Сабақтың тақырыбы: Менің көңіл күйім Күні: 22. 09. 2016ж Мұғалімнің аты-жөні: Ж. Н. Байжанов



Дата15.09.2017
өлшемі120,65 Kb.
#32203
түріСабақ
Бекітемін:

№ 4 сабақ



1 бөлім: Өзім туралы

Сабақтың тақырыбы: Менің көңіл күйім


Күні: 22.09.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Н. Байжанов


Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

        1. Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл-күйін, ырғақ, екпінін,динамикасын анықтау

1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды.



Оқушылардың көпшілігі:

Музыкалық түсінігн дамытады.

Ән айтады және аспапта ойнайды(жеке және топ құрамында).

Негізгі дыбыстарды шулы аспаптардың сүйемелдеуімен басқарады.



Кейбір оқушылар:

Қарапайым музыкалық материалды шулы аспаптарда ойнап,ән айтады.

Қажет жағдайда басқаларды қадағалайды.


Тілдік мақсаттар

Оқышыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру.

Оқушылар:

Тыңғадаған музыка туралы өз ойларын айта алады.

Төменгі және жоғарғы дыбыстарды естіп,түсініп, анықтайды.

Дыбыстарды жасауға қатысты шығармашылық жөнінде таңдау жасай алады.

Бояу түстерін дыбыстардың көмегімен сипаттайды және таныстырады.





Пән лексикасы мен терминалогиясы:

Музыкалық дыбыс, көңілді музыка,мұңды музыка, шулы аспаптарды соғу,сілку,біркелкі соғу

... секілді сезіледі

... секілді айтылады



Диалог/ жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:



  • Музыка саған қандай көңіл күй сыйлайды?

  • Суреттегі көңіл күйді сипаттай аласың ба?

  • Шулы аспаптың көмегімен музыка қалай өзгерді?

  • Шығарылған дыбысты сипаттай аласың ба

  • Осы көңіл күйге қандай түсті таңдар едің?

Алдыңғы сабақтардан алған білім

Оқушылар өткен сабақта үйренген В:А Моцарттың Twinkle, twinkle,little star» әнін үш тілде орындайды. Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырата алады. Өз шығармашылықтарын көрсетеді.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-5 минут

(МК;Ж)Оқушылармен әуендете амандасу.

(Т,ОТ) В.А. Моцарттың Twinkle, twinkle,little star» әнін топқа бөліп орындау;

1-топ-қазақша;

2-топ –орысша;

3-топ-ағылшынша.

Әр топ өнеріне қол шапалақтау арқылы қошемет көрсету.


Сандық жазу құрылысы ( аудио немесе бейне дыбыспен)

В.А. Моцарттың Twinkle, twinkle,little star»


Сабақтың ортасы

7-11


12-14

(Ұ,Ө,Қ) Музыка тыңдау: «Науқас қуыршақ» (П.И.Чайковский).

-Музыка қандай аспапта орындалды?

-Музыка әуеніне сен қандай қимыл-қозғалыс жасар едің?

( Ұ,Т, Қ)Ән үйрену: «Көбелек» әні (К.Қуатбаев жеңіл ән

Әнді шулы аспаптардың (асатаяқ,даңғыра, т.б) көмегімен орындау.

-«Көбелек» әнінде ненің дыбысы естілгендей болады?





«Науқас қуыршақ» (П.И.Чайковский).

«Көбелек» әні (К.Қуатбаев



15-20

21-35


Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы балалар екі шығарманың айырмашылығын салыстырмалы түрде таңдайды,көңілді, мұңды музыка туралы ойларын айтады.Оқушыны өз ойын еркін айтуға, сөйлеуге жетелеу. Оқулықта берілген суреттерді негізге алып, екі музыкаға сай мимиканы жасату.Дұрыс таңдауларын қадағалау.Оқушыларға музыка тыңдата отрып көңілді музыка адамға күш-қуат беретінін, ал мұңды музыканы тыңдағанда адам жабырқайтынын түсіндіру.

Есіңе сақта Музыкада да көңілді, көңілсіз әуендер болады

Шулы аспаптар. Деп сілкіп, соғып, ұрып ойнайтын аспаптарды айтады.

(Ұ) Үшлілділік: көңіл күй-настроение-mood.-барлығы бірге айтып үйренеді.

Қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде таза айтқызып үйрету.Үйренген әнге бояу түстерін таңдату»қызыл,қара,сары,күлгін)

(МК,Ұ,Ө,Қ) Оқушыларға тенк қана бір түсті абстрактілі суретті көрсету, мысалы, көк түстің түрлі реңктері(гризайль). Оқушылардан дауысымен немесе аспаптармен (асатаяқ,дабыл немесе қоңырау) суретте салынған қанық түске лайықты дыбыс жасауын сұраймын.


Түрлі түсті суреттер

Сабақтың соңы

35-45


(Ұ) Оқушылардан бұрынғы үйренген әндерінің ішінен өздеріне ұнаған біреуін бірлесе таңдауын сұраймын және оны қайталап, сабақ соңында таспаға жазып алу.

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне

қарай мадақтап, көтермелеп отырамын.

Тақырыпты қорытындылау.

«Бүгінгі сабақта менің көңіл күйім қандай болды? Маған қызықты не болды? Нені есіме сақтаймын?» Өзін өзі бағалау.Бағдаршамның қызыл түсін көрсеткен оқушылардан себебін сұрап, оқушыға келесі сабақтарда ерекше көңіл бөлемін.





Қосымша ақпарат


Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз




Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыстар

Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент)



Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау

• Оқушы жүргізуші бола алады

• Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар


Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар :

Көңілді әуен мен көңілсіз әуенді қалай ажыратасың?

Музыкалық дыбыс сурет мазмұнына сәйкес келе ме?

Сілкеп ойнайтын аспапты меңгере алдың ба?




«Дүниетану», Жаратылыстану, «Көркемеңбек» пәндерімен байланыс.

Басқалармен бірге жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу









Бекітемін

№ 5 сабақ


1 бөлім: Өзім туралы



Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті әндерім



Күні: 29.09.2016 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Н. Байжанов


Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

        1. Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл-күйін, ырғақ, екпінін,динамикасын анықтау

1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсету.

1.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар(1-2 такт) шығару


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды. Ән айту ережелерімен танысады.

Мұғалімнің қол қимылына қарап ән орындауды меңгереді.


Оқушылардың көпшілігі:

Музыкалық түсінігін дамытады.

Ән айтады (жеке және топ құрамында).


Кейбір оқушылар:

Қарапайым музыкалық материалды меңгереді.



Тілдік мақсаттар

Оқышыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру.

Оқушылар:

Сүйікті әндері туралы өз ойларын айта алады.

Ән қандай көңіл күй сыйлайтынын жеткізеді.

Өз сезімін бет-әлпетімен білдіре алады.






Пән лексикасы мен терминалогиясы:

Композитор музыка шығарады. Әннің сөзін ақын жазады.

Әнді дұрыс орындау ережесін сақта!

Ән айтар алдында кеудеңмен терең тыныс ал.

Музыкалық дыбыс.

Диалог/ жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:



  • Үйренген әндерді бізге кім сыйлайды екен?

  • Композитор деген кім?

  • Ақын не жазады?

  • Егер әнді қосылып бірге айтсақ, ол қалай естіледі?

  • Музыканы басқаша қалай өзгерте аламыз?

Алдыңғы сабақтардан алған білім

Оқушылар ән айтуға дағдыланды.Көңілді, көңілсіз әуендерді ажыратады.Шулы аспаптардан асатаяқ,даңғыра, тұяқты таниды.. Өз көңіл күйін музыкаға сәйкес қадағалай алады.


Сабақтың барысы




Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар


Сабақтың басталуы

0-5 минут

Сабақ басталар алдында ән ойналып тұрады. көңілді

Оқушылармен үш тілде сәлемдес Сәлеметсіңдер, ме балалар! –Здравствуйте, дети! –Hello ,children!

«Көбелек» әнін қайталау Әнді көтеріңкі көңіл күймен, сезімталдықпен орындауға баулу.

Сандық жазу құрылысы ( аудио немесе бейне дыбыспен)

В.А. Моцарттың Twinkle, twinkle,little star»


Сабақтың ортасы

7-11


12-14

(Қ) Біз қай сабақта отырмыз? Музыка сабағы саған несімен ұнайды? Біз тыңдап, орындап жүрген музыканы кім жазатынын білесің бе?

Оқулықтан ережені оқып беріп таныстыру



(Ұ)Ән тыңдау: «Ән сабағы» (Қ. Қуатбаев).

К. Қуатбаев-«Музыка сауаты», «Музыкалық ойындар»,әндер, билер», «Қоңырау», «Моншақтар» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған оқу құралдарының, әндер жинағынығ авторы..

Ән көңілді, сергек, жайдары орындалады. (оқушылармен талдау)

(МК) Балалардың қызығушылығын арттыру үшін оларға Шарипа, Күлипаның орнына сыныптағы өнерлі қыздардың атын қосып айтуды сұраймын. Бірге орындаймыз.

(Ұ,Қ) Ақын әннің сөзін жазатынын, ал композитор әннің әнін жазатынын оқушыларға түсіндіру.

(Ұ,Қ) (Ұ) Үшлілділік: композитор- композитор-composer .

Қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде таза айтқызып үйрету.


: «Науқас қуыршақ» (П.И.Чайковский).

«Көбелек» әні (К.Қуатбаев



15-20

21-35


Ән айту алдында, музыкалық сөздердің аралығында иықты көтермей, демді ішке алу. Сөздерді анық айту. Әнді мұғалімнің қол қимылына қарап бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау,қарқынды, баяу орындау, ән сазын дұрыс бере білусияқты ережелерді түсіндіру.

(МК,Қ) Оқушылардын тыныс алу ережелерін мұғаліммен бірге қайталауды сұрау және ән айтқанда дұрыс орындауын қадағалау.

Ән айту кезінде ауызды қалай ашу керектігін айту. Мысалы, «А» дыбысын айтқанда ауызды кең ашамыз, «О» дыбысын айтқанда ерінді алдыға қарай дөңгелектейміз. Хорда ән айтқанда түзу тұру керек. Сахнада немесе концертте ән айтқанда ән әуеніне сәйкес қимыл жасап әсемдеуге болады. Ән айтып болған соң тыңдаушыларға басыңды иіп, ықыласыңды білдіруді ұмытпа.

(Т) Ән үйрену: «Әнші бала» (Ж.Тезекбаев). Оқушылардың есту, есте сақтау қабілетін дамыту жролды тез жаттауға үйрету.

Сергіту сәті: «Жұлдызша достарын қызықты ойынға шақырады».

Ойынның шарты: Бір оқушының көзі байланады.Мұғалімнің белгісімен оқушылар кезекпен «Әнші бала» әніні айтады. Көзі байланған бала оқушы кім екенін табу керек. Дауысты тыңдай отырып ажырата білуге баулу, есту, есте сақтау қабілетін дамыту.


Түрлі түсті суреттер

Сабақтың соңы

35-45


(Ұ,Ө,Қ) Оқушылар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыс жасайды-солға адымдау, оңға адымдау, 3 рет қол шапалақтау, кідіріс(пауза)(төртке дейін санау) және басынан қайталау. Мұны 3 рет жасайды.Әрі қарай осы қимыл-қозғалыстарды қайталай отырып, оқушылар кідіріс кезінде өз есімін қосады.




Қосымша ақпарат


Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз




Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыстар

Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент)



Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау

• Оқушы жүргізуші бола алады

• Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар


Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар :

- Ән айтып тұрғанда қандай ережені сақтау керек?

Сыртта ән айтып тұрғанда досыңның дауысын қалай тыңдар едің?

Сүйікті әнің саған қандай әсер қалдырды?




Өнермен байланыс, қоршаған ортамен байланыс.

Басқалармен бірге жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу.










Каталог: uploads -> doc -> 0251
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0251 -> Апта: 13 Күні: 04-05-09. 12. 15 ж Пәні Информатика Мұғалім аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет