсін, Иманбек тап бола кетті. Ол келді дегенше, ойынның шырқы бұзылды дей бер. Айтпақшы, оны таныстырайын. Кейде біз оны “ Көсеу қол” дейміз. Айтса айтқандай, бойы да, қолы да үзын бала. Өзі ап-арық. Жүргенде дәл сүрақ белгісі секілді, басын томен салып имиіп жүреді. Бар бос уақытымызды ермегімізді бүлдіріп-ақ кетеді.
Каталог: uploads -> doc -> 04c2
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04c2 -> Сабақтың тақырыбы : сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы
04c2 -> Тақырыбы: Тіл – ұлт тірегі. Тәрбиеші


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет