Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу элементтері. Сабақтың мақсаты: а білімділік



бет1/3
Дата05.07.2018
өлшемі0,88 Mb.
#47281
түріСабақ
  1   2   3
Жезқазған қаласы «Балалар мен Жасөспірімдер сарайы» КМҚК

қосымша білім педагогы Айешов Сагат Толеуович
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу элементтері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдету, жүйелеу, қоғамда тиімді қолдануға үйрету. Мәтіндік редакторы бойынша алған білімдерін тиянақтап, танымдық деңгейін арттыру.

ә) дамытушылық: тәрбиеленушілердің компьютерге қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін дамыту, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін практикада пайдалана білуге ықпал жасау.

б) тәрбиелілік: тәрбиеленушілерді ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Ms Word редакторында мәтінді сауатты теруге. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: тәрбиеленушілердің білім дағдысын тексеру, бағалау сабағы.

Сабақтың пән аралық байланысы : қазақ тілі, геометрия, ағылшын, орыс тілі

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Интерактивті сенсорлы тақта, ActivInspire бағдарламасында дайындалған тапсырмалар, ДК, тапсырмалар бар карточкалар, тест формасы Excel бағдарламасында

Жабдықталған бағдарлама: ActivInspire, Ms.Word, Ms.Excel.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Саламатсыз ба балалар! Бүгінгі сабақта кім жоқ? Сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қалай?

- жақсы.Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу элементтері.

Онда сабақты бастамас бұрын сендерден белгілі уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейін анықтайтын «Графикалық тест» аламын. Төмендегі 8 шеңбердің алғашқы екі шеңбер, ортасындағы төртеуін, ең соңғы екі шеңберді таңдандар.



Интерпритациясы:

• Алғашкы екі шеңбердің біреуін тандаған бала өзін жоғары бағалайды.

• Ең соңғы екі шеңбердің біреуін тандаған бала өзін төмен бағалайды.

• Ортасындағы төртеуінің біреуін таңдаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.

а) жоспары

Сабақты 2-топқа бөлу

1-топ «Компьютер»

2-топ «Монитор»

- Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр.

Сонымен ертеде Microsoft деген кісінің 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып-білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның әкесінің берген еншісін білу үшін мына кезеңдерден өтесіңдер.

Өту жоспары:

II. Жол сапар кезеңі

ә).Үй тапсырмасы (екі топқа Word мәтіндік редакторы, құжатты пішімдеу тақырыбын бөліп беру)



III. Ой қозғау кезеңі

б). Сұрақ-жауап фигураларда жасырынған (үлкейткіш әйнек құралы арқылы дұрыс жауабын тексеру)



IV.Ойлан тап кезеңі

в). Интерактивті тақтада тапсырмалар (Word терезесінің элементтері атауларын орналастыр, стандартты,

пішімдеу құралдарының орнын тап, диктант бос орынға қажетті сөзді жаз, екі топ ребус шешу)

V.Компьютермен жұмыс жасау кезеңі

г). (қызыл, көк, сары деңгейлік тапсырмалар орындау)



VI. Алма ағашы кезеңі

д) алмаларда құралдар жасырылған Activpen-мен қызметін жазу



VII. Қорытынды тест жұмысы

д). Формасы Ms.Excel бағдарламасы



VIII. Бағалау (оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалау)

IX. Үйге тапсырма

е) Word бағдарламасы Wordpad бағдарламасы айырмашылықтары ұқсастықтарын жазып келу



Word өзін таныстыруға жолға шығады

1. Жол сапар кезеңі (екі топқа Word мәтіндік редакторы, құжатты пішімдеу

тақырыбын бөліп беру)



Word өзінің білгенін әрі қарай шыңдау үшін келесі жолға шықты

2. Ой қозғау кезеңі (Интерактивті сенсорный тақтада үлкейткіш әйнек құралы арқылы дұрыс жауабын тексеру)

Алтыбұрыш, Үшбұрыш, Бес бұрышты жұлдыз, Бесбұрыш,Өрнектелген тікбұрыш, Дөңгелек, Сегіз бұрышты жұлдыз, Дөңгелек, Алмас, Зауыт



Сегізбұрыш, Тікбұрыш, Мәнерлі көрсеткі.


Мәтіндік процессор дегеніміз не?

Microsoft Word редакторын іске қосу үшін

қандай әрекеттер тізбегін орындау жеткілікті?

Мәтіндік редакторда қолданылатын ең кіші обьект болып табылады?

Мәтіндік редакторда қаріп параметрлерін өзгерту процесі қалай жүргізіледі?

Мәтіндерде сөздерді бөліп алу үшін қандай әрекет орындалады?

Түгелдей мәтінді бөліп алу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау

жеткілікті?

Бірінші құжаттан мәтін үзіндісін көшіріп, келесі құжатқа қою үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау жеткілікті?

Бос жолды жою үшін пернесін басу керек?

Бағдарлау өрісінде қағаз бетінің қандай түрлерін таңдау мүмкіндігі бар?

Пернетақтада қандай перне бір абзацтың соңын және келесі жолға өтуді көрсетеді?

Word бағдарламасында мәтінді теңестіру типінің бәрін атаңдар?

Басып шығару алдында құжатты қалай қарап шығу керек?



Осыған дейін білгендерін Word пысықтауға кірісті

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет