Сабақтың тақырыбы: Мимика мен пантомимиканы жаңғырту Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата17.10.2019
өлшемі20,38 Kb.
#50199
түріСабақ

Пәні: Мимика және пантомимиканы дамыту




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мимика мен пантомимиканы жаңғырту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

6.2.3.1 әлеуметтік қолайлы тәсілдермен аяушылық,қамқорлық,қысылу, ыңғайсыздық, кірпияздық, қайран қалу, таңғалу, эмоциональді жай-күйлерді мимика мен жестпен адекватты жаңғырта білу


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре білу. Түрлі эмоцияналды жай-күйлермен таныстыру.



Тілдік мақсаты:

Оқушылар сабаққа атсалыса қатысады, сұрақтарға жауап береді. Өздерін сабақта еркін ұстай алады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды әдептілікке,қамқорлыққа, мейірімділікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге баулу, жаңа сөздерді ұғындыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге баулу.

Пән аралық байланыстар:

Өзін-өзі тану, әдебиет.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен ерекше сәлемдесу.

Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды, Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым

Жақсы істі атқарған

.

Сабаққа таза, кең сынып және интербелсенді тақта қажет.


Сабақтың ортасы:


Жаңа тақырыппен таныстыру:

Балалар бүгін бізге өте керемет тақырып берілген екен. Осы сабағымызды қызықты етіп, уақытымызды тиімді пайдалана отырып, атсалыса, бар білімімізді салып өткізейік. Бізде бүгін - аяушылық,қамқорлық,қысылу, ыңғайсыздық, кірпияздық, қайран қалу, таңғалу эмоциональді жай-күйлерді мимика мен жестпен адекватты жаңғырта білу. Яғни сөздерді талдап, түсініп мимика және жест арқылы кішкене көрініс арқылы сомдап кетейік. Аяушылық - адамның басқа бір адам басына түскен қолайсыз хабарды кенеттен, бөгде біреу арқылы естуіне байланысты пайда болатын көңіл-күйі деп айтсақта болады.

Қамқорлық - адам бойындағы барша тіршілік иелеріне қатысты жанашырлық, сол секілді адам баласынада қатысты мейіріммен қамқор болуды айтамыз.

Қысылу, ұялшақтық — адамның өз қылықтарының немесе басқа адамдардың, достарының қылығы  іс жөнінде сәйкеспеді деп білуі нәтижесінде пайда болатын сезім. Ыңғайсыздық –белгілі бір ортада өзін жайлы сезінбеу, яғни ортада өзін еркін ұстай алмау. Кірпияздық,тазайымдылық – өзін тым тазалыққа бейімдеу, лас жерді ұнатпау.

Қайран қалу, таңғалу - күтпеген сәтте аяқ астынан қысқа ғана секудттық уақыт алатын құбылыс. Бір болып жатқан жағдайға тамсана, қызыға немесе сенбестей сезіммен қарау.

Суретке қарап көргенімізді талдап отырайық.

Оқушылар мимика арқылы жасап көрсетеді. Енді осы тәрбиелік мәні бар сезімдерімізге қатысты кішкене видеороликке кезек берсек. Балалар бұл роликтен не түсіндіңдер?



Слайд, суреттер, видеоролик.


Топпен жұмыс:
Сергіту сәті:


Алғырлығымызды, сипап сезуімізді қалыптастыратын керемет бір ойын алып келдім. Бұл ойын балалар сендердің кеңістікте жұмулы көзбен бағыт алуларынды нығайтады, әрі ептіліктеріңді көрсетеді. Бұл ойынға «Сиқырлы шар» деген атау берейік. Шарты: парта болады сол партаның үстінде ішінде түрлі заттар бар шарлар болады. Бірінші ортаға шығып, партаның жанынан байлаулы көзбен 5 қадам жасайды, артқа айналып, қайта партаға қарай бет алу керек. Партаға келгеннен кейін үстіндегі шарды жылдам үрлеп, оны ұстап тұрып, мұғалімнің көмегімен жарамыз, ал ішінен шыққан затты сипап сезіп айту керек. Бұл балалардың сипап сезу яғни қол моторикаларын және кеңістікте еркін бағдарлауына септігін тигізеді деген ойдамын.

Парта, шар, түрлі майда заттар, қайшы, көз байлайтын орамал.

Сабақтың соңы:

Көз жаттығулары:

Шаршап қалған көзімізді, жәймен ғана жұмамыз.

Саусақтардың ұшыменен көзімізді басамыз. Көзіміздің айналасын айналдыра массажбен.

Демалтамыз, уқалаймыз, шаршағанын басамыз.

Қабақты түйіп тұрамыз, қайта оны жазамыз.




Сабақты қорытындылау:

Рефлекция


-Біз не білдік ?

-Не үйрендік ?



-Сабақ қалай өтті ?

Сабақты қорытындылай келе балаларды қамқорлық жасап жүруге, мейірімді болуға шақырамын.

5 «көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету)



мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: «Мимика және пантомимиканы жаңғырту»

Өткізген: Кәрібаева Айгерім

Қызылорда 2018-2019жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет