Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі



Дата23.08.2017
өлшемі51,87 Kb.
түріСабақ
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі



Сабақтың мақсаты: білімділік – зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру,оқушылардың ой-өрісін кеңейту,зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру,зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

дамытушылық – жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу,сөйлеу шеберліктерін,тіл байлықтарын дамыту; тәрбиелік –оқушыны білімділікке,ойлылыққа жетектеу,пәнге қызығушылығын арттыру,туған тілін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Көрнекілігі: плакат-сызбалар,топтастыру,кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет.

Сабақтың өту барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сәлемдесу.Сабаққа даярлау.

2.Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.

Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады.Журналдың әр парағында тақырыптар берілген.



1.Қайталау – оқу анасы.

2.Жаңа сабақ құпиясы.

3.кітап – досың,ақылшың.

4.Біліміңді байқап көр.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықты ояту.Ой шақыру.

1. «Қайталау – оқу анасы».

«Кубик лақтыру» ойыны.мен түрлі-түсті кубикті ортаға тастаймын.Үш қатар түстерді таңдау арқылы тапсырмаларын орындайды.Үш минут уақыт беріледі.

Тапсырмалар

1-қатар.Оқушылар бірлесіп зат есім бойынша тірек-сызбсын салады,түсіндіреді.

дара, күрделі


кім,не негізгі,туынды


Зат есім



жалпы және жалқы деректі,дерексіз
көптеледі септеледі
тәуелденеді



Тіл

Ата-баба

Аманаты

Өнер

Қызыл

Тіл

Алды
2-қатар. Тірек сөздер арқылы жұмыс.Төмендегі плакатқа жазылған сөздер бойынша үш сөйлем құрау,зат есім болатын сөздерді белгілеу.

3-қатар.

Бейнесөз.

1.Ұлттың аты ...

2.Ел ордасы ...

3.Жанша Досмұхамедұлының туған жері

4. «Кет» сөзінің антонимі

5. Сөз табы

6.Тәуелсіздік тірегі ...

7.Сөздің көркі ...












































































































































































































ІІІ.Мағынаны тану.

2. «Жаңа сабақ құпиясы».

Морфология.

Зат есімнің түрленуі.

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.




Жалғау
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар.


көптік тәуелдік септік жіктік

Зат есім көптеледі,тәуелденеді,септеледі.

Тек адамға байланысты,адамға қатысты зат есімдері ғана жіктеле алады.

Мысалы: Мен бала-мын

Сен бала-сың

Сіз бала-сыз

Ол бала


Оқулықтағы көптік жалғау,тәуелдік жалғау мәліметтері,оған байланысты берілген кесте сабақта пайдаланылды.

3. «Кітап – досың,ақылшың».

Жаттығулар мен тапсырмалар жұмысы



1-қатар. Берілген сөйлемнен көртік жалғауын қабылдап тұрған зат есімдерді табу.

Тіл – адамдар баласының баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлылар күшті.Ата-бабалырымыз ана тілімізді шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.



2-қатар. Зат есімнің оңаша тәуелденуіне мысал келтір.

3-қатар. Ағалар,апалар,аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.

IV. Бекіту.Ой толғаныс.

4. «біліміңді байқап көр»

Тест

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

А) 6 Б)9

Ә) 7 В) 8

2. Оқушы,бала,ана сөздері қай сөз табына жатады?

А) Сан есім Б) Есімдік

Ә) Үстеу В) Зат есім

3. Жалғаудың неше түрі бар?

А) 4 Б) 5

Ә) В) 2


4. Туынды зат есім жұрнағын белгіле.

А) –хана,-паз,-кер

Ә) –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті

Б) –шы,-ші,-лық,-ім,-ыс

В) –дай,-дей,-тай,-тей

5. Күрделі зат есімдерді тап.

А) білім,күрек,күйші

Ә) аяқ,ауыл,бала,дала

Б) ана,қала,мектеп

В) ашудас,аяқ-табақ,ауыл-аймақ

6. Тәуелдік жалғауының оңаша,ортақ түрінің ІІІ жағының қосымшаларын көрсет

А) –ым,-ім,-м,-мыз,міз

Ә) –ңыз,-ңіз,-ыңыз,іңіз

Б) –сы,-сі,-ы,-і



В) –ң, -ың,-ің.

V. Үйге тапсырма.

38-жаттығу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып,оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.

Шығарма жазу. «Туған жер – тұғырың,туған тіл – қыдыры».

VI.Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0ed5
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ed5 -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар Сілтеме
0ed5 -> Сабақ жоспары Сынып: 7 «А» Пәні: Алгебра Күні: : 09. 01. 17ж Тақырып


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет