Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері


Сурет Жоларалық интервал батырмасы



бет2/17
Дата10.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#11359
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2 Сурет Жоларалық интервал батырмасы   

Шегініс және шығыныңқылықтар (выступы)

Шегініс- беттің оң жақ немесе сол жақ өрісінің және мәтіндер арасындағы қашықтықтар. Шегіністі көлденең сызғыштардың көмегімен реттеуге болады.

Шегіністерді үш түрге бөлуге болады:

          Сол жақтан шегініс-  беттің сол жақ өрісіне қатысты барлық абзацтың күйін орнатады. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (3 Сурет)



 

3 Сурет. Сол жақтан шегініс маркері



 

           Оң жақтан шегініс- беттің оң жақ өрісіне қатысты барлық абзацтың күйін орнатады. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (4 Сурет)



 4 Сурет. Оң жақтан шегініс маркері



            Бірінші жолдың шегінісі-  абзацтың бірінші жолының күйін анықтайды. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (5 Сурет)



5 Сурет.  Бірінші жолдың маркері

 Әдетте шығыныңқылықты (выступ) нөмірленге және маркерленген тізім жасау кезінде қолданады. Шығыныңқылықты орнату үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз





6 Сурет. Шығыныңқылық (выступ) маркері

V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІ. Рефлексия


Не үйрендік? 

Неден жирендік?






VІІ Үйге тапсырма

§ 18 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.



Сабақ жоспары:19 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Нөмерленген және таңбаланған тізімдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушыларға мәтінді маркерленген  және нөмірленген тізімдермен жазуды, беттерді бояуды, жақтаулармен жазуды үйрету

Дамытушылық – оқушыларды MS Word бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО

Көрнекілігі: ДК, бейнепроектор, үлестірмелі карточкалар, жауап парағы, презентация

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу



ІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Білгенге маржан» аялдамасы

 Сәйкестендіру тесті:



 1. MS Word редакторын іске қосу жолы

А. Мәтінді курсивпен жазады

2. Құжатты сақтау командасы

В. Файл – Создать (Құру)

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word

4. Жаңа құжат құру командасы

D. пернесі

5. Мәтінді редакциялау деген не?

E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)

6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою

7.  - батырмасының қызметі қандай?

G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.

Жауабы:


1 – С

2 – Е


3 – Ғ

4 – В


5 – G

6 – D


7 –А

ІІІ «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)

Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.

Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.

Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.

Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.

Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы – Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп, қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.



Каталог: uploads -> doc -> 088e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
088e -> Сабақ жоспары Пән мұғалімі Есіркепова ж сыныбы 8 сабақ реті: күні
088e -> Ж. Досмұхамедов атындағы жббомбк биология пәнінен тест жинақтары 2016 жыл
088e -> Сабақтың тақырыбы : «Ғажайып зоология»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет