Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата06.07.2018
өлшемі63,36 Kb.
#47743
түріСабақ
Қазақ тілі 8а сынып

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету
Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, батылдыққа, тәуекелдікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,тірек сызбалар арқылы әңгімелеу, диалог
Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
Бағалау парақшаларын таратамын (Өз - өзін бағалау)
Оқушыларды санау арқылы, әділ тәсілмен 3 топқа бөлдім.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Оқушыларға кеспе қағаздары таратылады
Біліммен ой сергіту
1. Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен болады (кемінде екі)

2. Түсіндірмелі салаластың жалғаулығын ата (жоқ)
3. Ыңғайласқа айналатын салалас түрі (кезектес)
4. Қайталанбайтын жалғаулықтар (және, немесе)
5. Мынау, сонша, сол жалғаулығы қай салаласта (жалғаулық емес,сілтеу есімдігі)
6. Үш жалғаулығы бар салалас (кезектес)
7. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қосылмайтын еді. (шартты бағыныңқы сабақтас)
8. Сабаққа жақсы жауап берсең, бес аласың .Салаластың қай түрі? (салалас емес)

9. Антонимдес, тиянақты келетін сөйлемдер, құрмаластың қай түрі? ( салалас)

10. Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық түрлерге қалай бөлінеді?

11.Салалас құрмаластың түрлерін ата

12. Сабақтас құрмаластың түрлерін ата.
ІІІ. Грамматикалық тақырыпты тптық жұмыс арқылы түсіну.
І топ. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді түсіндіру


ІІ топ.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіру

ІІІ топ. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары мен мысал сөйлемдер.

ІVтоп. Ыңғайлас салалас пен мезгіл бағыныңқы сабақтасты түсіндіру.
ІV. Оқулықпен жұмыс
132-жаттығу. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып, бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың жасалу жолын түсіндіріңдер.

Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болыпты.


Бағыныңқы сөйлем –ысымен,

Басыңқы сөйлем.

133-жаттығу.

Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

1. Тыстағы жұмыс біткен кезде,...


V. «Ойлан тап» ойыны:

Көп нүктенің орнына бірде бағыныңқы, бірде басыңқы сөйлем ойлап, мезгіл бағыныңқы сөйлем жасаңдар.Сөйлемдер Елбасының биылғы Жолдауынан алынған.

  1. Қазақстан тәуелсідік алғалы,...

  2. ..., қатты қуанды.

  3. ..., ел тыныштығын ойлайық.

  4. Қарағанды көмірін тапқалы, ...

VІ. Графикалық диктант. Сабақтас құрмаластан он сөйлем оқылады, түрлерін тауып, белгілеу керек.

Шартты , ,
Қарсылықты , ,
Мезгіл , , ,

Көп бағыныңқы , , ,

1      2           3        4 5        6          7          8         9 10


  1. Біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастағалы, шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрдық.(мезгіл бағ сабақтас)

  2. Мұзға ыққан ер азаматтардың алдын орап кісі шаптырайын десе, көлік жоқ(қар)

  3. Енді Бақтығұл шынын айтса , болыстың өзіжазасын жеңілдетіп отыр. (шартты)

  4. Күн түс ауау жылынып, сызды дала бусанып,ауыл сыртында әдемі көрініс орнап еді.(Көп бағ саб)

  5. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар. (шартты)

  6. Жақсы оқушы атанса, тәрбиелі болса, ел мақтанышына айналары сөзсіз. (Көп ба

  7. Күн батқанда, ол қалаға жетті. (мезгіл бағ сабақтас)

  8. Таң алдында мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. (қарсыл.бағ)

  9. Түсі бұзылып, тастан-тасқа соғып,жыртқыш аңдай өкіріп, долана ағып жатыр(к)

  10. Емтихан біткенше,сыныпқа кіруге болмайды. (мезгіл бағ сабақтас)

VІ. Сатылай кешенді талдау

1 топ. Сабақтас - математикалық талдау

2топ Мезгіл –фонологиялық талдау

3 топ Құрмалас- математикалық талдау

4топ.Сөйлем- фонологиялық талдау



VІ. Сабақты бекіту:

1 топ.Тест сұрақтары

  1. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
    А) Қарсылықты.
    В) Мезгіл.
    С) Мекен.
    D) Мақсат.
    Е) Себеп.
    Дұрыс жауап: А 

  2. Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.
    А) Жай, күрделі.
    В) Бағыныңқы, басыңқы.
    С) Сұраулы, лепті.
    D) Лепті, хабарлы.
    Е) Бұйрықты, сұраулы.
    Дұрыс жауап: В 
     

  3. Сабақтас құрмалас сөйлем  түрін анықтаңыз.
    Күз келсе де, жаңбыр әлі жаумады.
    А) Қарсылықты.
    В) Себеп.
    С) Шартты.
    D) Мақсат.
    Е) Қимыл-сын.
    Дұрыс жауап: А

  4.  Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
    Мұғалім айтқанда, ол жазады.
    А) Мезгіл бағыныңқы.
    В) Мақсат бағыныңқы.
    С) Қимыл-сын бағыныңқы.
    D) Себеп бағыныңқы.
    Е) Шартты бағыныңқы.
    Дұрыс жауап: А 

  5. Сабақтас құрмалас сөйлем  түрін анықтаңыз.
    Мұғалім айтқан кезде ғана, ол жаза бастады.
    А) Мезгіл.
    В) Қимыл-сын.
    С) Мақсат.
    D) Қарсылықты.
    Е) Шартты.
    Дұрыс жауап: А 

2топ Перфокартамен жұмыс



Мысалдар


Шартты бағыныңқы

Қарсылықты бағыныңқы

Себеп бағыныңқы

Мезгіл бағыныңқы

Қимыл-сын бағыныңқы

Мақсат бағыныңқы

А

Ә

Б

В

Г



Ғ

1

Ол жұмыстан келен соң, бүгінгі газеттерді қарап шықты.



















2

Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек



















3

Бірлік болмай, тірлік болмас.



















4

Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын.



















5

Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім.



















6

Айтқандарым жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды.



















7

Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды.



















8

Бұрын көрмегендіктен, таңдана қарады.



















9

Сөйлесіп болған соң, телефон құлағын іліп қойды.



















10

Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады.



















3топ Перфокартамен жұмыс

№2

Мысалдар


Шартты бағыныңқы

Қарсылықты бағыныңқы

Себеп бағыныңқы

Мезгіл бағыныңқы

Қимыл-сын бағыныңқы

Мақсат бағыныңқы

А

Ә

Б

В

Г



Ғ

1

Көктем болғанымен, күн әлі жылына қойған жоқ.



















2

Шаршап келгендіктен, жөнді сөйлеспейді.



















3

Көзге қораштау көрінгеніне қарамастан, бұл кісі елге танымал.



















4

Өзен жағасы аздап жарлау болса да, екі бала суға еркін секіреді.



















5

Әдейі танытпайын деп, ол бет-ауызын таңып алыпты.



















6

Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың.



















7

Оспанның қазір жүзі қызарып, қабағы түйіліп қалыпты.



















8

Мен саған сенбесем, бұл сырды айтпас та едім.



















9

Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті.



















10

Абай үйге кіргенді, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан екен.



















4топ Тест жұмысы

  1. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
    Ол көп уайымдап, үйге келді.
    А) Салалас құрмалас сөйлем. 
    В) Аралас құрмалас сөйлем.
    С) Қимыл-сын бағыныңқы.
    D) Мақсат бағыныңқы.
    Е) Себеп бағыныңқы.
    Дұрыс жауап: С 

  2. Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын көрсетіңіз.
    А) Сондықтан.
    В) Өйткені.
    С) Бірде.
    D) Әйтсе де.
    Е) Немесе.
    Дұрыс жауап: С 

  3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    А) Не ексең, соны орасың.
    В) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.
    С) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.
    D) Ол көп уайымдап, ерте келді.
    E) Мұғалім айтқанда, ол жазды.
    Дұрыс жауап: Е 

  4. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
    Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.
    А) Салалас құрмалас сөйлем.
    В) Жай сөйлем.
    С) Жалаң сөйлем.
    D) Атаулы сөйлем.
    E) Сабақтас құрмалас сөйлем.
    Дұрыс жауап: Е 

  5. Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
    А) -са, -се.
    В) –ғандықтан, -гендіктен.
    С) –ғанда, -генде.
    D) –мақшы, -мекші+болып.
    E) –ғанмен, -генмен.
    Дұрыс жауап: А 

VІІ.Кері байланыс:Оқушыларға стикерлер тарату

Түсіндім.

Әлі түсініп жатырмын,

Қажет емес, түсінбедім

VІІІ.Үйге тапсырма:Көркем әдебиеттен 5-мысал. Ереже.

IX.Бағалау

Осыдан соң 2 топқа мынадай тапсырма беремін яғни пікірталас жүргізеді, 1 топ ерте кездегі ұлдарсыңдар, 2 топ қазіргі кездегі ұлдарсыңдар 3 топ бақылаушы
(Оқушылар сипаттайды)
VІ. Сабақты бекіту
Кері байланыс (келісемін, келіспеймін)
Тест сұрақтары арқылы иә, жоқ
1. Шал ұлынан ақша сұратты (жоқ)
2. Кедей шалдың ержүрек, адал ұлы бар екен. (иә)
3. Бала біреуден көмек сұрады (жоқ)
4. Әкесі қауқарлы, жас болатын. (жоқ)
5. Баласы қарақшылармен жолыққан жоқ. (жоқ)
6. Баласы өзін ұсынды (иә)
7. Олар шалдың ұлына таң қалған жоқ (жоқ)
8. Олар әкесін берді. (иә)
9. Ұлын алып қалды (жоқ)
10. Әкесі мен баласы үйіне қайтты. (иә)
Оқушыларға стикерлер тарату
Не үйрендім?
Сізді не қызықтырды?
Қандай қиыншылықтар болды?
Суммативтік баға шығару
Үйге тапсырма: Ережені жаттау, өлеңді мәнерлеп оқып жаттап алу, әр оқушыға1 ситуациялық жағдай дайындап келу.

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты. 


1.Білімділік: Мезгіл   бағыныңқы сабақтас  туралы түсінік беру
2.Дамытушылық:  Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін  ажырата білуге  сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба
Сабақтың түрі:   жаңа      сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау 
131- жаттығу
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істІң жүзеге асу я аспау мерзімін білдіреді.
Мезгіл бағыныңқының баяндауыштары -ша/ше жұрнақты есімшеден (-ған+ша, -ген+ше), жатыс жалғаулы есімшеден (-ған + да, -ген-\-де), есімшеге септеулік шылауларынын, (-ған, -ген, соң, кейін, сайын, бері, шейін), мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған, -ген, кезде, шақта, уақытта) тіркесуі арқылы, көсемшеден (-ғалы, -гелі, -а, -е, -й) және етістіктің түбіріне -ысымен, -ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың сұраулары: қашан?    қашанға    шейін?     кашаннан     бері? Мысалы: Соңғы аттылар Қүнанбай қасына жеткенде, балқьыған темірдей боп ұшқын атып жарқыраған үлкен күн алыстағы Арқат тауының иректелген жотасына міне бастап еді (М. Ә.).



ІV. Cабақты меңгерту
132-  жаттығу   
Өзіндік жұмыс 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің (Қарсылықты ,шартты мезгіл) түрлеріне мысал келтіру
V. Сабақты қорытындылау
Шығармашылық жұмыс
VІ. Үйге тапсырма беру. 133 -жаттығу         
  VІІ. Бағалау
Топтарға салалас құрмалас сөйлемдер жазылған парақтар беріледі, оқушылар сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай орналастырады. 
Сөйлемдер: 
1.Мен әрі толқыдым, әрі өзгеше бір сенімділік барын сезіндім./ыңғайлас/ 
2.Олар уәделі жерге кеш жетті, өйткені көлік таппай қатты қиналыпты. 
3.Мен айтарымды айтып салдым,-ескертуіме елең еткен Еркінді көрдім. 
4.Я көңіліміз аспандап жеңіске жетеміз, я абыройымыз аяқ асты боп жеңілеміз. 
5.Құс қанатын жазып бірде көкке самғады, бірде төменге құйылды. 
6.Қатты толқығаны сонша-жанары жасқа толып кетті. 
7.Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық. 
8.Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылыми еңбек жазуға төсілдіру. 
9.Ол өз бумасын көтерді және жол көрсету үшін алға түсті. 
10.Ол кітаптарды достарына беруге асықты, мен де көтеретін кітаптар бумасын бөліп алды. 
11.Биыл астық жақсы шықты, өйткені жаңбыр жақсы жауды. 
12.Байсалды қалыпта сыр бермей тұр, бірақ жанарын тайдырып әкете берді. 
13.Бәріміз шақырған жерге барайық немесе күйбең тірлігімізді жалғастырайық. 
14.Кейде бұлтпен бірдей боп көзге шалынбайды, кейде нақ төбеге кеп қалықтайды. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді

«Қазақ әдебиеті» топтар ұяшықтарды таңдайды. Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім? Сабақтастың мағыналық түрін анықтау. 
Тапсырмалар 
1-ұяшық: «Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді» / Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем/ 
2-үяшық: «Мұзға ыққан ер азаматтардың алдын орап кісі шаптырайын десе, көлік жоқ» /Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» қарсылықты бағыныңқылы сабақтас/ 
3-ұяшық: Біраз отырған соң, күндіз жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды. / Ы.Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» мезгіл бағынықылы сабақтас/ 
4-ұяшық: Өзен жағасы жарлау болғандықтан, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді. /Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас/ 
5-ұяшық: Әкесі бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақыртқан. 
6-ұяшық: Енді Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өзі жылымай отыр. 

Тапсырма:

Сөйлемдер беріледі

1.Әңгімені Басынын бастау үшін,Саржанмен кездескен күні есіме толық түсіріп көрейін. 2.Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

3.Жүсіп сөйлемекші еді,оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп,бірсыпыра уақытқа дейін сөйлетпеді.

4.Амантай Серғазыларға ақылдасып еді,Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан,олар ырық бере қоймады.

5.Абай Дәндібай сөзінен жақсы бейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.

6.Өмірдегі көп күннің бәрі бірдей емес:кейбір күн өлгеніңше есіңде қалады.

7.Туғанда, дүние есігін ашады өлең,өлеңмен жер қойнына кіреді денең..

8.Біраз жүргеннен кейін ,әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді.



9.Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ

Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. 
5. Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылды. 
6. Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды. 
Каталог: uploads -> doc -> 0c16
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c16 -> Сабақтың тақырыбы: «Қос сөздер. Қайталама қос сөздер» Лексикалық: «Қазақтың ұлттық ойындары»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет